164
Клара Қабылғазина
на жiберген едi… Конкурсқа қатыстырады деген ойында да болмаған.
Ендi мiне, сол әңгiмесi конкурс жеңiмпазы атанып, үлкен жүлде тиетiн
болғаны жазылыпты. Қуаныштан бiр сәт жүрегi тоқтап қалғандай
болған қыз сұлқ отыра кеттi. Қорқып кеткен Пұсырман жан-дәрмен
ұмтылды:
– Ақжан тәте, не болды, не болды?…
Ештеңе емес дегендi қолымен ишаралап Ақжан өзiне-өзi келдi.
Санасының бәрiн тұрмыс билеп, жаны жүдеген ол түбi
бiр жолы болып,
бақтың айналып бұған соғатынына сенетiн. Ешқашан қандай қиындық
болса да үмiтiн үзбеген. Ендi мiне, өмiр күле қарағандай…Қолма-
қол екеуi есептей бастады: басына жап-жақсы баспана, тiптi артын-
да қалған ауылдағы бауырларын көшiрiп әкелiп, бiршама киiнуге де
жетедi екен…
– Пұсырман, бауырым, сенiң де бағың бар екен…
Менiң iнiлерiмнiң
бiрi болып, бiзбен бiрге тұрасың ендi. Ал, кеттiк, жүлденi алуға…
Қол ұстасып, балаша секiрген екеуi жетiмдер үйiнен алыстап
бара жатты. «Барында баптаған, жоғында таптаған» бейдауа өмiрдiң
кей-кейдегi жомарттығына, бақыт дегендi тым алыстап бара жатса,
тiзгiнiнен тежеп, бiр сәт адамдарға күле қаратып қоятын шеберлiгiне
риза болғандай күн де нұрын төге қалыпты….
* * *
Көп уақыт бойы, Айнашты өзi апарып
тастағаннан кейiн қалаға
жолы түспеген Тынышжан вокзалға келiп түскенде, күн де еңкейiп
қалған болатын. Қаланың шетiндегi баяғы өзi тауып берген қыздың
пәтерiне жеткенiнше қас қарайды. Бұны танып, үй иесi әйел қалбақтап,
кiшiпейiлдiлiк танытып жатыр:
– О, о … сұлу жiгiт! Көп болды ғой келмегенiңе?! Төрлет…
– Рахмет, рахмет!
– Жүз граммға қалай қарайсың? Бiзде жаңалық көп… Айнашқа
бастығы пәтер әпердi… Өзi де тамаша қыз ғой… Заслуживает, правда
же?…
Тағы бiр жаңалық айта ма деп Тынышжанның жүрек тұсы лүп ете
қалды. «Әкелiп
тастады да кеттi, қайтып келе алмады ғой.. Сайраштың
күтiмiнен шыға алмағанын кiмге айтсын… Босанып алып үндемеген
болар, өсiп те қалған шығар…» Ол жайлы кемпiр ауыз ашар емес.
Сұрайын деп бата алмады. Аузына басқа сұрақ түстi:
– Қай жақтан алды, мекен-жайын сiзге қалдырды ма?
– Әрине, мiнеки… Кейде бiржаққа қонақтап кеткенiнде қарап