Күн: 11.12.14.
Сынып: 5а,6а,7а сыныптар
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Тәуелсіздік белестері
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне
деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің
тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Түрі: сыныптан тыс іс - шара
Әдісі: әдеби-музыкалық композиция, викторина.
Құрал: интерактивтық тақта, презентация «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан –
жүрегімде» кітап көрмесі.
Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қауымдастық мойындаған, құқықтық рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесін алды.
Әнұранды орындау
Жүргізуші:Ғасыр айрығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата - баба рухы
көтерілген тәрізді. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен еткен
хандар мен батырлар есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды.
Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззат сияқты мыңдаған Отан сүйгіш
ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар ғасыр айрығында халқының
азаттығы жолында құрбан болды.
1 оқушы: 1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді. Әміршіл - әкімшіл жүйенің қабырғасы қақырайтын уақыт келіп жетті. Бұл жүйенің қабырғасын қақыратып, күлін көкке ұшырған 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғаның дүмпуі алты құрылықты аралап кетті. Бұл оқиға себеп 1986 жылы Желтоқсанның 16 күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Комитетінің 5 Пленумы болды. Пленум бар болғаны 17 минутқа созылды. Республиканы ширек басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселе осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевты орнына Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс Г. В. Колбин тағайындалды.
2 оқушы: Мұндай волюнтаризммен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді. Желтоқсанның 17 - сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Ол республиканың басқа қалаларына да тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болмады. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары жастардың талап - тілектерін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен үкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Үкімет орындарының жағдайды болжау алмауы қасіретті салдарларға соқты. Демонстранттар мен тәртіп сақшылары жағынан адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы өте зор. 17 желтоқсан жаңару, жаңғыруды тарих бетіне алып келді. Тәуелсіздікке жол ашты.
Қазақ халқының әлемдік қауымдастыққа танылуына. Әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық, жағынан еркін дамуына кедергі болған отаршылдықтың қамытын жұлып лақтырған желтоқсанның жұлдыздары еді.
3 оқушы:
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қауымдастық мойындаған, құқықтық рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесін алды. 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
1993 жылы 15қараша - төл теңгеміз дүниеге келді.
Ел ырысы – тайқазан
Төл теңгеміз қақпағы
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге — ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
1995 жылы 1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiңде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
1995 жылы 30-тамызда - Ата Заңымыз қабылданды.
Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның.
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі.
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты.
Алтын заңым қорғайды
Бар адамның теңдігін
Әділетті қолдайды
Арқа тұтып, ел бүгін.
1997 жылы 10 желтоқсан – Ақмола қаласы Қазақстан республикасының астанасы боп
тағайындалды. 1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау
Астана болып өзгертілді. Астана — Қазақстан
Республикасының елордасы. Астанада 828 759 адам
тұрады (1 мамыр 2014). Қазір қаланың аумағы 200 км2
алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің
солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің
алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
2011 жылы – 7-ші қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтті.
Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін Халықаралық көрмелер бюросымен 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.
2014 жылы 16 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстанға 23 жыл.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған “Тәуелсіздік белестері” атты өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Викторина сұрақтары
Қандай қаланың аты саннан, дене мүшесінен және тамақтың атынан тұрады? (Екібастұз)
Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды. (Бурабай курорты)
Астананың көне аты қалай аталған? (Қара өткел)
«Беташар» сөзі нені білдіреді? (Келінің бетін ашу)
«Сүйінші» сөзі нені білдіреді? (жағымды жаңалыққа)
Ол түрік отбасында дүниеге келген. Көп тілді меңгерген, Шығыс елдерін көп аралаған, 870 жылы Отырар қаласында дүниеге келген. 100-ден аса ғылыми кітап жазған кім? (Әл – Фараби)
Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?
(қараша,1993ж.)
Мұсылмандардың күніне бес рет оқитын не? (намаз)
Көктем мерекесінде болатын жаңа жылдың қазақша айы қалай
аталады?(наурыз)
Қазақтың педагог –ағартушы, алғашқы рет Қазақстанда
қыздарға арнап училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
Композитор, «Бұлбұл» күйінің авторы кім? (Дәулеткерей)
Қазақ халқының ұлттық аспабы не? (домбыра)
Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ)
Қазақша жаңа жылды қашан тойлайды? (наурыз)
Қазақтың ұлттық , ат жарысын қалай атайды? (бәйге)
«Абай жолы» роман –эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев)
«Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)
Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
«Сәукеле» деген не? (ұлттық бас киім)
Қазақтардың бұрынғы баспанасы (киіз үй)
Ханнан кейін екінші орынды басатын кім? (би)
Мұсылмандардың қасиетті кітабын қалай атайды? (құран)
«Беташарды» қай уақытта айтады? (келін түскенде)
Бие сүті не? (қымыз)
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік күні қашан? (16
желтоқсан)
Еліміздің рәміздерін ата. (елтаңба, ту, әнұран)
Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)
Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ)
Абайдың туған жері. (Шыңғыс тауының етегінде)
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
«№ 10 орта мектебі» ММ
Сыныптан тыс іс-шара
«Тәуелсіздік белестері»
Орындаушы: Хасеинова Б.Ж.
Көкшетау - 2014
Достарыңызбен бөлісу: |