90
ЖІТІМ: ӨЛІМ-ЖІТІМ
. Көне түркі
жазба ескерткіштерінің
тілінде
йіт
- етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген,
мұнда да
өл-йіт
- деп қосарынан қолдану бары көрсетілген (ДС,
263). Демек,
өлім
сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал
жітім
– «бір
нәрсенің жоқ болуы», яғни
жоқ іздеп жүрмін
дегендегі
жоқ
сөзінің
мағынасын беретін тұлға. Көне түркілерде «жоғалған зат («мал»)
ұғымында
йітүк (жітік
) тұлғасы болған:
ер йітүк сурды
– «кісі
жоралған нәрсе (жоқ) туралы сұрады (сұрастырды)».
Демек,
өлім-жітім
тікелей беретін «өлген, өшкен, жоқ болған,
жоғалған» деген мағынадан шығып, «шығын, қаза» деген жинақтау
мәнді білдіретін қос сөзге айналған. Бұл көбінесе малға қатысты ай-
тылады: мал тек өліп қоймайды, сонымен қатар өзгеше түрде де «жоқ
болады» ғой: ұрланады,
ит-құсқа жем болады, тұралап қалады т.т.
Осы соңғы жоқ болушылықты қос сөздің
жітім
сыңары білдіретін
сияқты немесе бұл компонент алдыңғы «жоқ болушылық» –
өлім
де-
ген ұғымды күшейте түсуге келген «көмекші күш» болып танылуы
мүмкін.
Біздің байқауымызша, «өлтірді»
мағынасындағы
басына
жетті
деген тіркестің о бастағы көне түркілік қолданысы
басы
йітті (жітті)
болса керек. Демек, ол «басы жоқ болды, өлді» де-
ген ұғымдағы тіркес болып шығады. Соған қарағанда, қазіргі қазақ
тіліндегі «көзін құрту, жоғалту, тығу, жасыру» мағынасындағы
жы-
тыру
етістігінің фонетикалық варианты деп қарауға болады. Жуан ва-
рианты жеке қолданылатын сөз болып сақталған да жіңішке нұсқасы
тек сөз тіркесінде «сіріленіп» қалған сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: