«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Кіші мектеп жасындағылардың тұлғалық дамуының үш бағыты



бет50/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86

2. Кіші мектеп жасындағылардың тұлғалық дамуының үш бағыты.


Орта балалық шақта баланың эмоциональды және әлеуметтік өмірі бұрынғыдай тек отбасымен шектелмейді, бала енді құрдастары, мұғалімдері және т.б. үлкен адамдар мен балалардан құралған үлкен әлемге аяқ басады.Орта балалық шақтағы баланың тұлғалық дамуы психологияда үш теориялық бағытпен түсіндіріледі.Біріншісі –психодинамикалық бағыт. З.Фрейд орта балалық шақты латенттік стадия деп атады. 6-12 жас аралығында балада бұрын болатын қызғану мен көре алмаушылық соңғы орындарға ығысадыда, енді эмоциональды энергия құрдастарымен қарым-қатынасқа, шығармашылыққа, мектеп немесе қоғамда бекітілген мәдени міндеттерді орындауға жұмсалады.Эриксон Фрейдтің көзқарасын әрі қарай дамытып, бұл кездің негізгі ерекшелігі толымсыздық комплексімен еңбекқорлық арасындағы психоәлеуметтік конфликтінің болуы.

Екіншісі – дамудың кргнитивті теориясы. Жан Пиаже мен Л. Кольберг балалардың өз тұлғасы туралы және мораль түсінігінің дамуына назар аударды.

Үшіншісі -әлеуметтік үйрету теориясы отбасында және құрдастар арасында мінез-құлықтың нақты формаларына үйрену қалай жүретінін түсіндіреді. Орта балалық шақта мінез-құлықтың моделі ретінде құрдастар мінез-құлқы алынады. Балардың құрдастарымен, үлкендермен және отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас тәсілдері өзгереді. 4-жасар шыдамсыз бала 8-жасқа қарай балалармен және үлкендермен бірлесе әрекет ете бастайды, ал13-жаста бүлікшіге айналуы мүмкін.

Орта балалық шақта балалардың өзі туралы түсінігі қалыптасып, тұрақтанып, Мен концепциясы шынайы бола түседі. Өз бойында бар дағдыларды, өзі туралы кемшіліктерді біле отырып, мінез-құлқын ұйымдастырып бағдарлай алады. Бірақ мен концепциясы адекватты болмайды. Мектеп жылдарында өзін-өзі бағалау деңгейі академиялық жетістіктермен байланысты. Өз қабілетімен жетістікке жеткен баланың өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, жетістікке жете алмаса өзін төмен бағалайды, және керісінше өзін-өзі төмен бағаласа бала жетістікке талпынбауы мүмкін.

Орта балалық шақта әлеуметтену процесінде басты орынды әлеуметтік таным алады, яғни қоршаған орта мен әлеуметтік іс-әрекет туралы түсінігі, білімдері мен ойлары.Бұл кезеңде балалар әділдікті ұғынып, әлеуметтік нормаларды сақтап, жыныс ерекшеліктеріне байланысты әдептілік заңдылықтарымен танысып, беделділерді құрметтеуге үйренуі керек. Әлеуметтік танымның бірінші компоненті -әлеуметтік қорытынды, бұл басқа адамдар не ойлайды, және қандай іс-әрекетке баруы мүмкін екені туралы алдын-ала ойлауы. Ж.Пиаже адамгершіліктің балаларда даму екі сатыда өтеді: 1) құлықтық шынайылық, балалар барлық ережелерді қатаң ұстану керек деп ойлайды.2) құлықтық релативизм. Балалар ережелерді өзгертуге , ауыстыруға болатынын түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет