Клиникалық есеп №1



бет1/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)
Регенерация отдельных тканей и органов, f620f2b4f55c310, 9 сынып химия пәнінен тоқсандық жиынтық бақылау

Клиникалық есеп №1
Клиникалық мәліметтер:сіз емханадағы акушер-гинеколог дәрігерсіз.4 ақпан күні қабылдауға 24 жастағы әйел етеккірдің 2 айға тоқтап қалғанына шағымданып келді. Жүктілік бойынша есепке тұрғысы келеді.
Ауру анамнезі: соңғы етеккірі 18 қарашада келген, желтоқсанда жүктілікке сынама оң нәтиже берген.
Өмір анамнезі: Боткин ауруы, туберкулез, соматикалық, аллергиялық және гинекологиялық аурулар болмаған, гемотрансфузия теріс.
Гинекологиялық анамнезі: етеккірі 13 жастан бері, 5 күннен 30 күн сайын келіп отырған. Соңғы етеккірі 18 қарашада. 23 жастан бері жыныстық қатынаста, тұрмыста.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бойы 160 см, салмағы 64 кг. Тері жамылғылары қалыпты, таза, ісінулер мен көктамыр кеңеюлері жоқ. Жүрек соғысы 78 рет минутына. АҚ 110/70 мм с.б.б., дене температурасы 36,3°С. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз, бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. «Ұрғылау» симптомы теріс. Зәр шығаруы қалыпты, үлкен дәретке шығуы қалыпты.
Гинекологиялық статус:
Тексеруде: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, уретра, парауретральді жолдар, бартоли бездері қалыпты.
Айнамен қарауда: қынап және жатыр мойны шырышты қабаты таза, цианотикалық, жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі нүктелі, ақ бөлінділер.
PV: қынап тар, жатыр мойны ұзындығы 3,5 см, сыртқы ернеу жабық, жатыр дұрыс орналасқан, жүктіліктің 11 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз, қосалқылары анықталмайды, күмбездер бос, ауырсынусыз.
Жауаптары:
1. Дене салмағының индексін анықтау.
ДСИ=64:(1,60х1,60)=64:2,56=25 Норма
2. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану уақытын анықтау.
Етеккір бойынша жүктілік мерзімі-11 апта
Босанудың болжамды уақыты Негель бойынша 25 тамыз.
3. Болжамды диагноз қою.
Физиологиялық Жүктілік 11 апта.
4.Жүктілікті тексеру жоспарын құру

  • I келу- (12 аптаға дейін ұсынылады)

Кеңес беру:анамнез жинау, қауіп-қатер факторын анықтау
- өткен жұқпалы ауруларды анықтау (қызамық, гепатит)
- Босануға дайындық жоспарын ұсыну
- Отбасы өкілімен маманға баруды ұсыну
- Мәселелерді талқылау және сұрақтар қою мүмкіндігі бар ақпарат беру; босануға дайындық сабақтарымен және баспа ақпараттарымен расталған ауызша ақпаратты ұсыну.
Қарап тексеру:
- бой-салмақ көрсеткіштері (дене салмағының индексін есептеу;
ДСИ = салмағы (кг) / бойы (м)2:
- төмен ДСИ - <19,8
– қалыпты-19,9-26,0
– артық-26,1-29,0
- семіздік - >29.0
- қалыптыдан өзгеше ДСИ бар пациенттер акушер-гинеколог дәрігерге консультацияға жіберіледі
- АҚ өлшеу;
- аяқтарды тексеру (варикозды тамырлар)
- айнадағы тексеру-жатыр мойны мен қынаптың жағдайын бағалау (пішіні, ұзындығы ,тыртықтың деформациясы, варикозды тамырлар);
- ішкі акушерлік тексеру;
- онкопатологияны анықтау үшін сүт бездерін жоспарлы тексеру жүргізіледі;
- Жүктіліктің 10-14 аптасындағы УДЗ: пренатальды диагностика, жүктілік мерзімін нақтылау, бірнеше жүктілікті анықтау үшін.


Лабараториялық зерттеулер:
- қанның және несептің жалпы талдауы
- 25,0-ден жоғары ДСИ кезінде қандағы қант деңгейі
- қан тобы және резус-фактор
- несепті бакпосев-ке тексеру -скрининг (жүктіліктің 16 аптасына дейін)
- тек клиникалық белгілері бар жыныстық инфекцияларға зерттеулер
- онкоцитологияға жағынды
- ВИЧ
- Вассерман реакциясы
- биохимиялық генетикалық маркерлер
- HBsAg гепатит В
Мамандардың кеңесі: - Терапевт / ВОП
- 35 жастан асқан болса, ұрықтың анамнезінде ВПРазвития, анасының анамнезінде 2 рет түсік тастау, қандас неке болса генетикке қаралу.

  • II келу-16-20 апта мерзімде

  • III келу-24-25 апта мерзімінде

  • IV келу-30-32 апта мерзімде

  • V келу-36 апта мерзімінде

  • VI келу-38-40 апта мерзімде

  • VII келу-41 апта мерзімінде





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет