Күні: 16. 11. 2015 жыл Пәні: Биология Сыныбы



Дата24.04.2017
өлшемі157,84 Kb.
#15044
түріСабақ
Күні: 16.11.2015 жыл

Пәні:Биология

Сыныбы: 8(сегізінші)

Тақырыбы:Есту мүшесі және есту анализаторы. Құлақтың құрылысы

Мақсаты:

Білімділік: Адам өміріндегі есту қабілетінің маңызы, есту анализаторының қызметі,есту гигиенасы туралы түсінік беріп, білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Гигиена ережелерін сақтап жүруге үйрету. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: топқа бөлу(мозайкалық әдіс); сұрақ-жауап; ЖИГСО әдісі; Топтастыру әдісі; Үш шапалақ әдісі; Топтық, жеке жұмыстар; Инсерт әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, сызбанұсқалар, құлақтың нақпішіні, интербелсенді тақтадағы тапсырмалар, нақыл сөздер,суреттер

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  • Есту анализаторының бөліктері, есту орталықтары туралы білімдер дамиды; 

  • Есту гигиенасы, есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу шаралары туралы түсініктері қалыптасады; 

Сабақта туындаған негізгі идеялар

  • Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруге толық мүмкіндік алады.

  • Оқушылардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі.

4-слайд. Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

II. Үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

III. Көзге арналған жаттығу(2 мин)

IV. Үй тапсырмасын қорытындылау(2 мин)

V. Жаңа сабақ(16 мин)

1. Қызығушылықты ояту бөлімі(2 мин)

2. Мағынаны тану бөлімі(14 мин)

VI. Сергіту сәті(2 мин)

VII. Жаңа сабақты бекіту(5 мин)

1.Ой толғаныс

VIII. Қорытынды. Рефлексия(2 мин)

IX. Бағалау(2 мин)

X. Үйге тапсырма(1 мин)



Сабақтың барысы:

5-слайд. I.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,сабақта жақсы көңіл-күй қалыптастыру.

Көңілді жұмбақ

Қос шауып келі бар, Тоқсан жол торабы бар,

Екі алып келі бар, Шешеді бұл жұмбақты

Қос жол көргіші бар, Талпынған талабы бар

Екі үн сезгіші бар, Бұл кім? ............

Жалғыз мол асары бар,

Кеуде қағары бар

Ауа соғары бар,

Қорек қорабы бар

Тағы,тағы.....

6-слайд. Жауабы:Адам

7-слайд. Оқушыларды топқа бөлу (Мозайкалық әдіс арқылы)

-Оқушылар бұл қағаздағы суреттерді қалай ажыраттық?

-Көзбен көру арқылы.

8-слайд. II.Үй тапсырмасын тексеру. Интербелсенді тақтада тапсырмалар беріледі. Әр топтың оқушылары жеке-жеке жауап береді.

9-слайд. Сұрақ-жауап.3- ұпай



  • Көрудің маңызы қандай?

  • Көздің қосымша мүшелерін ата?

  • Көз алмасының қабықтарын ата?

  • Ақ қабық,тамырлы,торлы қабықтардың қызметтері қандай?

  • Көзді зақымданудан сақтау,көз аурулары.

10-слайд .Сәйкестігін анықтау тесті.5-ұпай
1.Қарашықтың артқы бөлігінде А.Су

екі жағы дөңес линза тәрізді В.Құтыша

денешік- С.Таяқшалар

2.Көзбұршақ қисықтығының Д.Көзбұршақ

ұлғаюы- Е.Аккомодация

3.Шыны тәрізді денеде болады-

4.Жарық пен түсті қабылдайтын рецептор-

5.Қараңғыда жарықты қабылдайтын рецептор-

11-слайд. Тесттің жауабы:

1-Д


2-Е

3-А


4-В

5-С
13-слайд. III.Көзге арналған жаттығу.

Отырып жасалады.

Көзді 3-5 секундқа қатта жұмып,содан кейін 3-5 секундқа ашады.6-8 рет қайталайды.Қабақ бұлшықеттері шынығып, қанайналым жақсарады

14-слайд. IV.Үй тапсырмасын қорытындылау

Әйгілі Елена Келлер қалыпты көретін адамға мынадай кеңес берген: “Көздеріңді пайдаланыңдар!Әрбір күнді ертең соқыр болып қалатындай өткізіп,өмір сүріңдер. Сонда сендер ешқашан көрмеген ғажайып әлемді көре бастайсыңдар”.


15-слайд. V.Жаңа сабақ. Есту мүшесі және есту анализаторы. Құлақтың құрылысы.
16-слайд. 1.Қызығушылықты ояту. Оқушыларға бейнетаспадан есту мүшесінің құрылысы, қызметі туралы көрсетілді.
17-слайд. 2.Мағынаны тану.

Жигсо әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырыпты  оқып шығып,  жұбымен   пікір алмасып, топта талқылайды.

1-топ.Есту анализаторларының маңызы

2-топ. Есту мүшесі: құлақтың құрылысы мен қызметі:

Сызбанұсқа,нақпішін бойынша түсіндірді

3-топ.Есту гигиенасы.
18- слайд. «Топтастыру» стратегиясы.

(Топтық жұмыс кезінде оқушылар «Есту мүшесі және есту анализаторлары. Құлақтың құрылысы» тақырыбында постер жасап қорғайды)



Ұсынылатын критерийлер:1) тақырыптың нақтылығы

2) тақырыпты жеткізу шеберлігі


19- слайд. VI.Сергіту сәті. Оқушылар видео роликтағы адам қаңқалары қимыл қозғалысын қайталау арқылы билейді. Нәтижесінде: жағымды көңіл-күй қалыптасты

20-слайд. VII. Жаңа сабақты бекіту.



Ой толғаныс.Сурет бойынша құлақтың құрылысын дұрыс табу

Интербелсенді тақтада суреттер көрсетілді. Оқушылар бірінші орындарында отырып топпен бірге ойланып жауаптарын табады. Жауабын тапқан соң тақтаға келіп түсіндіреді.



21-слайд. Бекіту жауабы:

  • 1-есту жолы

  • 2-құлақ қалқаны

  • 3-бұлшықет

  • 4-иірім өзектері

  • 5-есту иірімі

  • 6-үзеңгі

  • 7-төстік

  • 8-балғашық

  • 9-Евстахий түтігі

  • 10-дабыл жарғағы

22-слайд. VIII.Қорытынды: Құлақтың суреті бойынша көрсетілді



23-слайд. Кері байланыс:рефлексия

Инсерт әдісі бойынша түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтырады.

Білемін

Меңгердім

Нені түсінбедім

Таңқалдырды













24-слайд. IX.Бағалау:

11-15 ұпай- “5”

9-10 ұпай- “4”

7-8 ұпай- “3”

6-төмен- “2”



Аты-жөні

Cұрақ-жауап 3ұпай

Сәйкестігін анықтау тесті.

3ұпай


ЖИГСО әдісі

Ойлан-жұптас-талқыла

2 ұпай


Топтастыру әдісі

Постер қорғау

5 ұпай


Бекіту тапсырмасы

Суретпен жұмыс



2 ұпай

қорытынды































































































































25-слайд. X.Үйге тапсырма. Есту мүшесі және есту анализаторы. Құлақтың құрылысы оқу. Синквейн әдісі бойынша «құлақ» сөзіне бес жолды өлең құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет