Күні
|
26 қараша
|
Сыныбы
|
5 а
|
Тақырыбы
|
Сырым мен Малайсары
|
Мақсаты
|
Қазақ халқындағы шешендік өнердің бағалануы мен сөзге тоқтаған шешендер мен билердің ішіндегі Сырым мен Малайсарының тұспалдап айтқан тапқыр сөздерін үлгілеуге, шешен де тапқырлықпен сөйлеуге үйрену.
|
Күтілетін нәтиже
|
Шешендік әңгіменің мазмұнын, Сырым мен Малайсарының әңгімесінен екеуінің де шешен, ділмар екенін түсінеді.
Әңгімеден тапқырлықпен айтылған тұспал сөздерді, шешендердің бір-бірімен ишаралы сөздермен түсінетін тұстарын атап көрсетеді.
Сырым мен Малайсарының сөзге тоқтаған, сөз құдіретін құрметтеген асылдардың сынығы екенін дәлелдейді.
|
Әдіс-тәсілдер
|
«Стикердегі диалог», «3 қадамды сұрақ», «Қытайша ет тағамы», «жұптық әңгіме» әдістері, кеңейтілген тапсырмалар.
|
Негізгі дереккөздер
|
Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, bag.kz сайты.
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әркеті
|
Кіріспе
|
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Топқа бөліну.
|
Стикер жапсырылған оқушылар келесі топтарға барып оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.Оқушылар өзара диалог құрады.
|
Тұсаукесер
|
3 қадамды сұхбат
Шешендік сөздер дегеніміз не?
Шешен болу үшін қандай қасиеттерді үлгілеуіміз керек?
Шешендік қасиет туа бітті дарын ба әлде жүре жетілетін өнер ме?
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Ашық сұрақтарға өз ойларын айтады. Кішігірім пікірталас ұйымдастырады.
|
Негізгі бөлім.
|
Сырым мен Малайсары
1-топ:
Басы... -
Уа, тоқта түге! Тапа тал түсте шабатындай, ауылымның үстін шаңдатып келе жатқан бұл кімдер? Елмісіңдер? Жаумысыңдар?..(83 бет)
2-топ. Сонда Сырым… (83 бет) – Малайсары қарттың босағасына байлапты. (84 бет)
3-топ. Малайсары қария Сырымға разы болып, қой сойып, қонақ қыпты... – Аяғы.
Сөзік жұмысы.
Ат жалын тартып – жігіт болған кезі
Қыдыр – діни ұғым, жақсылық әкелуші
Ақылгөй қарт – ақылшы, ақыл беретін қария
Байұлы, Әлім – Кіші жүздегі ру аты
Дүрдараз – ұрыс-керіс, араз
|
Жаңа материалды маршруттық карта арқылы жұптасып оқиды. Топтан 1 оқушына сайлап орнына қалдырады. Қалған оқушылар басқа топтарға барып мәлімет жинайды. Әр топты оқып аяқтағаннан кейін орындарына оралып, жинаған мәліметтерін топта қалған оқушыға түсіндіреді.
Бағдаршам түстері арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Оқушылар жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.
|
Қорытынды
|
топ. Сәйкестендіру тесті
2-топ Әңгімеден жалқы есімдерді тауып жазып, мәнін
тарқатып айту.
3-топ. Әңгімеден қанатты сөздер мен мақалдар-мәтелдерді тауып айту.
|
1-топ 1.Сырым ат жалын тартып мінген кезде сәлем беруге келеді.
2. Шешең ... қайратты адам еді.
3. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар?
4. Әлімнің еліндегі би.
5. “Ел десең – елміз, жау десең жаумыз” Кімнің сөзі?
6. “Жасың жетпіске жетпесін” Кімнің сөзі?
А) Қаражан
Ә) Кісі болмас баланың кісіменен несі бар?
Б) Ақсуат
В) Сырым
Г) Малайсары
Ғ) Малайсары
2-топ. Әңгімеден жалқы есімдерді тауып жазып, мәнін
тарқатып айту.
3-топ. Әңгімеден қанатты сөздер мен мақалдар-мәтелдерді тауып айту.
Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар сабақты бармақ арқылы бағалайды. Бағалау туралы пікірлерін айтады.
|
Үй жұмысы
|
Сырымның әңгімелері.
|
|