166
Клара Қабылғазина
қалғаннан кейiн қадiрi кеткендей… Балалары қайтқалы мұнда алғаш
келдi. Қандай қапырықта болса да суға түсуге келмей, табиғаттың осы
бiр дүлейiне өкпесiн осылай бiлдiретiн.
Тегiнде дiнi жұмсақ, қайтымы жылдам жiгiттiң морт кететiн
сәттерi сирек болса да бар едi. Тiптi, сол бiр қасиеттерi өзiне үнемi
керi әсер етiп те жататын. Көп балалы, үлкен шаңырақтың тұңғышы
болғандықтан, қит еткен шаруаларын шешкiзiп, iнi-қарындастары да
мұның иығына бар мәселелерiн артып қойған. Табудай табатын қар-
жы-қаражаты да солардың үй-жайына жұмсалатын. Соларға жырым-
дай берген соң әйелi екеуiнiң ұрыс-керiсi де содан болатын. Дегенмен,
әйтеуiр бiр үмiт жетегiнде «Ананы жуайық», «мынаны жуайық», «ананы
атап өтейiк», «iшiп қояйық, көңiл көтерейiк»
дегеннiң бәрi көңiлдерiн
қалдырмайтын осыған келетiн. Сөйтiп жүрiп iшкiлiкке салынып
кеткендiгiн өзi мойындағысы келмейтiн, сол осалдықтың жетегiнен
шыға алмайтын. Бүгiн де сөйттi. Бағана қалада ашылған шөлмектiң
соңын сарқып, құйып iштi. Өмiрiндегi ең сәтсiз, ең сұрқия кездерi есiне
түскен сайын көзiне жас келдi. Егiлiп, екi иығы селкiлдеп, бiраз жы-
лап алған соң бойы жеңiлдедi. Бауыр етi балаларынан айырылған қара
күн, әйелiнiң жүйке ауруына ұшырағаны, Айнашпен арадағы қатынас
оның ата-анасына жетiп, қайынжұрттың терiс қарағаны,
ендi мiне, сол
жанына жақын адамынан айырылуы. Не керек, санасы саққа жүгiрiп,
ең бақытсыз, бейшара өзi болып отыр. Шындығында, есейiп, ақыл
тоқтатқандағы махаббат ыстық бола ма екен? Сонда қалай Сайраш-
ты да дәл осылай сүймеп пе едi? Әлде, бұл да алдамшы ғұмыр ма?
Жоқ, әрине, сүйген… Тұрмыс-жағдайдың нашарлығы, жас отаудың
iргесi қаланып, шаңырағы нық тұрғанша болатын өзiндiк қарама-
қайшылықтар көбейiп, оны өмiрге бiрiнен кейiн бiрi келген сәбилер
күрделендiрiп, өздерiнiң жан рахатына тән өмiр сүрiп үлгермеген
ерлi-зайыптылар үшiн жарығынан гөрi қараңғылығын көбiрек
түсiрген күндер көп едi. Оның соңындағы қайғылы оқиға бұларды
мүлде есеңгiретiп жiберген болатын. Сондай жанының да, тәннiң де
«жетiмдiк» көрiп жүргенiнде, жабырқау шағында көңiлiн көтерген қыз
құшағы,
бұла сезiм, тұмса тән рахатын, мүмкiн, махаббатпен шатасты-
рып алды ма?! Осылай ойлағысы келедi, бiрақ ауған аңсар, аңсаған
жүрек таразысы үнемi басыңқы болды да тұрды.
Қас қарайды. Кешкi жел жағалауда күшейе түсiп, түнге қарайғы
салқын денесiн мұздатып, айыға бастаған ол алыстан бiрiн-бiрi қуалай
келiп, жағаға соғылып «маңдайы тасқа тигендей» керi қайтып жатқан
толқындарға қарап, ұзақ тұрды. Қап-қара болып түнерiп, аждаҺадай
167
Тіршілік
аузын ашып, «қандай кереметiң болса да жұтып жiберемiн» дегендей
табиғаттың тiлсiз дүлейiнiң ышқынғанының жиiлегенiне қарағанда да-
уыл болмақ. Осындай бiр дауыл алып кеткен, қайықта қайтыс болған
досы есiне түстi. Оның бейнесi толқындар
арасынан көрiнгендей бол-
ды. Бұған қолын бұлғағандай… Тұла бойынан әлдебiр нәрсе жүгiрiп
өткендей өне бойын қорқыныш биледi. Өмiрдi қию, өлiмге қарсы жүру
дегеннiң оңай емес екенiн ұққандай… Масаңдығынан әп-сәтте айығып,
үйiне қарай бет алды.
Қасiрет салған жаза жазылмай, жүйке ауруына қайтадан ұшыраған
әйелiн оятпай-ақ қоймақшы болып, есiктi жайлап ашып, Айнаштың
төсегiне құлай кеттi. Бiрақ қайғыны да, қуанышты да, дауыл сезiмдi
де, күйiнiш-сүйiнiштi де екшеп, толғап бiрақ сыртқа шығаратын әйел
жүрегi бәрiн бiлiп, сезiп жатты. Өзiнiң
мәңгi мекенiне апаратын осы
ауру болатынын, ал Тынышжанның тағдырдың мазағына айналаты-
нын, iшкiлiктiң салдарынан адамдық бағыт-бағдарынан айырылып,
азып-тозатынынан екеуi де бейхабар едi. Дос жаран, таныстары: «Е…,
болмағанға болыспа» деген өзi кiнәлi бәрiне, ендi оны жөндеу қиын
дестi. Өз туыстары: «Ендi одан бiзге пайда жоқ, бiлгенiн iстесiн, iше ме,
қоя ма, бәрiбiр бiздi тыңдамайды» – дестi. Қайын жұрты: «Қыз дары-
мызға бақытсыздық әкелдi, барлық жаманшылық соның iс-әреке тiнен
келдi. Аулақ!» – дестi. Тек Айнаштың жүрегiнiң бiр түкпiрiнде сүю
дегендi сездiрткен, алғаш махаббаттың ба әлде нәпсінің бе тәттi дәмiн
татқызған адам ретiнде ол мәңгi қалып қойды.
Бiрақ, өмірдің бұралаңды, соқпақты
жолдарына шыдай алмаған-
дар дың, қиындыққа төзбегендердiң, боркемiк, езбе жандардың ағыс-
пен бiрге ағатынын, тiрiлердiң қарсы жүзулерi қажет екенiн ешкiм
айқай лап айтпайды екен…