Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өз бетімен оқыту мазмұНЫ



бет11/23
Дата21.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#113120
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту

Сыныптан тыс оқу

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы-сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай-қандай оқиғалар болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс-әректіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттыру оқу-жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныпиан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезінде балалардың тілін, ақыл-ойын дамыту жұмыстары түрлі-түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп, дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі.

Сондай ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. “Әліппе” және “Ана тілі” оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем шығармалардың идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кейіпкерлер іс-әректіне өзінше баға беруге жетелейді.

Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап-екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлнммен, онда жасаушы адамдармен, олардың сан алуан қиялымен және армандарымен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыруға міндетті.

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басыт да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жымдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы әр қилы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады.

Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оытқушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады.

Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргіз, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарыда айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуі, соны кеңейте түсуі ескерілген жөн. Мысалы, табиғатқа ондағы жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің “Тауға біткен жалбыз” кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады.Атап айтқанда “Айқас” әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңи түсетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе “ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады” деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді (қараңыз: Гвоздев, 1961, 9-б.; Гоноболин, 1970, 190-б.; Негневицкая, Шаханрович, 1981, 19-25-б; Общая психология, 1981, 259-б; Молдабеков, 1985, автореферат).

Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немесе ақын туралы балалардың білгісі келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (өмірбаяны, мекен жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалар бар, олардан қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын-ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дмытумен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер, сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала:



  1. Ата-анасынан не аға-әпкелерінен көмек сұрасын;

  2. Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін:

а) берілген үзіндіні қайта-қайта оқысын;

ә) мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын;




  1. сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын

сөздерді, сөз тіркестерін мұғалім алдын-ала түсіндіріп жіберсін.

Міне сонда ғана оқушы дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті қатар дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет