9 класс
Бақылау жұмысы №2
Тақырыбы: Сақталу заңдары. Тербелістер
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
I нұсқа
1. Дененің 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы 120Дж болса, оның массасын
тап.
2. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10т жүк таситын автомобильдің, жылдамдығы 25м/с, ал массасы 1т-ға тең жеңіл автомобильдің импульстері неге тең?
3. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,8с, ал серіппенің қатаңдығы 200Н/м болса, серіппедегі жүктіңмассасын тап.
4. Көл суының бетінде толқын 6м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай?
II нұсқа
1. Массасы 2кг дененің кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, оның жылдамдығын
тап.
2. Массасы 160г шайбаның импульсі массасы 8г 600м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?
3. Ұзындығы 80см маятник 1мин ішінде толқында 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алады.
4. Балықшы қалтқы 10с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар импульс, серіппелі және математикалық маятник тербеліс периды формулаларын білуі тиіс; кинетикалық энергия мен импульстің формуласын, потенциалдық энергия мен серпімділік күшін байланыстыра алуы тиіс; импульстің сақталу заңын қолдана алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |