Күні: Сыныбы: Технология


Талшықтардың ерекшеліктер мен қасиеттері



бет10/18
Дата06.02.2022
өлшемі53,99 Kb.
#79151
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Тігу- сабағы.

Талшықтардың ерекшеліктер мен қасиеттері.
Жасанды талшықтарға вискозды, ацетатты, үш ацетатты, полинозды және ақуызды талшықтар жатады. Вискозды талшықтардың ең арзан, әрі кең тараған түрлері алғаш 1892 жылы алынды. Вискозды талшықтар үшін шикізат – шырша, қарағай, арша сияқты ағаштардан алынған табиғи целлюлоза б. т. целлюлозаны химиялық өңдеу нәтижесінде жіп иіру ерітіндісі – вискозаны алады. Одан сулы түрде талшық қалыптастырады. Қарапайым вискозалық талшықтар түске тұрақты, жұмсақ, созылу және гигроскопиялық қасиеттерге бай. Алайда ылғалдықпен қамтамасыз еткенде талшықтар қатты бұртыйып, өз беріктігін жоғалтады (50% дейін). Сондықтан да вискозды талшықтардың құрамының қасиеттерін жақсартуға жұмыс істеуге өте қажет: оның беріктігін, гигроскопиялығын, түске тұрақтылығын, қажауға қарсы тұрақтылық, суға салғанда беріктіктің жоғалуына азайту сияқты маңызды қасиеттерін атап кетуге болады. Митилон атты вискозды талшық микроорганизмдердің әсеріне, түске қарсы, тозуға қарсы жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қолмен ұстағанда және сырт түрін көргенде митилон атты вискозды талшығы жүн талшығына ұқсас. Сондықтан да аталған талшықтарды кілем тоқуда жүн жіптерінің орнына пайдаланады. Химиялық үдерістің негізінде түрлі спецификалық қасиеттері бар вискозалық талшықтар алуға болады: өртке тұрақты, бактерицидті, қышқылға қарсы тұрақты, май мен суға тұрақты және т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет