Күнтізбелік-тақырыптық жоспар -сынып (Барлығы 68 сағ, аптасына сағ)



бет44/47
Дата30.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#106823
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
9 сынып тест

Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.

I- жарты жылдық бақылау жұмысы

Физика. 10-сынып

Тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Ньютон заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс күші.

Жердің жасанды серіктері. Серпімділік және үйкеліс күштері. Сақталу

заңдары.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

Б.Б.Д: Оқушылар формулаларды білуі тиіс; негізгі формуланы түрлендіре алуы тиіс;

Тұрақтылардың сан мәндерін білуі тиіс.

I- нұсқа

I. Жел двигателі дөңгелегінің айналу жиілігі 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі

1500 айн/мин, сепаратор барабанының айналу жиілігі 8400 айн/мин, тегістеу станогінікі

96000 айн/мин. Олардың периодын есептеңдер

II. Массасы 2000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа

дейін арттырды. Импульс өзгерісін табыңдар.

III. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 2 т автомобильді 0,5 м/с2 үдеумен

сүйреген кезде оның қанша ұзаратынын табыңдар. Үйкелісті ескермеңдер.



II- нұсқа

I. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды.

Соққының орташа күшін табыңдар.

II. Бір ұштарынан жалғанған ұзындығы бірдей екі серіппенің екінші бос ұштарынан ұстап,

созып тартады. Сонда қатаңдығы 100 Н/м серіппе 5 см ұзарады. Егер екінші серіппе 1

см ұзарса, оның қатаңдығы қандай болғаны?

III. Аңшы жүзіп бара жатқан қайықта тұрып оның қозғалыс бағытына қарай мылтық атты.

Егер ілешала екі рет атқаннан кейін қайық тоқтап қалған болса, қайықтың

жылдамдығы қандай еді? Аңшының қайықпен қоса алғандағы массасы 200 кг,

зарядтың массасы 20 г. Бытыра мен дәрі газының ұшып шығу жылдамдығы 500 м/с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет