«ь» «ъ» белгілері және әріптерімен таныстыру.
Олардың орыс тілінен енген белгілер екенін айтып өту.
ь – жіңішкелік белгісі,ъ- айыру белгісі деп аталатындығы,ешқандай дыбыстың таңбасы емес екендігі,олар сөздің ортасында және соңында кездесетіндігі жайлы түсінік беру.
ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылатындығын түсіндіру.
Осы белгілерді бір-бірінен айыра білуге үйрету.
Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «ь» дыбысына байланысты тақпақ жаттау. (лагерь)
Тапсырма: «Орнын тап»
(ь ъ дыбысына)
Дәптермен жұмыс: «ь» «ъ» әріптерін бастырып жазу.
Карточкамен жұмыс:
ЛАГЕРЬ ПОДЪЕЗД ОБЪЕКТИВ ЦИРКУЛЬ сөздерінен ь ъ әріптерін тауып қорша.
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Тапсырма: «коньки» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.
«Ц» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Берілген дыбысты дұрыс қабылдап есту қабілетін жетілдіру.
Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау.
«Ц» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Ц-дыбысы бар сөздерді ойлап табуға,дыбыс сөздің қай жерінде орналасқаның табуға үйрету.
Жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Дыбысты анық және таза айтуға даңдыландыру.
Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «Ц» дыбысына байланысты тақпақ жаттау.
Тапсырма: «Орнын тап»
(ц дыбысына)
Дәптермен жұмыс: «Ц» әрпін бастырып жазу.
Тапсырма: «Суреттің атын ата» (Цемент, цирк, циркуль, цистерна)
Балалар барлық сөзде қандай дыбыс естіліп тұр? (Ц дыбысы)
Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.