Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет251/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

-гер,-
кер
 
жұрнағы активтенгені байқалады. Мысалы, 
баспагер
– издатель, 
атомгер
– атомщик, 
бітімгер
– миротворец, 
мерейгер
– юбиляр, 
сая-
саткер
– политолог, 
қаскер
– браконьер, 
ғарышкер
– космонавт.
XX ғасырдың 70-80 жылдарында 
-ман
аффиксін жандандыру 
әрекеті байқалды. Мысалы, XX ғасырдың 50-жылдарында пайда 
болып, бірте-бірте қалыптасқан 
оқырман, көрермен
сөздерінің жа-
салу уәжі өмірде жиі кездесетін екі түрлі мағынаны ажыратып атау 
қажеттігі туғанына байланысты. Мектепте оқитын шәкірттерді жал-
пы кітап, газет оқитындардан айырып атау керек болды. Бұған, сөз 
жоқ, орыс тілінің аударма әдебиетінің қолданыстары да әсеріп тигізді: 
мектеп оқушысы
(орысша – ученик) 
оқушы
тұлғасымен, ал жалпы 
бірдеңе оқитын адамды (орысша – читатель) одан бөлекше атау ке-
рек болды. Тіл маманы – Әділ Ермеков 50-жылдардың басында бұған 
оқырман
тұлғасын ұсынды. Ал бұл – қазақ тілінің семантикалық-
морфологиялық нормасына сәйкеспейтін жаңа туынды, өйткені 
-
ман
жұрнағы келер шақ есімше тұлғасына жалғанып, әлі болмаған, 
бірақ енді-енді орындалуға жақын келген қимылды білдіреді. Мыса-
лы, 
жыларман болу
– әлі жылаған жоқ, бірақ жылауға жақын келу, 
«көшерменде – жұрт жаман, тастарманда – қатын жаман» деген 
мәтелде жаман болған ауыл жұрты әлі тасталынған жоқ, енді-енді 
тасталмақ, қатын да – солай: оны күйеуі әлі тастаған жоқ, тастамақ 
болып жүрген қатын. Оқырман «әлі бір нәрсені оқуға кіріскен жоқ, 
енді-енді кіріспек адам» дегенді білдірсе керек еді, бірақ ол жалпы 
бір нәрсені – «кітапты, газетті, әйтеуір жазылған дүниені оқитын де-
ген мағына» үшін алынған. Бірақ бұл неологизм қолданысқа түсіп, 
сіңісіп кетті, себебі бұл мағынаны беретін өзге оңтайлы атау болмады, 
ал 
ученик
пен 
читательді
айырып атау қажет болды. Бұл қолданыс 
дағдыға айналды, ал тіл тәжірибесінде дағды – күшті фактор.
Енді 
оралман
(репатриант) термині тек семантикалық емес, таза 
морфологиялық нормаға да жанаспайтын туынды болып шықты: 
-ман
жұрнағы етістіктің негізіне (
орал
-) тікелей жалғанып тұр, мұнда 
келер шақ есімшедегідей не шақтық мағына жоқ, не қимыл-әрекеттің 
орындау-орындамау мүмкіндігін таныту қызметі жоқ. Лингвист емес 
адам мұны тіпті Еуропа тілдеріндегідей адамға қатысты жұмсалатын 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет