Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары



бет1/5
Дата26.08.2017
өлшемі1,15 Mb.
#29264
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент университеті
Педагогика және психология кафедрасы

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары ( ана тілі 3 сынып).

Орындаған: 13-23тобының

студенті Қалдыбекова Г

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к.,

Аңламасова Г.




Шымкент 2008


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ …….3

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері…………………………………………………………….….7

2.1. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды
оқытудың ерекшеліктері……………………………………………………19

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2.1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері……………………….25

2.2. Ана тілін (3-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен
жүргізілетін іс-әрекеттер ………43

ҚОРЫТЫНДЫ ………50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………52

ҚОСЫМША ………53


КІРІСПЕ

Көкейтестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені,ҚР Білім Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы (2003-2012 жж) құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі – адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарыстырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді (Жадрина М.Ж.) Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский,Т.А.Ильина, А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б. берік білім беру пікірлерін білдірген.

Қазіргі кезде бүл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р.М.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева, В.П.Карибжанова, Г.К.Шолпанқұлова, К.Т.Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т.Жүндібаева, К.Тілеубергенова, С.Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.

Оқытудың,тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі.Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары” деп атадық.

Обьектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие барысы

Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары

Мақсаты: Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.

Міндеттері:

1). Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашатын оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті білім қорын жинау, түрлі әдебиеттер мен озық тәжірибелі педагогтардың еңбектерімен танысу.

2). Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материал, үлестірме, материалдармен жұмыс істеу.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды. Психологиялық, педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттермен танысып, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді..

Диплом жұмысыпың қрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы беру ғана,жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне, нысанасына, пәні жайлы айтылады.



Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері “ атты І тарауда оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.

Сондай-ақ, ана тілінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ тарауда «Бастауыш мектепте ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері» үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. 1 сыныптағы ана тілі пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және бір ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.



Қортындыда, үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі.

І. КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДУЛЕРІ


    1. Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері


Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсіз

В.А.Сухомлинскийдің “Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт.

Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьшып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьщ ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кеспе қағаздар жүйесі қолданылады.

Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді.

Осындай жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бүзушылығы ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мүғалімдер мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой алдырады.

А.С.Макаренко былай деп көрсетті: “ Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.



Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жүмыстар жүргізу керек деп үйғарды.

Ата-анасымен тығыз байланыс жасау.

Үйдегі күн режимін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру.

Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағатын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру сабақта жүмыстар жүргізу белсенділігін жетілдіру оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.

Баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.

Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке жұмыстарда “Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б.

Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Үлгерімі төмен оқушыларға өткен материал мен өтілетін материал арасындағы сабақтастықты білдіруге баса назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі ойлау қабілетін дамыту. Оның алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын дамыту.

Сондықтан тәжірибе көрсеткендей зерттеу жұмыстарын үнемі және ғылыми түрғыда жүргізіп жеке жұмыстарды біртіндеп күрделендіріп отыру қажет. Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеді.

Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың калай өткенін мұғалімнің үйге тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген тапсырманы үш топқа бөлуге болады. Олар: ауызша (оқушының материалын оқып үйренуі, өлеңдер, ережелер жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығуды, есеп шығаруды, шығарма т.б.), оқу-практикалық тапсырмалар, (тәжірибелер, бақылаулар т.б.).



Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мәселесі оның көлемі т.б. Түрлі жастың балалары үйге берілген тапсырманы орындауда түрліше уақыт жіберуі мүмкін. Олардың ақыл-ой сабақты ұйымдастыруды гигиеналық және педагогикалық талаптарды ескерген жөн. Мектеп ережесінде бүл мәселеге байланысты оқушының үй тапсырмасын орындауына мынадай уақыт мөлшері анықталған. Мысалы: 1 сыныпқа - 1 сағат, 2 сыныпқа- 1,5 сағат, 3-4 сыныпқа- 2 сағат.

Барлық тақырыпты мұғалім жоспарлаған кезде үйге берілген тапсырманың олардың мазмұны мен көлемінің маңызы зор. Бұл жағдайда тапсырма сан алуан болады да, сыныпта оқып, үйренетін оқу материалдарының бір бөлігі болады.

Сөйтіп, теориялық материалдарды оқып үйренуді практикалык тапсырмамен дұрыс ұштастыруға болады. Үйге берілген тапсырмаларды

оқушының ойдағыдай орындауы мұғалімнің жұмыс сапасына байланысты да. Сондықтан да әрбір тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс. Бұлардың формалары төмендегідей болады:

1. Бұрын қолданылған тәсіл мен тапсырма орындауды жәй көрсету.

2. Екі-үш мысалмен тапсырманы көрсетіп жіберу.

3. Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.

4. Жұмысқа және тапсырмаларды орындау әдістеріне қойылатын


талаптарды түсіндіру.

Оқушылар жас болған сайын, нұсқау соғұрлым нақты егжей-тегжейлі болу керек. Мысалы: 15 - беттегі ережені жаттау, 16 - беттегі 3-4 жаттығуды орындау.

Оқушыларды тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды. Ол үшін мынадай шаралар жүйесі қажет:

а). Оқушыға мұкият нұсқау беріп, дер кезінде жұмысқа үйрету.

ә). Олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру;

б). Оқушылардың режимдері дәл сақталуына жету;

в). Кездескен қиыншылықтарды өздігінен шешуге үйрету.

Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалімнің дұрыс ұйымдастырарда да сыныпта бірнеше артта қалатын және үлгермейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс сан алуан себептерден туады. Кейде мұғалім оқушының ерекшелігін ескерумен, онымен өзінің жұмысын онша дұрыс кұра алмағандықтан да туады.

Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дүрыс бағалай білмейді. Сондықтан да артта қалады.

Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу үлгермеу оқушыға қатты әсер етеді. Ол өз күшіне сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді. Артта қалуды жою құралдарының бірі - қосымша сабақ. Оқушылармен бұл жұмысты бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек. Егер оқушы ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыс, ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыкқа ала бермей, мұғалімнің жолдастарының ата-аналардың бастауымен оны жұмыс істеуге көндіру керек.

Жеке жұмыс - артта қалу басталысымен мұғалім оқушыға көмек көрсетуі керек.

Істелетін жүмыстар ерікті де міндетті сипатта болуы керек. Әсіресе нашар оқушыларға көмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек.

Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді көп пайдалануға болмайды. Әсіресе сыныпты түгел қалдыру зиян. Өйткені жұмыс нәтижесі болмайды. Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі - оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығынан болады. Мұғалім міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы талаптың зейін жинақылығы ойланып оқуға әдеттілік және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берілген тапсырмаларды дәйектілікпен орындау т.б. қасиеттерге тәрбиеленген жөн.

Сондықтан да қорыта келгенде оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-жігер жасау, соған қол жеткізу.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепішілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:



- жекелеген мүғалімдердің сабақтарының сапасыздығы жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жүмыстың әлсіз жүруі оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі:

- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы.

- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау.

- мектепте үлгермеушіліктщ алдын-алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ жұмыс жүргізбеуі;



- тәрбие жүмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;

- бағалаудағы біржақтылық;

- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастық болмауы;

- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т.б.



Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғарғы сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды. Оған біздің жыл сайын төрт жыл оқытып, қолымыздан шығарып жүрген жас түлектеріміздің білім жүйесі айғақ болады. Сондықтан да бастауыш сыныптарда сабақ беру жүйесін жетілдіруге халық ағарту органдары көп көңіл бөліп келеді. Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жүмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде. Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімнің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.

Орыстың тамаша демократы В.Г.Белинский тәрбиешіні, мүғалімді бекерге бағбанмен салыстырмаған.

Бастауыш сынып оқушыларын жоғары сыныпқа барғанда сабақты нашар оқитыны және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі біздіңше мыналар! Біріншісі - бастауыш сыныптарда оқыту жүмыстарының дер кезінде жүйелі, тиянақты, сапалы өтілмеуінен, екіншісі - мұғалімдердің тәжірибесіздігі мен методиканы жете меңгермейтіні, шеберлігінің жоқтығы, күнделікті өмірдің жаңалықтарынан бейхабарлығы, өз жұмысына немқүрайды қарайтындығы.

Осындай жағдайлардан барып оқушылар өткен сабақты толык түсіне алмайды. Өйткені сабақ қызықсыз, тартымсыз болғандықтан, бала ынта қойып тыңдамайды. Сондықтан үй жұмысы да орындалмайды. Бала өткен материалға түсінбегендіктен, жаңа сабақты да түсіне алмайды. Себебі бір сабақ екінші сабакпен байланысты. Сабақ үлгермеушілік біртіндеп келіп осындайдан шығады.

Кейде сабақ қызықты, өз дәрежесінде өтіп жатыр делік. Осындай жағдайда да кейбір оқушылар көңілімен тыңдамай, басқа жұмыспен айналысып отырып, сабақты түсінбей қалады. Мұғалім де ол оқушыны аңғармай қалады, бүл да сабақ үлгермеушілікке апарып соғады. Сондықтан мұғалім сабақ өткізгенде де сақ болуы керек. Әр баланың тек сабақ емес, сабақтан тыс уақытта да психологиясына, біліміне, қабылдау кабілетіне, үй жағдайына көңіл бөлінсін. Оның қай сабақтан үлгермейтіні есепке алынып, кезінде көмек берілсін. Бұлар - үлгіртудің жолы.

Осындайлардың салдарынан өте жақсы оқушы жақсыға, жақсысы ортаға, орташасы нашар оқитын болады. Олардың қызығушылығы жойылады да, үлгермеушілер көбейе бастайды. Оқушының сабақ үлгермеуінің тағы бір себебі: мұғалім олардан кезінде сұрамайды. Күдер үзіп, көңілі қалған бала сабақ оқуды қояды. Бүл - мұғалімнің қатесі.

Үлгермеушілік ата-аналармен жүйелі қарым-қатынас жасамауданда шығады. Баланың үйінде жағдайы болмаса, сабақты оқуға да ынтасы болмайды. Оқушының сабаққа келмеуі немесе жиі-жиі кешігуі кезінде анықталмаса да залал. Мұғалім ауырып немесе басқа себептен келмей қалса, кез келген мұғалімді жібереді. Ол сабаққа дайындалмайды және сыныптың талабын да білмейді. ІV сыныпқа барғаннан кейін ІІІ сыныпта үлгірген оқушының да үлгермеуі мүмкін. Ол - жыл басынан пән мұғалімдерімен сынып жетекшісінің жыл бұрын бекітілуінен. Оның үстіне мұғалімдердің жиі ауысып, сабақ кестесінің тұрақты болмауынан да болады.

Міне, оқушылардың үлгермейтін себебін қысқаша айтқанымызда осылай. Енді сол себептерді болдырмау жолына бәріміз болып ат салысуымыз керек.

Меніңше, бұл істер әрбір мұғалім өз алдындағы талаптарды жете түсініп, қолынан келетін жұмысты дұрыс ұйымдастырып, қажымай-талмай көп ізденіп, еңбек етсе, сөзсіз, ойдағыдай орындалады. Бүған қазір барлық жағдай бар. Ең бастысы - әрбір жеке пән мұғалімінің сол пәннен терең білімі болуы қажет. Екінші - сол білімді оқушыларға саналы түрде жеткізе білу. Оның жолдары мен әдіс, тәсілдері көп. Мысалы, өз тәжірибемде ең алдымен оқушылардың сабаққа деген қызығуы мен ынта, назарын арттырамын. Ол үшін талғамнан өткен көрнекіліктер мен техникалык қүралдарды, таратылып берілетін үлестірмелерді, тіпті, сұралатьш оқушыларыммен қалай қорытатынымды да күн бұрын белгілеймін.

Оқушы сабақ айтып тұрғанда ойын бөлмей, жауабы аяқталған соң, бағаны не үшін қойғаныңды баланың берген жауабының кемістігі мен жетістігін айта түсіндірген жөн. Бұл, сөзсіз оқушылардың сабақ үлгеруіне, материалдарды саналы меңгеруіне ықпал жасайды.

Оқушы жауап бере алмай тұрып қалса, мұғалім ой салатындай жетекші сұрау беру керек. Мұндайда жауаптың мазмұн толықтығына ғана емес, оның тіліне, ой жүйесіне, бастауы мен аяқтауына көңіл бөлген дүрыс. Сонда оқушының тілі ұстарып, оған қойылған баға әділ болады да оқуға, өзіне деген сенімі артады.



Үй тапсырмасының маңызы өте зор. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, жауаптылық сезімін туғызады, білімді игеріп алуға көмектеседі.

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны, сондай-ақ оны орындаудың тәсілдері сабақ үстінде түсіндіріледі. Мақсат олардың сабақ үстінде алған білімдерін бекіту, үйренген дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ өздігінен білім алу шеберлігін дамыту. Мысалы, оқушы бір қысқа өлеңді жаттау үшін ол алдымен өлеңді 3-4 жолдан бірнеше бөлімге бөліп, әуелі бірінші бөлімін, содан кейін екінші бөлімін бірнеше рет қайталайды. Соңынан ол бөлімдерді қосып, тағы жаттайды. Өлең жаттаудың басқа да тәсілі көп. Кейбір оқушылар өлеңді әуелі басынан аяғына дейін түгел 2-3 рет оқып шығады, қиын жерлерін қайталап айтады, осыдан соң түгел кайталайды. Зерттеулерге қарағанда өлең жаттаудың бұл түрі де нәтижелі.

Қабағын түйіп, ашулы дауыспен, жекірумен сабақ өткізетін мүғалімдер де бар. Әрине, ондай мұғалімнің сабағы оқушыларды тартпайды да, қызықтырмайды. Ал өз пәнін, оның методикасын, балалардың өзгешелігін, психологиялық процестерін жетік білетін мұғалімдерді, сөз жоқ, оқушылар ұнатады да құрметтейді және ондай мұғалімнің сабағында жалықпайды.



Атақты педагог А.С.Макаренко айтқандай, бала мұғалімнің бет құбылысы мен дауыс ырғағынан не айтқалы тұрғанын білгені пайдалы екенін тәжірибе көрсетті. Аз сөйлеп, көп нәтиже шығару, кұрғақ қағидадан еңбекке дағдыландыру - алдағы басты міндеттеріміздің бірі. Біздер, мұғалімдер, қиын да қызықты еңбегімізбен Ы.Алтынсарин айтқандай, мектептің жүрегі болуымыз керек. Ақауы жоқ, таза қанды, тоқырап, тоқтап қалуды білмейтін, өз білмегенін біреуден көрмейтін, өмір бойы балалармен бірге соға беретін жүрек керек мектепке.

Мектептің жүрегі бола білу - өмірден өз орнын табу деген сөз.



Жас ұрпаққа білім берудің негізгі формасы - сабақ. Онда өтілетін материалды түсіндіріп қана қоймай, балалардың білімін тексерудің маңызы зор. Оқушылардың білім сапасы, көбіне, жаңа сабақтьт түсіндірген кезінде зер салып тыңдауына байланысты. Зейін қойып тыңдамағн оқушы тапсырманы өз бетімен оқып білуде, орындауда көп киыншылықтарға кездеседі. Сабақта өзін дүрыс үстамайды, басқаларға кедергі жасайды.

Оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына қатаң бақылау қажет.



«Оқушының дәптері - мұғалім жүмысының айнасы екенін естен шығармаған жөн. Оқушылардың білімін ауызша сұрап тексеруді сабақтың әр кезінде жүргізуге болады. Баға қоярда бұрын өтілген материалдан қосымша сұрақтар қоямын.

Қандай пән болсын өтілетін материалдардың өткендегісі мен жаңасының арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар болады. Жаңа материалды сабақтың бірінші кезеңінде түсіндіремін. Үй тапсырмасын пысықтағанда жаңа материалдан салыстырмалы сұрақтар қойып, оқушы жауабын кеңейтемін. Бағаны сабақтың соңында, оқушылардың берген жауаптарына қысқаша талдау жасағаннан кейін қоямын.

Үлгермеушілікті тудыратын факторлардың бірі - мұғалімнің оқушы білімін тексерудің және бағалаудың әр түрлі әдістерін орынды пайдалана білмеуінде. Күнделікті сабақ барысында 3-4 оқушыдан ғана сұрап, сол бағалардың негізінде тоқсандық қорытынды шығару оқушы білімінің дәрежесін толық көрсетпейді. Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстары үшін күнделікті бағалардың негізінде тоқсандық баға қойылады.

Баға қойғанда оқушылардың жазбаша жұмыстарының сауаттылық дәрежесі еске алынуы тиіс. Окушылардың ауызша жауаптарын бағалауда мына негіздерге сүйенеміз:

1) Оқушы білімінің толықтығы, яғни оқып жүрген сыныбының
бағдарламалық материалын толық меңгеруі.

2) Оқушының білім сапасы:

а) оқушы анықтамалар мен ережелерді жете түсіне ме, оны мысалдар келтіріп, дәлелдеп айтып бере ала ма? Жауаптарында қандай қателер жіберді, олардың сипаты қандай, қателерін оқушы өздігінен түзей ала ма? ә) Оқушының алған білімін практикада дүрыс қолдана білуі, берілген тапсырманы өздігінен толық орындай алуы.

3) Оқушы оқу материалын стильдік жағынан жатық тілмен толық айтып бере алуы қажет. Баланы оқыту, білім беру, бағалау үлкен тәрбиелік міндетті де қамтитыны белгілі. Сабақтың тәрбиелік сапасына жету алуан түрліжолдармен іске асады. Солардың бірі - сұралған оқушының білім дәрежесін әділ бағалау, қойылған бағаны жариялау.

Біздің ойымызша, әр бағаның сұралған балаға ғана емес, бүкіл сынып оқушыларына қатысы бар.

Бағаны жариялау сапасы белгілі тақырып немесе бөлім материалдарын түгел меңгеруге сынып оқушыларын толық ұмтылдыратындай болсын. Ол үшін оқушыға қойылған баға жай айтыла салмай, жариялана түсіндірілуі қажет. Бұл әдіс бойынша екі түрлі мақсат жүзеге асады. Біріншіден, қойылған бағаның әділдігі дәлелденеді, екіншіден мүғалімнің ескертпесі бойынша оқушы олқы білетін материалдарын келешекте қайталап жете білуіне нақты тапсырма алғандай жауапкершілік сезінеді.
1.2 Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды оқытудың ерекшеліктері

Сынып жетекшісінің аса маңызды міндетті оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімін күшейтуге қамқорлық жасау болып табылады.

Осы мақсатпен сынып жетекшісі оқушылардың сабақ үлгеріміне үнемі бақылау жасап отырады. Ол сынып журналдарын үнемі қарап, осы сыныпта сабақ беретін мүғалімдермен әңгімелеседі, олардың сабағына қатысып қойылатын талаптардың бірегей болуына, үйге берілетін тапсырмаларының біркелкі берілуін қамтамасыз етеді, оқушыларға тапсырмалардың шамадан тыс берілмеуін қадағалайды.



Балалардың үлгерімі туралы ата-аналарды дер кезінде хабардар етіп отыру мақсатымен сынып жетекшісі әдетте оқушының сол аптада алған бағалары оның күнделігіне қойылғаны, қойылмағанын аптасына бір рет сынып журналы бойынша тексереді, егер кейбір баға қойылмаған болса, оны күнделікке сынып жетекшісінің өзі қойып отырады. Сынып жетекшісі оқушының бақылау жұмысынан алған бағасын да күнделікке жазады.

Сынып жетекшісі ата-аналардың қолы күнделікте бар ма, жоқ па оны да тексеріп отырады, егер қажет болған жайғдайда тәртіп бұзып, мектептің жеке талаптарын орындамағын жөнінде ескертулер жазады. Егер сынып жетекшісі, себепті жағдаймен сабақтан қальш қойған қайсыбір оқушыға көмек көрсету қажет деп тапса, бұл туралы сол сыныпта осы пәннен сабақ беретін мұғаліммен немесе сыныптағы озат оқушылардың бірімен келіседі.

Сынып жетекшісі әрбір баламен жеке әңгімелесіп, түсіндіру әдісін кеңінен қолданылады. Ол: күн тәртібі, үйде сабаққа қажет дайындык керек екені, өзінің жүмыс орнын қалай дайындаудың қажет екені жайлы ұжыммен әңгімелер де өткізеді.

Сыныпта оқушылардың жазбаша үй тапсырмаларын қалай орындағанын тексеруге болады. Дәптерлерді сабақ басталғанға дейін-ақ тексеріп, тапсырманың қалай орындалғаны, оның нәтижесі туралы мұғалімге хабарлайтын оқушылар да бөлінеді. Әрине мұндай оқушылар тек тапсырманың орьшдалғанын немесе орындалмағанын ғана біле алады. Дегенмен осындай тексерудің өзі де жекелеген ынтасыз оқушыларға қатты әсер етіп, мұғалімге оқушы тапсырма орындалмай келген жағдайларын түгелдей ескеріп отыруға көмектеседі.

Әрбір сынып оқушылардың сабаққа қатынасуын қадағалап отырады. Оқушының белгісіз себептермен екі күннен артық уақыт сабақтан қалуының өзі сынып жетекшісін алаңдатуға тиіс. Ол үшін оқушының үйіне барып, сабақка не үшін келмегендігін білуі тиіс. Сабак үлгерімін көрнекті түрде есептеудің кейбір жолдарын оқушыларға үйретуге болады. Мәселен, “Сенің апта ішіндегі оқуың” деген қабырға бұрышын жасап, оған оқушылардың әрбір сабақтан алған бағаларын қондырып, аптаның қорытындысы бойынша озаттар мен артта қалғандарды анықтауға болады.

Әрбір күнді “екіліксіз” өткізу үшін күрес жүргізу пайдалы. Егер сынып жетекшісі оқу жұмысындағы осындай міндеттердің бәрін орындауға мұқият қарап, инициативті көрсетіп, оқушыларды осындай істерге еліктіре білсе оның сыныбында оқушылардың үлгерімі мен тәртібі жақсара түсуі.



Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда да, сыныпта бірнеше артта қалған және үлгермейтін оқушылар болады.

Бұл құбылыс мейлінше сан алуан себептерден, кейде ұзаққа созылған сырқаттан туады. Сондай-ақ мұғалім оқушының ерекшелігін ескермей, онымен өзінің жұмысын онша дұрыс құра алмағандығынан да болуы ықтимал.

Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дүрыс бағалай білмейді, сондықтан да артта қалады, басқаларынан қалғандарына зиян келтіріп, бір пәнмен айналысады. Ата-аналар тарапынан олардың оқуына және мінез құлқына бақылау болмағандықтан оқушы үлгермеу жағдайы көп, артта қалу, үлгермеу және екінші жылға қалып қою оқушыға жаман ықпал етеді. Ол өзінің күшіне сенуімен айрылады да, оқуды жиі тастап кетеді. үлгермеу мен екінші жылға қалып қою мемлекетке үлкен материалдык зиян келтіреді. Сондықтан да артта қалу мен үлгермеуді жою мүғалімнің аса маңызды борышы.

Артта қалуды жою құралдарының бірі оқушымен қосымша жұмыс істеу, болып табылады. Жұмыс формасы мен оның көлемін дұрыс белгілеп алу үшін қосымша сабақтарды бастардан бұрын оқушының артта қалу себептері мен сипатын білудің маңьтзы зор. Егер оқушы ауырып артта калған бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыспен ұштастырған қолайлы болады.

Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыққа ала бермеу керек, мұғалімнің, жолдастарының, ата-анасының бақылауымен оны жүмыс істеуге көндіру керек.

Сақтандыратын қосымша дара жұмыс өте тиімді. Артта қалу басталысымен-ақ мұғалім оқушыға қажетті көмек көрсетуі тиіс. Қосымша сабақтар ерікті де, міндетті сипатта болады. Нашарға көмек беру үшін күнделікті оқушыларды тарту мүмкін де пайдалы. Бірақ бұл жүмысты мұғалім ұйымдастыруы тиіс. Алайда қосымша сабақтарды да көп пайдалануға болмайды. Әсіресе қосымша сабақка сыныпты түгел қалдыру зиян. Мұндай сабақтар тиісті нәтиже бермейді.

Еңбектегі табыс бұл мұғалім мен оқушылардын ата-аналар мен балалардың мұғалім мен ата-ана өзара түсінісу негізі, демек мектеп пен жанұялық қимыл және тәрбиелік күш-жігер бірлігі.

Осындай байланыс жасамайынша, көңілдер жараспайынша, өзара түсініспейінше, ештеңе де тынбайды. Егер барлық бала алдарына қойған міндеттерді орындаса, егер бір-біріне өзара көмектесіп сергек рахаттанса жүмыс істесе, өткерілген оқу күніне риза болып үйлеріне тараса, және ертеңгі күнді асыға күтетін болса, онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал мүның өзі мұғалім еңбегі мен оқушы үлгерімін нәтиже көрсеткіштерінің бірі.

Біздерге мұғалімдерге В.А.Сухомлинскийдің еңбектегі табыс бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. “Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды” - деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек. Оқудағы, үлгерім жолындағы күресу балаларды оқи білуге үйрету, әрқайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесу. Ұйымшылдыққа, дербестікке, жауапкершілікке еңбек тәртібіне тәрбиелеу. Баланың 1 –сыныпқа келгендегі мектепке деген ынтасының, білімінің өшпес отын жаға білудің маңызы қаншалықты зор десеңізші. Ал сабақта бәрінің окуға деген белсенділігін қолдау үшін өз оқушыларыңды жақсы біліп, оларға мүқият болу, шаршағандарын дер кезінде аңғарып жұмыс қабілетін сақтау үшін көңілін басқа жаққа аудара білу қажет. Тағы да бір жай, білім таныту процесінде міндетті түрде көмектесу керек.

Баланың оқуын өз ісіне әрекетін оқу еңбегін өзі реттеуді, біртіндеп игере алатындай етіп басқару қажет. Біздің методикалық жүйеміздің барлық нұсқалары осыған бағытталған. Сөйтіп түсіндіре басқару үлгі-тірек жұмысы сабақта өтілгеннің бәрін баланың сезініп ой-елегінен өткізуіне, өз іс әрекеттерін түсіндіріп негіздеп отыруына көмектеседі. Міне соның нәтижесінде барлық оқушы есеп шығарып, грамматикалық жаттығу орындаған кезде жақсы қисынды сөйлеп көңілге қонымды талдай біледі. Қиын тақырыпты мәселелерді перспективалы алдын-ала оқыту оларды жақсы меңгеруге, артта калушылықты болдырмауға, білімінде кемістіктермен олқылықтарды іс жүзінде жоюға көмектеседі.

Маңызды тақырыптарды өзара оқыту перспективалық жұмыс - мұның өзі тек терең де баянды білім ғана емес, сонымен бірге уақыт қоры да, міне сондықтан да бізге әр кез жетіспей жатады.

Біз асыкпай, саспай, байсалды жұмыс істейміз. Өйткені оза оқытудың нәтижесінде жасалған уақыт қоры сенімді болуға үйретеді, мүмкіндік туғызады, тіпті күрделі материалдарға оралып оны жаттап алу қажет болғанда да біз кез-келген қиындықтарды жеңе аламыз. Біздің оқушыларымыз ережелер мен формулаларды судыратып жаттаудан арылды. Олар оны саралай отырып игеруде берілген үлгі тірек бойынша ереже қүрып практикалық есеп, мысал, теңдеулерді шешу орындайды. Мұндай үлгі тірек көпте емес. Үлгі тіректер неғүрлым жоғары жүмыс қабілетін сондай-ақ сабақтың серпінді қаркынын қамтамасыз етеді. Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жүмылдыратын сабақтың қозғаушы күші, мәселен күшті оқушы түсіндіріп тұр делік, бәрі де өздерінің күш жігерін жұмылдырып оған ілесіп отыруға тырысады.

Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе ол да бар жанын салады, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңына ертіп отыр.

Түсіндіре басқару үш түрлі әрекет.



Ойлаймын, айтамын, жазамын, қатыстыра отырып оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді, және сонымен бірге кері бағытын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушы білім беру жүйесін қадағалап артта қалушылықты дер кезінде байқауына білім мен іскерлікті меңгеруде ілгері басушылықты былайша айтқанда ойдағыдай окуды қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Бағдарламалық түрлі тақырып бойынша барлық сабақ тірек карточкалары бір жағдайда қателесуін дер кезінде сақтандыруға енді бір жағдайда жіберілген қателермен жүмыс істеуге, үшінші бір жағдайда алдын-ала жинақталған қайталау жасауға көмектеседі.

ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАР ЖАЙЛЫ ТОЛЫҚ МӘЛІМЕТ АЛУ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет