Тіршілік
Ахмет Яссауи деген хақ жолындағы адалдарға, рухани тазаларға, әділдік
жолынан таймағандарға, мейірімділерге, дүние қызығына алданып,
адамгершіліктен аттамағандарға, күнәсіздерге, қанағатшылдарға әмсе
пайдасын тигізеді. Оның аруағы, киесі қасиетті жолды ұстанғандарды
қолдайды, – деді. Сонымен, ауыл-аймақ жиналып, жолға қаражат
жиып беріп, пойызбен жолға шықтым. Танымайтын ел, бөтен жер
болғанымен адамдардың бір-біріне мейірім шапағаты, имандылығы
жоғары тұратын кез болған. Жол- жөнекей кезіккен сондай жандардың
көмегімен қасиетті жұртқа да келіп жеттім.
Көк кесене күмбезі күмбірлеп, алыстан мен мұңдалап тұрғандай.
«БисмилаҺи-ир-рахман-ир-рахим» деп босағасынан аттап, тәу етіп,
қабырғаларын жағалап, қабірін сүйіп, көз жасымды бұлап, құдайы
қонақ болған үйге қайттым. Саған өтірік, маған шын таңертең денем
ширығып, ерекше күш біткендей сергек тұрдым. Жансыз аяқтарыма
жан кіргендей.... Жетінші күн дегенде балдақсыз жүруге жарадым.
Өңіме қан жүгіріп, өмірге деген құштарлық пайда болды. Сол кезде
осы кесененің қызметшісі болып жүрген, сенің болашақ әкеңмен та-
ныстым. Бір-бірімізді ұнаттық. Арқаға қайтқанда мені күтіп тұрған
ешкімнің жоқтығы бар, оның үстіне қасиетті топырақтың дәм-тұзы
бұйырып тұрғаны бар, әйтеуір, адал, момын, еңбеккер жандардың
босағасынан аттадым. Сенен кейін құрсақ көтермедім. Бірақ сені
бергенінің өзіне Аллаға мыңда бір шүкірлік етемін, қанағат! Өйткені,
киелі бабалар қолдамаса, Алла бұйрық етпесе, мұндай өмірге де жет-
пеген болар едім, – деп әрі күліп, әрі жылап айтқан ана дауысы мұның
құлағында әлі күнге тұр.
Шүкіршіл, қанағатшыл, құдай жолына риясыз ден қойған ата-
анасының әсерінен болар Қалаужанның жүрегінің түкпірінде болса
да құдайға деген сенім бар еді. Дүниенің жалт-жұлт қызығына ілесіп,
соның бәрі уақытша екенін ұмытып, өзінің осындай пендешілік күйге
түскеніне налыды. Есін біліп етегін жапқалы бері ат ізін салмаған
туған жері есіне оралды. Нәмі қазақ екінші Мекке деп жүрген
қасиетті топырақта туғанын өзі іштей мақтаныш етуші еді. Енді сол
Түркістанына сапар шегіп, Қожа Ахмет Яссауи зиратына барып, зиярат
етіп, тағзым жасап, өткен-кеткен күнәлары үшін кешірім сұрап, өзегін
өртеп тұрған өкініштің ащы запыранын сыртқа шығарып, жеңілдеп
қайтпаққа шешім қабылдады.
Түнімен жол жүріп, іші толған адамдардың тағдырын, тауқыметін
арқалап әкелгеніне қажығандай, міндетсінгендей үлкен автобус та
таңға қарай ыңырси, ысылдай, ауыр дем ала тоқтады. Аяқтары қасиетті
126
Клара Қабылғазина
жерге, туған топыраққа тиісімен, Қалаужанның жүрегі атша тулап, қан
қысымы көтеріліп кеткендей болды. «Бәленбай келіп қалыпты-ау»,
«Көптен бері бұл жаққа келмеген беделді азамат келген екен» деген
ешкім болмады. Өзінің еленбегеніне өкінбегенмен, іші алай-дүлей
болған күйі киелі кесенеге қарай жүріп кетті. Көк аспанмен астасып,
«байсың ба, кедейсің бе, бастықсың ба, қосшысың ба, қарасың ба,
ақсың ба кім болсаң да Алланың жаратқан пенделерінің маған бәрі
бірдей» дегендей көгілдір күмбез алыстан асқақтайды. Пенделердің
теңесетін, тәубасына келіп, күнәлары мен адами қасиеттерін таразы-
лайтын орынға қарай асыға бет алды Қалаужан. Жақындап келген
сайын құдыретті бабалардың аруақтарының мысы баса түсті ме, әлде
жолдан шаршады ма, аяқ-қолдары дірілдеп, жанары жасаурады.
Кесененің ішіне кіре бергені сол еді, басы айналғандай болды. Есіне
қасиетті жәдігердің табалдырығына маңдайын төсеп, тағзым етпекші
болғаны түсті:
– Кеше гөр, Алла, күнәларымды! Кешіре гөріңдер, бабалар аруақ-
тары! Қасиетіңнен айналайын, туған топырақ! Пендешілікке салы-
нып, атақ пен мансап, байлық пен даңқ қуып жүре беріппін... Есейгелі
келіп тұрғаным осы екен-ау... Кешіріңдер, мен бейбақты... Адам де-
ген адамдығынан аттаған күні бейшара болып шыға келеді екен, соны
білдім... – деп күбірледі. Еңкейе берген сәтте көтеріліп тұрған қан
қысымы лақ етіп ми қауашағына құйылғандай болды да, ары қарай
ессіз-түссіз құлап түсті. Жұдырықтай жүрек бұлқынып-бұлқынып ба-
рып тоқтады.
– Қожа Ахмет Яссауи баба кесенесінің табалдырығын сүйе берген
күйі бір қазақ о дүниеге жүріп кетіпті. Байғұс, шын ниетімен аңсап кел-
ген екен...
– Қасиетті аталар аруақтары, аспаннан бәрін бақылап отырған
Жаратқан Иеміз пендесінің күнәларын кешті ме екен? Әй, кешкен –ақ
шығар...
Не айтылса да, қандай қауесет тараса да Жер-ананың аясына сиып
жатты. Бірақ Қалекеңнің жүзінде сақталып қалған емеурін, ерін ай-
наласында үйіріліп қалған жымиыс табы өзінің сол киелі орынға
келіп тәубасына түскеніне, жүрегінің түкпіріндегі арман-мақсатына
жеткеніне риза болғанын білдіргендей еді...
Адам жанына кең дүние тар көрінгенде, өмір атты дауыл-құйын
қақпақылдап, адамның басы «Алланың добы» болғанында осындай тәу
ететін, көңіл жұбататын, жан сергітетін жердің бары да ғажап екен ғой...
Пенделікті, күйкілікті, бейшаралықты бір сәтке болса да теңестіріп, ой
127
Тіршілік
салатын орынды жаратқан Алла Тағалаға жиналған топ, рахметін ұз-
а-а-қ айтып, Қалаужан сияқты пенделерге шын жанашырлық білдіріп
тарасты. Қара жер де: « Ей, адамдар, адамдар! Күнадан ауыр ештеңе
жоқ. Бәрін көтерсем де, сол бар ауырлықтың, бар жамандықтың ба-
стауы болатын күнәҺарлықты көтеруге ғана ауырсынамын» дегендей
күрсінді. Бірақ, оны ешкім де естімеді. Пенделерге рухани дем беріп,
көгілдір кесене көктен көз тігіп, адамдарды мәңгі бақылап тұра бер-
мек...
1997 ж.
128
Клара Қабылғазина
Достарыңызбен бөлісу: |