«Кітап толы терең сыр парасатқа» 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне арналған білгірлер сайысы Кітапханашы



Дата08.06.2018
өлшемі89,14 Kb.
24 сәуір «Демалыс күн» клубының отырысы

«Кітап толы терең сыр парасатқа»

23 сәуір – Халықаралық кітап күніне арналған

білгірлер сайысы
Кітапханашы: Қош келдіңіздер, құрметті оқушылар! Бүгінгі «Демалыс күн» клубының кезекті отырысы кітап мерекесіне арналады, олай болса әңгімеміз кітап жайлы болмақ.

1972 жыл – ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса,1995 жылы 23 сәуір-Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада т.б. шет елдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Жалпы өсті, өркендеді деген елдердің кітапқа ерекше мән беруінің сыры тегін емес.

Бүгін де халықаралық кітап күні әлемнің көптеген елдерінде тойлануда.

Халықаралық кітап күніне мерекегсіне білгерлер сайысымызда арналған.. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтаймыз.

Кітап - нәзік те, тұнық әлем!

«Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» деп айтқандай, адамзат тарихының өзі - кітап.

Кітап-білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына - КІТАП.

Кітап-әлем мөлдірлік тұнығында,

Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар.

Кітап-тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

Жаңа ақпараттар көзінің қарыштап дамыған жаһандану заманында да кітап оқу, кітапты пайдалану, көркем шығармаларға деген құштарлығымыз кемімеу керек. Үміттің отын жаққан кітап мерекесі құтты болсын.

Балалар 2 топқа бөлініп отырамыз, өз топ атауларынды шешу

Жақсы: «Тұлпар» - ұлдар, «Сұңқар» - қыздар тобы.



Кітапқа арналған өлең шумақтарды тыңдалық:

Арнау (кезекпен Арайлым Ә. мен Баян К.)

Бастайыншы сөзімді «биссмилла» деп,

Ассалаумағалейкум, жиылған лек!

Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,

Ұрандап «Оқитын ел-озық ел!» деп.

Мен бұрын бұндай тойды көрмеп едім.

Бұл деген-көкке биік өрлегенің.

Оқуға ел ниетін бұрып жатса,

Алынар небір асу, бел дегенің.

Болғанда қыспағы мол заман-нарық,

Озық болу жарасар топты жарып.
Алып шығар нарықтан білім ғана,

Оқығанның қашанда алды жарық.

Сондықтан бүгінгі іс - келелі іс,

Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.

Кітап күні тойланып жылдан –жылға,

Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.

Кен, қазынаң кітап қой нәр беретін,

Жайнатып өміріңе сән беретін.

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.


Кітап сәуле, нұр берер шырағыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.

Кітап-білім қаруың болса, анық-

50 елдің алдына шығарыңыз.

Шарамыз игілігін ала келсін,

Ұлтыма білім, байлық, сана берсін.

Рухымыз асқақ боп әрқашанда

Халқымыздың бақыты жана берсін!

Халайық, бүгінгі той құтты болсын!

Басталған бұл қадамы мықты болсын!


Халқымыз оқитын елге айналып,

Жастарымыз мыңды жығар күшті болсын!

Қазақстан оқитын елге айналсын,

Жастарымыз білімді ерге айналсын.

Жаңа әлемді жаңа елдің жастарындай,

Асқақ болып рухы нұр жайнасын!

Халайық, тойларыңыз тойға ұлассын!

Бұл шараның мақсаты жүзеге ассын.

Оқитын озық елің біз болайық,

Елімізден тапсын жұрт шын барысын!



Кітапханашы:

«Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді? Кім айта алады?.........

Кітап - арабша «жазба», ал түрікше «дәптер»- «мерзімді баспасөз басылымы» дегенді білдіреді. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.

Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дін басылар мен монахтар білген. Сондықтар дүниежүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат» (б.з.д 26 ғасыр бұрын), чин-қытай тілінде «Конфуция» (б.з.д. 25 ғасыр), парсы тілінде «Авеста» , грекше «Юнан», «Құран» (б.з.д. 7 ғасыр) шыққан.


Кітап қалай жасала бастады?

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне , тақта тастарға сына жазумен жазылатын болған. Б.з.б. 25 ғасырда ежелгі Мысырда қыш текшерінің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Қамыста жасалған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып орлды. Б.з.б. 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі грекия мен Римде кең өріс алды. Ал осы заманғы кітап түптелген қолжазба

мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогы

үлгісінде жасалады.

Кітап мағынасына қарай әртүрлі болып шығады, аталады, соларды атаңдар?

Кітапты арнаулы мақсатына қарай: оқулықтар, ресми, ғылыми, әдебиет, көркем әдебиет,анықтамалық, энциклопедиялық, жарнамалық т.с.с.болып бөлінеді.



Ал қазақ кітабы қай уақыттан бастап шығарыла бастады деп ойлайсыңдар?

Қазақ кітап баспасы 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығара бастады.

Кітап бізге жету үшін қандай жолдардан өтеді?

Кітап - адамның досы. Кітапті жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, сүйтіп біздерге жетеді.
Адам баласының ең алғашқы оқып, оқуды үйрететін қандай

кітап?

ӘЛІППЕ.

Ендеше қазақ балаларына арнап сол

«Әліппені» жазған кім?

Ыбырай Алтынсарин.

Ы.Алтынсаринның балаларға арнап жазған өлеңін кім айтады?

«Кел, балалар, оқылық».

Кітапқа арналған өлең шумақтарын тыңдалық:



Арайлым: Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңдей осы.

Кітап та алма ағашы,

Жемісі біздің теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.
Баян: Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатды ,

Еріксіз сөзін жұртқа тындатады

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.
Мирас: Саған білім жемісін

Оқулығың береді

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


Кітап!

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын балбұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күнді беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Аяулым

Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар киесі ,

Рухани әлем иесі,

Кітап Ханшайымына

Баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін

Әсте өкініп қалмайық.
Кітапханашы: Мінеки біздер кітап туралы көп мағлұмат алдық, ал енді біздер кітапқа қандай құрмет көрсете аламыз. Алғысымызды қалай жеткіземіз. Құметтей, күте білеміз бе?

Көрініс: «Оқушы мен кітап»

Оқушы: Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі,

\Дархан\ Қуанышы көңілдің , баспалдағы өмірдің,

Жан азығым, серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

\Әділет\ Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.
Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

\Дархан\ Жан азығым серігім, ренжіткен сені кім?


Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігі

\Әділет\ Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын мен неге ол секілді пендеге.


14-оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Ендігі кезек жұмбақ шешуде:
Жұмбақ :

К-Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ.

І-Екінші әріп тісте бар, бұрымда жоқ.

Т-Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ.

А-Төртінші әріп құлақта бар, жүректе жоқ.

П-Бесінші әріп ақырғысы,

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

-Кәне, балалар қандай сөз шықты?

-Кітап.
Балалар, кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап –адал пейіл, асыл дос. Қойған жерінде жатады, қолыңа алсаң тіл қатады.

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.

Кітапханашы: кітаптар да адам сияқты, өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды. Олар да біз секілді ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет. Сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек.
Кітапхананың ережесімен таныстырайын.
1-ереже: Кітапханада шулауға болмайды.

2-ереже: Кітапты ұқыпты, таза үстау керек. Сендерден кейін көптеген балалар ұстайды.

3-ереже: Алған кітабыңды уақытында қайтар. Басқа оқырмандар күтіп қалады.

4-ереже: Кітапты жоғалтып алма.


Осы ережелерді әрдайым есте сақтайық!
Кітапханашы:

Жайнатып жанымызды,

Келтіріп сәнімізді

Арнайық бас қосқанда

Тамаша әнімізді.


Қорытынды.

Кітапханашы:

Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап-көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап-білім бұлағы», «Кітап ғажап дос» деп бекерге айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.



Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достытарың үзілмесін! Әрқашанда жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Кітап күніне арналған осындай жылы – жылы отырыстардаде жүздесе берейік, балалар!
Балалар! Бүгінгі біздің іс-шарамызға қатысқандарыңа рахмет!
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет