Күні Өткізілген жұмыс барысы Баға


Күні Өткізілген жұмыс барысы



бет4/6
Дата20.06.2022
өлшемі344,87 Kb.
#146889
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
кунделик

Күні

Өткізілген жұмыс барысы

Баға

Қолы

15.04.2021

Мен бүгінгі Мемлекеттік тәжірибелік жұмысымды ішкі аурулар пәні бойынша Терапиялық емхана бөлімше-сінде,28-ші,дәрігерге дейінгі кабинетте жалғастырдым.
Менің жұмыс барысымда Ермұратов А есімді пациенттің бой салмағын өлшедім. Алдымен пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндірдім, келісімін алдым. Алдымен салам өлшеуіштің үстіне пленка төсеп,шкаласы дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткіздім. Содан пациентке аяқ киімін шешіп салмақ өлшеуіштің үстіге тұруын өтіндім. Салмағының қанша болғаның қарап,жазыпталдым. Содан кейін өлшеуіштің үстіне пленка төсеп пациентке бой өлшеуішке тұруын өтіндім. Бой өлшегішке тік,басы мен арқасын тигізіп тұруын өтіндім. Шкаланы төмен түсіріп пациенттің бой өлшемін анықтадым. Пациентке нәтижелерін айтып,қортындыны амбулаториялық параққа толтырдым.

Салмағы-76,40 бойы-173. Бой және салмақ өлшеуішке төсеген пленканы алып дезертіндіге салдым.
Кейін осы науқастың ұандағы қант мөлшерін глюкометрдің көмегімен анықтадым. Ең алдымен тексеруге құралдарды дайындап (глюкометр,иучкаскарификатор, тест-жолақтары, 70%спирт, мақта шариктері )
Қолымды гигеналық деңгейде өңдеп,қолғап кидім.
Тест-жолсғын глюктметрге қостым.
Саусақ ұшын спиртті мақтамен өңдедім.
Саусақ ұшын(4-ші саусақ) ручка-скарификатормен тестім. Алғашқы шыққан қанды мақта шаригімен сүртіп тастадым. Пациенттің саусағын қысып қан шығардым және оған глюкометрдің тест жолағын батырдым.
Анализ нәтижесін күтім (15 секундта экранда көрсетілді). Науқастың қолына мақта шаригімен жауып қан тоқтағанша ұстауын өтіндім.

Нәтижені пациентке хабарлап амбулаториялық параққа тіркедім. Қандағы қант мөлшері 5 ті көрсетті.Пайдаланылған заттарды ,қолғапты КБУға тастадым,қолымды гигеналық деңгейде өңдеп кептірдім. Бүгінгі жұмыс күнімді аяқтадым.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет