Классикалық (феноменологиялық) термодинамикада энергияның әр түрінің өзара түрлену заңдары оқылады. Техникалық термодинамика жылу мен жұмыстың өзара түрлену заңдылықтарын қарастырады



бет24/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#123524
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
Классикалы (феноменологиялы ) термодинамикада энергияны р т р

5.7 Жылусыйымдылық


Жылу аппараттарын есептеу кезінде, процеске қатысатын жылудың мөлшерін анықтау ең маңызды кезең. Нақты және дәл анықтау, экономикалық көзқараспен қарағанда, аппараттың жұмысын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, бұл салыстырмалы сынақтар өткізу кезінде ерекше бағаланады.
Қандай да процесте, денеге жылудың берілуі оның күйінің өзгеруін тудырады және көп жағдайда температураның өзгеруімен қатар жүреді. Жылу күйінің үздіксіз аз өзгеруінен зат мөлшерінің бірлігімен алынған, dq жылудың, dt температура өзгеруіне қатынасын, берілген процестегі дененің меншікті жылу сыйымдылығы деп атайды.
Cx dqx / dt (111)
Теңдеудегі (111) q шама тек температура интервалына ғана емес, тұрақты Х параметрімен сипатталатын (V дене көлемі, P дене қысымы және т.б. болатын), жылу келтіретін процестерге де байланысты. Берілген процестен алынған, жалпы жылу мөлшері, мына теңдеумен анықталады
t2

q12,x
cx dT
t1
(112)

мұнда интеграл бастапқы күйден 1 берілген ақырғы күйге 2 дейін алынады.

Жылу мөлшері
dq12,x
процесс сипатына байланысты болғандықтан,

жүйенің жылусыйымдылығы да Cx процестің жүру жағдайына байланысты.
Бірдей жүйе, процестің сипатына байланысты, әртүрлі жылу сыйымдылықты болады, оның сандық көлемі −∞-тен + ∞-ке дейінгі шекте өзгере алады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет