Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет46/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ЖАҒАЛАСУ
. Бұл сөздің қазіргі негізгі мағынасы − «тайтала-
су, айқасу», одан қалды «қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу», 
соңғысы – ауыспалы мәні. Сырт қарағанда, бұл сөз тайталасқан 
адамдардың бір-бірінің жағасынан алуына қатысты айтылған болу 
керек деп ойлаймыз. Ал, шындығында, сөздің түбірі – 
жағы/йағы/
жау
сөзінің көне түркілік түрі (түркі тілдерінде 
ғ ~ у
дыбыстарының 
алмасуы − кәнігі құбылыс: 
тағ ~ тау, бағ ~ бау
дегендердегі сияқты).
Жағалас
- етістігі – көне 
йағылаш
- сөзінің қазақша варианты, ал 
йағыла
- – «ұрысу, соғысу», дәлірек көшірсек, «жауласу» (
йағы ~ 
жау
). Демек, 
йағы/жау
түбірінен қазақ тілінде екі етістік жасалған: 
жағалас
- және 
жаулас
-. Сонда 
жаумен жағаласу
дегеніміз қазақ-
шаға «аударсақ» 
жаумен жауласу
болып шығады. Әрине, бір тү-
бірден жасалған 
жауласу
мен 
жағаласу
деген екі тұлға өз алдына 


81
мағыналық реңктері бар екі дербес сөзге айналған: 
жағаласу
тұлғасы 
«жауласу» сияқты жалпы ұғымның ішінде «арпалысу, тайталасу, 
қоса қабаттасу» сияқты нақтылау реңкті білдіретін сөзге айналған, 
өйткені тіл «артық дүниені көтермейді», егер 
жауласу
мен 
жағаласу
сөздері дәлме-дәл бір мағынада тұрып қалса, біреуі артық дүние бо-
лып шығар еді.
ЖАД ЕТУ/ЖАТ ҚЫЛУ (ЕТУ).
Бұл сөздер батырлар жырла-
рында жиі кездеседі. Мағынасы – «Құдайды, пірлерді, әулиелерді 
құлшылық етіп есіне алу». Тіркестің негізгі сөзі – 
жад
парсы тілінде 
«ес, еске алу» мағынасында қолданылады. Демек, 
жад қылу
«еске 
алу» деген ұғымды беретін күрделі етістік болып шығады. Бірақ бұл 
етістік жалпы біреуді немесе бір нәрсені еске алу емес, тек қана жал-
барынатын иені – Құдайды (Алланы, Тәңіріні), әулие-әнбиелерді, ба-
балар мен пірлерді еске алу, жай ғана еске алмай, оларға құлшылық 
етіп, бір тілекпен жалбарына еске алу мағынасында ғана қалыптасқан. 
Мысалы:
Жеті кәміл бабасын 
Жад етуге
жаңылып... 
Батасын беріп қол жайып, 
Жад етуге
жаңылып... 
Жад қылады
Иені...
Қобыланды батыр қызылбастың еліне Құртқа сұлуды алуға атта-
ну үшін мінетін ат сұрап, жылқы басындағы Естеміске:
Жад қыламын
, Естеке, 
Жеті кәміл бабаны, – 
десе, тоқтамасын білген Естеміс те батасын беріп, қол жайып 
Құдайды жад қылады. Бұл сөзді батырдың әкесі Тоқтарбайдың аузы-
на жазушы М.Әуезов те салады:
Жұп шырағым жалындап, 
Жад еткенім
өзіңсің, 
От анасы, жарылқа!– дейді. 
«Ер Сайын» жырында:
Бозмұнай бай жылайды, 
Жад айтады
Құдайды...
Бір ғажабы (өкініштісі) – қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөз-
дігінде де, қырғыз тілінің екі тілдік сөздігінде де бұл күрделі етістік 
берілмеген. Ал 
жад
сөзінің жалпы мағынасы «ес, ой» және оған 
қатысты 
жадына түсіру, жадынан шығару, жадына сақтау (тоқу, 
ұстау
) т.б. сияқты кәнігі тіркестер ғана көрсетілген.


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет