Мотивациялық –қозғаушылық
|
Сәлеметсіздерме, балалар!
Бізде қазір қай мезгіл?
Жарайсыңдар!
Бүгін бізде қонақ бар. Кім екенін білгілерің келе ме?
Бұл жеміс-жидектер мен көкөністер. Олар сендермен достасуға келіпті.
Достасамыз ба?
|
Сәлеметсізбе.
Күз мезгілі.
Иә, білгіміз келеді.
Иә.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Жемістер, қане өздерің туралы айтып беріңдерші?
Жеміс:
Біз көктемде гүлдеп, күзге қарай өз жемісімізді береміз. Адамдарға өз пайдамызды тигіземіз. Бізге олар қорек, су береді. Ал біз өз жемісімізді тарту етеміз.
Алма:
Біздің аға-інілеріміз бар. Олар жүзім, алма, мандарин, лимон, өрік, шие.
Тәрбиеші:
Қане, балалар, енді өлең жаттайық.
Өрік, шие бәрі бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Негі аласың демейді.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт деген күз де бар.
Жарайсыңдар, балалар.Шаршаған шығарсыңдар.Енді бір сергіп алайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Сөздік жұмыс.
Жеміс-жидек:
Алма, шие, құлпынай, жүзім.
Көкөністер:
Картоп, қызылша, қияр, пияз.
Билингвальді компонент.
Алма – яблока, жүзім- виноград, шие -вишня, алмұрт – груша.
Балалар енді қонақтарымызға жылы лебіз айтып, қоштасайық. Рақметімізді білдірейік.
Сау болыңдар.
|
Олар кімдер?
Тәрбиешімен қайталайды.
|