«Анашым қартаймашы» орындайтын 4 а сынып оқушылары
8. Оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.
8. Оқушы:
Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
8. Оқушы: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
Жүргізуш 5-кезең Ауыз тию -деп аталады ортада жайылған дастарқаннан яғни біздің сүйікта ата-аналарымыздың қолынан дәм татып бағасын беріңіздер.
Жүргізуші: Әділ қазы алқасы,
Әділден берсін бағасын.
Жеңіске жеткен қыздардың
Өркендей берсін талабы,- деп отырып әділ қазылар алқасына сөз берейік.
Номинациялар:
1.Биязы ана
2. Мейірімді ана
3. Парасатты ана
Жүргізуші: Ана-адамзат ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.
12. оқушы: Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен
Жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз
13 оқушы: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
Аманғали Сыпабеков «Мама» әнін хормен айту арқылы қорыту
Сіздерді Халықаралық
әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін
Ана шырақ
Ана шырақ, ұрпағымен жағылған,
Өз анасын бар періште сағынған.
Құдіретін сезінгендер бас иіп,
Ана деген үш әріпке бағынған.
Аман болса, ана деген ардағым,
Күндей болып нұрланады жан-жағым.
Қуанышпен бар қайғысын өмірдің,
Ана ғана көтереді салмағын.
Ана деген жылағанды жұбатқан,
Ана мөлдір жаралғандай бұлақтан.
Қорған болса, аймаласа перзентін,
Тәңірінен амандығын сұратқан.
Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген,
Ана ған өткізеді өткелден.
Жадыратса жаздай етіп жаныңды,
Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.
Анаң болса жүзіп өтер кемең бар.
Анаң болса, қартаймайсың деген бар.
Тірі кезде қадірлесең анаңды,
Шын өкініш жауламайды санаңды.
Ұзақ өмір жасай берсін аналар!
Аналарын қадірлесін балалар!
Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,
Аман болсын ақ жаулықты аналар.
Маңгі жарық күн сыйлаған маған,
Бір адам бар ол өзіңсің ана.
Мейірімге бір өзіңнен ғана,
Жылуды да жүрегіңнен алам,
Ардақты ана, аяулы мама
Қ-сы
Суық күнде тоңбады ма деп,
Әлде жолы болмады ма деп,
Жалғыссырап қалмады ма деп,
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім,
Сенің арқаң шалқып жүргенім,
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Қ-сы
2.Сен қуансаң мен бірге қуанам,
Саған ғага сенемін, жұбанам
Аспандағы ай-күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың мама
Ардақты анам, аяулы мама
Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй – тәй қуантып
Тұсауымды кестірген
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын
Анашым саған қарызым
Бас иемін даңқына
Білемін өтеу парызым
Кір келтірмей атына
Қайырмасы:
Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын