Күнтізбелік-тақырыптық жоспар -сынып (Барлығы 68 сағ, аптасына сағ)



бет27/47
Дата30.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#106823
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
9 сынып тест

I-тоқсандық бақылау жұмысы

Физика және астрономия 7-сынып

Тақырыптар: Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физикалық шама.

Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы. Диффузия. Заттың

күйлері. Механикалық қозғалыс

Мақсаты: Оқушылардың молекула және олардың қозғалысы, заттың үш күйде

болуы және механикалық қозғалыстар туралы білімдерін тексеру.



Б.Б.Д: Механикалық қозғалыс, жол және орын ауыстыру, жылдамдық сияқты

Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсінуі. Бірқалыпты

және бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен

жылдамдығын есептеуге арналған формулаларды қолдана білуі тиіс.



I- нұсқа

  1. 1. «Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден келген?

2. Физикалық денелерді атап шық.

3. Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

4. Диффузия сөзін қалай түсінесің?

5. Заттың үш күйін атап шық.



  1. Ұзындықтың негізгі бірлігі қалай аталады? Ол бірлікке еселік және үлес болатын бірліктерді атап шық.

  2. Автомобиль 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?

II-нұсқа

  1. 1. Физика нені зерттейді?

2. Физикалық шамалар дегеніміз не?

3. Атомдар қандай бөлшектер?

4. Температура дегеніміз не?

5. Қатты дененің молекулалары қалай орналасқан?



  1. Өлшеуіш аспаптың бөліктерінің құнын қалай анықтау керек?

  2. Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет