Күні Тақырыбы



бет14/17
Дата06.06.2023
өлшемі28,94 Kb.
#178336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
вариатив әріптер ересек

28

Наурыз
4 апта



Ч дыбысы мен әрпі

«Ч» дыбысы мен әрпін таныстыру.
«Ч» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Буын туралы түсінігін кеңейту, буындарды қайталатқызу.
Қол жаттықтыру, дәптеріне «Ч» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Жай сөздерді айтқызу арқылы «Ч» дыбысын бекіту.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйретуді жалғастыру.

Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «Ч» дыбысына байланысты тақпақ жаттау.
Чемпион аға оралды.
Чемоданы қолында.
Атағы шықты алысқа,
Күрес спорты жолында.
Тапсырма: «Ч» дыбысынан басталатын сөздерді ата.
(Чемпион, чек, чемодан, чупачупс)
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Тілдік жаттығу:
Біз чемпион боламыз,
1,2,3 1,2,3 1,2,3
Торғайдай біз боламыз
Чирк-чирк-чирк (3-4 рет қайталатқызу)
Ойын: «Чемпион»
Тапсырма: «Орнын тап» (Ч дыбысына)
Дәптермен жұмыс: «Ч» әрпін бастырып жазу.
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»

Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.



1

  1. 29

Сәуір
1 апта



Щ
дыбысы мен әрпі

«Щ» дыбысы мен әрпін таныстыру.
«Щ» дыбыстарының артикуляциясын нақтылау. Берілген дыбысқа сөз құрауға үйрету.
Сөздерді буындарға бөле алуды бекіту.
Қол жаттықтыру дәптеріне «Щ» әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
«Щ» дыбысының айтылу ерекшелігін байқауға үйрету.
«Щ» дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездесетінің айту.
(Мысалы: щётка, борщ т.б.)

Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «Щ» дыбысына байланысты тақпақ жаттатқызу.
Тапсырма: «Ой қозғау стратегиясы»
– Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық?
Тіс жуу үшін не қажет?
Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз?
(Оқушыларға атату).
«Щетка» сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Ойын: « Жоғалған әріп» сөздерді табады.
(щетка,тұщы,ащы)
Тапсырма: «Орнын тап» (Щ дыбысына)
Дәптермен жұмыс: «Щ» әрпін бастырып жазу.
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»

Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет