Күнтізбелік-тақырыптық жоспар -сынып (Барлығы 68 сағ, аптасына сағ)



бет16/47
Дата30.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#106823
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
9 сынып тест

8 класс

Бақылау жұмысы №4

Тақырыбы: Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары

Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда

қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.



I нұсқа

  1. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса, онда массасы

4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

2. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм² никелин жасалған электр

қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4А. Сымның

ұзындығы қандай?

3.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды.

Қүралдың кедергісі қандай?

4. Көтергіш кран 6т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті

көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі

380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?

II нұсқа

1.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың

пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

2. 6,8 В кернеу кезінде ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы

0,5 мм² мыс сымынан өтетін ток күшін есептеңдер?

3. Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс

істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін

анықтаңдар.

4. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы

20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?



Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда бөлінетін жылу мөлшері формулаларын электр тогының жұмысы, қуаты формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын білуі, кестеден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану жылуы, өткізгіштің меншікт кедергілерін тауып, есеп шығаруда қолдана алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет