«М» дыбысы және баспа әрпімен таныстыру,айтылу артикуляциясын меңгерту.
«М» дыбысы бар сөздермен таныстыру, «М» дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету.
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.
1
17
Қаңтар 1 апта
Н Ң
дыбыстары мен әріптері
«Н» «Ң» дыбыстары мен әріптермен таныстыру.
Балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, таныстырылған дауыссыз дыбысты көк текшелермен, дауысты дыбысты қызыл текшелермен белгілеуді үйрету. Қол жаттықтыру, дәптеріне «Н» «Ң» әріптерінің баспа түрін жазуды үйрету.
Кеспе әріптерден сөз құратып жаздыру.
Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.
Тапсырма: «Дыбысты ата»
Тапсырма: «Н» дыбысына байланысты тақпақ жаттау.
Тапсырма: «Жұмбақты шеш,жауабын жаз»
Тапсырма: «Орнын тап» (Н,Ң дыбыстарының)
Дәптермен жұмыс: «Н» «Ң» әріптерін бастырып жазу.
Д/ ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Фонетикалық жаттығулар:
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқызып қайталатқызу. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың.
Суреттер, дәптерлер, қарындаштар, үлестірмелі әріптер,әріптерге байланысты суреттер.