Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өз бетімен оқыту мазмұНЫ



бет21/23
Дата21.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#113120
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушыларды-өз-бетімен-оқыту

Қосымша:

Біздер, бастауыш сынып мұғалімдері кемшек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттеріміз тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ, оқушымен орындалатын әрбір өз бетіндік жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бала біздің болашағымыз, білім көзі–бастауышта екенін ескере отырып оқушы білімінің сапалылығын арттыру үшін, өз бетінше жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашуда өз бетінше іздену, талпыну, өз нәтижесін береді. Баланы бастауыштан бастап шығармашылық ойлауға, шешімдер қабылдауға, ізденіп жұмыс орындауға машықтандыру қажет. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту барысында өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері сабақтарын шығармашылық жұмыстар арқылы да қалыптастыруға болады. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні арқылы оқушы сабақта, сабақтан тыс кезде үйде мынадай шығармашылық жұмыстар орындай алады: Мысалы:



І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жасауда шығармашылығын дамыту.

  1. Сөздік әрбір жұмысынан сөз тудыру жұмысы.

Баланың сөздік қорын молайтып, жаңа сабақты менгеруде өте көп пайдасы тиеді. Оқушылар өз бетінше жұмыс орындайды. Мысалы:

Әсем қандай қыз?

Ә–әдемі, әдепті.

С–сұлу, сүйкімді.

Е–еңбекқор, елгезек, епті.

М–мейірімді, мәдениетті. Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып өз бетінше құрастыру. Сонымен мұғалім оқушыларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаса бастағанын байқап, осы жұмыс нәтижесінен мәтін құратуды да өз бетінше орындауға таңсырады. Мысалы: оқушылар “Әсем” деп ат қойып мәтінді құрастырады.

“Әсем”

Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да, өзі де сұлу. Оның сүйкімді, қылықтары өте көп. Айтар болсам ол епті, елгезек. Ол үлкенге де, кішіге де мейірімді. Ол мәдениетті қыз. Әсемнің мінезі жайдары. Әсемнен мықты дос шығады.



Осы жұмыстан кейін оқыушыларға тағы да өз бетінше мәтіннің ішінен сын есімдерді тауып, астын сызу, сұрақ қою т.б. жұмыстарды беруге болады.

ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін іліп, өлең шумағын айту.

Өзі–ала доптай.

Сүті–балдай тәтті

Мүйізі–қарағайдай иілген

Көзі–көмірдей қап-қара

Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.

Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,

екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы,

түсінігі қалыптасады;

Сауаттылығы өз бетінше ойлау дәрежесі арта түседі.



ІІІ. Сөзден сөз тудыру жұмысы.

Мүмкіндік денгейінде орындалады. Мысалы: қар, арық ,тарақ, ана, шындық , нан тағы басқа. Оқушы өз бетінше осы сөздерді сауатты жазып үйрене отырып, ойлау қабілеті, байқампаздығы артады.



ІҮ. Сөйлемдер құрату. Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өз бетінше тапсырмалар беріледі.

Көктем тақырыбына: Алақай, Көктем келді!

Әттең қар еріп барады!

Көктем ауасы неткен

керемет еді! т.б. енді осы лепті сөйлемді өз бетінше жұмыс орындауда хабарлы сөйлемге айналдыру да жұмысында беруге болады.

Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы тамаша.

Міне осындай қазақ тілі сабақтарында оқушыларға өз бетінше жұмыс орындау біліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты қалыптастыруға болады.

Жалпыға бірдей білім беретін мектептерге оқу тәрбие жұмысының мазмұны мен санасы көтеру, жақсарту мәселесі бүгінгі күн талабын туындайды. Бастауыш сынып мұғалімдері оқыту процесінде өздігінен орындалатын жаттығуларға оқушыларды қызықтыратын, тартынмды элементтерді енгізудің, әр түрлі ойындарды пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Өз бетінше жұмыс оқушының сабаққа белсенділігін пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылар математика сабағында түрлі ойын үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оқушыны қызықтыра отырып халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып математикалық есептер, сөз жұмбақтар, ойындар, логикалық есептерді құрастыруда өз бетінше жұмыс орындаудың пайдасы тиеді. Мысалы: Бастауыш сыныптарда “Математикалық” үйірмелер жұмыс істейді.

Осындай үйірмелерге қатысқан оқушыларға карточка, яғни үлестірме қағаздары арқылы жазбаша немесе ауызша тапсырмаларды орындату барысында да өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет