Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет54/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ИЛЕНУ: САРЫСУ ИЛЕНУ
. Буын-буынның ауруын 
сарысу 
иленді
дейміз. Әдетте 
илену
деп қамыр, балшық сияқты қою заттың 
араласып, нығыздалуын айтамыз. 
Сарысу
дегенді қазақ қоймалжың 
сұйықтық деп түсінген болар, сондықтан оны иленді дейтін шығар 
деп топшылауға еркіміз бар. Ал бірақ 
илеу
сөзінің түптамырын іздей 
қалсақ, көне түркі тілдерінде 
иг(ий) 
сөзі «ауру» дегенді, 
игле-(ийле-)
«ауыру, науқастану» дегенді білдірген (ДС, 204-205). Демек, 
илену
сөзінің төркіні көне 
игле
- болса, ол күнде бұл етістіктің мағынасы 
«сарысумен (сарысу жиналып) ауыру» болмақ. Бұл жорамалымыз 
кейбір көне сөздердің қазіргі тіркестер құрамында сақталып қалу 
фактілерінің едәуір екендігіне сүйеніп жасалып отыр.
ИРЕК: ИТ МІНІП, ИРЕК ҚАМШЫЛАДЫ
. Бұл тіркесте 
ирек
сөзі түсініксіз. Акад. А. Н. Кононовтың жазғанына қарағанда, түріктер 
арасында иттің атын Ирек немесе Серек деп қояды екен (Кононов, 
73-74). Демек, 
ирек
сөзі «ит, қасқыр тұқымдас» деген атау болу ке-
рек. Сонда бұл образды тіркес «бір итті мініп, бір итті қамшылап» 
деген мәнді білдіреді. Бір мағынадағы екі сөзді кезектестіріп, бір 
сөйлем ішінде ойнату – тіл-тілдің қай-қайсысына да жат құбылыс 
емес. Осы әдіс арқылы, яғни сөздерді ойнатып образ жасау – ұтымды 
тәсілдердің бірі.
Ирек
сөзінің этимологиясын (қай тілдік екенін және түпкі 
мағынасы мен морфологиялық құрамын) әрі қарай іздестіру қажет. 
Біз әзірге таба алмадық.
КЕБЕНЕК
. Қазақ тілінде «ерді 
кебенек
ішінде таны», «кебін ки-
ген келмейді
кебенек
киген келеді» сияқты мәтелдер бар. 
Кебенек
сөзі жырларда да кездеседі. «Алпамыс батыр» жырында Құлтай 
Алпамыстың тірі екеніне сеніп:
Кебенек
кигеп ер еді, 
Кебін киген жоқ еді, – 
дейді. «Қобыланды батырда»:
Есіктің алды – ебене, 
Ерлер киер 
кебене,
– 
деп келеді. Айырмашылық – 
кебенек
сөзінің соңғы дыбысының 
түсіріліп айтылғаны. Қазақ халқының қолөнері жайында кітап 
жазған С. Қасиманов 
кебенек
сөзін «ертеректе болған киіз ша-
пан» деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 
кебенек
сөзін 
«малшылардың аяздан, жауын-шашыннан қорғану үшін киетін, жұқа 
киізден тігілген сырт киімі» деп анықтайды (ҚТТС, IV, 535). Сірә, 


94
алғашқы түсіндірме дәлірек болар, өйткені «ерді 
кебенек
ішінде 
таны», «кебін киген келмейді
кебенек
киген келеді» дегендерге
қарағанда, 
кебенек
тек малшылар емес және жауын-шашыннан қор-
ғану үшін ғана емес, жалпы кие беретін ең жұпыны (қарапайым) 
шапан болғанға ұқсайды. Оны Шоқанның еңбектеріндегі сөздерге 
берілген түсіндірмелер де растай түседі: «
Кебенек
– қазақтардың ерте 
кездердегі киімі, ол тығыз әрі жұқа етіп басылған ақ киізден тігілетін 
кең, ұзын шапан (плащ), бұл киім жаңбыр мен қардан қорғайды. 
Кебенекті
ертеде көбінесе жауынгерлер киген» (Валиханов, II, 711).
Бұл сөздің 
кебе
варианты да бар. «Едіге» жырында:
Тоқсан баулы ақ 
кебе
Тоғысқан жерде кигенмін, – 
деген жолдар бар. Мұндағы 
тоғысқан
жер деп тұрғаны − ұрыс май-
даны. Көне түркі тілдерінде 
тоқуш
- «соғысу, ұрысу, шабуылдау» де-
ген мағынаны білдірген (ДС, 578). XVI ғасырдағы қазақ шежірешісі 
Қадырғали би де 
тоқуш, тоқушу
сөздерін «ұрыс», «соғысу» 
мағыналарында жиі қолданған. Сонда 
тоқсан баулы кебе
ұрыс май-
данында – тоғысқан (тоқушқан) жерде – киген жауынгер киімі болып 
шығады.
Жоғарыдағы мәтелдердің бірінде 
кебенек
сөзі 
кебін
сөзімен қатар 
айтылып, бір-біріне мағынасы жағынан жақын (екеуі де киім: бірі 
– өлінікі, екіншісі – тірінікі) болғанмен, екеуі – екі түрлі сөз: 
кебін
– түркі тілдеріне араб тілінен енген кірме сөз, 
кепін
«өлік орайтын 
материал». Ал 
кебенек-тің
, түбірі – 
кеп
сөзі болар деп есептейміз. 
Көне түркі тілінде 
кеп
– «қалып» («форма»), қазіргі қырғыз тілінде 
де 
кеп
сөзінің бір мағынасы – «қалып, киім, маска» (Юдахин, 375). 
Бұл сөздің о бастағы «қалып» мағынасы да кездеседі. Мысалы, Қозы 
тазша болып келгенде:
Таз 
кепті
басындағы жұлып алды... 
Мынау қолдан жасаған 
кебім
еді... –
дейді. «Тыңшы» етіп бір қызды қой ішіне жібергенде:
Бір сұм қызды жіберді қоймен бірге, 
Тоқты 
кебін
кигізіп терісіне, – деп суреттейді.
Сонымен қатар бұл сөзден қазіргі қазақ тіліндегі кептеу «нығыздау» 
(басына бөркін кептеп кию), 
кептелу, таз кепеш
(адамның басына 
қалып сияқты кептеле қалатын баскиім) сияқты сөздер де сақталған. 
Бұл сөздің «қалып» (қалып та – киім сияқты бір нәрсені қаптайтын 
нәрсе ғой) мағынасынан «киім» деген ауыспалы мағынаның тууы 
– табиғи құбылыс. Сондықтан 
кеп
түбірінен жасалған 
кебене/кебе-
нек
сөзі «киім», оның бір түрі («киізден жасалған шапан») дегенді 
білдірген деп топшылаймыз.


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет