KK(O)T 2201 «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» 5B091000 «Кітапхана ісі»



Дата09.06.2018
өлшемі81,5 Kb.
#42214


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҮЛГІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


________________________________________________________________

KK(O)T 2201 - «Кәсіби қазақ (орыс) тілі»

5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша

Көлемі: 2 кредит

Шымкент, 2016

АЛҒЫ СӨЗ

1 ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде

2 РЕЦЕНЗЕНТТЕР

Парымбекова З.С. – «Отырар» облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры

Мусаева С.Т. – п.ғ.к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20_ жылғы «___» __________ №___ бұйрығымен

4 Үлгі оқу бағдарламасының дайындық бағыты 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығының үлгілік оқу жоспарына сәйкес әзірленген

5 ҚАРАЛҒАН М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секция отырысында

20_ жылғы «__» __________ №___ хаттама



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

2

Мазмұны

3

Түсіндірме жазба

4

Пәннің мазмұны

5

Кіріспе

5

1 Кәсіби қазақ (орыс) тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе

5

2 Кәсіби орыс тілі - адам іс-әрекетінің еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік феномен

6


3 Пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді басты құрылымдары

7

4 Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология

7

5 Арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдаяттарда берілген тапсырмаларда қолдану

8


6 Орыс тілінде мамандық бойынша пән салалары мазмұнына сипаттамасы

7 Кәсіптік құзіреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б.

8. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы

Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптарының тізімі


9

9



10

10

10



Оқытушылардың студенттермен өзіндік жұмыс үлгі тақырыптары

11

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

11

Авторлар





түсіндірме жазба
«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» курсы 5B091000 - «Кітапхана ісі» мамандығының базалық пәндер циклы ретінде университеттердің қазақ, орыс (бакалавриат! Бөлімдеріне есептелінген. Бұл бағдарлама мамандық Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМББС) және кредиттік оқыту жүйесі талаптарына сай құрастырылған.

Бағдарлама студенттерге курстың белгілі пәндік саласы білім жүйесінің тұтастай тұтас бағытталған ұғымын беруге арналған. Қазақ (орыс) тілдерін игерудің шығу деңгейіне қазақ (орыс) тілдерінде оқыту мектептерін бітіругілерге қазақ ( орыс) тілдері жүйесімен таныс әрі әртүрлі жағдайда сөзбен қарым-қатынас жасаудың тілдік бірлік ерекшеліктерін іске асырушы соңғы талаптар қабылданады.

Қазіргі заманауи маман кәсіби қызметте табысқа жету үшін ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын тереңірек меңгеруі тиіс, кәсіби қарым-қатынаста лингвистикалық, коммуникативтік және компотенциялық өзін өзі ұстай білуі керек.

Пәннің мақсаты – кәсіби қарым-қатынаста ауызша және жазбаша

орыс тілінде қолдану студенттің білімі мен ақыл ойын кеңейтеді және тереңдетеді.



Пәннің міндеттері:

- кәсіби қарым-қатынаста орыс тілінде түсіндіру базасын құру ғылыми және кәсіби лексикадағы жолдарын меңгеру (терминдермен, профессионализмдермен);

- кәсіби қарым-қатынаста оқи алу, жазу, сөйлеу, тыңдауды меңгеру;

- кәсіби қарым-қатынаста дағдыны қалыптастыру.

Болашақ маман білуге тиіс:

- кәсіби терминологияны, терминдер мен түсініктердің арасындағы сәйкестік;

- ғылыми және іскер мәтіндердің ерекшеліктері;

- әртүрлі ғылыми және іскерлік жанрындағы ауызша және жазбаша мәтіндердің нормаларын.

Студент дағдылануға тиіс:

- кәсіби тақырыптарға нақыл сөздерді табу;

- кәсіби сөйлеуді тыңдап және оны түсіну;

- оқу, түсіну және кәсіби бағыттағы мәтіндерді бағалау;

- кәсіби мағынадағы мәтіндерді құрастыру және көркемдеу;

- кәсіби қарым-қатынасқа араласу: кәсіби қызметте мамандармен және маман еместермен сұрақ арқылы қарым-қатынас жасау;

- кәсіби қарым-қатынастың жағдаяттарын түсіну және мақсатын анықтау;

- ойланып және мәнерлеп, тура сөйлеуді үйрену;

- әңгімелесушінің әлеуметтік және жеке тұлғалық кескінін ескеру;

- қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай жасап, оны қолдау;

- кәсіби диалог ұйымдастыру және кәсіби қызмет мақсаттарына бағыт беру;

- кәсіби қарым-қатынаста сөйлеу этикетін сақтау.



ПӘН МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Кәсіби қалыптасудағы ғылымның ролі. Мамандарды дайындауда кәсіби және жалпыбілімдік пәндердің мәні. Мектеп және жоғарғы оқу орнында оқытудағы ғылым мен еңбек. Мұғалімді дайындау жүйесіндегі орыс тілі.


Тақырып 1. Кәсіби қазақ (орыс) тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе

Кітапхана ісі бұрынғы және алдағы мәселелері. Қазақ (орыс) тілінде мамандық бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет.

Қазақ (орыс) тілі ғылым тілі, техника тілі, кәсіби қарым-қатынас тілі. Кәсіптік оқыту мұғалімі қызметіндегі тілдің ролі.

Қарым-қатынастағы қызметтің өзіндік түрі және адами қажеттіліктер. Тілдік өзара қатынас. Қарым қатынастың түрлері және функциялары.



Тақырып 2. Кәсіби қазақ (орыс) тілі - адам іс-әрекетінің еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік феномен

Кәсіби-бағдарланған қазақ (орыс) тілі және оның «Кітапхана ісі» мамандығы пәндерімен байланысты.

Адамның еңбек қызметі саласы. Тіл және еңбек. Кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу. Кітап (жазбаша) және сөйлеу (ауызша) тілдерінің қарама-қайшылығы. Кітап тілінің басты сипаттамасындағы дайындық, көлемнің нақтылығы. Ауызша сөйлеудің сипаттамасындағы дайын еместік, сезімділік.

Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік стиль. Іскерлік қарым-қатынаста басымдыққа жол бермейтін барынша нақтылық. Іскерлік сөйлеудің түрлері, стандарттағы дәрежелері, түра мінез емес.

Іскерлік сөйлеудегі әртүрлі жанрлардың тілдік ерекшелігі.

Іскерлік қарым-қатынастағы тілдік этикет. Басқару қарым-қатынасындағы психология заңдарын есепке ала отырып іскерлік қарым-қатынас жағдаяттарындағы этикалық сөйлеудің формулаларын қолдану.

Іскерлік қарым-қатынастың жанрлары: іскерлік әңгімелесу, сөйлесулер, талқылау (дөңгелек үстел, миға шабуыл және т.б.), ауызша өкім, сымтетік арқылы іскерлік сөйлесу және т.б.

Іскерлік қарым-қатынастың өзіндік ұлттық-мәдени есептеулері. Орыс тілі мен қазақ тілдеріндегі сөйлеу этикеті формулаларының салыстырмалығы. Іскерлік қарым-қатынастағы орыс және қазақ тілдерінде қолданылатын экстралингвистикалық және паралингвистикалық құралдары.



Тақырып 3. Пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді басты құрылымдары. Оның іскерлік сөйлеудегі базалық категориялық-түсінік аппараты

Тілдің ғылыми стилі туралы жалпы түсінік, оның басқа функциональдық стилдерден айырмашылығы. Ғылыми стиль жанрлары. Ғылыми тіл функционалдану жағдайы: ғылыми қарым-қатынас аясы, жазбаша форманың ауызшадан, монолог сөздің диалогтан басымдығы.

Ғылыми стильдің сипат белгілері: қисындылығы, дәлдігі талдануы мен тартымдылығы, терминдерге байлығы. Ғылыми мәтіндердің ауызша және жазбаша формаларына тілдік құралдарды пайдалану Кәсіби лексика және оның тілдік-лексикалық жүйесіндегі орны.

Іскерлік лексика және аралас түсінік. Жалпы қолдану және жалпы емес қолдану лексикасы.

Іскерлік және жаргондық лексика.

Кәсіби түсінік. Лексика жүйесіндегі профессионализмдердің орны. Профессионализмдердің пайда болу тәсілдері.

Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді таңдап алу. Кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқу және түсінік айту. Кәсіби бағыттағы мәтіндерді тілдік талдау.

Оқушыларды кәсіптік оқытудағы мәселелерге байланысты сұрақтарды құрастыру. Талдаулар, пікірталастарды ұйымдастыру.


Тақырып 4. Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология

Терминология ғылым және тілдің бүтін бір терминдер құрамы, сондай-ақ ғылыми және кәсіптік қызметтің жеке саласы іспеттес.

Қазақ (орыс) тілінің терминологиялық лексикасы. Термин және олардың ерекшеліктері туралы түсінік. Терминология ғылыми стилдің негізгі белгісі ретінде. Шағын арнайы және жалпы ғылыми терминология. Терминологиялыұ сөздіктер.

Терминдерді анықтау. Тілдік қызметте терминологиялық лексика жөнінде алынған білімді қолдану шеберлігін жетілдіру. Терминдер құрамына кіретін интернационалдық сөз құраушы элементтермен жұмыс. Жалпы ғылыми және шағын арнайы терминдерді мәтіннен табу әрі талдау. Мамандық бойынша терминологиялық сөздіктер құру.

Ғылымиаралық терминдер. Шектеулі мамандықтарда қолданылатын терминология. Шектеулі мамандықтарда қолданылатын терминдердің лексикологиялық топтамалары.

Орыс тілі мен қазақ тілдеріндегі кәсіптік оқыту саласындағы терминдер. Терминологиялық сөздіктер мен сілтемелер.

ЖОО оқулықтары және олардағы ғылыми терминологияның көрінісі. Кәсіптік оқытуға арналған оқулықтар және олардың кәсіби лексикадағы көрінісі.

Зат есім және сын есімдер терминдерді қалыптастырудағы басты материал іспеттес. Олардың грамматикалық сипаттамалары. Зат есімдер, олардың сөз өзгерістеріндегі негіздері.



Тақырып 5. Арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдаяттарда берілген тапсырмаларда қолдану

Деректемені білдіру конструкциясы, алу жолы, ақпараттың болуы. Мамандық бойынша мәтіндерді оқу. Мамандық бойынша белсенді сөздік ендіру, оларды сөзге қолдану. Терминологиялық сөздіктермен жұмыс.


Тақырып 6. Қазақ (орыс) тілінде мамандық бойынша пән салалары терминологиясы

Қазақ (орыс) тілінде мамандық бойынша пән салалары терминологиясы мазмұнына сипаттамасы: еңбек құрал саймандарының, материалдардың, іс қимылдың, үдерістің атаулары.


Тақырып 7. Кәсіптік құзіреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б.

Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқу және түсінік айту. Қазақ (орыс) тіліне аудару. Мәтіндегі құрылымдық бөліктердің бөлінуі, бөліктердің байланыс тәсілдері. Мәтіндерді ұйымдастырудағы профессионализмдердің ролі.

Студенттердің кәсіби бағыттағы профилге сәйкес мәтіндерді іздеуі және таңдап алуы. Мәтіндердің кәсіби бағыттарын дәлелдейтін монолог айтуды дайындау.

Кәсіби мазмұндағы монологтар дайындау (оқушылардың еңбекке баулу мәселелерін талқылау, еңбек үдерісін орындауларын оқушыларға түсіндіру).


Тақырып 8. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы

Кәсіби қазақ (орыс) тілін трансформациялау және дифференциациялау. Ауызша сөйлеу мәдениеті және кәсіби ортада сөйлеу мәнері. Сөз мәдениетін анықтау. Әдеби тілді игерудің екі баспалдағы: сөйлеу дұрыстығы (дұрыс сөйлеп және жаза білу шеберлігі); сөйлеу шеберлігі (тіл құралын мақсаттар және қарым-қатынас жағдайына орай қолдана білу шеберлігі.

Кітапханашының коммуникативті құзырлығын қалыптастыру ерекшелігі.
Ұсынылатын практикалық сабақтары тақырыптарының тізімі


  1. Қазақ (орыс) тілі ғылым тілі, техника тілі, кәсіби қарым-қатынас тілі ретінде

  2. Қарым-қатынас қызметтің өзіндік түрі және адами қажеттіліктер

  3. Еңбек қызметінде кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу

  4. Іскерлік қарым-қатынас

  5. Іскерлік сөйлеудегі әртүрлі жанрлардың тілдік ерекшелігі

  6. Іскерлік қарым-қатынастағы тілдік этикет

  7. Іскерлік қарым-қатынастың жанрлары

  8. Іскерлік қарым-қатынастың өзіндік ұлттық мәдени есептеулері

  9. Кәсіби лексика және оның тілдік лексикалық жүйесіндегі орны

  10. Іскерлік және жаргондық лексика

  11. Кәсіптенушілік (профессионализмдер) түсінігі

  12. Кәсібіи бағытта мәтіндермен жұмыс істеу

  13. Кәсіби бағыттағы мәтіндерді тілдік талдау

  14. Пікірталас

  15. Терминология

  16. Ғылымаралық терминдер

  17. Кәсіптік оқыту саласындағы терминдер

  18. Терминологиялық сөздіктер мен анықтамалар

  19. Мамандық бойынша оқу әдебиеттер және олардағы ғылыми терминологияның көрінісі

  20. Мамандық бойынша оқытуға арналған оқулықтар және олардың кәсіби лексикадағы көрінісі

  21. Зат есім және сын есімдер терминдерді қалыптастырудағы басты материал іспеттес. Олардың грамматикалық сипаттамалары

  22. Зат есімдер, олардың сөз өзгерістеріндегі негіздері

  23. Арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдайларда берілген тапсырмаларда қолдану

  24. Қазақ (орыс) тіліндегі мамандық бойынша пәндік мазмұнның сипаттамасы

  25. Қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби бағыттағы мәтіндерді оқу және түсінік айту

  26. Кәсіби бағыттағы профилге сәйкес мәтіндерді іздеуі және таңдап алуы

  27. Мәтіндердің кәсіби бағыттарын дәлелдейтін монолог айтуды дайындау

  28. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандықтың басқа пәндерімен байланысы

  29. Кәсіби қазақ (орыс) тілінің трансформациясы және дифференциациясы


Студенттердің өзіндік жұмыстары үлгілік тақырыптары

1 Келесідей тақырыптардың біріне хабарлама даярлау: «Қоғамдық прогрестегі ғылымның ролі»; «Қазіргі адамның өміріндегі еңбектің ролі»; «Кәсіп және кәсіпқойлар»; «Мәдени мұра»; «Менің елімінің кітапханалары»; «Қазіргі әлемдегі қазақ (орыс) тілі», «Қазақ (орыс) тілі ғылым тілі ретінде»

2. «Қатынас түрлері және қатынас функциялары» атты тақырыпқа нұсқа құрастыру

3. «Іскерлік тіл жанрлары», «Іскерлік сөздегі әртүрлі жанрлардың тлдік ерекшелігі» тақырыптары бойынша презентация жасау

4. Дөңгелек үстелдерге , мимен шабуылға қатысуға даярлық

5. «Кәсіби қарым-қатынаста тілдік этикет не үшін қажет» тақырыбына эссе жазу

6. Келесідей тақырыптардың біріне презентация дайындау: «Кәсіби лексика және оның лексикалық тіл жүйесіндегі орны»; «Кәсіби лексика және аралас түсінік», «Жалпы қолданылатын және жалпы қолданылмайтын лексика», «Кәсіби және жаргондық лексика»

7. Іріктеу, кәсіби бағыт мәтінің оқу және қайталап айтып беру

8. Кәсіби бағыт мәтіндерін тілдік сараптау

9. Пікірталасқа қатысуға даярлық

10. Келесі тақырыптардың біріне глоссарий құрастыру: «Ғылымаралық терминдер», «Дарамамандық терминология», «Дарамамандық терминдердің лексикалық топтамалары»

11. 2-3 терминологиялық сөздіктер мен анықтамаларды аннотациялау

12. Кәсіби оқыту бойынша оқулықтар және оларда кәсіби лексиканы көрсету

13. «Менің мамандығым» тақырыбы бойынша портфолио дайындау

14. Кәсіби мәтінді орыс тілінен қазақшаға немесе қазақшадан орысшаға аудару

15. Студенттердің кәсіби бағдарлануына профилі сәйкес келетін мәтіндерді іздеуі және іріктеу

16. Кәсіби мазмұнды монологты айтуға даярлау
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер


  1. Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык. Практический курс: Учеб. пособие. - Алматы: Санат, 1995. - 208 с.

  2. Ахметжанова Г.А. Обучение научному стилю. - Шымкент, 2009. – 80 с.

  3. Ахметжанова Г.А., Яковенко Л.К. Тестовый практикум по научному стилю. - Шымкент, 2009. - 94 с.

  4. Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка. - Алма-Ата: Рауан, 1992. - 173 с.

  5. Шаяхметова Н.К. Обучение научному стилю: Учеб. пособие.-Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 222 с.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Арутюнов А.Р. Русский язык для специалиста: Учебник. – М.: Русский язык, 1982. – 368 с.

  2. Бекишева Р.И., Мусатаева М.М. Пособие по научному стилю русской речи (юридический цикл). – Алматы, 2001. – 146 с.

  3. Гиздатов Г.Г. Русский язык для юристов: Учеб. пособие. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 232 с.

  4. Даркулова К.Н. Русский язык: Научный стиль. Лексико-грамматические особенности научного стиля. - Шымкент: ЮКГУ, 2010.

  5. Кадржанов К. Русский язык для цикла общеобразовательных дисциплин: Учеб. пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 142 с.

  6. Кульбаева Ф.Т. Русский язык [Электронный ресурс]. – Шымкент: [б.и.], 2004.

  7. Рубилина Е., Харченко И. Русский язык. Основной курс: Учебник. – Алматы, РИК. – Ч. 2. – 1997. – 221 с.

  8. Федосюк М.Ю., Ладыженская Т.А., Михайлова О.А., Николина Н.А. Русский язык для студентов-нефилологов. – М., 2000.

  9. Юрьев А.Н. Русский язык для физиков: Хрестоматия с речеведческими заданиями: Учеб.пособие. Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 246 с.

  10. Зуева Н.Ю. Практическое пособие по развитию навыков научной речи: для вузов гуманитарного профиля в 2-х ч. Основной курс.- Алматы, 2007.

  11. Цой А.А. Развитие навыков научной речи: Учеб. пособие.- Алматы: АГУ им. Абая, 2000- 74 с.


Авторлар:

Отарбаева Г.К. – тарих ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті

Койшигулова Г.К. - М. Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы

Исенгалиева А.Г. - филология ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚМУ доценті







Каталог: ckfinder -> userfiles -> files -> tiptik -> kaz
files -> Қр бжҒМ «М.Әуезов атындағы ОҚМУ» шжқ рмк ректорыт.ғ. д., профессор Ж.Ү. Мырхалыков 2017ж
files -> Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері
files -> Жылға (жылдарға) 1 бөлім Жалпы ережелер
kaz -> БАҒдарламасы 6М091000 «кітапхана ісі» мамандығына арналған [«Қызмет көрсету»
kaz -> KbshT 2202 Кәсіби бағытталған шетел тілі 5B091000 «Кітапхана ісі»
files -> «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасы элективті пәндер каталогы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет