6 - тақырып.
Шығындар кәсіпкерлікте экономикалық басқару объектілері ретінде
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік қызметтегі шығындардың мәнін, олардың жіктелуін қарастыру
Лекцияның сұрақтары:
Шығындардың мәні.
Шығындардың жіктелуі
Лекцияның мазмұны
Шығындар өндіріске және өнімді шығаруға қолданылатын белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын, айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.
Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.
Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
- шығындардың алғашқы элементтері бойынша;
- пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:
- еңбекке төлем шығындары;
- әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
- мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
- амортизация;
- басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген:
- шикізат және материалдар;
- жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;
- өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы;
- технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
- әлуметтік сақтандыруларға аударым;
- цехтық шығындар;
- жалпы шаруашылық шығындар;
- коммерциялық шығындар;
- жалпы өндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы — оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді.
Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі процесінің мәні — бұл шығындардың басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.
Нарықтық экономикада шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады. Басқару үрдісінде шығындарды басқару функциялары бойынша бөлу 1-ші кестеде берілген.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
Кәсіпорын шығындары дегеніміз не?
Кәсіпорын шығындары қалай жіктеледі?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.
Предпринимательство: учеб. / под редакцией М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 667 с.
Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.
Достарыңызбен бөлісу: |