Күні: 08. 09. 2015. Тақырыбы : Ата Заңға 20 жыл



Дата04.08.2017
өлшемі55,92 Kb.
түріСабақ
Күні: 08.09.2015.

Тақырыбы : Ата Заңға 20 жыл.

Мақсаты: Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

1. Оқушылар мемлекет азаматы, «азамат» ұғымының заңнамалық анықтамасын, адамның мемлекетке қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар, мемлекеттің адамға қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі туралы мағлұматтарын толықтырады.

2. Топпен жұмыс істей алу, өз ойын жеткізе алу, кестемен жұмыс, салыстыру сияқты дағдылардың дамуына жағдай жасалады.

3. Өз елінің заңнамасына және өзгенің пікіріне құрметпен қарауға үйрену жүреді.



Материалдар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, интерактивті тақта, топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар (ой-тұжырым жасау, кесте, ситуация шешу).

Әдіс-тәсілдер: «миға шабуыл», пікірталас, эвристикалық сауал, топпен жұмыс

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру:

  1. Мұғалім әңгімесінің жоспары:

  • ҚР Конституциясы (қабылданған уақыты, бөлімдері)

  • мемлекет құрылымы,

  • Президенттің құқықтары мен міндеттері,

  • бүкіл қоғамның барлық азаматтарының құқықтары мен міндеттері белгіленуі

(тақтаға схема сызу арқылы түсіндіру)

  1. а)Кіріспе әңгіме.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі 8-11 сыныптарында өткелі отырған «Ата Заңға 20 жыл » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды бірлесе отырып өткізбекшіміз.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Конститутциясына 20 жыл толғалып отыр.


Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.

Бір-бірімізді тыңдаймыз.


Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
Уақытты үнемді пайдаланамыз.
Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.

б)«миға шабуыл» әдісі: ҚР Конституциясы , оның қабылданаған уақыты, бөлімдері ұғымдарының мағынасын анықтау, тақтадағы берілген сұрақтарға жауап беру.




5

10

15

20

5

10

15

20

5

10

15

20

5-Конститутция күні.

5-Конститутция сөзінің мағынасы.

5-Тұңғыш конститутциямыз қабылданды.


10-Конститутция неше баптан тұрады

10-Республика дегеніміз не?

10-Ата-бабамыздан қалған заң жинақтары.
15-Декларация дегеніміз не?

15-Конститутция неше тармақтан тұрады.

15-Конститутция бойынша Қазақстан қандай мемлекет?
20-Еліміз Ата Заңы қай мемлкет Конститутциясына негізделген.

20-Конститутция бойынша еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы,



20-ҚР құқық қорғау органы.


  1. Эвристикалық сауал қою.

  2. «Миға шабуыл» 2:«Мемлекет азаматы» деген сөз қандай мағына береді? Пікірталас .

(ауызша жауаптар тыңдалады)

  1. «Азамат» ұғымының заңнамалық анықтамасын беру.

  2. Топпен жұмыс № 1 (кесте толтыру)

Адамның мемлекетке қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар?

Мемлекеттің адамға қатысты қандай құқықтары мен міндеттері бар?


Азамат

Мемлекет

Мемлекетке қатысты құқықтары

міндеттері

Азаматқа қатысты құқықтары

міндеттері















  1. Сауал: ҚР-ның азаматығының конституциялық негізі қандай? Пікірталас.

  2. Топпен жұмыс №2 Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда ҚР азаматтылығын беруден бас тартылады? (ой-тұжырым жасау)

  1. Адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса,

  2. ҚР егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса,

  3. ..........................................................................................................................................,

  4. ..........................................................................................................................................,

  5. ..........................................................................................................................................,

  6. ...........................................................................................................................................,

  7. ...........................................................................................................................................,

  8. Басқа елдің азаматы болып табылса

азаматтық берілмейді және осы негіздерде ҚР-ның азаматтылығы тоқтатылады.

  1. Топпен жұмыс №3 (ситуацияларды шешу)

1 жағдай: Малика Түркия азаматына тұрмысқа шықпақшы. Ал оның ата-анасы оған қарсы. Себебі, олардың ойынша Малика ҚР азаматтылығынан айрылып қалады және оның өз жанұясымен араласуы қиындауы мүмкін деп қобалжуда. Осы пікірмен келісесіңдер ме?

2 жағдай:

Сергей мен Мария ҚР азаматтары, бірақ олар контракт бойынша АҚШ-қа жұмыс сапарымен аттанады. Олардың ұлы уақытынан бұрын Нью-Йорк аэропортында дүниеге келген. Марияның ойынша, олардың ұлының азаматтылығы танылуында қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл пікір дұрыс па?

3 жағдай:

Бір бай егде жасқа келген адам Аргентинадағы ҚР-ның елшілігіне келіп, азаматтық алу туралы өтініш береді. Тексере келе келесі жағдай анықталады: ол ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде ол Франция тұрғындарына қатысты қылмыстары үшін халықаралық сотпен өмір бойға сотталған нацистік қылмыскер екендігі анықталған. Оған азаматтылық беріледі ме?

4 жағдай:

Арницис деген жанұя Латвиядағы ҚР-ның елшілігіне келіп азаматтылық алу туралы өтініш білдіреді. Алайда олар ешқашан Қазақстан жерінде тұрмаған, бірақ отағасының үлкен апайы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға департацияланған екен. Ол көп жылдардан бері Қазақстан жерінде тұрады екен. Жақында олар бірі бірін тауып алған екен. Арницис жанұясына азаматтылық беріледі ме?

5 жағдай:

Израилдік бизнесмен Израил азаматтығымен қатар Қазақстан азаматтығын беріді сұраған. Ол іс сапарлармен Қазақстанға жиі келіп, ұзақ мезгіл осында жұмыс істейді. Алайда ол бизнесіне кедергі келтірмес үшін израилдік азаматтылығынан бас тартқысы келмейді. Оған азаматтылық беріледі ме?

ІІІ. Пысықтау.

ІҮ. Бағалау. Сабақ соңында балаларды жинаған баллдарын есептеп, марапаттау.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңына 20 жыл толып отыр. Еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын,- дей отырып, бүгінгі «Ата Заңға 20 жыл » атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0e20
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e20 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу. Дамытушылығы
0e20 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім (презентациясымен) Сабақтың мақсаты
0e20 -> Ағаш ексең терлеп, Мұның аты еңбек. Кесте тіксең зерлеп
0e20 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік
0e20 -> Математикалық тапқыр достар атты сайыс сабағының жоспары


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет