Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
сағаты.
|
Практикалық сабақ, сағат
|
Зертханалық сабақ,
сағат
|
ОБСӨЖ
сағат
|
СӨЖ, сағат
|
Барлығы, сағат
|
Бақылау түрі
|
4
|
7
|
3
|
30
|
15
|
|
15
|
75
|
135
|
Э
|
4. Пәндердің пререквизиттары Мал азықтандыру шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пәндердің постреквизиттері Өндірістік-диплом алдындағы практика, дипломдық жобалау
Компетенті болу керек : егіншілік және өсімдікшаруашылық жүйесінде, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында өзгерістерге бағдарлану;
топырақты өндіру үшін ауылшаруашылық өндірісте энергиялық және еңбек қорғау амалдарын енгізу бойынша жетекші шешімдерді қабылдау
ғылыми зерттеулерді өткізу;
ауылшаруашылық мәдениеті өндеудің технологиялық картасын құрастыра алып соның негізінде дала жұмыстарын ұйымдастыру;
орындалған жұмысқа дағдылану және сапасын бағалау (топырақты өндеу, себу, егістікті күту, жинау және т.б. )
егістік алқап есебін және тұқым өнімділігінің моделін құрастыра алу;
әлемдік жетістіктерді есепке ала отырып ауылшаруашылық мәдениетін өсірудегі өтімді прогрессивті технологияларды қолдану дағдысы болу;
Жер, еңбек, қаржы және басқа ресурстарды дұрыс және тиімді пайдалана алу;
5.Пәннің сипаттамалары: Еліміздің теріскей облыстарында шығыс ешкібұршағы дақылын, забайкал қышасын, жаздық рапсты және қанттық құмайды өсірудің негіздері оқытылады. Осы дақылдарды жасыл және шикізат конвейірінде өсіру. Дәстүрлі дақылдарды өсірумен салыстыру. Мал азықтық жағдайларда өсіргендегі экономикалық тиімділігі.
5.1Пәнінің мақсаты:студентерді ТМД елдерінде соңғы жылдары интродукцияланған дәстурлі емес өсімдіктер мен дақылдар тобынын,сонымен қатар өндіріске еңгізген жемөшөп қорын нығайтатың Қазақстан жағдайы үшін перспективті аз тараған дақылдардың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктерін оқып үйрету.
Мал азығын өндіру шаруашылықты жүргізудің мындаған жылғы тәжірибесі мен дәстүрі және ресурстарының пайдаланылуы көрсетілуге тиіс.
5.2Пәннің міндеттері: Студенттерді мал азық дақылдарының биологиясың қасиеттерін зерттеу әдістерін үйрету, сонымен қатар топырақты- климаттық жағдайда өсіру технологиясын терең зерттеуімен тығыздығын сипаттау. Мал азығы өндірісің, оңың ішінде шалғын және шабындық шаруашылықтары мәліметтермен танысу.
5.3Пәннің мазмұны: «Аз таралған дақылдарды жерсіндіру» пәннің курсының жалпы жэне негізгі мақсаты - болашақ маманды мал шаруашылығының максималды жоғары өнімін жэне мал шаруашылығынан алынатын өз қүны төмен жэне жоғары сапалы азық-түлік өндірісін алу үшін нақты топырақ -климат жағдайда жем- шөппен толық қамтамасыз етуге оқып үйрету.Аз тараған (дэстүрлі емес) мал азықтық өсімдіктер қарастырылады, малазығын өндіруде интродукцияның маңызы; мал азықтық өсімдіктердің осы топтарын оқып үйренгенде маңызы, морфологиялық жэне биологиялық ерекшеліктері, жем-шөпке және түқымға өсіру технологиясы қарастырылады; сонымен қатар ерекше түрде дақылдар мен сорттардың қоршаған орта факторларына қоятын талаптарына көніл аудару және олармен нақты топырақ-климат жағдайларында дақылдарды мүмкіншілігінше қамтамасыз ету.
5.4 «Аз таралған дақылдарды жерсіндіру» пәннің оқығанда студент білү керек:
- ауыл шаруашылығы перспективті даму жөніндегі Президент жолдамаларын және баяндамаларын, ауыл шаруашылығы бойынша екімет
Қаулылары мен шешімдерін, оның ішінде мал шаруашылығы мен мал
азығын өндіру дамуы бойынша;
мал азықтық өсімдіктердің маңызын, морфологиясы мен биологиясын;
жоғары өнімді өсіру технологиясын;
жем шөпті прогрессивті дайындау технологиясын, мал азығының сапасын жоғарлату әдістері мен жолдарын, жем шепті дайындауда және қоймаларда сақтағанда іпігіпің азайту жолдарын;
табиғи мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану және жақсарту әдістерін;
шаруашылықта алынатын жем-шөптің өзіндік құнын азайту жолдарын.
Студент істей білуі керек:
- мал азығын өндіруде өндірістік процестерді жоспарлау және ұымдастыру
- нақты топырақ климат жағдайында реттелетін және реттелмейтін сыртқы орта факторларын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететік мал азықтық дақылдарды эффективті өсіру технологиясын қолдануды, а/ш техникансын, тыңайтқыштарды, есімдікті қорғайтын химиялық жэне агротехникалык тәсілдерді колдануды, өндірісте ресурс сақтайтын жэне топырақ құнарлығын арттыратын технологиялады қолдануды.
6.Сабақ жоспары
6.1. аудиториялықсабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
|
Мазмұны
(тақырыбы мен сұрақтары)
|
Дәрістер
сағат саны
|
Зертханалық
сабақтар сағат.
|
Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Өсімдіктер интродукциясы және олардың екпе дақылдар тобын кеңейтуіндегі ролі.
1. Жер шары мен ҚР түрлі-түрлі флорасы.
2. Жаңа жоғары өнімді, қуаңшылыққа төзімді, шаруашылық қүндылығымен ерекшеленетін дақылдарды зерттеу мүмкіншілігі және өндіріске еңгізу(интродукция).
3. Осы дақылдар мен өсімдіктер тобын жіктеу,
|
2
|
|
НӘ 1-6, ҚӘ 1,2,5,7,8,12,22
|
2
|
Аз тараған және дәстүрлі емес дақылдар мен өсімдіктер топтын жалпы сипатамасы.
1. Мал азықтық және т.б. шаруашылық кәсиеттері.
2. Жалпы сипатамасы, қоршаған орта факторларға қоятын талаптары.
3. Жабайы өсімдіктерді өндіріске еңгізгудегінегізгі қиыншылықтар.
|
2
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 8,7,6
|
3
|
Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 8,7,6
|
4
|
Солтүстік Қазақстанның шикізаттық конвейеріндегі (бал құмай) Шай жүгері
|
3
|
|
|
5
|
Сосновский аю балдырғаны
1.Маңызы жэне таралуы. Интродукциялау тарихы .
2.Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.
3.Өсіру агротехникасы.
|
1
|
6
|
НӘ 1-6, ҚӘ 2,3,4,5,7,8
|
6
|
Көпжылдық дэстүрлі емес екпе дақылдар:
сүйір жапрақты сильфия1.Шаруашылық маңызы.2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. 3.Өсіру агротехникасы.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
7
|
Біржылдық мал азықтық дақылдар: Забайкал тараны – көпжылдық жемшөптік дақыл1Шаруашылық маңызы;2 Өнімділігі және өнім сапасы;3. Өсіру технологиясы
Вейрих тараны, тань шань жэне мал азықтық қымыздық.1.Шаруашылық маңызы. 2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. 3.Өсіру агротехникасы.
|
3
|
|
НӘ 1-6, ҚӘ 2,3,4,5,7,8
|
8
|
Дәстүрлі емес біржылдық дақылдар мен өсімдіктер.
1. Біржылдық дақылдар мен өсімдіктер:қүлқайыр жэне т.б.
2. Биологиялық ерекшеліктері.
3. Жем-шөпке және тұқымға өсіру ерекшеліктері.
|
1
|
3
|
НӘ 1-6, ҚӘ 1,2,5,7,8,12,22
|
9
|
Біржылдық мал азықтық дақылдар: шашақты гүлтәжі 1.Шаруашылық маңызы. 2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. 3.Өсіру агротехникасы.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 8,7,6
|
10
|
Біржылдық мал азықтық дақылдар: рапс жэне т.б.
1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.
3.Сыртқы факторларға қоятын талаптары.
5.Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.
|
2
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
11
|
Майлы дақылдар: майсары 1.Халық шаруашылығындағы маңызы 2.Биологиялық ерекшеліктері.3.Өсіру агротехникасы.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 2,3,5,7,8
|
12
|
Қазақстанның интродуцияланған мал азыктық дәстірлі емес өсімдіктер.
1.Мал азықтық тарна , мал азықтық шалқан,мал азықтық қырыққабат 2.Мал азықтық құндылығы.3. Биологиялық ерекшеліктері.4. Өсіру технологиясы.
|
1
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
13
|
Көпжылдық шөптер:Шығыстың ешкі шөбі
1Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. 2.Өсіру агротехникасы.
|
2
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 12,13,15,16
|
14
|
Аз тараған көпжылдық мал азықтық шөптер:
Біржылдык үйбидайық ,тарлау қияқ, тік арпабас, көк сүр бидайық, шалғындық атқонақ, шалғындық бетеге және т.б.
1. Маңызы жэне таралуы. Жалпы сипаттамасы. 3.Сыртқы факторларға қоятын талаптары.
5. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.
|
2
|
1
|
НӘ 1-7,
ҚӘ 22-27
|
15
|
Аз тараған көпжылдық мал азықтық шөптер:
Жүрекжапырақты катран, катты сабакты майтамыр (Окопник жесткий)
|
1
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,24,25,26,27
|
16
|
Тритикале ,Бидай-бидайық буданы (Пшенично-пырейный гибрид, Trіtіcum agropurotrі) 1 Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. 2.Өсіру агротехникасы.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 8,7,6
|
17
|
Дәстүрлі емес ксерофит топты дақылдар.
1.Морфологиялық белгілері бойынша изен ,терескен, сораң, жэне т.б. оқып үйрену және ажырата білу.
2.Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
18
|
Түйнеқжемістілер: жер алмүрты, күнтүйнегі және мал азықтық картоп және т.б.
1. Маңызы жэне таралуы. Интродукция тарихы.
2.Биологиялық ерекшеліктері. 3. Өсіру технологиясы.
|
2
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 14,5,4
|
19
|
Аз тараған бақша дақылдар. Мал азықтық бақша дақылдар- асқабақ, қарбыз.
1. Маңызы және таралуы.
2. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
3. Сорттары.Агротехника ерекшеліктері.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
20
|
Дәстүрлі емес және аз тараған дақылдар мен өсімдіктерді тиімды пайдалану тәсілдері.
1. Жасыл конвейер жүйесінде, аралық дақыл ретінде, жайылымдарда жэне т.б. пайдалануға болатын дақылдар. 2.Дәстүрлі емес және аз тараган дақылдарды қолдануда жасыл конвейер жүйесі.
|
1
|
|
НӘ 1-7, ҚӘ2,3,7,8,11,12
|
|
Барлығы
|
30
|
15
|
|
6.2.Студентердің оқытушымен бірге орындалатын өзіндік жұмыстарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары (ОБСӨЖ)
№
|
ОБСӨЖ тақырыптары
|
ОБСӨЖ сағат саны
|
Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме (негізгі, қосымша)
|
Басқа дереккөздер(электр.оқұл)
|
|
1 тапсырма. Дәстүрлі емес көпжылдық мал азықтық екпе дакылдармен өсімдіктер.
1. Морфологиялық белгілері бойынша аюбалдырған,
таран ,сүйір жапырақты сильфия,мал азықтық қымыздық, марал тамыры жэне т.б. оқып үйрену және ажырата білу.
2. Шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігін оқып үйрену
жэне осы топ өсімдік түрлеріне мал азықтық баға беру.
СӨЖ - 1. Дәстүрлі емес топ дақылдар мен өсімдіктер бойынша әдістемелік нұсқауға сәйкес, оқытушымен келісіп реферат дайындау.
2. Оқытушымен келісіп осы топтын бір дақылын таңдап алып өсіру технологиясын дайындау.
СОӨЖ -1.1- тапсырма
|
2
|
НӘ 1
|
|
|
2 тапсырма Дәстүрлі емес біржылдық мал азықтық екпе дакылдар мен өсімдіктер.
1.Морфологиялық белгілері бойынша құлқайыр, гүлтәжі,жэне т.б. оқып үйрену және ажырата білу.
2.Шаруашылықта пайдалану мүмкіншілігін оқып үйрену және осы топ өсімдік түрлеріне мал азықтық баға беру.
СӨЖ- 1. Оқытушымен келісіп осы топтын бір дақылын таңдап алып өсіру технологиясын дайындау. СОӨЖ —1.2- тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс
|
2
|
НӘ 1-7, ҚӘ 13,14,17,18,21
|
|
|
3 тапсырма Дәстүрлі емес ксерофит топты дақылдар.
1.Морфологиялық белгілері бойынша сафлор, сексеуіл,терескен, сораң, изен жэне т.б. оқып үйрену және ажырата білу.
2.Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.
СРС -1. Оқытушымен келісіп осы топтын бір дақылын таңдап алып өсіру технологиясын дайындау.
СОӨЖ -1.3 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру..
|
2
|
НӘ 1-7, ҚӘ 13,14,17,18,21
|
|
|
4 тапсырма. Аз тараган көпжылдық мал азықтық шөптер.
1.Морфологиялық белгілері боиынша шығыс ешкібұршақ,тарлау қияқ тік арпабас, шалғындык атконак және т.б окып үйрену және ажырата білу.
2.Мал азықтық құндылығына баға беру және ҚР эр түрлі топырақ-климат аймақтарында өсіру мүмкіншілігін анықтау.
3.Негізгі сорттары және олардың сипаттамасы.
СӨЖ - 1. Дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.
2.Дақылдардың өсіру агротехникасьш оқып үйрену.
3.Бір дақылға өсіру операциялық технологиясын даярлау.
СОӨЖ -1. 4 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
1
|
НӘ 1-6, ҚӘ 12,14,18,7
|
|
|
5 тапсырма. Аз тараган біржылдық мал азықтық дақылдар.
І.Морфологиялық белгілері бойынша рапс, қыша, майлы шомыр, майсары, перко жэне т.б оқып үйрену жэне ажырата білу.
2. Мал зықтық құндылығына баға беру жэне шаруашылықтың нақты жағдайларында өсіру мумкіншылығын анықтау.
1. Сорттары және олардың сипаттамасы.
СӨЖ- 1. Дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.
2.Дақылдардың өсіру агротехникасын оқып үйрену.
3.Бір дақылға өсіру операциялық технологиясын даярлау.
СОӨЖ -1. 5 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру.
|
2
|
НӘ 1-6, ҚӘ 1,2,5,7,8,12,22
|
1
|
|
6 тапсырма. Аз тараган мал азықтық дақылдар. Мал азықтық тамыржемістілер.Мал азықтық және қант қызылша, тарна, турнепс, сәбіз және т. б.
1.Морфологиялық белгілері бойынша тамыржемістілерді ажырата білу.
2.ҚР қолдануға рұқсат етілген түрлері мен сортадың шаруашьшық-биологиялық жэне морфологиялық сипатамасы.
СӨЖ - 1.Аз тараған дақылдар тобынан бір немесе бірнеше дақылдар таңдап алып реферат дайындау (оқытушымен келісіп).
2.0қытушымен келісіп осы топтын бір дақылын таңдап алып ( қызылша, тарана, турнепс) суармалы және суармасыз жерде өсіру технологиясын дайындау. СОӨЖ - 1. 6-тапсырма бойынша жұмыс тапсыру.
3.Жазбаша бақылау жұмыс.
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 13,14,17,18,21
|
|
|
7 тапсырма. Аз тараған мал азықтық туйнекжеміс дақылдар.
1.Жер алмұрт, күнтүйнегі, мал азықтық картоптың
морфологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.
2.ҚР қолдануға рұқсат етілген түрлері мен сортадың шаруашылық-биологиялық және морфологиялық сипатамасы.
СӨЖ - 1. Аз тараған дақылдар тобынан бір немесе бірнеше дақылдар таңдап алып реферат дайындау (оқытушымен келісіп).
2.0қытушымен келісіп осы топтын бір дақылын таңдап алып суармалы және суармасыз жерде өсіру технологиясын дайындау, СОӨЖ - 1. 7-тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 3. Жазбаша бақылау жүмыс.
|
1
|
НӘ 1-6, ҚӘ 2,3,4,5,7,8
|
1
|
|
Аз тараған мал азықтық тамыржемістілер.
Аз тараған тамыржемістілер: тарна,мал азықтық шалқан,мал азықтық қырыққабат
турнепс, мал азықтық сабыз.
1. Жалпы сипаттамасы, таралуы.
2. А/ш малдарды азықтандырудағы маңызы.
3. Мал азықтық жэне қант қызылша.
Биологиялық ерекшеліктер,сорттары.5. Өсіру технологиясы.б.Тарна, турнепс, мал азықтық сэбіз. Морфологиялық жэне биологиялық ерекіделіктері. Сорттары. Агротехника ерекшеліктері.
|
2
|
|
|
|
9 тапсырма. Біржылдық дәнді бұршақ дақылдар.
І.Морфологиялық белгілері бойынша ноқат,ноқаттық,жасымық жэне т.б оқып үйрену жэне ажырата білу.
2. Мал зықтық құндылығына баға беру жэне шаруашылықтың нақты жағдайларында өсіру мумкіншылығын анықтау.
1. Сорттары және олардың сипаттамасы.
СӨЖ- 1. Дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін оқып үйрену.
2.Дақылдардың өсіру агротехникасын оқып үйрену.
3.Бір дақылға өсіру операциялық технологиясын даярлау.
СОӨЖ -1. 9 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру.
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
1
|
|
|
10 тапсырма. Дәстүрлі емес және аз тараған дақылдарды қолдану арқылы жасыл конвейер жүйесін жасау.
1 .Жасыл конвейер жүйесін жасау әдістемесін меңгеру. СӨЖ- 1. Осы топ дақылдар мен өсімдіктерді қолдану арқылы жасыл конвейер жүйесін дайындау.
2. Аралық дақыл ретінде дәстүрлі емес және аз тараған өсімдіктерді еңгізіп суармалы жэне суармасыз жағдайға ауыспалы егіс кескінің жасау.
СОӨЖ- 1. 9 тапсырма бойынша жұмыс тапсыру
2. Жазбаша жұмыс жазу
|
1
|
НӘ 1-7, ҚӘ 22,23,24,25,26,27
|
1
|
|
|
Барлыгы
|
15
|
|
|
6.2.1«Аз таралған дақылдарды жерсіндіру» пәніне бойынша ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар
Номерлер және зертханалық жұмыстар (тапсырмалар) тақырыбының атауы
|
Сағат саны
|
Жүргізу апта
|
1тапсырма.Өсімдіктердің және мал азығының құндылығын бағалау
1. Азықтық өлшем және азықтық протеиндік бірлігі бойынша өсімдіктердің және мал азығының құндылығын бағалаудың анықтау әдістемесі. 2.Азықтық өлшем сіңімді протеинмен қамтамасыз етілудің және азықтық өлшемге жем-шөптің қажеттілігін есептеу әдістемесі. СӨЖ - Тапсырмаға сәйкес есеп шығару. СОӨЖ -1.1- тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
2
|
1
|
2тапсырма Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптердің жаппы морфологиялық биологиялық және шаруашылық сипаттамасы. 1. Негізгі шөп түрлерін морфологиялық белгілері бойынша өсімдіктерді айырғыш, гербарийлар арқылы ажырата білу. 2.Негізгі шөп түрлерінін морфологиялық белгілерін кестеге толтырьш жазу. СӨЖ - 1 .Мал азықтық өсімдіктердің жіктеуін оқып үйрену. 2.Табиғи мал азықтык жерлерде өсетін маңызды астық тұқымдас шөптер түрлерін ажырата білу. 3. Астық тұкымдас шөптердің биологиялық және шаруашылық сипаттамасын оқып үйрену және оларды кестелерге толтырып жазу. СОӨЖ - 1.2 -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
4
|
2,3
|
3тапсырма Көпжылдық бұршақ тұқымдас, әртүрлі шөптер, қияқ өлең, зиянды және ұлы өсімдіктердің жалпы морфологиялық және биологиялық-экологиялық сипаттамасы 1. Бұл топтардың негізгі тұрлерін гербарийлар бойынша ажырата білу. 2. Негізгі шөптер түрлерінің морфологиялық белгілерін кестеге толтырып жазу.
СӨЖ 1.Маңызды бұршақ тұқымдас шөптердің биолого-экологиялық және шаруашылык ерекшеліктерін оқып үйрену және олардың негізгі белгілерін жұмыс дәптерлеріне жазу. 2. Әр түрлі шөптер және қияқ өлең шөп топтарынық биолого-экологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін оқып үйрену және олардьщ негізгі белгілерін жұмыс дәптерлеріне жазу. 3. Шабындық пен жайылымда жиі- жиі кездесетін негізгі зиянды және улы өсімдіктермен танысу. СОӨЖ - 1.3- тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
6
|
4,5,6
|
4тапсырма .Сонғы жылдары интродукцияланған табиғи мал азықтық жерлерде өсетін мал азықтық өсімдіктер мен дақылдар. 1. Морфологиялық белгілері бойынша: топинамбур, топиподсолнечник, аю балдырған, таран, маралтамыры, амарант, ешкі бұршақ, құлқайыр, кымыздық және т.б. ажырата білу.
|
2
|
7
|
5тапсырма Табиғи мал азықтық жерлер шабындық және жайылым жағдайын бағалау. Жіктеу және есепке алу.
1.Шабындық немесе жайылым типін анықтау. Оларды класка бөлу.2. Табиғи мал азығын жерлерді түгендеу.
3.Шабындық пен жайылымдарды жер отылығының өнімділігі мен сапасын анықтау. Шаруашылықтың жер пайдалану карталары бойынша а/ш жерлерді жіктеу және түгендеу әдістемесін меңгеру. 2. Тұгендеу кестелерін толтыру. СӨЖ - 1. Табиғи мал азықтық жерлердің жіктеуін оқып үйрену. СОӨЖ -1. -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
6
|
8,9,10
|
6тапсырма Табиғи мал азықтық жерлерді жақсарту жүйесін дайындау. 1 . Мал азықтық жерді түбегейлі жақсарту технологиясын дайындау. 2. Мал азықтық жерді үстіртін жаксарту технологиясын дайындау. СОӨЖ -1. -тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс.
|
2
|
11
|
7тапсырма Шабындық пен жайылымды тиімді пайдалану жүйесі және жайылым мен шабындық айналымның кескінін дайындау. 1. Малдардыңжасыл балаусаға кажеттілігін есептеу әдістемесін меңгеру және малды қашада (участкіде) бағу жүйесі. 2. Өз шаруашылығына шабындық пен жайылым айналымын дайындау әдістемесін меңгеру. СӨЖ - 1. «Мал азығын өндіру» тарау бойынша әдістемелік нұсқауға сәйкес, окытушымен келісіп реферат дайындау. 2. Табиғи мал азықтық жерлерден малдардың жасыл балауса мұқтаждығын есептеу әдістемесін меңгеру. З.Жайылым сыйымдылығын, қаша саны мен аумағын есептеу. 4. Жайылым кезеніңде шабындық пен жайылымнан жасыл балауса тусуын есептеу. 5. Шабындық пен жайылым кескінін дайындау. СОӨЖ 1.тапсырма бойынша жұмыс тапсыру. 2. Жазбаша бақылау жұмыс. 3. Реферат тақырыбы бойынша баяндама жасау.
|
2
|
12
|
8тапсырма Мал азығына мұқтаждықты есептеу және мал азықтық дақылдардың егіс көлемі мен жасыл конвейерді жоспарлаудың әдістемесін менгеру. 1. Тәуліктік рацион, малдардың өнімділігі, тәуліктік азыктық өлшем мен сінімді протеин қажетілігі негізінде малдар қорада тұрған және жайылым кезеңде жем-шөп мұқтаждығын есептеп үйрену. 2. Табиғи мал азықтық жерлерден және егістік дақылдардан түсетін мал азығын ескеріп жасыл конвейер кескінін дайындау әдістемесін меңгеру. СӨЖ - 1. Әдістемелік нұсқауға сәйкес барлық есептерді кесте түрінде керсетіңіз.
|
4
|
13,14
|
9 тапсырма. Дәстүрлі емес және аз тараяан да0ылдарды қолдану арқылы жасыл конвейер жүйесін жасау.
1 .Жасыл конвейер жүйесін жасау әдістемесін меңгеру. СӨЖ- 1. Осы топ дақылдар мен өсімдіктерді қолдану арқылы жасыл конвейер жүйесін дайындау.
2. Аралық дақыл ретінде дәстүрлі емес жэне аз тараған өсімдіктерді еңгізіп суармалы жэне суармасыз жағдайға ауыспалы егіс кескінің жасау.
СОӨЖ- 1. 9 тапсырма бойынша жұмыс тапсыру 2. Жазбаша жұмыс жазу
|
2
|
15
|
6.3. Пәнді оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы
№
|
Оқулықтар,оқу құралдары
|
Оқу тілі
|
Автор, шыққан жылы, баспахана
|
Оқулықтар,оқу құр. саны (данасы)
|
Электрондық түрі
|
кафедрада
|
кітапханада
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Мал азығын өндіру агрономия және ботаника негіздері
|
қазақша
|
Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.Стыбаев Ғ.Ж.;т.б. Алматы ,2011
|
-
|
2
|
-
|
2
|
Мал азығын өндіру
|
қазақша
|
Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А.2003
|
1
|
-
|
-
|
3
|
Жайылым шаруашылығы жөніндегі практикум
|
қазақша
|
Асанов Қ.,Елешов Р.Алимаев И.Прянишников С.1998
|
1
|
-
|
-
|
4
|
Кормопроизводство.
|
орысша
|
Можаев Н.И. , Серікпаев Н.А 2007
|
1
|
-
|
-
|
5
|
Өсімдіқ шаруашылығы (Оқулық)
|
қазақша
|
Можаев Н.И.Әрінов Қ.К.,Нурғалиев А.Н. Можаев А.Н 1993
|
1
|
20
|
-
|
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Негізгі әдебиеттер (НӘ)
Можаев Н.И., Серікпаев Н.А. Мал азығын өндіру. Астана, 2009.
Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру практикумы. Астана, 2008.
Әубақіров Қ. Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер. Алматы, 2007.
2. Қосымша әдебиеттер (ҚӘ)
Алимов Е. Агротехника возделывания прутняка на пастбищах пустынной зоны. - В кн.: Улучшение и рациональное использование пустынных пастбищ Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1975.
Бекмухамедов Е. Волоснец ситниковый для улучшения сухостепных и полупустынных пастбищ. - В кн.: Улучшение и рациональное использование пустынных пастбищ Казахстана. Алма- Ата: Кайнар, 1981.
Белик В.Ф. Бахчевые культуры. М., 1980.
Вавилов П.П., Кондратьев А.А. Новые кормовые культуры. М., 1975.
Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в Республике Казахстан. Алматы, 2002.
Дмитриева С.И., Игловиков В.Г., Конюшков Н.С., Раменская В.М. Растения сенокосов и пастбищ. М.: Колос, 1982.
Корма. Справочная книга. Под ред. М.А. Смурыгина. М., Колос, 1977.
Киреев В.Н. и др. Кормовые корнеплоды. М., 1975.
Медведев П.Ф. Малораспространенные кормовые культуры. Л., Колос, 1979.
Милащенко П.З., Абрамов В.Ф. Технология выращивания и использования рапса. М.,1989.
Можаев Н.И., Копытин И.П. Кормопроизводство. Алма-Ата, Кайнар, 1986.
12.Справочник по кормороизводству. Под ред. М.А.Смурыгина, Агропроиздат, 1985
Шабалина М.А. Репа, турнепс, брюква. Л., 1975.
Щепетков Н.Г. Культура кормовых корнеплодов в Северном Казахстане. Целиноград, 1982.
3. Әдістемелқ нұскаулар мен оқу құралдары (ӘН)
Дмитриева С.И. и др. Растения сенокосов и пастбищ. Альбом. М., Колос, 1982.
Вавилов П.П., Балышев Л.Н. Полевые сельскохозяйственные культуры СССР. М., Колос, 1989.
Можаев Н.И., Серікпаев Н.А., Стыбаев Г.Ж. Мал азығын өндіру пәні бойьшша терминдер атаулары. Астана, 2009.
Өсімдіктердің гербарийлары, тұқымдары, жемістері.
7.Студенттердің өздікжұмыстары бойынша сабақ жоспары
7.1 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар (СӨЖ)
Тапсырма беру аптасының нөмірі
|
Сабақ тақырыбы
|
СӨЖ
тапсырмасы
|
Ұсынылатын әдебиет
|
ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі аптасының
нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Дәстүрлі емес мал азықты дақылдар мен өсімдіктер. аюбаидырған. вейрих таравы, марал тамыры, сүйір жапырақты сильфия, гүлтэжі, қүщайыр, мал азықгы қымыздьщ, ешкібүршақ., майсары, изен, теріокен, сексеуіл, сорав; жэне т.б. 1. Дәріске дайындалу. 2.3ертханальщ сабаққа дайындалу
|
1 .Морфологиялық белтілері және тұкъімдары бойынша негізгі дақылдар мен өсімдіктерді ажырата білу.
2.0сы топтын бір дасқылдың өсіру технологиясьш дайындау. З.Әдістемелік нұсқауға сэйкес , окъігушымен келісіп дэстүрлі емес дакылдар тобы бойынша реферат дайьшдау.
|
НӘ-1,2,З
|
ҚӘ- 1,2,4,5,
9,11
ӘН- 1,2,3,4,
5,6
Әдебиеттер тізімі
|
1.1 тапсырма
бойьшша жүмыс
тапсыру.
2.1 тапсырма
бойынша жазбаша
бақылау жұмыс.
3.Рефератті
баяндаманы
тыңдау.
|
1-3
|
3-4
|
Аз тараған мал азьщтық дақылдар. Мал азықты тамыржемысегілер. Мал азықты жэне қант қызылша, тарна, турнепс, сэбіз және т.б 1. Дәріске дайьшдалу. 2.3ертханалық сабаққа дайындалу
|
І.Мал азьщтьщ тамыржемістілердің (қызылша, тарна, турнепс, сәбіз) жэне бақша дақылдардын -қарбыз, асқабақ және т.б. өсіру технологиясьш дайыйдау.
2.Әдістемелік нүсқауға сәйкес , оқытушымен келісіп аз тараған дакылдар тобы бойынша реферат дайыедау.
|
НӘ- 1,2,3
|
НӘ- 1,2,3
ҚӘ- 4,5,6,7,8,
9,10,11,12,13,14
ӘН-1,2,3,4,5,6
Әдебиеттер тізімі
|
1. 2 тапсьфма
бойынша жүмыс
тапсыру.
2. 2 тапсырма
бойынша жазбаша
бақылау жүмыс.
З.Рефераттібаян
даманы
тыңдау.
|
4-7
|
8
|
Дэстүрлі емес жэне аз тараған дақылдарды тиімді пайдалану тәсіддері 1. Дәріске дайындалу. 2.Зертханалық сабаққа дайындалу
|
1. Аз тараған жэне дэстүрлі емес дақылдарды еңгізіп жасыл конвейер жүйесінің кескінің жасау.
|
НӘ- -1,3,6
|
ҚӘ- 4,5,6,7,8, 9,10,11,12,13,14 ӘН-1,2,3,4,5,6
|
бойынша жүмыс
тапсыру.
2. 3 тапсырма
бойынша жазбаша
бақылау жүмыс.
|
8-10
|
Барлығы 45 сағат
|
8. БАҒА БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Күнделікті бақылау – аудиториялық және аудиториялық емес сабақтарда (3,6,9,12 апталарда) оқу пәнінің әрбір тақырыптары және аралықты бақылау (8,15 апталарда) ескерулері бойынша студенттердің үлгерімділігі.
Студенттерді күнделікті тексергенде олардың әрбір тапсырмаларды орындаулары 100 балдық деңгейде бағаланады (күнделікті сабақтардағы жауаптары, үй тапсырмаларын беруі, студенттің өздік жұмыстары (одан әрі қарай – СӨЖ).
Үлгерімнің шектем рейтингісі – академиялық кезеңдегі алынған барлық бағалар жиынтығының арифметикалық орташасы алынады.
Пән бойынша қорытынды баға: аралық баға 60%+қорқынды 40%. Емтихан бақылауы: тестпен
Студентті бағалау ұстамдары:
- «өте жақсы» егер оқушы барлық жоспарланған материалды толықтай игерсе және жауап бергенде ешқандай қателіктер жібермесе, өздігімен пәнді игерген кезде қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалана білгенде қойылады.
- «жақсы» егер оқушы барлық жоспарланған материалды 75% төмендетпей игерсе және осы кезде жауап бергенде білетін болмаса білместік ірі қателіктерді жібермесе, егерде ондай жағдайлар бола қалған кезде оқытушының көмегімен оларды түзете білсе.
- «қанағаттанарлық» егер оқушы барлық жоспарланған материалды 50% төмендетпей игерсе, бақылау, зертханалық және үйге тапсырылған жұмыстарды оқытушының көмегімен жасай білсе және оларды игеруге тырысып бақса.
- «қанағаттанарсыз» егер оқушы негізгі жоспарланған бағдарламаны игергенде білімсіздік көрсеткенде, пән бағларламасын жартылайда игермегенде, берілген кейбір бақылаулық тапсырмаларды орындамаған жағдайларда қойылады.
9. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Баға қою саясаты 100 ұпайлы (100%) системаға негізделеді және келесі бөлулерді қарастырады
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық балама
|
Балдардың пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,00
|
80-84
|
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,00
|
65-69
|
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
|
D
|
1,00
|
50-54
|
|
Ғ
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
сабаққа кешікпеу;
сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;
ұялы телефондарды өшіру;
сабаққа іскер киімде келу;
сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;
босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;
тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі
оқу үднрісінде белсенді қатысу;
үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;
сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;
өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және дискуссияларға қатыстыру;
пунктуалды және міндетті болу.
Пән бойынша дәріс тезистері
`1-2дәріс
Өсімдіктер интродукциясы және олардың екпе дақылдар тобын кеңейтуіндегі ролі.
1. Жер шары мен ҚР түрлі-түрлі флорасы.
2. Жаңа жоғары өнімді, қуаңшылыққа төзімді, шаруашылық қүндылығымен ерекшеленетін дақылдарды зерттеу мүмкіншілігі және өндіріске еңгізу(интродукция).
3.Осы дақылдар мен өсімдіктер тобын жіктеу.
1. Жер шары мен ҚР түрлі-түрлі флорасы.
Дүние жүзінің өсімдік әлемінде 300 мыңға жуықжоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктің көпшілік тұрлері тамакка, мал азығына, жеңіл және ауыр өнеркәсіптерге шикізат ретінде қолданылады.
Және де өсімдіктің біраз түрлерін фармацевтикаға пайдаланады, біразы безендіру мақсатында парктерде өсіріледі.
Өкінішке орай, адамзат шаруашылықга бар болғаны 30мыңдай ғана өсімдік түрлерін пайдаланады да, оның ішінде күнделікті пайдалануға іріктелгені 12 мыңдай түрлері ғана.
Дүние жүзіндегі егістіктің 80% астамын тек өсімдіктің 250 түрі ғана алып жатыр.
Жер шары мен біздің еліміздің флорасы өте бай және әр түрлі біздің еліміздің территориясында ғана 20 мыңдай өсімдік түрлері, жер шарында 300 мыңдай гүлді өсімдік түрлері өседі. Адамның өндірістік мақсатқа пайдаланатын 30 мың, тұрақты түрде – 12 мың, оның ішінде 5 мыңға таяу әсемдік өсімдіктер , және бір көңіл аударатын жәйт, дүние жүзінің егіс көлемінің 80 % 250 өсімдік түрлері алып жатыр. Мал азықтық мақсатқа небәрі 25-ақ өсімдік түрлері өсіріледі, оның үстіне кейбір дақылдарға мал азықтық бағыт дақылдың мақсаты емес, атап айтқанда жүгері, күнбағыс, қарабидай, ноғатық, шай жүгері, сұлы ж.б. Өсімдіктердің таралуы әрқилы, сондықтан өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер енгізу қажеттігі туады. Бұл процесс интродукция – енгізу деп аталады. Интродукция түсінігіне еліміздің және шет елдердің жабайы түрлерін мәдеги дақылға енгізу, өзіміздің еліміздегі мәдени өсімдіктерін біздің елімізде өсіру жатады.
Акклиматизация – итродуценттердің табиғи тұқым қуалаушылығын сыртқы орта жағдайларының, адамдар қолданған белсенді селекциялық әдістермен өзгеруі.
Натурализация – акклиматизацияның жоғарғы сатысы: өсімдік жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, өз еркімен көбейе алады, жергілікті дақылдарға тіршілік үшін бәсекеге түсе алады
Флора байлығына қарамай бірқатар аудандардың далалық егіншілігінде осы уақытқа дейін нақты жағдайларға жақсы бейімделген өнімді мал азықтық өсімдіктер жоқ. Суыққа төзімді, тез өсетін өсімдіктер аз, өсіріліп жүрген көптеген дақылдар пісіп үлгермейді, оларды өсіру негізінен тасымал тұқымдарға негізделген. Осының бәрі мал азығының тұрақты қорын жасауға кедергі жасайды. Негізгі сүрлемдік маңызы бар және селекциялық жұмыстарға жарамды зерттелген ірі сабақты өсімдіктердің барынша маңыздылары – бірнеше түрге жататын аюбалдырған, таран, тянь-шань қымыздығы, марал тамыры, топинсольнечник, майтамыр, құлқайырлар, ешкі бұршақ, астрагал, катран, көпжылдық мал азықтық шай жүгері және т.б.
Майлы шомыр, рапс, сурепица, топинсольнечник және бірқатар басқалары – мәдени өсімдіктер, алайда майлы шомыр қазақстан Республикасында екінші өмірге ие болды. Топинсольнечник – жаңа дақыл және ол жер алмұрты мен күнбағысты будандастару арқылы алынған.
Жаңа малазықтық өсімдіктердің көпшілігі –моно-және поликарпиялық даму циклы бар көпжылдық, біржылдық өсімдіктер.
Барлық интродуценттер көпжылдықтар да, бір жылдықтар да жоғары өнімділігімен ерекшеленеді: бір жылдық түрлері 200- 400 ц/га, көпжылдықтары 500-ден 1500 ц/га дейін жасыл балауса береді, алайда шаруашылық егістерінде олар мүлде жоқ. Дегенмен бірқатар дақылдар – жаздық және күздік рапс, майлы шомыр, топинсольнечник, көңіл қоярлық дақылдар екенін көрсетеді.
Осы топтағы барлық өсімдіктер алшынкөктігімен суыққа және аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп - өнудің басында көктемде 6-80, ал қысқа қар қабатының астында 40-450 аязды көтереді. Күзде іс жүзінде тұрақты аязға дейін Солтүстік Қазақстанда қазан айының басына дейін өсе береді. Барлық көпжылдық өсімдіктер себу нормасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені сабақ жиілігі олардың қарқынды өркен түзуімен реттеледі.
П.П.Вавиловтың пікірінше, жабайы өсімдіктерді мәдени түрге енгізудің бірқатар обьективті себептері бар және оларды мәдениеттендіруге ұзақ уақыт қажет. Олар генеративті органдарының көп қабатты орналасуына байланысты біркелкі пісуі мен тұқымдарының шашылуымен сипатталады, сепкеннен кейін алғашқы екі жыл бойы баяу өседі, осыған байланысты арамшөппен, ластануға бейімділігі ерекшеленеді, көп өсімдіктердің тұқымдары терең тыныштық күйінде болады, осы биологиялық ерекшелігі оларды өсіруге бірқатар қиыншылықтар туғызады. Біреулері қысқа қарай себуді қалайды немесе тұқымды себуге скарификациялауды талап етеді, басқалары тұқымды себуге дейін ұзақ уақыт сақтауды немесе скарификациялауды тілейді.
Аз тараған дақылдарды ауылшаруашылығындағы мал азығын өндірудің барлық мәселелерін шешетін «керемет» деп қарамау керек. Өндіріске оларды енгізу мал азығын өндіру мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл дақылдарды дәстүрлі дақылдарға қосымша деп қарастыру керек және аймақта барынша мол өнім беретін дәстүрлі дақылдарға ерекше көңіл бөлген жөн.
Мал азығын өндіруде жеткілікті тексерілген, жоғары өнімді сорттары бар рапс, сурепица, майлы шомыр, топинсольнечник т.б өндіріске енгізуге батыл жұмыс жүргізген дұрыс. Келешегі бар жабайы өсімдіктермен олардың селекциясы мен сорт дәрежесіне дейін жеткізу үшін мақсатты бағытпен қарқынды жұмыс жүргізу керек.
3-4 Дәріс ЖАҢА ӨСІМДІКТЕРДің ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аз тараған жэне дәстүрлі емес дақылдар мен өсімдіктер топтын жалпы сипатамасы.
1. Мал азықтық және т.б. шаруашылық кэсиеттері.
2. Жалпы сипатамасы, қоршаған орта факторларға қоятын талаптары.
3. Жабайы өсімдіктерді өндіріске еңгізгудегі негізгі қиыншылықтар.
4. Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру.
Шаруашылыққа ұсынылған жаңа мал азықтық өсімдіктердің ішінде біржылдық өсімдіктер түрлері кездеседі. Бірақ, жаңа дақылдар көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Бұл дегеніміз, өндіріске ұсынылған жаңа мал азыктық дақылдардың негізгі бағалы ерекшелігі. Сондай-ақ, дақылдардың бұл қасиеттері бұрыннан себіліп жүрген әдеттегі мал азықтық дақылдардан әлдеқайда жоғары. Айталық, кейбір әдеттен тыс дақылдар бір жерде 30-50 жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді. Мысалы Мәскеу облысының Белая Колпь шаруашылығында XX ғасырдың басында себілген қатты майтамырдың егістігі осы күнге дейін сақталған және өнімін жоғалтпаған. Кавказда 20-30 жыл бұрын отырғызылғак. жабайы болып кеткен жер жаңғағын кездестіруге болады. Санкт-Петербургтағы Ботаникалық институтта бұдан 20 жылдай бұрын себілген Вейрих таранын кездестіруге болады, Львов университетінің оқу тәжірибе пунктінде 50 жылдан бері өсіп тұрған сүйір жапырақты сильфия кездеседі (П.П.Вавилов, 1990).
Көпжылдық мал азықтық дақылдарды 8-10 жылға дейін, ал кейбіреулерін 13-15 жылға дейін шаруашылықта пайдалануға болады. Осы кездері олар өнімін төмендетпей шаруашылықта пайдалы болып келеді. Жаңа дақылдардың осындак ерекшеліктерін ғалымдар мен мамандар жоғары бағалап, келешекте осының негізінде шаруашылықтарда көпжылдық; сүрлемдік дақылдар егістіктерін ұйымдастыруға болатынын дәлелдеді.
Айта кету керек, барлық жерсіңдірілген жаңа мал азықтық өсімдіктер өздерінің биологиялық;өнімдерінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Олар үстеп қоректендіруге, аддыңғы қатарлы өсіру агротехникасына жақсы бейімделеді. Осы ерекшеліктеріне карай оларды интенсивті және перспективті дақылдар қатарына жатқызуға болады. Көпжылдық жаңа малазықтық өсімдіктердің көк балаусасының әр гектардан түсетін өнімі орта есеппен 600-800, ал біржылдық өсімдіктердің өнімі — 350-500 ц-ге жетеді. Кейбір жекелеген тәрибеде олардан өте жоғары өнімдер алынды. Мысалы, Жапонияда өсірілген орыс майтамырының әр гектарынан бір жылда 2500-3500 ц-ге дейін көк балауса жиналған. Житомир облысында Сосновский аю балдырғанын жылына екі рет орғанда әр гектардан жинаған көк балаусасының өнімі 2644 ц болған. Черновицкий облысының Кацманский сортсынау учаскесінде бір рет орылған сильфия 1430 ц/га көк балауса өнімін берген. Киев облысында өсірілген жүрек жапыракты қатыраннан 1200 ц/га дейін көк балауса жиналған. Казақстанда Көкшетау облысында өсірілген қатыраннан 230 ц/га көк балауса өнімі алынған. Және де осы облыста өсірілген шығыстың ешкі шөбінің әр гектарынан 1200-1500 ц дейін көк балауса жиналған.
Украинада, Кавказда өсірілген жер алмүртының әргектарынан 500-1000 ц көк балауса және 150-300 ц дейін түйнек жиналған.
Жаңа мал азықтық өсімдіктерден алынған жоғары өнімдердің әр гектарынан жиналған өнім мөлшерінің 150-300 ц азықтық өлшемге, ал қорытылатын протеиннің мөлшері 20-25 ц дейін жететін мысалдарын көптеп келтіруге болады.
Жаңа дақылдардың көк балаусасының жоғары өнімі оның сапасының да жоғарлылығымен ерекшеленетінін көрсетіп отыр. Оның химиялық құрамдары әдеттегі өсіріп жүрген мал азық дақылдардан бірде-бір кем түспейді де, кейбір сапалық (витаминдер кұрамы т.б.) көрсеткшггері олардан артық болады.
Жаңа малазықтық өсімдіктердің негізгі ерекшелігі оның ;ок балаусасындағы протеин мөлшерінің жоғары болуында. Көпшілік өсімдіктерден жиналатын азықтық өлшем қорытылатын протеинмен тиісті мөлшерде қамтамасыз етілген, немесе одан жоғары.
Жоғары өнім беретін өсімдіктердің әр гектарынан 10-15 ц тейін протеин жиналады.
Сондықтан осы өсімдіктерден дайындалған сүрлем мал азығына жетіспейтін белок проблемасын шешудің жолы болмақ. "Және де түйіндеп айтатын бір мәселе, белоқ кұрамының ауыстырылмайтын аминқышқылдарына бай, ал оның ішінде өте аз кездесетін түрлерінің болуы.
Жаңа мал азыктық өсімдіктердің көк балаусасында баска да қоректік заттар, күл элементтері, витаминдер және микроэлементтер көптеп кездеседі. Вейрих таранында, майтамырда, аю балдырғанында, катыранда және кейбір басқа да өсімдіктердің құрамында биологиялық белсенді заттар: алколоидтар, глюкозидтер, фломониод қосындылары,фитоэстрогендер, кұмариндер, эфир майлары, гармондар, биогендік өсіру тездеткіштері кездеседі және оларды мал азықтандырғанда емдік профилактика ретінде пайдалануға болатыны анықталды.
Кейбір жаңа өсімдіктерде макро (кальций, фосфор) және микроэлементтер (кобальт, молибден, бор, цинк, марганец; көптеп кездеседі.
Алғаш рет үйренгенше көпшілікжаңа өсімдіктердің көк балаусасын мал сүйсініп жей қоймайды. Ал үйреніп алғасын жақсы жей бастайды. Мұның себебі әртүрлі. Мысалы кейбір өсімдіктердің дәмдік сапасы (таран, қатыран жәпе т.б.), кейбіреулерінің сабағы.менжапырағьшың түктенуі (майтамыр, майлы шомыр), ал кейбіреулерінің құрамында эфир майының (аю балдырғаны және т.б.) болуы малдың сүйсініп жеуіне өсер етеді. Келешекте жаңа малазықтық өсімдіктердің желінуін жақсарту үшін оның жоғарғы сапалы сорттарын шығару негізгі мәселе болмақ.
Тағы бір айта кететін мәселе, көпшілік жаңа мал азықтьіқ өсімдіктердің сабағының ірі болып келетіндігінде. Сол себепгі оны көк конвейер ретінде жас кезінде, яғни сабағы іріленіп кетпеген, жапырақ мөлшерінің (өсімдік салмағының 60-70% күрағанда) көбірек болғаныңда пайдалану тиімді.
Мысалы Англияда майтамырды шошқа және құс жаюға жайылым ретінде сеуіп пайдаланады. Мәскеу облысыңда және Коми республикасында аю балдырғаны себілген танапты ерте көктемде және күзде мал жаюға пайдаланады.
Жаңа мал азықтықдақылдардан дайындалған сүрлемді магі жақсы жейді. Оның қоректілігі жүгері сүрлемінен кем түспейді. Олардың сүрлемдік ерекшеліктері әр түрлі де, ол өсімдік күрамындағы қанттың мөлшеріне байланысты.
Ең жақсы сүрлемге салынатын өсімдіктер аю балдырғанының түрлері, күн түйнегі, мақсары үқсас млра ; шөбі. Бұлардың құрамында қант мөлшері сүрлемге салуға керекті мелшерден 1,5-2,5 еседей жоғары. Майлы шалқан, қүлқайыр, майтамыр сияқты өсімдіктерді таза күйінде тек қана тұқым салған кезінде сүрлемге салуға болады.Өйткені бүлардың құрамында қант мөлшері аздау, сондықтан бұл өсімдіктерді жас кезінде баска жақсы сүрленетін өсімдіктермен қосып сүрлемге салу тиімді.
Майтамырдың, ешкі шөбінің, қүлқайырдың, марал шөбінің, таранның және басқа да өсімдіктердің көк балаусасын қоректілігі жоғары және витаминдерге бай шөп үнтағын дайындауға пайдаланады.
Корыта келгенде жаңа өсімдіктерді көк балаусаға, сүрлемге, витаминді шөп ұнтақтарын дайындауға өсіруге болатынын зерттеулер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелер көрсетті. Көпшілік жаңа өсімдіктер жақсы бал жинағыш ретінде де белгілі. Және де кейбір жаңа өсімдіктердің гүлдену кезеңінің жүруі басқа бал жинайтын дақылдардың гүлденуінің азайып кеткен кезінде болатыны анықталды.
Жаңа мал азықтық өсімдіктерге биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың табиғатта белгілі бір жерде өсуіне қарамай әртүрлі экологиялық аймақтарда өсіруге бейімді болатындығы.
Көпшілік өсімдіктерді киыр солтүстікте де және ыстық оңтүстік климатында да өсіруге болады. Қүрғакшылық аймақтарда өсіруге перспективальіқ өсімдіктер — қатыран, сида, таспашөп, біржылдықтүйежоңышқа, күнтүйнегі, забайкал тараны және т.б.
ЬІлғалды аймақтарда жақсы өсіп, жоғары өнім беретін өсімдіктер тобына; аю балдырғаны, Вейрих тараны, сильфңя, майтамыр, жер алмүрты, шығыстың ешкі шөбі, марал шөбі, кұлқайыр, майлы шалқан жатады.
Аю баддырғаны, май тамыр, марал шөбі, ешкі шөбі сиякты өсімдіктер өздерінің мезофидділер тобына жатуына карамай, алғашкьх өсу қарқынының жақсы жүруінің нәтижесіңде құрғақ (ксерофитті) аймақтарда да жақсы өнім қалыптастырады.
Кейбір жаңа өсімдіктердің биологиялықерекшеліктерінің бірі оның өсіруге әкелген жеріне "төрбиеленіп", тез қалыптасып, табиғи ортаға, жергілікті өсімдік құрамына сіңіп кетуіңде. Оған мысал ретінде тек кана Кавказда кездесетін қатты сабақты майтамырдың Украинада, Ресейдің батыс облыстарында және Еуропада жабайы болып кеткен өсімдіктерінің кездесетінін айтуға болады.
Жалпы, барлықжаңа мал азықтық өсімдіктер жақсы алшьш беруімен, яғни орып алғасын қайтадан қарқынды өсе бастауымең ерекшеленеді. Алшын өсуі олардың ағзаларының дамуының ерекше өтуіне байланысты. Кейбір өсімдіктерде бұл ерекшеліктер жақсы дамыған да оларды вегетация кезеңінде 3-4 рет орып алуға болады (майтамыр, ешкі шөбі). Көпшілік жаңа есімдіктерді көбінесе 2 рет орып алады. Бірінші орым өнімді болады. Бірақ, жазғы маусым кезінде өсімдік қоректік заттармен, ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген және де бірінші ору ертерек жүргізілген кезде екінші және одан кейінірек алшынның өнімдері де жоғары болуы ықтимал. Айта кету керек, өсімдіктің жақсы алшын түзуі оның шаруашылық маңызын көтеретін ерекшелігі.
Сонымен қатар өсімдікті жылына бірнеше рет орып өнім жинау оның егістігінің тезірек сиреп, өнімінің төмендеп кетуіне соқтыруын ұмытпаған абзал. Өсімдік өсірілген танапты ұзақ уақыт бойы интенсивті пайдалану көбінесе тыңайтқыштармен үзбей жүйелі қоректендірумен және шабу кезеңін қатаң сақтаумен байланысты.
Шаруашылыққа енгізіліп жатқан өсімдіктердің пайдалы ерекшеліктері олардың суыққа және аязға төзімділігі Көпжылдық өсімдіктер қар жамылғысының астында жатьт ұзақ мезгіл-40-45°С аязға төзеді, ал көктемде және вегетация басталған кезде ауаның-6-80 суығына шыдайды.
Көбінесе таулы аймақтардан жерсіндірілген өсімдіктер ерте көктемде көктеумен және алғашқы кезеңце кдрқынды өсуімен ерекшеленеді. Олардың бұл ерекшеліктері күздік дақылдардак және әдетте өсіретін көпжылдық мал азықтық шөптерден (жоңышқа, беде) жоғары. Осы ерекшеліктеріне байланысты көктемде бір айдың шамасында олардың көк балаусасыи орып, әр гектардан 200-250 ц-ге дейін өнім алуға болады. Бұл дегеніміз, көктемде тапшы болып қалатын мал азығының қорын қалыптастырьш, малды көк азықпен ертерек қамтамасыз ету.
Барлықжаңа өсімдіктер: біржылдық болсын, көпжылдық болсын, күздің аяғына дейін өсе беретінімен ерекшеленеді. Егер күзгі-1-20 суыққа жүгері, -2-3° суыққа күнбағыс үсіп закыммданатын болса, жаңа өсімдіктер мұндай суықтарда және күздің қалыпты күндері түскенге дейін өсуін токтатпайды, Күзгі айларда танапта көк азықтар азайған кезде кебінесе жаңа өсімдік танаптарын көк конвейер ретінде тиімді пайдалануға болады.
Кейбір біржылдық өсімдіктерді (майлы шалқан, қүл-қайыр т.б.) аралық дақылдарға себуге, немесе екпе парларға пайдалануға тиімді болатыны белгілі болды.
Егістік танаптан түсетін жалпы өнімді жоғарылату үшін және сүрлемнің сапасын көтеру үшін өсімдік қоспаларын себу тиімді екені анықталды, Казіргі кезде Ресейдің кейбір шаруашылықтарында мынадай өсіру тәжірибелері қалыптасты: 1) Вейрих таранын Сосновский аю балдырғанымен; 2) майтамырды, марал шөбін біржылдық немесе көпжыддық шөптермен; 3) қүлқайырды жугерімен және күнбағыспен; 4) майлы шалқаңды дәнді бұршақ дақылдарымен қосып себу әдістері. Айта кету керек, осындай қоспаларды себудің оңтайлы агротехникасы әлі күнге дейін. толық зерттелген жоқ. Ол келешектің жұмысы болуға тиісті.
Жаңа өсімдіктердің көбі өздеріне тән ерекшеліктерінің бірі олардың тұқым өнімінің және өну коэффициентінің жоғары болуы. Жаңа дақылдардың кейбір түршелерінің қиыр солтүстікте де тұқым беретіні белгілі болды. Сондықтан олардың тұқым шаруашылығын, өсіріп пайдаланып жатқан жерлерде ұйымдастыра беруге болады.
Жаңа өсімдіктердің көпшілігі өзінің өсіп, жоғары өнім қалыптастырған кезіңде жапырылмайды. Оларды интенсивті қоректендіріп, суарып жақсы баптай берсең сабақтары жапырылмай өсе береді. Бұл жоғары өнім қалыптастыратын өсімдіктер үшін бағалы қасиет.
Көпжылдық өсімдіктердің өнім қалыптастыруы олардың себілу мөлшеріне аз тәуелді болады. Өйткені, көбінесе олардың такаптарға тығыздығы сабақтарының қарқынды көбеюімен реттелетіні белгілі. Сол сиякты шаруашылыққа ұсынылған жаңа өсімдіктердің де тығыздығы алғашқы жылы себілу мөлшеріне байланысты болса, кейінгі жылдары ол көрсеткіш өздігінен реттеліп сол ортаға лайық, қалыпты тығыздық санын құрады.
Жаңа мал азықтық дақылдар көбінесе жарық сүйгіш өсімдік екенгі белгілі. Және де олардың алғашқы өсу кезінде арамшөптермен бәсекелесінің нашар болатыны да анық. Арамшөптермен қатты ластанған жаңа дақылдар егістіктері ісүзге дейін нашар өсіп, келесі жыддары мүддем сиреп кететін кдуіп болатынын ескерген жөн. Сондықтан көпжылдық дакылдарды арамшөптен барынша тазаланған танаптарға себу керек те, өсе бастаған арамшөптерді дер кезінде қүртып отыру кажет. Казір ол үшін көбінесе қол еңбегін пайдаланады. Келешекте ғылымның алдында арамшөптермен химиялық (гербицидтер) жолмен күресу мөселелерін анықтап, өндіріске ұсыну міндеттері түр.
Жаңа мал азықытық өсімдіктердің жақсы ерекшеліктерін айта келіп олардың кемшіліктерін де айтпасқа болмайды.
Бұлардың барлығы дерлік жабайы осімдіктерден жерсіндіріліп шаруашылыққа ұсынылғанын ұмытпағанымыз жөн. Егер селекционерлерге жаңа сорт шығару үшін біраз жылдар керек болса, ал жабайы өсімдіктерді жерсіндіріп, мәдени түрге енгізу одан да коп жылдарды керек етеді. Шаруашылық тұрғыдан алып қарағанда жаңа өсімдіктердің биологиялық екшеліктерінен көптеген кемшіліктерді табуға болады.
Ең басты кемшілігі олардың тұқымының біркелкі піспеуінде, өздігінен шашылып қалуында және жыныстық орандарының сабақ бойында көп ярусты орналасуында. олардың осы кемшіліктері тұқым жинауды механикаландырылған әдіспен жүргізуді тежеп, жиын кезінде көп тұқым рәсуе болады. Келесі кемшілік жоғарыда айтылып кеткендей, бірінші жылы арамшөптермен күресу мәселелері. Содан кейінгі мәселе тұқымдарының тыныштық кезеңдерінің ұзықтығы. Жаңа өсімдік тұқымдарының бұл қасиеті оларды түріне және сақталу ортасына байланысты әртүрлі болады Өсімдіктердің осындай биологиялық ерекшеліктері олар шаруашылықта өсіргенде қиындықтар тұғызады. Мысал кейбір өсімдіктердің тұқымын тезірек скарификациядан өткізіп, қыс алдында себуге тура келсе, кейбіреулерін көбіррек тыныштық қалпында сақтап, скарификациялап себу тиімды
Ал, кейбір өсімдік түрлерінің тұқымын сақтаған кезінде олардың өнгіштігі төмендейді.
Жаңа өсімдіктердің бұдан басқа да ірілі-ұсақты кемшіліктері кездеседі. Көптеген кемшіліктерді бұрыннан пайдаланып ке жатқан әдеттегі мал азықтық өсімдіктерден де байқауға болады. Сондықтан жаңа мал азықтық өсімдіктерді жақсарту, оны шаруашылықта өсіріп, пайдаланумен қатар жүруге тиісті.
Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру.
Солтүстік Қазақстандағы жемшөп өндіруді ұлғайтудың бір жолы – перспективалы дақылдарды жерсіндіру1 болуы мүмкін. Оған, ең алдымен, жабайы флора құрамынан алынған, жергілікті жағдайларда өсіру болашағы бар және жақсы өндірістік бағаға ие болған өсімдік түрлерін енгізу керек.
Мысалы, байкал тараны (горец забайкальский) биіктігі 120-150 см болатын, Шығыс Сібірде жабайы түрде өсетін көпжылдық жоғары тамырсабақты өсімдік. Оны солтүстік Қазақстан жағдайында зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарында басталды. Ақмола облысында арнайы бағытталған сұрыптау нәтижесінде «Чаглинский» сорты алынған. 2002-2007 жылдары орта есеппен алғанда оның өнімділігі 39,8 ц/га абсолютті құрғақ затты құрады, бұл сұлының 40-42 ц/га өнімділігіне тепе-тең.
Гүлтәжі - өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдарында қызылқұйрықтың жабайы өсетін түрлерін жемшөп дақылы есебінде дақылдандырудан алынған, биожиынтығының өнімділігі суарылмайтын егіншілік жағдайында – 400 ... 500 ц/га және 6 ... 9 ц/га протеин береді.
Бұған өзге табиғи жағдайлар мен орындарда бұрыннан өсіріліп, тасымалданған біршама дақылдардың түрлері де қосылған.
Бал құмайды дәстүрлі егу ареалы – біздің республикамыздың оңтүстігі, Молдова, Украина, Ресейдің Ставрополь және Краснодар өлкесі. Алайда оны Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сүрлемге өсіру тәжірибелері жүгерімен салыстырғанда оңтүстік қара топырақ пен талшын топырақта бал құмайды егудің артықшылықтарын көрсетті.
Солтүстік Қазақстанның құррғақшылыққа бейім және құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарының егіншілік аймақтарында ноқатты егіп өсірудің болашағы зор. Оны әдетте республиканың оңтүстігі мен көршілес орта азиялық мемлекеттерде өсіреді.
Аймақтың далалық азық өсіруде көптеген онжылдықтар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, мал шаруашылығында қазіргі кезде іске асырылып жатқан жемшөптің тапшылығының мәселесін тез арада шешуді дәстүрлі жемшөп дақылдарын өсіру негізінде жүзеге асыру мүмкін емес. Өндіріс технологияларын жетілдіру арқылы өнімділіктің өсуі соңғы 30 жылда бесжылдыққа орта есеппен алғанда 26-38%-ды құрады. Ауылшаруашылық зоналарда перспективалы жаңа жемшөп өсімдіктерін енгізу байырғы дақылдармен салыстырғанда өнімділікті еселеп (2,0-2,5), жемшөп өндіруді жылдам және бірнеше есе ұлғайту мәселесін шешуге жағдай жасайды.
Аймақтың өзіндік табиғи жағдайлары және топырақ ерекшеліктері:
- тұрақты жел белсенділігі;
- жауын-шашын мерзімділігі;
- температураның көктемгі жылдам өсімі;
- топырақтың эрозияға бейімділігі
соңғы уақытқа дейін көбісі топыраққа саяз отырғызуды талап ететін және топырақтың жоғары қабатының тез кебуіне бейімделмеген ұсақ тұқымды болып табылатын дақылдардың егу ауданын кеңейтуді тежейтін факторлар болып келді.
Бірақ агротехниканың жетілдірілуі және егу машиналары, сонымен қатар арамшөптен қорғау құралдары мен әдістері жүйесіндегі жаңа техникалық шешімдер аймақ жағдайында бұл дақылдардың өнімділік әлеуетін толығырақ іске асыруға мүмкіндік береді.
Өткен жүзжылдықтың 70-жылдарынан бастап Солтүстік Қазақстан ғылыми орталықтарының ұжымдық қызметінің нәтижесінде
- дәстүрлі өңдеу дақылдарынан өнімділігі жағынан 2,0...3,5 есе асатын
перспективалы дақылдарды өсірудің зоналық технологиялары жасалды;
- осы дақылдардың әрқайсысы үшін зоналық деңгейде топырақ-климаттық
ерекшеліктері ескеріле отырып агроклиматтық аудандастыру жүргізілді;
- патенттермен және авторлық куәліктермен қорғалған арамшөптерден қорғау,
егу агрегаттарын қайта қалпына келтіру, сорттар жасау жүйелеріне қатысты
бірнеше техникалық шешімдер ұсынылды;
- жеке дақылдар бойынша бастапқы тұқым шаруашылығы басталды.
Солтүстік Қазақстанда жаңа жемшөптік дақылдар өнімдерінің мына жағдайларға жарамдылығын бағалау классификациясы жасалды:
- таза күйде консервілеуге (сүрлем, пішендеме);
- дәстүрлі өсірілетін дақылдармен қоспада консервілеуге;
- жасанды жолмен ылғалсыздандырылған жемшөптерді дайындауға (витаминді
шөп ұнтағы, түйірлер);
- негізгі шикізаттың сапасын арттыру үшін үстеме ретінде.
Барлық жағдайда өнім салалық стандарттың бірінші санатына сәйкес келді. Бұл жаңа дақылдардың өнімі, жоғары шығымдылығымен қатар, жақсы қортылуымен, алынатын шикізаттың жоғары протеиндік қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.
Бірнеше жыл қатарынан өндірістік тексеруден өтіп қайта жасалған технологиялар энергия жинақтайтын сипатқа ие, өйткені олар жоғары потенциалды өнімділігі бар дақылдарды егуге негізделген және олардың көбісінің, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында маңызы жоғары болып саналатын, плантацияларды өңдеусіз өндірістік мақсатта қайта қолданудың көпжылдық (10 жылдан көп) циклы бар.
Мысалы, 2003-2007 жылдарда байкал сүрлемде егудегі таза шығынның орнын толтыру жүгеріні егудегі 55,9%-ға қарсы 205,7%-ды құрады; витаминді ұнды егудегі шығынның орнын толтыру 188,9% немесе жоңышқаны (люцерна) егуге қарағанда 53,8%-ға артық болды.
Дәрістер курсына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдар ұжымының зерттеу жұмыстарының материалдары, сонымен қатар, Қазақстанның солтүстік облыстарының басқа ғылыми-зерттеу орталықтарының өндірістік жағдайларда аппробацияланған зерттемелері енді.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.
Негізгі
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2003. – 47б.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру. – Көкшетау, 2007. – 107б.
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстан жағдайында жемшөп және тұқым ретінде шығыстық ешкі бұршақты егіп өсіру технологиясының ерекшеліктері: Ұсыныстар. – Көкшетау, 2000. – 16б.
Қосымша
Степанов А.Ф. Батыс Сібірдегі көпжылдық дәстүрлі емес жемшөп дақылдар. – Омбы, 1996. – 60б.
Ларин И.В. және басқалар. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР.//И.В.Ларин, Ш.М.Агабабян, Т.А. Работнов және басқалар – М.-Л.: А.-ш. әдебиеттер баспасы, 1951. – б.103-115.
Медведев П.Ф. Аз таралған жемшөп дақылдары. – Л.: Колос, 1970. – 160б.
Бақылау сұрақтары
Жемшөп өндірудегі тапшылықтан тез өту мәселесін шешудегі жетістіктер.
Республиканың солтүстік аймағындағы аз таралған дақылдарды жерсіндіру қандай перспективалар ашады?
«Жаңа дақылдар», «аз таралған дақылдар» ұғымдарын сипаттаңыз.
жаңа дақылдарды агроклиматтық аудандастырудың негізінде не жатыр?
Перспективалы дақылдарды кең масштабтарда енгізуді тежеуші факторлар.
Жана мал азықтық астық тұкымдас дакылдар.
Кара бидай
Тритикале (Тритикале, Trіtіcale)
Бидай-бидайық буданы (Пшенично-пырейный гибрид, Trіtіcum agropurotrі)
1.Күздік қара бидай (Озимая рожь, Secale cereale)
Күздік қара бидай біржылдық астық тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік. Оны тағамға, мал азығына және техникалық мақсаттарға пайдалануға болады. Дәнінде белок мөлшері арпа мен сұлыдан жоғары, бидайдан аздау болады. Қара бидайдың отаны Кіші Азия болып есептеледі. Алдымен ол мәдени астық дақылдарын ластайтын арамшөп есебінде танылып, бара келе солтүстік аймақтарда өсіп жақсы өнім беруіне байланысты жеке дара мәдени астық тұқымдас өсімдік ретінде қолданыла бастады. Біздің елімізде қара бидай 3-ші ғасырдан белгілі. Дүние жүзінде өсірілетін қара бидай көлемі 16 млн. гектарға жуық, ал оның 9 млн. гектары бұрынғы Одақ көлемінде өсірілді. Қара бидай негізінен Россияның қаратопырақсыз аймақтарында, Украинада, Белоруссияда және Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда себілді. Қазақстанда қара бидай негізінен солтүстік облыстарда өсіріледі. Оның көлемі республикада 50-60-шы жылдары әжептәуір болған. Соңғы уақытта белгісіз себептермен оның егістігі азайып кетті (45-ші сурет).
Қара бидайдың дәнінің өнімділігі әр гектардан орташа 15-20 ц. Дәнінде 12,8 белок, 80,9 көмірсуы болады, ал басқа көрсеткіштері бидай дәніндей. Қара бидай нанында рибофлавин витаминдері көп кездеседі. Қара бидайдан жоғары өнімді көк балауса жиналады. Масақтанғанға дейін орылған қара бидайдың әр гектарынан 150-180 ц дейін көк балауса жиналады. Оны көк азық ретінде мал қоректендіруге, сүрлем және пішендеме салуға пайдаланады. Және де қара бидайды пішенге де орады, одан шөп ұынын, шөп кесінділерін, түйіршіктерін жасайды. Қара бидайдың дәні және кебегі малға жақсы құрама жем. Сабаны малға ірі азық ретінде пайдаланылады.
Қара бидай көктемде өте тез өседі де алғашқы көк азық ретінде пайдаланылады, яғни жасыл конвейер шикізатының негізгі дақылы болып есептеледі. Күздік қара бидайды пішенге, пішендемеге өсіру Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарында басты резервтердің бірі болып табылады. Бұл дақылдың қарқынды түптенуі және тез өсуіне байланысты қара сұлы, қалуен сияқты арамшөптермен жақсы күресуге болады. Сондықтан ол егістік танаптарды арамшөптен тазартушы дақыл болып есептеледі.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі, шашақты, жақсы дамыған, 1,5 м тереңдікке дейін өседі.
Сабағы-қуысты сабан-5-6 түйін аралығы бар, биіктігі 1,5-2 м дейін.
Жапырақтары сызық жолды, бидайға қарағанда жалпақ. Гүл шоғыры-масақ. Масақшалары қосгүлді, айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі-дән. 1000 дәнінің салмағы 20-35 г. Масағының түсі ақ, сары, немесе күнгірт-сары. Дәнінің түсі сары, қоңыр.
Қара бидайдың тұқымы +1-20 өне бастайды. Оның өсіп-өнуіне ең қолайлы температура +20-220. Астық дақылдарының ішіндегі қысқа өте төзімді өсімдік. Қар қабатынсыз-250, ал қар жамылғысының қалыңдығы 20-30 см болғанда-40-500 аязға шыдайды. Оның толықтай өсіп дән беруі үшін белсенді температура жиынтығы 1300-15000.
Тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты және сол тамырлары арқылы күзгі-көктемгі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде қара бидай құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 340-440 шамасында. Бидайға қарағанда топыраққа талғамы төмендеу.
Сепкен уақыттан дән жинауға дейінгі өсіп-өну ұзақтығы 270-350 күн. Ол негізінен күзде түптенеді де бір өсімдікке 4-8 сабаққа дейін құрайды. Масақтану кезеңі күздік бидайға қарағанда 12-17 күндей ерте басталады, бірақта гүлдену кезеңі 10-12 күндей кеш басталады. Дәнінің пісуі де 8-10 күндей ерте басталады. Қазақстанда себуге ұсынылған сорттары: Омка, Саратовская 5, Шолпан.
Өсіру агротехникасы. Күздік қара бидайды Қазақстанның солтүстік аймақтарында өсіру тиімді деп айтамыз. Оны таза парға себеді. Құрғақшылық аудандарда екпе парға орналастыру оның шығымын төмендетеді. Күздік қара бидайды мал азығына өсіргенде бір жылдық шөптен және жүгеріден кейін орналастырады. Ауа райының тұрақсыз аймақтарында алғы дақылды жинап алысымен топырақты тайыздау (10-12 см) етіп тілгішпен немесе дискімен өңдейді. Топырақ өңдеген кезде оған суперфосфат (P90-120) сіңіреді. Көктемде азот тыңайтқыштарымен (N40-45) қоректендіреді.
Күздік қара бидайдың қалыпты дамуы үшін жалпы температура жиынтығы күзде 450-5500 шамасында болуы керек, яғни оған 42-55 күн қажет болады. Сондықтан оны 5 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында- солтүстік аудандарда ертерек, оңтүстік аудандарда-кештеу себу керек. Ылғалы жеткілікті аудандарда ең оңтайлы себу мерзімі- тамыздың екінші жартысы. Себу мөлшері құрғақ аймақтарда 3,5-4,0 млн/га өнгіш тұқым (85-110 кг/га), тұқым себу тереңдігі-4-7 см.
Күздік қара бидайды мал азығына-пішен алу үшін паялы дақылдардан кейін орналастырады. Ол үшін алғы дақыл жиналып алынғасын топырақты бірден 5-10 см тереңдікке культивациялайды немесе дискіленеді, беті тегістеледі. Тұқым қатарлап себіледі, себу мөлшері 4,0-4,5 млн/дана өнгіш тұқым (100-120 кг/га). Көктемде егістікті азот тыңайтқышымен (N40-45 кг/га ә.е.з.) үстеп қоректендіріледі.
2.Тритикале (Тритикале, Trіtіcale)
Немесе бидай-қара бидай буданы-астық тұқымдастарының жаңа түрі. Оның мал азықтық қасиеті бидайдан, қара бидайдан жоғары. Мысалы, тритикаледе белок мөлшері бидайдан 1,5% және қара бидайдан 4% жоғары. Аминқышқылдарына бай келеді. Мәдени жайылымдарда шөп қоспасында оны мал сүйсініп жейді. Пішен, пішендеме, шөп ұнын, түйіршіктерін өндіруге аса құнды өсімдік. Және де одан көктемде пайдаланатын сүрлем салуға болады. 100 кг көк балаусасында 22-25 а.ө. және 2,3-2,7 кг қорытылатын протеин бар. Көк балаусасында жеңіл қорытылатын көмірсутегілері, каротиноидтар, лизин және басқа да бағалы аминқышқылдары көптеп кездеседі. Құрамында қанттың мөлшері жеткілікті болғандықтан ол жеңіл сүрлемге салынады.
Тритикаленің дәнін және кебегін жоғары белокті құрама жем ретінде малға және құстарға береді. Дәнінің құрамында белок мөлшері 18-20%. Оның организмге сіңімділігі жоғары. Құрамында микроэлементтер (Mn, Fe, Cu) және аминқышқылдары көп кездеседі. Осы қасиеті үшін оны басқа құрама жемдерге қоспа ретінде малға, әсіресе шошқа семірткенде пайдаланады. Осылай пайдаланған кезде тритикаленің құрама жемі басқа дақылдардың (бидай, арпа) құрама жеммен бордақылағанған малдың ет қосуы 10-15% артады да 20% дейін жем үнемдейді.
Дәні қамырланып піскен кезде жиналған тритикаледен шөп гранулдарын, түйіршіктерін өндірген тиімді.
Бұл өсімдік Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында суармалы жерлерде өсіруге өте тиімді. Жоғарғы агротехникалық шараларды бұлжытпай орындаған кезде оның дәнінің өнімділігі әр гектардан 50-80 ц дейін жетеді. Солтүстік және орталық Қазақстанда жақсы өсіп жоғары өнім береді.
Мал азықтық сорттарының көк балаусасының өнімі әр гектардан 500-600 ц-ге дейін.
Ботанико-биологиялық ерекшеліктері. Тритикаленің тамыры жақсы дамыған. Өсімдігінің түптенуі жоғары. Сабағы тік өседі, көк азықтық сортының биіктігі 145-180 см және дәндік сорттарының биіктігі 110-120 см-дей болады. Сабағында балауызды өңез болады, ақшыл-сары, жапырылмайды. Жапырағы ланцетті, жұмсақ, бір түпте 45-50 мөлшерінде.
Гүлшоғыры-ірі масақ та, онда 25-28-ге дейін масақша орналасқан.
Масағы мұртты немесе мұртсыз болады. Дәні ұзынша келген, сырты бұжырлау, өздігінен шашылмайды. 1000 дәнінің массасы 28-45 г.
Тритикале қысқа және суыққа төзімді. Оның бұл ерекшеліктері күздік бидайдан жоғары. Жақсы ылғалданған танапта жоғары өнім береді. Және де бұл дақыл құрғақшылыққа да төзімді, өйткені ол көбіне өсіп-дамыған кезеңінде күзгі-қысқы түскен ылғалды жақсы пайдаланады.
Дәні пісіп-жетілген кезіндегі ылғал мөлшері бидай дәніне керекті көрсеткіштей.
Тритикале көпшілік топырақ түрлерінде өсіп жақсы өнім береді. Ең жақсы өнімі қара және қызғылт топырақты танаптар.
Өндірісте тритикаленің мына сорттары өсіріледі. Олар екі топқа бөлінген: 1) дәндік-Амфидиплоид 206, Амфидиплоид 201; 2) Көк азықтық- Одесский кормовой, Ставропольский 1, Житница 1, Амфидиплоид 1, Амфидиплоид 2, Амфидиплоид 257.
Өсіру агротехникасы. Тритикаленің өсіру агротехникасы топырақ-климат жағдайына қарай қалыптасады. Дәндік тритикале, көк шөптік түріне қарағанда жақсы алғы дақылды сүйеді. Оларға жақсы алғы дақыл болып таза пар және екпе пар, бұршақ дақылы және көпжылдық шөптер. Алғы дақыл ретінде ерте жиналатын сүрлемдік жүгері де жақсы.
Тритикалені астықты дәнді дақылдардан кейін себуге тиімсіз, өйткені астық өсірілген танап қатты құрғап қалады да, тритикаленің өскіні күзде нашар қалыптасып, баяу дамиды. Соның әсерінен келешекте оның өнімі мен сапасы төмендейді.
Тритикаленің мал азықтық сортына жақсы алғы дақыл дәнді бұршақ дақылдары, сүрлемдік жүгері және жаздық астық дақылдары.
Танапта топырақ өңдеу жұмыстары жақсы өтуі тиісті. Мұның ең негізгі міндеті топырақта ылғал жинау және арамшөптермен күресу.
Тритикалені екпе пардан кейін сепкенде танапты ауыр дискілі тырмамен 2-3 рет өңдейді, содан кейін барып 22-25 см тереңдікке аударып жыртады. Себер алдында арамшөптермен ластануына қарай 1-2 рет культивация жүргізеді.
Танапқа гектарына 20-30 тн органикалық тыңайтқыш (көң) берген тиімді, немесе толық минералды тыңайтқыш беріледі (N90-120P60K45).
Тыңайтқыштарды күзде зябь жыртқан кезде береді, содан кейін көктемде азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіреді (N40-60). Осылай болған жағдайда тритикаленің дәнінде белок мөлшері 1,0-2,5% өседі және көк балауса өнімі 15-35% жоғарылайды.
Тритикаленің өнімі оның оңтайлы себу мерзімінде өткізілгеніне байланысты. Солтүстік, орталық облыстарда оны 30 тамызға дейін сеуіп бітіру керек. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарында қыркүйектің аяғына дейін себіледі.
Себу мөлшері гектарына 3 млн. өнгіш тұқымнан 7,0 млн. данаға дейін ауытқиды. Тұқымдық тритикаленің себу мөлшері 3,0-4,5 млн. өнгіш тұқым.
Тұқым себу тереңдігі 5-6 см. Күзгі құрғақшылық жылдары себу тереңдігі 7-8 см.
Тритикаленің көк балаусасының мал азықтық сапасын көтеру үшін оны күздік сиыр жоңышқасымен қосып себеді. Қоспада тритикаленің себу мөлшері гектарына 120 кг, сиыр жоңышқаның себу мөлшері 60 кг болып алынады. Осылай себілген шөп қоспасы суармалы танаптардан 550-600 ц/га дейін көк балауса алынып 10 ц/га дейін протеин жиналады.
Тритикалені дәнге бөлектеп жинайды (15-20 см биіктікте) немесе тікелей жинайды. Бөлектеп жинау дәннің қамырланып піскен кезеңінде жүргізіледі (дәннің ылғалдылығы 30-40%). Бөлектеп шабу мен оны дестеден жинау аралығы 2-4 күннен артық болмау керек. Өйткені дестеде жатып қалған тритикале масағындағы дән оның құрамында - амилазының белсенділігінің жоғары болуына байланысты тез көктеп кетеді.
Мал азықтық тритикалені көк шөпке, пішенге және басқа да мал азықтық түрлерін алу үшін түтіктенгеннен бастап толық масақтанғанға дейін шабады. Осы кезеңде шапқанда оның өнімінің сапасы ең жоғары болады.
Қазақстанда тритикаленің мал азығы өндірісін дамыту үшін келешегі зор. Оны республиканың барлық аймақтарында өсіруге болады. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде оны мәдени жайылымдарға қолдану және одан мал азықтарын дайындау өте пайдалы.
3.Бидай-бидайық буданы (Пшенично-пырейный гибрид, Trіtіcum agropurotrі)
Бидай-бидайық буданы (пшенично-пырейный гибрид, ППГ) мал азықтық ерекшелігімен белгілі. Оның авторы орыс ғалымы Н.В.Цицин. Бидай дақылына қарағанда ол бірінші жылы жақсы қыстайды да көк азыққа шабылып алынады. Содан кейін де жақсы өседі. Келесі жылдары бидай-бидайық буданының қысқа төзімділігі нашарлайды да сиреп кетеді. Сол себептен оны біржылдық екі-үш рет орылатын мал азықтық дақыл ретінде пайдаланады.
Өзінің биологяилық негізгі ерекшелігі-алшыны тез өсуіне байланысты оны мал азығына жан-жақты пайдалануға болады. Мысалы оны бірінші рет дәнге жинап алғасын, екінші рет көк шөпке (немесе пішенге) шауып содан кейін алшынына мал жайылады. Вегетация кезеңінде оны 2-3 рет шауып көк шөп ретінде пайдалануға болады.
Бидай-бидайық буданының дәнінде 20-21% белок бар. Пішенінде ерітілетін көмірсуы (30-32%) және шикі протеин (14-16%) көп болады. Соңғы рет күзгі шабылған көк шөбінде жұмсақ жапырақ үлесі көп болғандықтан ондағы протеин мөлшері ең жоғары болады (19-20%).
Оның сабаны басқа астық дақылдарының (бидай) сабанынан мал азықтық құны жоғары. Сабағы көк күйінде сақталады да соның әсерінен онда протеин (5,7%), витаминдер және де азықтық заттар 1,5 еседен көп кездеседі.
Орташа өнімі әр гектардан 300-400 ц көк балауса. Дәнінің орташа өнімі 15-18 ц оған қоса 40-45 ц көк шөп немесе 8-10 ц пішен жиналады.
Бидай-бидайық буданын солтүстік және орталық облыстарда көк конвейер, шөп, пішен және құрама жем алу үшін өсіруге болады. Оңтүстік облыстарда суармалы танаптарда жақсы өнім жиналады.
Ботаника-биологиялық ерекшеліктері. Бидай-бидайық буданы жұмсақ бидай мен бидайық- шөбін алшақ будандастыру арқылы алынған мал азықтық өсімдік. Түптенуі өте жоғары, бір өсімдікте 60-қа дейін сабақ болады.
Сабағының биіктігі 80-150 см дейін өседі, аздап балауыз қабатты, түсі көкшіл.
Жапырағы ұзынша келген : ұзындығы 12-30 см, көлденеңі 0,6-2,0 см дейін. Жапырақтануы жақсы (40-50%).
Масағы ұзын (13-24 см) қылшықты немесе қылшықсыз, пішіні ұршық тәрізді. Масағында 12-27 данаға дейін масақша болады.
Дәні ұзынша жұмыртқа пішінді, жасыл, қызыл, күлгін, ақшыл түсті. Ірілігі орташа, 1000 дәннің массасы 26-35 г.
Бидай-бидайық буданы қысқа өте төзімділігімен ерекшеленеді. Және де ол саңырауқұлақ және бактериялық ауруларымен зақымданбайды. Ылғал сүйгіш өсімдік.
Өсіру агротехникасы. Бидай-бидайық буданын күздік бидайдан 10-15 күндей ерте себеді. Өйткені оның алғашқы өскін беріп дамуы баяу жүреді. Оны пішен немесе көк шөп дайындауға әр гектарға 190-210 кг мөлшерінде (6-7 млн. өнгіш тұқым), дән алу үшін оның себу мөлшерін 5-10% кемітеді.
Бұл өсімдікке алғы дақыл таңдау, танапты дайындау және себу тритикалені өсіру сияқты.
Оны көк балауса немесе пішен дайындау үшін түтіктеніп-масақтану кезеңінде орады. Үш рет орған кезде өнімінің үлесі былайша бөлінеді: 1-ші орғанда-60%; 2-ші орғанда-30% және 3-ші орғанда -10% өнімі жиналады.
Буданды тұқымға бөлектеп жинайды. Өйткені оның дәнінің пісуі біркелкі болмайды. Тура жинаған кезде оның сабағы көк күйінде болып дәннің ылғалдылығын жоғарылатады. Сол себептен жиналған тұқымды тез арада жақсылап кептіріп тазалау керек.
Тритикаленің жемдік дақыл ретіндегі маңызын келтіріңіз?
Бидай-бидайық буданының жемдік дақыл ретіндегі ерекшелігін атаңыз?
Дәріс Аз тараған көпжылдық мал азықтық шөптер:Біржылдык жима тарғақ ,тамырсабақсыз бидайық (пырей бескорневищный),шалғындық бетеге, көпшабысты үйбидайық (райграс)
1.Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы. 2.Сыртқы факторларға қоятын талаптары. 3.Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.
Жима тарғақ (Ежа сборная)
Тарғақ мәдени дақыл түрінде енгізілгелі көп болды. Жабайы түрі көбіне-көп Қазақстанның таулы және тау етегіндегі аймақтарында өседі.
Бұрынғы Одақ көлемінде орманды, орманды-далалы және далалы аймақтарының солтүстігінде өңірлерде себіледі. Аса құнды шаруашылық мәніне қарамастан, республикамызда оның егіс көлемін арттыруға тиісті мән берілмей келеді. Деуге болады.
Жима тарғақ -тау, тау етегі, сондй-ақ суармалы өңірлерде түрлі шаруашылық қажеті үшін кеңінен тарауға тиімді, бағалы көп жылдық астық тұқымдас мал азықтық дақылдың біріне айналуға тиісті. (К.Аубакиров 1986ж.).
Биологиясы және шаруашылық маңызы. Жима тарғақ биік өсетін сирек түпті астық тұқымдас өсімдік. Қысқы және көктемгі қара суыққа төзімділігі шамалы.
Бұл шөп өнімі жоғары, өте құнды мал азықтық дақылдар қатарына жатады. Алматы өңірінде көктемде себілген дән 17 күнде өніп шығып, түптену фазасына 27-36 күнде жетеді. Мұны пішен үшін гүл шоғыры толық жарып болған кезеңде шабды. Әдетте, бұл фазаға өсімдік түптенгеннен соң 18-22 күн шамасында жететін шамасында жететін болады. Гүлдеуі екі апта бойына созылады.
Себілген жылы жима тарғақ өнімді мол бермейді. Оның егісінен сепкеннен кейінгі екінші, әсіресе үшінші жылдан бастап мол өнім алынады. Қолайлы агротехника қолданылған жағдайда, 8-10 жыл бойы қатарынан тұрақты мол өнім алуға болады. Суармалы учаскелерде тыңайтқыш қолданған жағдайда оның гектарына 500 центнерге дейін балауса, яғни100-120 центнер пішен жиналады.
Шабындық үшін оның бірі өзін немесе бұршақ тұқымдас (әсіресе беде) шөптермен арарлс себуге болады. Бедемен аралас себілгенде көбіне – көп ол түптену фазасына ғана жетіп, бастапқы жылы оның тамыр системасы жеке сепкендегідей қуатты болмайды. Екінші, үшінші жылдарда ғана жақсы дамиды. Сөйтіп, бірте-бірте 6-7 жылдан соң бедені түгелдей аралас егістен ығыстырып шығып, жеке өзі қлады. Аралас егістің жыл ішіндегі дамуының да ерекшелігі бар. Бірінші шабыста шөптің құрамында жима тарғақ бедеден бастырмақ болса, екінші шабыст олардың өсіп-дамуы теңеледі, ал бұдан соңғы кезеңдерде жима тарғақтың өсуі біршама баяулайды. Жима тарғақ бедемен аралас себуге өте қолайлы және тиімді шөптерден саналады. Өйткені, ол көлеңкеден қорықпай аралас сепкенде ойдағыдай өсе береді. Жима тарғақ бірінші жылы (егісте біррен-саран ғаана тұқымдық сабақтар пайда болып) тұқымды шамлы ғана береді. Келесі жылдан бастап тұқымның өнімін мол бере бастайды. Тұқым өнімі гектарына 2-5 центрнерге дейін жетеді.
Бұл шөптің ең жақсы биологиялық қасиеттерінің бірі-шауып алғаннан соң, болмаса мал жайып кеткеннен кейін қайтадан тез алшындап жетіліп отыруы. Тез алшындап, қайта өсіп отыруы үшін топырақта ылғал мен қоректік заттар жеткілікті болуы қажет. Мысалы, Алматы облысының тау бөктеріндегі суармалы жерлерінде оның егісіне 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.
Сондай-ақ жима тарғақ қар кетісімен ерте көктемде көгеріп, қаулап өсе бастайды.
Соңғы жылдрдың мағлұмттарын қарағанда, бұл дақыл мал тұяғымен таптауға да төзімді екенін көрсетеді.
Сөйтіп, жима тарғақ мол және сапалы пішен жинуды қамтамасыз етумен қатар, қазірде кең өріс алып отырған ұзақ мерзімді мәдени жайылымдар (суармалы учаскелерде) жасау үшін себетін ең бсты жабайы астық тұқымдас дақылы деуге болады. Өйткені ол басқа шөптерге қарағанда біріншіден, көктемде ерте көктейді, екіншіден малдың тұяғымен тапталуына біршама тұрақты, үшіншіден, пішен шауып алған соң, болмаса жайғаннан кейін алшындап қайтадан көктегіш келеді.
Жима тарғақ егісінен алынатын жемшөптің қоректі құндылығы да жоғары. Мысалы, 13-14%, гүлдену қарсаңынд одан да молырақ протеин болады.
Міне, сондықтан да оның өнімін тек пішен дайындау не болмаса жылым ретінде пайдаланып қана қоймай одан шөп ұнын өндіруге де әбден болады. Мұндай практика еліміздің, әсіресе, орталық және Балтық жағасындағы аймақтрында кеңінен өріс алып келеді.
Қазақстанда жима тарғақ өсіруге тиісті мән берілмей келгендігі салдарынан оның селекция және тұқым өндіру ісі де осы уқытқа дейін жөнді қолға алынбай келеді. Сондықтан да бізде оның бүгінгі күнде бірде-бір аудандастырылған сорты жоқ деуге болады.
Осыған орай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мекемелерінің алдында тұрған кезек күттірмейтін міндеттердің бірі жима тарғақтарының әр түрлі шаруашылық қажетіне керекті жоғары өнімді, интенсивті сорттарды шығару және оның тұқымын өндіруді кең көлемде ұйымдастыру болып табылады.
Өсіру агротехникасы. Жима тарғақ шөбін өсірудің агротехникасы көпшілігінде еліміздің Европалық бөлігіндегі аймақтарда зерттелген. Жоғарыда айтылғанда, Қазақстанда жима тарғақ агротехникасы әлі жеткілікті зерттелмей келеді. Бұл жөнінде республикада соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардан тек академик Д.А.Зыковтың басшылығымен Алматы зоотехникалық - мал дәрігерлік институтының “Ақсай“ оқу-тәжирибе шаруашылығында жүргізген кейбір зерттеулерді айтуға болады.
Себу мерзімі. Себу мерзімі жөнінде мағлұматтар әртүрлі. Оның тұқымын көктемде себуді ұсынатын зерттеушілерімен қатар күзде себу тиімді деушілерге де жоқ емес.
Топырақты дайындау. Жима тарғақтың тұқымын топыраққа 2-3 см тереңдікте ғна сіңіру қажет. Ол жер етіне кешігіп, 17-20 күнде өніп шығады. Жима тарғақты күзде сепкен кезде топырақта жеткіліті мөлшерде ылғал болу қажет. Ол үшін алғы дақылды жинап алдымен жерді суарып, соңынан террең жыртады. Егер учаскеде арамшөптер кездеспесе оны жыртпай-ақ сыдыра жыртумен де қанағаттануға болады.
Себу әдісі мен нормасы. Жима тарғақты күзде аралас еккенде бедені оның үстіне көктемде қосымша себеді. Мұндайда гектарын жима тарғақ дәні 8-10 кг, беде 10-12 кг мөлшеріне себіледі. Егер жима тарғақтың бір өзі таза егілетін болса, онда себу нормасы 14-15 кг шарасында болады. Оны қатарлы жаппай, болмаса қатар аралығында болады. Оны қатарлы жаппай, қатар аралығын 30 см етіп, кәдімгі тұқым-шөп сеялкасымен себеді.
Тыңайтқыш беру. Жима тарғақтан мол және тұрақты өнім алуда тыңайтқыштардың ролі ерекше. Әсіресе азот тыңайтқышы бұл дақылдардың жақсы өсуіне әсер етеді. Минерал тыңайтқыштар оның өнімін арттыра қана қоймай, сонымен бірге бір жердегі өсу мерзімін ұзартады.
Тыңайтқыштардан фосфор мен калийді негізгі жылдықтар алдында шашып, топырақ астына сіңіретін болса, ал азот тыңайтқышын – көктемде тұқымды себер алдында берген жөн.
Тыңайтқыштар берудің нормасы әр жерде әр түрде болады. Мысалы, Алатау баурайындағы суармалы жерлерде фосфорды 60 кг, калийді 30 килограмм, ал аз тыңайтқышын 45 килограмм мөлшерінде беруді ұсыну болады.
Өсу кезінде жима тарғақ егісін қосымша қоректендіріп отыру өте қажет. Мұнда негізінен, азот тыңайтқыштары пайдаланылады. Оның нормасын орта есеппен 30 кг мөлшерінде белгілейді. Азотты қосымша қорек ретінде ерте көктемде және вегетация кезінде де пайдаланылады.
Жима тарғақ ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оны вегетация кезінде пішенге шауып аларда немесе шауып алғаннан сонда суарып отырады. Суару жиілігі ауа райы мен топырақ жағдайына қарай әр жерге түрше болады.
Жима тарғақты пішенге оның егісі гүл шоғырын шығара бастағанда, тіпті әрі кеткенде гүлдей бастауда асырмай жинайды. Бұдан кешіктіріліп шабылған егісті пішеннің сапасы едәуір төмен болады.
Аралас себілген егістің бірінші шабу мерзімін жима тарғақтың өсу фазасына қарай анықтаса, екінші және одан соңғы шабу мерзімдері керісінше, беде бойынша анықталады. Өйткені, бастапқы кезде жима тарғақ бедеге қарағанда тезірек өсіп-дамиды, ал бір рет шабылған соң, керісінше, беде тез жетіледі. Сонымен бірге қайталап өскен кезде жима тарғақтың вегетативтік сабақтары аз болып, ал оынң есесіне жапырағы молая түсетіндігін айту керек.
Қазақстанда жима тарғақтың аудандастырылған сорты шығарылған.
Тамырсабақсыз бидайық (Пырей бескорневищный)
Тамырсабақсыз бидайық (пырей бескорневищный) көп жылдық сирек түпті биік астық тұқымдастарға жатады. Оның тегі-Америкалық. Негізінен бұрынғы Одақтың Европалық бөлігінде, Батыс Сібірде және Қазақстанның Солтүстігінде өсіріледі.
Морфологиялық ерекшеліктері. Гүл шоғыры –масақ. Масағы жабайы өсетін тамыр сабақты бидайыққа өте ұқсас келеді. Тұқымының ұзындығы 8-11 мм, көлденеңі 1,5-2,0 мм, пішіні ұзынша келген сарғыш сұр түсті болады. 1000 дәнінің салмағы 2,2-3,8гр. Сабағы жіңішке, тік өседі, бойының биіктігі 50-100 см шамасында. Тамыр жүйесі жақсы дамыған. Ол 100 см, тіпті одан да төмен тереңдікке бара алады. Жапырағы ұзын және жіңішке де молдылығы жағынан еркекшөптен басым.
Биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық маңызы. Еркекшөпке қарағанда тамыр сабақсыз бидайықтың қуаңшылыпен суыққа төзімділігі төмен, топыраққа талғамы жоғары, яғни қызыл-қоңыр және қара топырақты жерлерде ол жақсы, ал сортаң және сазды топырақта нашар өседі. Бір орында өсу мерзімі онша ұзақ емес, өмірінің 4 ші жылында оның егісі сирексіп кетеді. Себілген жерінде 2-3 ші жылы өнімді мол береді. Пішенге шауып немесе оның егісіне мал жайған соңында алшаңдап өсіп, қайталап пайдалануға келеді. Жаз бойы бұл бидайықты пішенге 2 рет шауып алуға болады. Пішені көптеген шөптерден сапа жағынан төмен екендігіне қарамастан оның малдың қай түрі болмасын сүйсініп жейді.
Жайылымда мал тамырсабақсыз бидайық масақ шығарған фазасына дейін жақсы жейтін болады. Бұдан кейінгі фазаларында ол тез қатаяды да оны онша сүйсініп жемейді.
Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесінде тамыр сабақсыз бидайықты, бір жерде ұзақ уақыт тұрақты өнім бере алмайтындықтан, басқа дақылдармен аралас сепкен тиімді. Оны ауыспалы егіс жүйесінде бұршақ тұқымдас өсімдіктер – беде және эспарцет дақылдармен араластыра еккенде ойдағыдай нәтиже береді. Мұндайда оның егісін бір жерде 3 жылдан артық ұстауға болмайды, өйткені осы учаскеде бұл мерзімінен кейін қалдырылса, егіс сирексіп одан алынатын өнім күрт төмендеп кетеді.
Тамырсабақсыз бидайық пішенінің өнімі гектарына орта есеппен 20-25 центнер, ал қолайлы жылдары 30 центнерге дейін, тұқымының өнімі 1,5-2,0 центнер, қолайлы жылдары 4 центнерге жетеді.
Өсіру агротехникасы. Тамырсабақсыз бидайықты себудің ең қолайлы мерзімі – күз, не болмаса күздің соңы. Ылғалы мол жерлерде мұны астығы ерте орылып алынып, дискаланған аңызға да себуге болады. Қолайлы жылдары оны өктемде де сеуіп жүр. Тамырсабақсыз бидайықты көпшілігінде дәнді астық не бір жылдық мал жерлерде дақылдар астын бүркемелі әдіспен себеді, ал жазда, әрине, таза өзін сепкен жөн.
Себу нормасы да әр түрлі. Мысалы, оның таза өзін сепкенде гектарына 20-25 кг, ал бедемен немесе эспарцетпен арластырғанда –10-12 кг тұқым жұмсалады. Тұқымын алу үшін өсіретін арнайы учаскеге де 10-12 кг мөлшерінде тұқым себіледі.
Тұқымды тереңге жібермей топыраққа небары 2-3 см сіңірген дұрыс.
Пішенге шбу мерзіміне егістің масақ шығарған фазасынан көп кешіктіруге болмайды. Өйткені, мерзімінен өтіп кеткен соң оның азықтық сапасы құрып төмендеп кетеді.
Аудандастырылған сорттары. Қарабалықтық -86-Қарабалық ауыл шарушылғы тәжірибе станциясында Ф.М.Маштаков Көкшетау облысынан жинаған жергілікті үлгілерінен жаппай сұрыптау әдісімен шығарған сорт. Бұл сорт 1959 жылдан бері аудандастырылып келеді. Қазір Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Марусиндік-996 – Батыс Сібір үлгісінен Маршанская селекция станциясында жаппа сұрыптау және арнайы танапта тәрбиелеу әдісімен шығарылған. 1958 жылдан бастап республикамыздың Орталық облыстарында өсіріледі.
Омск регнериясы – СибНИИСхозда Ақмола облысындағы жабайы өсетін тамырсабақсыз бидайықты сұрыптау арқылы М.С.Арефьева, И.К.Собик, Ф.М.Маштаков және басқалары шығарған. 1960 жылдан бері Павлодар облысында өсіріліп келеді.
Шалғындық бетеге
Шаруашылық маңызы және таралуы. Шалғындық бетеге (Festuca pratensіs Huds) кең тараған Festuca туысына жатаын қоңырбас (астық) тұқымдас мал азықтық көпжылдық шөп. Бетегенің кейбіреулері болмаса көпшілік түрлерінің пішенін және көк азығын малдар сүйсініп жейді. Әсіресе шалғындық бетеге жабайы түрінде кеңтараған мал азықтық, бағасы өте жоғары өсімдік. Шалғындық бетегенің мәдени түрі алғаш рет Кавказда, Орта Азияда Ресейдің қаратопырақсыз аймағында өсіріле бастады. Уақытында орылған шалғындық бетеге өте құнарлы пішен береді. Оның пішенінде 14% дейін протин, 100 кг пішенінде 54,5 а.ө. және 4,0 кг қорытылатын ақуыз бар. Шалғындық бетеге құрамында аминқышқылдарының, оның ішінде лизин және гистидиннің көп болуымен ерекшеленеді. Шалғындық бетеге шөп қоспаларында өте бағалы астық тұқымдас өсімдік. Оның қылтықсыз арпабаспен, сары жоңышқамен, мүйізбас шөппен қоспалары Ертіс өзені алқаптарында екпе шабындықтар жасауға тиімді екені анықталған (Аубакиров Қ.) және де оның жақсы алшынкөк түзуіне, жапырақтарының мол және жұмсақ болуына байланысты жайылымдықтарда пайдалануға жарамды өсімдік.
Шалғындық бетеге топырақ құрылымын қалыптастырып, жақсартатын өсімдіктер қатарына жатады. Астық тұқымдас шөптердің ішінде шалғындық бетеге ең жоғары тамыр массасын түзеді және топырақта тез шіриді де оның құнарлығын жоғарылатады. Қазақстанда шалғындық бетегені жеке өзін, не болмаса шөп қоспаларында барлық аймақтарда өсіріп мал азығына пайдалануға перспективалы көпжылдық шөп. Оның толықтай дамуы және ең жоғары өнім беруі екінші-үшінші жылдары байқалады. Оңтайлы өсіру агротехникасын қолданған жағдайда бір жерде 10 жылға дейін тұрақты өнім береді. Ылғалы жеткілікті жерлерде әр гектардан пішенінің өнімі 50-70 ц дейін.
Биологиялық ерекшеліктері. Шалғындық бетеге нағыз күздіктерге жататын жоғары бостүпті көпжылдық астық тұқымдас шөп. Себілеген жылы ұрықтық өркендер түзілмейді. Қуатты шашақтамырлы, кейбір кездері қысқа жатаған тамырсабақтарын түзеді. Тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі, сол себепті шалғындық бетеге құрғақшылыққа айтарлықтай төзімді. Тамырының негізгі массасы топырақтың жырту қабатында (0-30см) орналасады. Сабағы домалақ, жылтыр, тік өседі, биіктігі 100-160см дейін. Өсімдік түбінде көбінесе қысқа өскіш, жақсы жапырақтанған өркендері болады.
Жапырағы ұзынша, тегіс, төменгі беті жылтыр. Жапырағының түбі құлақша келіп сабағын орап тұрады. Біраз жапырақтары өсімдік сабақтарының түбінде, тамыр мойнын айнала өседі. Сабақтарының жапырақтануы 27-30% аспайды.
Гүлшоғыры – сіпсебас, гүлдегенге және гүлдегеннен кейін біріккен, ал гүлдеген кезінде жан-жаққа шашырайды. Тұқымы боз түсті гүл қабыршағының ішінде орналасады, сусымалы. 1000 тұқымның массасы 1,2-1,5 г. тұқымы +2-30С жылылықта өне бастайды. Шалғындық бетеге қысқа төзімді келеді, бірақта топырақ және ауа теипературасының күрт өзгеруін көтермейді.
Ылғалды сүйетін өсімдік, көктемде су астында 10-12 күнге дейін тұншықпай сақталады. Топырақтың беткі қабатында ылғал жетіспесе өркендері өліп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар кешіктіріп себілген егістіктерде байқалады. Шалғындық бетегенің топырақтың құрғақшылығына төзбеуінің себебін, алғашқы жылы тамырының өте баяу өсуімен түсіндіруге болады. Шалғындық бетеге жарық сүйгіш өсімдік. Сол себепті оны шөп қоспасында семкенде осы жағын ескеру керек. Шөп қоспасында ол қызылбас бедемен жақсы өседі. Беде жойылып кеткеннен кейін оның көп жыл бойы өнімі төмендемей өсе береді. Тұқымын да осы егістіктен алуға болады.
Шалғындық бетеге балшықты, құмбалшықты, құмдауытты қарашірігі мол топырақтарда және ретімен тыңайтқыштар берілген жағдайда жақсы өседі. Аздаған қышқыл (рН 5-6) топырақта және сортаңдау (кебу топырақтың 0,7%) жерлерде өсе алады.
Бұрынғы Одақ көлемінде далалық және шалғындық егістерде шалғындық бетегенің 27 шақты сорттары аудандастырылған. Біздің республикада оның Дединовская 8, Моршанская 1304, Приекульская 519 сорттары себіледі.
Өсіру агротехникасы. Шалғындық бетеге өсіруге негізгі топырақ дайындау басқа көпжылдық шөптер себуге қолданатын әдістерге ұқсас. Шалғындық бетеге минерал тыңайтқыштарына, әсіресе азот тыңайтқышына қатнасы өте жоғары. Қоректік заттары жеткілікті топырақта оның өркендерінің құрылуы және өсуі қарқынды жүреді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын (Р90-120К60 кг/га ә.з.) күзде танапта сүдігер жыртқанда берсе, азот тыңайтқышын (N90-120кг/га ә.з.) көктемде танапты тырмалаудың алдында шашады. Шалғындық бетеге жарық сүйгіш өсімдік болуына байланысты оны көбінесе жамылғысыз себеді. Ең қолайлы себу мерзімі күзде және ерте көктемде. Шалғындық бетеге мал азығына жай қатарлап себеді. Әр гектарға тұқым себу мөлшері 12-14 кг өнгіш дән. Тұқым себу тереңдігі: жеңіл топырақта - 3-4 см, орташа саздақты жерде - 2-3 см, ауыр топырақта – 1,5-2,0 см шамасында.
Шалғындық бетеге ең жоғары азықтық массасын толық гүлдеген кезінде қалыптастырады. Бірақта оны пішенге толық шашақтанып гүлдене бастағанда жинау керек. өйткені осы кезеңде шалғындық бетегенің жаңадан жас өркендері өсіп, азықтық қоректілігін төмен ескі өркендері өледі, нәтижесінде жалпы өнімнің сапасы көтеріледі.
Көпшабысты үйбидайық (райграс)
Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Европалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказьяда кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жоқ.
Райграстың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық райграс, биік бойлы райграс және жайылымдық райграс. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады.
Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.
Биік бойлы райграс. Гүл шоғыры-шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай.
Биік бойлы райграс ауа райы жылы үсікке шалдығады және құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге және жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді.
Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәрінде жақсы өнім бере алады. Қыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді.
Оны негізінен пішен үшін себеді.
Көп шабындық райграс. Көп шабындық райграстың жалпы сыртқы пішіні жатаған бидайыққа ұқсас. Гүл шоғыры күрделі масақ.
Жайылымдық райграс. Жайылымдық райграс та жатаған бидайыққа ұқсайды. Бұның көп шабындық райграстан айырмасы – масақшалары да, тұқымы да майдалау келеді, мың тұқымының салмағы небары-1,8г. суармалы жерлерде оның егісіне жаз бойы 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.
Райграстың алдыңғы екі түрі биологиялық ерекшеліктеріне сай, негізінен пішен үшін пайдаланылады. Өйткені, олар біріншіден мал тұяғына шыдамсыз болса, екіншіден биік болып өсетін өсімдігінің сабағының көптігінен жапырағы мейлінше аз болады, үшіншіден райграстың бұл түрлері бір жерде небары үш жыл ғана өседі.
Керісінше, жайылымдық райграстың түпкі жапырақтары мол болады да, оның үстіне мал тұяғына өте шыдамды келеді. Осыған орай оны негізінен өте жақсы мал жайылымдық шөп ретінде пайдаланады.
Райграстың бұл үш түрі де қысқа шыдамсыз, ылғалды мейлінше қалайтын өсімдіктер. Сондықтан оларды Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік–шығыс облыстарының суармалы жерлеріне ғана себуді ұсынуға болады. Мұнда жайылымдық райграс кеңінен тарауы тиіс. Мәдени жайылым жасау үшін оны бедемен аралас себу жақсы нәтиже береді. Райграстың қай түрі болса да тыңйтқыш бергенде өнімін арттырады.
Бұл шөп өзінің биологиялық қасиеттері бойынша жаздық тұқымдас шөптер тобына жатады. Сондықтан ол тек көктемде ғана себілуі тиіс.
Тұқымы өте майда болғандықтан топыраққа небары 1-2 см ғна тереңдікте сіңіріледі. Бір гектар жерге тұқым себу нормасы 6-12 кг.
Бұл шөптің де сорттары республикамызда әлі аудандастырылған жоқ.
Тарлау қияқ
Жабайы түрінде далалы және шөлейт аймақтардың сортаң және сортаңдау топырақты жерлерінде өседі. Ол көпшілігінде Батыс және Шығыс Сибирб, Еділ өзенінің шығысында сондай – ақ Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік шығыс обылыстарында кездеседі. Мұнда ол жалпы табиғи өсімдіктер ассоциациясының дені болып көлемді жерлерде өседі. Тарлау қияқ табиғи жағдайда бойы 25 – 80 м, ал екпелі түрінде 100 – 120 см жететін сирек түпті өсімдік. Тамыры шашақты болып, әдетте 1,5 м тереңге жетеді де төңерегіне 1 метірге дейін жайылып өседі. Сабағы жіңішке, жылтыр, тек масағының асты ғана бұдыр келеді, жапырағы көкшіл немесе қоңырқай жасыл, қатаң, шеті бүктелген. Масағы жасылдау, пісіп жетілгенде қоңыр күреңденіп кетеді.
Тарлау қияқ биологиялық ерекшеліктері бойынша жайылымдық шөпке жатады. Өйткені тұрқы қысқа жапырақтарымен мен сабақтары шөп машиналарымен шапқанда майда кесінділерге айналып, жинап алуға қиындық келтіретіндіктен оны пішен үшін шабу тиімсіз.
Тарлау қияқтың жақсы қасиетінің бірі - қар кетісімен қаулап көктеп өсуі. Сондай - ақ бұл өсімдік күзде де алшындап өсіп, оның көгі мал жаюға жарайды. Мал оны көктемде, әсіресе дамуының бастапқы кезеңінде оның құрамында протеиіні және жайылым ғылыми – зерттеу институтының мағлұматтарына қарағанда ( Приянишников С.Н., Бекмуханбетов Э.Н. ) түптену фазасында тарлау қияқ азығының абсолютті құрғақ затында 25,72 пайыз, сабақ шығару фазасында 18,66 пайыз, гүлдеу фазасында 17,72 пайыз, шикі протеин болса, алшын көк балаусасының құрамында протеин оданда мол – 23,50 – 27,34 пайыз болады.
Сонымен бірге тарлау қияқ - мал азықтық өнімді де мол беретін өсімдік.
Зерттеулер нәтижесінде алынған мұнда 3 жылдағы тарлау қияқтың екпелі жайылымынан алынған орташа өнім, осы жердегі жусанды - эфемерлі табиғи жайылымға қарағанда 3 – 4 есе артық болған. Мысалы, табиғи жерден гектарына 4,5 – 4,8 ц құрғақ жайылымдық шөп өнімі алынса, ал осындай жерді жыртып тарлан қияқ сепкенде 10,7 – 18,4 ц жеткен. Мұнда ең жоғарғы өнім – 18,4 ц егісті өсімдіктің гүлдену фазасында шапқанда алынған. Егісті гүлдену фазасына жеткізбей пайдаланғанда, ол жаз бойы 2 рет қайталап алшындап өсіп, мал жаюға келеді. Бірақта егістен алынатын жалпы өнім мөлшері, әсіресе, оны түптену фазасында пайдаланғанда әжептәуір кем болады (10,7 ц).
Тарлау қияқ тұқымды да жақсы береді. Ылғалы молырақ болатын далалы аймақтарда өсуінің екінші жылында – ақ тұқым бере бастайды. Дегенмен тұқымды мол беру мерзімі көпшілігінің үшінші жылында басталады. Өндірістік жағдайда тұқым өнімін гектарына бір центінерге дейін береді. Оның тұқымын тұрақты өндірудің қолайлы аймағы деп тегінде жыл бойы 300 милметрден артық мөлшерде жауын - шашын болатын аудандарды атаған дұрыс. Жыл бойы жауын – шашын мөлшері бұдан аз болатын жерде егістен жылма – жыл тұрақты өнім алу қиын.
Тарлау қияқ соңғы жылдары республикамызда кеңіннен тарады. Оның егісі қазірде Алматы, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында кездеседі.Бұл шөп жайылым үшін тәлімі жерлерде кеңінен тартуға жататын құнды мал азығындық жайылымдық дақылдардың бірінен саналады.
Аз тараған біржылдык және көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас дақылдар:
Кияк, (Волоснец, Еlіmus),Карабас шалғын немесе шалғындык, атқонақ,(Тимофеевка луговая, Рhleut рzatenselі),Үйбидайық, (Райграс, Lоlіит) және т.б.
1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы. 3.Сыртқы факторларға қоятын талаптары.
5. Жем-шөпке және тұқымға өсіру технологиясы.
Кцяк, (Волоснец, Еlіmus)
Қияқ — астық тұқымдас көп жылдық мал азықтық өсімдік. Қияқтың ботаникалық түрлері көп (11-сурет).
Қазақстан жерінде оның негізінен үш түрі: тарлау қияқ, сібірлік қияқ және айғыр қияқ тараған.
Мәдени дақыл ретінде ТМД көлемінде тарлау қияқ пен сібірлік қияқ қана егіледі. Бұлардың ішінен қазірде кеңіннен таралғаны — сібірлік қияқ қана.
Тарлау қияқ. Жабайы түрінде далалы және шөлейт аймақтардың сортаң жөне сортаңдау топырақты жерлеріңде өседі. Ол көпшілігінде Батыс және Шығыс Сібір, Еділ өзенінің шығысында сондай-ақ Қазақстанның батыс, солтүстік және солтүстік шығыс обылыстарында кездеседі. Мұнда ол жалпы табиғи өсімдіктер ассоциациясының дені больп көлемді жерлерде өседі. Тарлау қияқ табиғи жағдайда бойы 25—80 м, ал екпелі түрінде 100—120 см жететін сирек түпті өсімдік. Тамыры шашақты болып, әдетте 1,5 м тереңге жетеді де төңерегіне 1 м-ге дейін жайылып өседі. Сабағы жіңішке, жылтыр, тек масағының асты ғана бүдыр келеді, жапырағы көкшіл немесе қоңырқай жасыл, қатаң, шеті бүктелген. Масағы жасьлдау, пісіп жетілгенде қоңыр күреңденіп кетеді.
Тарлау қияқ биологиялық ерекшеліктері бойынша жайылымдық шөпке жатады. Өйткені тұрқы қысқа жапырақтарымен мен сабақтары шөп машиналарымен шапқанда майда кесінділерге айналып, жинап алуға қиындық келтіретіндіктен оны пішен үшін шабу тиімсіз.
Тарлау қияқтың жақсы қасиетінің бірі қар кетісімен қаулап көктеп өсуі. Сондай-ақ бұл өсімдік күзде де алшындап өсіп, оның көгі мал жаюға жарайды. Мал оны көктемде, әсіресе дамуының бастапқы кезеңінде оның құрамында протеиіні және жайылым ғылыми-зерттеу институтының мағлұматтарына қарағанда (Прянишников С.Н., Бекмуханбетов Э.Н.) түптену фазасында тарлау қияқ азығының абсолютті құрғақ затында 25,72 %, сабақ шығару фазасында 18,66 %, гүлдеу фазасында 17,72%, шикі протеин болса, алшын көк балаусасының құрамыңда протеин оданда мол — 23,50% — 27,34 % болады.
Сонымен бірге тарлау қияқ мал азықтық өнімді де мол беретін өсімдік.
Зерттеулер нөтижесінде алынған мұнда 3 жылдағы тарлау кияқтың екпелі жайылымынан алынған орташа өнім, осы жердегі жусанды-эфемерлі табиғи жайылымға қарағанда 3-4 есе артық болған. Мысалы, табиғи жерден гектарына 4,5-4,8 ц курғақ жайылымдық шөп өнімі алынса, ал осындай жерді жыртып тарлан қияқ сепкенде 10,7 — 18,4 ц жеткен. Мұнда ең жоғарғы өнім — 18,4 ц егісті өсімдіктің гулдену фазасында шапқанда алынған. Егісті гүлдену фазасына жеткізбей пайдаланғанда, ол жаз бойы 2 рет кайталап алшындап өсіп, мал жаюға келеді. Бірақ егістен алынатын жалпы өнім мөлшері, әсіресе, оны түптену фазасында пайдаланғанда әжептәуір кем болады (10,7 ц).
Тарлау қияқ тұқымды да жақсы береді. Ылғалы молырақ болатын далалы аймақтарда өсуінің екінші жылында-ақ гұқым бере бастайды. Дегенмен тұқымды мол беру мерзімі көпшілігінің үшінші жылында басталады. Өндірістік жағдайда тұқым өнімін гектарына бір центнерге дейін береді. Оньң тұқымын тұрақты өндірудің қолайлы аймағы деп тегінде жыл бойы 300 мм-ден артық мөлшерде жауын-шашын болатын аудандарды атаған дүрыс. Жыл бойы жауын — шашын мөлшері бұдан аз болатын жерде егістен жылма — жыл тұрақты өнім алу қиын.
Тарлау қияқ соңғы жылдары республикамызда кеңіннен тарады. Оның егісі қазірде Алматы, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында кездеседі. Бұл шөп жайылым үшін тәлімі жерлерде кеңінен тартуға жататын қүнды мал азығындық жайылымдық дақылдардың бірінен саналады.
Сібірлік қияқ. Сібірлік қияқ та түптенуі жағынан тарлау қияқ тәрізді, сирек түпті астық тұқымдас шөптер тобына жатады. Мұның да тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сібірлік қияқ суыққа өте төзімді. Ғылыми мағлұматтарға қарағанда ол солтүстік аймақта да жақсы өсіп, гектарына 50 ц артық өнім береді.
Сондай-ақ бұл шөпті қүұрғақшылыққа да төзімді деуге болады. Алайда, ол қияқтың басқа түрлеріне қарағанда ылғалды молырақ керек етеді. Сондықтан да сібірлік қияқ табиғи жағдайда көпшілігінде Батыс Сібір және Қиыр Шығыстьң ормаңды, орманды-далалы аудаңдардың өзен алқаптарындағы шалғыңдарыңда, сай-салалы тыңайған жерлерінде өседі. Соған қарамастан оны Казақстанның далалы жөне шөлейтті аймақтарында да себуге болады.
Әсіресе, ол Казақстанның шығыс және солтүстігінде, сол сияқты таулы өңірлерінде таратуға тиімді.
Сібірлік қияқты пішенге, сондай-ақ жайылымға да себуге болады. Оның жапырағы мол. Бас жару кезеңінен кешіктірілмей орылып алынған пішеннің құрамында 16 %-ға дейін протейн, 10 %-ға дейін белок болып, азықтық құндылығы артады. Ол топырақтың құнарлығын да аса талғай бермейді. Сонымен көктемде бірсыпыра шөптерден ерте көктеп, қаулап өседі. Академик И.В. Лариннің, профессор П.П. Бегучевтің мағлұматтарына қарағанда бұл шөп гектарына 7-10 ц-ге дейін тұкым береді, яғни тұқымнан жоғары өнім алынады. Өсімдігінің бойы 60-70, кейде 120 см-ге жетеді. Гүл шоғыры — сирек масақ. Масақшалары қылтанды, дәннің ұзындығы 6-12 мм, көлденеңі не бары 1-1,5 мм ғана ұзынша, орташа есеппен мың дәнінің салмағы 3,1 г; 1 кг тұқымда 322-500 мыңға. дейін дән болады.
Айғырқияқ немесе құмқияқ. Айғыр қияқ көпжыдық тамыр сабақты астық тұқымдас шөп. Бойының биіктігі 120-150 см, тіпті одан да биік болуы мүмкін. Ол сусымалы және үрме құмдарда өсуге бейім. Оның өсімдігін құм басып қалған күнде де тамыр сабағы арқылы жаңадан жас өркендер пайда больп, өзінше өсе береді. Жапырақтары мен сабақтары қатты келеді. Оны көктемде түптену фазасында мал, әсіресе жылқы жақсы жейді. Бұдан кейінгі кезенде бұл қатайып, мал онша жей алмайды.
Табиғи жағдайда, жоғарыда айтылғандай шағыл құмда, әр жерде төбе-төбе болып өседі. Мүндай жерде оның пішен өнім гектарына 10-15 ц-ге жетеді. Масағы ірі болып, ұзындығы 11-15 см-ге жетеді. Тұқым өнімін гектарына центнерге дейін береді. Тұқымды, мал азықтык. қасиеті жағынан кем емес. Оны жылқы жақсы жейді,
Пішенінің сапасыздығына қарамастан айғыр қияқ сусымалы құмдарда себуге және ол қүмды байланыстыру үшін бірден-бір қажетті өсімдік.
Бүл шөптің биологиялық жақсы қасиеттерінің бірі оның топырақ қүнарын талғамайтындығы және қүрғақшылыкқа аса төзімділігі.
Табиғи жағдайда еліміздің Павлодар, Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарының қүмды массивтерінде кездеседі.
Жоғарыда айтылған бірсыпыра жақсы қасиеттеріне қарамастан айғыр қияқ осы күнге дейін мәдени дақылға айналдырып, өндіріске енгізілген жоқ.
Өсіру агротехникасы. Қияқты өсіру агротехникасы елімізде әлі жете зерттеле қойған жоқ.
Қияқшөптерден тек сібірлік кияқ қана біршама зерттеліп, оның агротехникасы жөнінде азды-көпті мағлұматтар кездестіруге болады.
Тарлау қияқты өндіріске енгізу тек соңғы жылдар ғана республикамызда мықтап қолға алына бастады, қазір оның егіс көлемі 3 мың гектардан асады. Сібірлік қияқты шабындықпен жайылымдық егістер жасау үшін пайдаланатындықтан, оны егіндік және мал азықтық ауыспалы егіс танаптарында да сондай-ақ түбегейлі артылатын табиғи жерлерге де себеді. Ал, тарлау қияқ тек қолдан ұзақ мерзімді жайылым жасау үшін өнімі нашарлаған табиғи мал азықтық жерлерге себіледі. Егісті армшөптерден таза жерлерге орналастырған жөн. Өйткені, әсіресе шөл және шөлейтті аймақтарға себілген кияқ шөптері өте баяу өсіп, оның салдарынан оның егісін арамшөп басқыш келеді.
Бұл шөптердің агротехникасында ең басты мәселелердің бірі — оны себу мерзімі. Ғылыми тәжірибелерге қарағанда сібірлік қияқтың өнімі, көктемнен гөрі күзде сепкенде жоғары болады. Күзде себілген шөп келесі көктемде ерте көктеп, осы жылдың өзінде-ақ өнім беретін болады.
Тарлау қияқтың агротехникасын зертеушілер (С.Н.Прянишников, Э.Н. Бекмухамбетов ) керісінше оны, ерте көктемде сепкен жөн деп есептейді. Мұндай ұсыныс, тегінде, күзде жауын-шашыны жоқтың қасы болатын шөл және шөлейт аймақтарға арналса керек. Тұқымының өнімі шығып, шығымның қыс түскенше өсіп-жетілуіне жеткілікті ылғал болатын жерлерде тарлау қияқты да күзде себуді кеңінен зерттеген жөн.
Тұқым себу нормасы да әр түрлі. Мыслы, сібірлік кияқ гектарына 3-4 кг, тарлау қияқ 8-10 кг себіледі. Сібірлік қияқ тұқымшасының ұзынша келетін қылтығы оны кәдімгі сепкішпен себуді қиындата түседі. Сондықтан да оның тұқымын себуден бұрын жоңышқа үккіш, немесе сол тәрізді басқа да құралдардан өткізіп кылтығынан ажыратып алған жөн.
Тыңайтқыштардан бұл шөптер әсіресе азот минералды тыңайтқышын қалайды. Оны көктемде тұқым себер алдында береді. Ал өсу кезеңінде егістікті ерте көктемде азотпен қосымша үстеп қоректендіру өте пайдалы. Тыңайтқыштар беру нормасы әр шаруашылықтың табиғи топырақ жағдайларына қарай түрліше болады. Мысалы,
Алматы облысының шөлейтті Бозой өңірінде гектарыка 45 кг фосфор және калий тыңайтқыштарын көктемде қосымша қоректендіру ретінде бергенде, тарлау қияқгың құрғақ жайылымдық шөбінің өнімі гектарына 66,8 пайызға артқан. Учаскені тұқым себу үшін дайындаудың басты шартының бірі — топырақты себер алдында ауыр катокпен нығыздай түсу. Нығыздалған топыракқа тұқым 2-3 см тереңдікке сіңіріледі де ол жер бетіне жақсы өніп шығатын болады.
Себілген жылы егісті күту негізінен оны арамшөптен таза ұстауға бағытталады. Ол үшін жаз бойы арамшөпті қаулатып өсіріп, жібермей шауып тастап отыру қажет. Өсімдіктің өсуінің екінші және одан кейінгі жылдарында егісті күтіп-баптау оны ерте көктемде ауыр тырмалармен тырмалаудан басталады. Қосымша қоректендіру егісті тырмалау алдында жүргізіледі.
Қияқтардың мал азықтық сапасы әдетте олардың дер мезгілінде жақсы пайдалануына байланысты. Мысалы, пішен үшін сібірлік қияқ масақ шығарған фазасынан кешіктіріліп орылса, ол қатайып кетіп, мал оны сүйсініп жемейтін болады. Кешіктіріліп орылған пішеннің қылтығы малдың аузын жарақаттауы да мүмкін. Тарлау қияқты да мал ерте фазаларында ғана жақсы жейді. Өйткені ол да масақ шығарғаннан соң тез катайып кетеді.
Қияқ шөптерден Қазақстанда аудандастырылған сорттар: Бозойлық және Шортандылық.
Карабас шалғын немесе шалғындык, атқонақ,
(Тимофеевка луговая, Рhleut рzatenselі)
Карабас шалғын немесе шалғындық атқонақ — көп жълдық мәдени дақыл ретінде XVII ғасырдан бері белгілі шөп. Оны кезінде бұрынғы Вологод губерниясының шаруалары шөптің жабайы түрінен мәдени дақылға айналдырған еді. Вологод губерниясынан Карабас шалғын кейін Батыс Еуропа және Америка елдеріне тарап, кеңінен себілетін болды.
Табиғатта жабайы түрінде бұл шөп көпшілігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінінің солтүстігіңдегі өзен алқаптарында. Сондай-ақ Кавказ, Алтай және Тянь-Шань тауларында кездеседі.
Қарабас шалғын көпжылдық сирек астық тұқымдас шөптерге жатады. Бойының биіктігі 60-75 см, тіпті одан да жоғары болып өседі. Гүл шоғыры — жалған масақ. Тұқымы жылтыр сұрғылт түсті болып, ұзындығы 1,5-2 мм, көлденең 0,5 —1,0 мм, жұмыртқа не болмаса эллипс төрізді келеді. Мың дәнінің салмағы — 0,30 —0,52 г, орта есеппен 1 килограмында 2440000 дән болады. Тамыр жүйесі 80-100 см тереңдікке барады.
Қарабас шалғын (шалғындық атқонақ кәдімгі мезофильді) ылғал сүйгіш астық тұқымдас шөптерге жатады. Кұрғақшылыққа төзімсіз болғандықтан ол ылғалдылығы жеткілікті, топырағы құнарлы жерлерде өседі. Мысалы, жазы аңызақты келетін қара топырақты және қызыл қоңыр топырақты далалы өңірде нашар өсіп, өнімді өте аз береді. Ал, орман-тоғайлы аймақтың жайылмалы өзен жағалауында керісінше, жақсы өсіп, өсімдіктің дені осы шөп болып келеді.
Қарабас шалғын суыққа, сондай-ақ топырақтың қышқылдығына төзімді. Сондықтан, ол құрғатылған сазды жөне батпақты жерлерде себуге әбден жарамды.
Малдың қай түрі болмасын оның шөбін, соңдай-ақ пішенін де суйсініп жақсы жейді.
Басқа шөптермен аралас сепкенде егісте 3—4 жыл, ал тыңайтқыш беріп жақсы күтімге алғанда 6—8 жылға дейін бір учаскеде өсе береді. Жаз бойы оны пішенге 2 рет шауып
алуға болады, ал жайылымға пайдаланғанда малды 3-4 рет қайталап жаюға келеді.
Бұл дақыл жоғары өнімді көп жылдық шөптер қатарынан саналады. Табиғи жағдайда оның жабайы өсіп тұрған шалғыны гектарына сай-салалы жерлерде 10-15, жайылмалы өзен алқаптарында 20-25 центнерге дейін пішен береді. Ал оның егістігінен өнім бұдан 2,5-3 есе артық алынады. Мысалы, Полярная төжірибе станциясында Қарабас шалғын пішенінің өнімі 40 ц-ге жеткен. Ылғалы мол, топырағы құнарлы жерлерде пішенге оны екі рет шауып алғанда, өнімі 90 ц-ге дейін жетеді. Сонымен бірге бұл шөптің тұқымыньң түсімі де жақсы. Орта шамамен алғанда гектарынан 3-4 ц, ал қолайлы жағдайда, тіпті 5-8 ц-ге дейін тұқым береді.
Казіргі кезде Қазақтанда Карабас шалғын көп себілмейді. Оның егісі ІІІығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде ғана шамалы көлемде кездеседі. Алайда, Қзақстанның таулы аудандарында кеңінен таратуға түрарлық дақыл. Мысалы, Қазақтың шабындық және жайылым ғылыми-зерттеу институтының шабындықты жақсарту және пайдалану бөлімінің Іле Алатауының Үшқоңыр жазығында жүргізген көп жылдық тәжірибесінде бұл өсімдіктен ұзақ уақыт гектарынан 50-70 центнерге дейін пішен альнған. Бұл тәжірибе теңіз деңгейінен 1800м биіктікте жүргізілген (Әубәкіров К. І987ж). Мұндай жақсы нәтиже жоғарыда айтылған институттың Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Тірек пунктінің зерттеулерінде де алынған. (1972-1982 ж.ж.).
Мал азығы үшін карабас шалғынды әдетте жаппай қатарлы әдіспен —ең қолайлы мерзім —көктемде себеді.
Топырақ дайындау, егісті күтіп-баптау т.б. агротехникалық шараларының айтарлықтай ерекшелігі жоқ.
Үйбидайық, (Райграс, Lоlіит)
Бұл мал азықтық шөп табиғатта жабайы түрінде бұрынғы Одақтың Еуропалық бөлігіндегі ылғалды аймақтарының шалғындықтарында, сондай-ақ Орта Азия тауларында, Батыс Закавказье кездеседі. Мәдени дақыл түріне айналғалы көп болғанмен, оның егісі әлі де болса кеңінен тарай қойған жок,
Үйбидайықтың үш түрі мәдени дақыл ретінде кездеседі: көп шабындық үйбидайық, биік бойлы үйбидайық және жайылымдық үйбидайық. Мұның үшеуі де тамыр жүйесі жақсы дамыған астық тұқымдастарға жатады. Бұлардың бірінен-бірін оңай ажыратуға болады.
Биік бойлы үйбидайық. Гүл шоғыры шашақбасты келеді. Масақшалары қос гүлді, оның төменгісінің ұзынша иілген қылтығы бар. Тұқымның көлденеңі 1,5 мм, ұзындығы 8-10 мм, түп жағында ақ сары түгі болады; мың тұқымның орташа салмағы 2 грамдай.
Биік бойлы үйбидайық үсік пен құрғақшылыққа төзімсіз келеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт су шаюға, көлеңкеде өсуге жөне жер асты ыза суының жақындығына да шыдамсыз келеді.
Сортаң және сазды топырақты жерлерден басқа жердің бәріңде жақсы өнім бере алады. Кыстап шыққан соң көктемде ерте көктейді, алайда мал жайылуын төзімсіз келеді.
Оны негізінен пішен үшін себеді.
Көп шабындық үйбидайық. Көп шабындық үйбидайықтьң жалпы сыртқы пішіні жатаған бидайыққа ұқсас. Гүл шоғыры күрделі масақ.
Жайылымдық үйбидайық жатаған бидайыққа ұқсайды. Бұның көп шабындық үйбидайықтың айырмасы — масақшалары да, тұқымы да майдалау келеді, мың тұқымының салмағы небары-1,8г, суармалы жерлерде оның егісіне жаз бойы 5-6 рет қайталап мал жаюға болады.
Үйбидайықтың алдыңғы екі түрі биологиялық ерекшеліктеріне сай, негізінен пішен үшін пайдаланылады. Өйткені, олар біріншіден мал тұяғына шыдамсыз болса, екіншіден биік болып өсетін өсімдігінің сабағының көптігінен жапырағы мейлінше аз болады, үшіншіден үйбидайықтың бұл түрлері бір жерде небары үш жыл ғана өседі.
Керісінше, жайылымдық үйбидайықтың түпкі жапырақгары мол болады да, оның үстіне мал тұяғына өте шыдамды келеді. Осыған орай оны негізінен өте жақсы мал жайылымдық шөп ретінде пайдаланады.
Үйбидайықтың бұл үш түрі де қысқа шыдамсыз, ылғалды мейлінше қалайтын өсімдіктер. Сондықтан оларды Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік—шығыс облыстарының суармалы жерлеріне ғана себуді ұсынуға болады. Мұнда жайылымдық үйбидайық кеңінен тарауы тиіс. Мәдени жайылым жасау үшін оны бедемен аралас себу жақсы нәтиже береді. Үйбидайықтың қай түрі болса да тыңайтқыш бергенде өнімін арттырады.
Бұл шөп өзінің биологиялық қасиеттері бойынша жаздық тұқымдас шөптер тобына жатады. Сондықтан ол тек көктемде ғана себілуі тиіс.
Тұқымы өте майда болғандықтан топыраққа небары 1-2 см ғана тереңдікте сіңіріледі. Бір гектар жерге тұқым себу нормасы 6-12 кг.
Бұл шөптің де сорттары республикамызда әлі аудандастырылған жоқ.
Дәріс. Солтүстік Қазақстанның шикізаттық конвейеріндегі (бал құмай) Шай жүгері
1 Шаруашылықта қолдану және өнім сапасы
2 Биологиялық ерекшеліктері
3 Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы
4 Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру
5 Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары
1 Шаруашылықта қолдану және өнім сапасы
Бал құмай жан-жақты қолданыла алатын жоғары өнімділігі бар жемшөп өсімдігі ретінде аса құнды дақыл. Өсімдік мүшелеріндегі қант мөлшерінің жоғары болуының арқасында ол таза күйінде де, қиын сүрленетін дақылдармен қоспа күйінде де сүрлеу үшін тамаша шикізат болып табылады.
М.Ф.Томмэнің (1964) берген мәліметтері бойынша, бал құмайдың жемшөптік мақсатта егілетін сорттарының жасуша шырынында 20%-дан астам қант болады екен. Бал құмайдың 100кг сүрлеуінде 22,8 жемшөптік бірлік және 1,2кг қортылатын протеин болады. Көкшетау АШҒЗИ тәжірибелік егісінде жасалған зерттеулер (Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., 1994) шоқылы-жазықты далада бал құмайды сүрлеуге өсірудің жоғары тиімділігін көрсетті. Жүгерімен салыстырғанда ол құрғақшылыққа төзімді, сонымен қатар егіп өсіру үшін еңбек және қаржылық шығынды аз қажет етеді. Оның ресурстарды сақтау қасиеті кең қатарлап себу кезінде себу нормасы бар болғаны 8-11 кг/га тұқымды құрайды, және де тұқым бағасы жүгеріге қарағанда едәуір арзан.
Сүрлемге пайдалану кезінде оны сүтті-балауызданып пісу фазасында жинайды, бұл кезде көк балауса аса жоғары жемшөптік сапасымен ерекшеленеді (1 кесте).
1- кесте
Даму фазасына қатысты алғандағы бал құмайдың химиялық құрамы
(Г.М.Шекун, 1964)
Даму фазасы
|
Абсолютті құрғақ заттағы мөлшері, %
|
протеин
|
май
|
жасұнық
|
күл
|
АСЗ
|
Сабақтану
|
8,60
|
4,24
|
24,68
|
8,12
|
54,36
|
Шашақгүлдің шығуы
|
7,97
|
4,04
|
27,19
|
5,24
|
55,52
|
Сүттеніп пісу
|
5,08
|
3,78
|
29,10
|
4,03
|
57,42
|
Сүтті-балауызданып пісу
|
6,67
|
3,62
|
25,67
|
4,08
|
59,88
|
Балауызданып пісу
|
6,50
|
3,37
|
28,31
|
3,67
|
58,15
|
Ескерту: АСЗ – азотсыз сірінді заттар.
Сабақ шырынындағы қанттың жиналуы гүлдену фазасынан басталып балауызданып пісуге дейін өте қарқынды жүреді. Бұл кезеңде қант мөлшері 2,0-2,5 есе артады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып құмайды сүтті-балауызданып пісуден балауызданып пісу кезеңіне дейін жинау тиімді.
Басқа астық тұқымдастар тәрізді, бал құмайға тән ерекшелік - өсу мерзімінде биомасса қоректілігінің өзгеруі болып табылады. өсіп дамыған сайын өсімдіктердің шикі протеинінің саны азайып (абсолютті құрғақ заттың массасына прценттік қатынаста), жасұнық саны көбееді. Басқаша айтқанда, қантты-протеиндік ара қатынас кемиді. Алғашқылардың бірі болып бұл ерекшелікке назар аударғандар – американдық зерттеушілер (M.B.Farhoomand, W.E.Wedin, 1968). Олардың мынаны анықтады, Небраска штатында (Солтүстік Америка) тәлімі жер жағдайында өсірілген бал құмай мен судан шөбін гүлдену және дән толысу фазасында орып алғанда протеиннің мөлшері сәйкесінше 17,3%-дан 11,3%-ға дейін өзгерген. Басқа мәліметтер бойынша (И.Г.Ефремова, 1989) шикі протеиннің ең үлкен концентрациясы кущение фазасынан бастап сабақтану фазасына дейін байқалған. Осы кезеңде ол 20 ... 22%-ды құраған. Шашақтану басталғанда оның концентрациясы 13,0 ... 16,0%-ға дейін, ал толық пісу фазасында 7 ...8%-ға дейін кеміген. Дәл осындай нәтижелер ортаазиялық ғалымдармен де анықталған (А.П.Олейник, Е.П.Ковалева, 1975). Олар бұл факторлардан басқа, сорттық ерекшеліктер мен қоршаған орта жағдайларының бал құмай құрамындағы ақуыз мөлшерінің өзгерісіне әсерін анықтады. Сондықтан соңғы жылдар практикасында бал құмайдың басқа дақылдармен, оның ішінде бұршақ тұқымдастырмен араласқан себулері қолданылады.
Бал құмайдың қытайбұршақпен, сиыржоңышқамен және бұршақпен араласқан сүрлемге жинауға арналған себулері түсімдегі протеиннің мөлшерін оптималды қатынасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қостанай АШҒЗИ ғалымдарының зерттеулері (В.А.Мельников, 1995) бал құмайдың тұқымдық бұршақпен араластырылған себулері 1990-1992 жылдары орта есеппен өнімділігі бойынша таза бал құмайдың өнімділігінен асатынын, ал протеиндер мөлшері (бір жемшөп бірлігіндегі қортылатын протеиннің грамының мөлшері) малды азықтандырудың зоотехникалық нормаларына сәйкес келетінін көрсетті.
Құмай жақсы дәнді пішендемелік дақыл болып та саналады. Ю.Н.Сидоровтың (2002) мәліметтері бойынша, Орынбор облысының жартылай қуаң егіншілігінде бал құмайды егіп өсіру, егер дәнді балауызданып пісу фазасында жинап отырса, пішендеме массасының жыл сайынғы жоғары және тұрақты өнімін алып отыруға жағдай жасайды. 1989-1995 жылдары орта есеппен өнімділік 33,1 ц/га абсолютті құрғақ затты, оның ішінде – 18,4 ц/га дәнді құрады. Осы кезеңдегі арпаның балауызданып пісу фазасындағы өнімділігі – тек 23,0 ц/га абсолютті құрғақ затқа аударылған жалпы биомассаны құрайды, оның ішіндегі дәні – 14,3 ц/га. Практика көрсеткендей, бал құмайды дәнді-пішендемелік конвейерде егіп өсіру энергетикалық құнды жемшөптердің тұрақты және біркелкі түсімін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар дәнді пішендемені дайындау әр дақыл үшін қолайлы мерзімде жүргізіледі, ал бал құмай есебінен жыл сайынғы жалпы жинаудың өзгеріс амплитудасы азаяды.
Малды көк балаусамен қоректендірудің көптеген тәжірибелері бал құмайдың жоғары жемшөптік қасиеттерін дәлелдейді. Көк балауса шашақтану фазасынан бастап толық піскенше шырынды болып, тез қортылады және жоғары деңгейде қоректі болады. Онда 70 ... 80% ылғал, 3,0 ... 3,5% протеин, 0,8 ... 1,0% май, 10 ... 18% қант және салыстырмалы түрде жасұнықтың аз мөлшері – 6 ... 8% болады. Құмай ақуызында мына негізгі амин қышқылдары табылған: лизин, метионин, триптофан, аргинин, лейцин, гистидин және басқалар. П.И.Шориннің (1976) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, бал құмайдың жапырақ-сабақты массасында мына фосфоры бар заттар болады: фитин, липоидалық және бейорганикалық фосфор, мал азықтандыруда үлкен мәнге ие калий және магнийдің минералды тұздары.
Бал құмай жайылымдық стадиядағы шикі ақуыздың ең үлкен концентрациясымен сипатталатыны анықталған. Шикі ақуыздың мөлшері 20%-ға дейін жетіп, өсімдіктің өсуіне қарай азаяды. Бұдан басқа бал құмайдың тағы бір ерекшелігі – шауып алғаннан кейін жақсы өсетіндігі. Бұл оны егіп өсірудің қуаң жағдайлары бар көптеген аймақтарда көк балауса конвейеріне енгізуге негіз болды. Құмай, кеш себілетін өсімдік болғандықтан, көк балауса конвейерінің керемет сақтық қоры болып табылады, әсіресе құрғақшылық жылдарында.
Республиканың оңтүстік аудандарының тәжірибесі мынаны дәлелдеді, көк жемге дер кезінде орылғанда (шашақтанудың басталу фазасы) құмай өсу кезеңінде 3 пішенге дейін бере алады (Т.С.Рахымбеков, В.М.Макаров, 1986; В.М.Макаров және басқалар, 1982; А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987). Көк массаның сапасы бойынша бал құмай көк жемшөп ретінде қолдануға сай келеді, ал қорытылатын протеиннің мөлшері бойынша және жалпы қоректілігі бойынша жүгеріден едәуір асып түседі (2 кесте).
2 - кесте
Шашақтану кезеніндегі құмай мен жүгерінің химиялық құрамы мен
құнарлылық құндылығы
Көрсеткіштер
|
Көк балауса
|
Сапаға қойылатын стандартты талаптар
|
жүгері
|
құмай
|
Құнарлы заттардың мөлшері, %
Су
Протеин
Ақуыз
Май
Жасұнық
Азотсыз сірінді заттар
Күл
|
74,9
2,1
1,5
0,6
6,1
14,5
1,8
|
70,0
3,5
2,3
0,8
8,2
15,3
2,2
|
83%-дан аз
1,5-тен артық
9,0-ден кем
|
100кг жемшөптегі мөлшері, кг қортылатын протеиннің жемшөп бірліктерінің
|
22,8
1,1
|
25,3
2,4
|
|
1 жемш. бірл. мөлшері
Протеин, г
|
48
|
95
|
|
Протеиннің қортылу коэффициенті
|
54
|
69
|
|
Ескерту: сапаға қойылатын стандартты талаптар ОСТ 10273-2001 «Көк
жемшөптер. Техникалық жағдайлар» салалық стандартының
негізінде алынды.
Жылдың жылы мезгілдерінде, әсіресе Солтүстік Қазақстанға тән шілденің басындағы жауын-шашыннан кейін, құмай шауып алғаннан кейін тез өсіпкөрпекөк береді. Құмай тұқымдастарының көптеген түрлеріне, оның ішінде бал құмайға тән биологиялық қасиет шабылудан кейін ылғалданумен байланысты қолайлы жағдайлардың болуына қарай ұзақ және интенсивті түптенуі. Егер құмайды түрлі мерзімдерде шауып отырса, суландыру арқылы көк балаусаны ұзақ уақыт алуға болады. Эксперименттер мынаны көрсетті (А.С.Каракальчев, Т.С.Рахымбеков, 1987) - өсімдіктің ең үлкен ұзындығы мен массасы негізгі ору 8 ... 10 см биіктікте жасалған жағдайларда байқалған. Бал құмайды көк конвейер жүйесінде егіп өсіруді жақтайтын тәжірибелер Батыс Қазақстанның да егіншілері мен зерттеушілерде де болды. Бұл аймақтың жағдайында суландырылған участоктағы бал құмай екі толық оруды қамтамасыз етті: біріншісінің өнімділігі жалпы өнімнен (360 ... 630 ц/га) 45 ... 60% -ды, екіншісінікі – 32 ... 45%-ды (280 ... 550 ц/га) көрсетті. Үшінші орудың өнімділігі зерттеу езеңіндежалпы өнімнен 65 ... 110 ц/га немесе 7 ... 9%-ды көрсетті. Сонымен қатар өсімдіктердің биіктігі 30 ... 50 см-ге жетіп, оны өріс ретінде қолдануға жол ашты. Белгілі болғандай, құмай басылып қалмай, тез өсіп кетеді, сондықтан да мал жайылымына жарайды.
Кең қатарланып себілетін сүрлемге арналған бал құмайға қарағанда, пішенге арналған құмайды қатарлап себеді. Мұндай себуде құмай пішен ретінде қолдануға болатын жіңішке сабақты массаны береді. Әртүрлі аймақтардағы көптеген зерттеулер және бал құмайды пішенге егіп өсірудің өндірістік тәжірибесі оның пішен өнімі бойынша судан шөбінен, итқонақтан және біржылдық астықтардан (қара бидай, сұлы және сұлының бұршақ тұқымдастырмен түрлі қоспалары) асып түсетінін дәлелдеді.
Бал құмай қант шәрбатын алуға қолданылады. Ол өз кезегінде кондитерлік өндірісте және күзгі-қысқы кезеңде малды азықтандыруға қолданылады.
Бал құмайдан алынған қант өз құрамы бойынша қызылша және құрақ қантынан кем түспейді, өйткені құрамында 10 ... 12% жеміс қанты және сондай мөлшердегі глюкозасы бар. Алайда ол құрамы бойынша едәуір ерекшеленеді. Егер қант құрағының шырынында сақтау кезінде кристалданатын сахароза ғана болса, онда бал құмайдың шырынында кристаллизацияны тежейтін көп мөлшердегі глюкоза мен еріген крахмал болады. Сондықтан құмай шырынынан кристалды құрғақ қант емес, глюкозаның үлкен мөлшеріне байланысты нәрлілік құндылығымен бағаланатын құмай қою шырыны мен сірне алынады. Қант әсіресе гүлдену фазасынан кейін интенсивті жиналады. Қанттың ең үлкен мөлшері дәннің балауызданып және толық пісу фазасымен сәйкес келеді. Дұрыс дайындалған қант қою шырыны 24% судан және 76% абсолютті құрғақ заттан тұрады. Оның ішінде 70%-ы қанттар: құрақ қанты (сахароза), жүзімдік (деустроза), жеміс қанты (левулеза).
Құмай қою шырынында сонымен қатар крахмал (3 ... 4%) және минералды заттар (2 ... 3%). Оны тағамдық, кондитерлік және консервілік өндірісте, сонымен қатар медицинада жемшөптік және нан пісіру ашытқыларын өсіру үшін және араларды азықтандыру үшін қолданылады.
Өнеркәсіптік өндірістің алғашқы нәтижелері үміттендіретін нәтижелер беруде. Мамандардың пікірінше, қант қою шырынын глюкоза мен жеміс қанты негізіндегі алкогольсіз сусындар, сонымен қатар сыра, қою шырын және басқа да ликерлы сусындарды жасауда қолдануға болады. Зерттеушілердің анықтау бойынша бал құмайдан қант дайындаудың өзіндік құны қант қызылшасынан гөрі анағұрлым төмен. Мұнда құмайдың қант қызылшасы суарусыз өсе алмайтын жерлерінде де өсетінін назарда ұстау қажет. Алайда бал құмайда өсіруді тежейтін, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Бұған қоса, бал құмайды сірне жасауға пайдалану және одан жасалған жемшөптік қосымшаларды мал азықтандыруға пайдалану жүзеге аса алатын міндет болып табылады.
Осылайша, бал құмайдың Солтүстік Қазақстандағы себілуін арттыру оны сүрлемдік конвейерде пайдалану перспективасын ашып, сонымен қатар көк жемшөп, пішен және дәнді пішендемеге өсіруге жол ашады. Бал құмай өсімдіктерінің био жиынтығы сірне және тағамдық қою шырын дайындауға шикізат бола алады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, шаруашылық жүргізудің жаңа экономикалық жағдайларында өзекті болып отырған, жоғары өнімділігімен және өндірістің төмен өзіндік құнымен қамтамасыз етіледі.
1.2 Биологиялық ерекшеліктері
Бал құмай – жаздық типтегі біржылдық өсімдік. Өсімдік өсіп дамуында мына негізгі фазалар айрықшаланады: өскіндер, 3-4 жапырақ, түптену, түтіктеніп өсу, шашақгүл шығару, гүлдеу және пісу (сүттеніп, балауызданып, толық пісу).
Сортына (буданына) және өсіру жағдайларына қарай оның өсу мерзімі 95 ... 100 күннен бастап 120 күнге дейін созылады. Т.С.Рахимбеков және А.С.Каракальчевтың (1988) классификациясына сәйкес өсу мерзімінің ұзақтығы тез пісетін сорттарда 95 ... 105 күн, орташа пісетіндерде – 106 ... 120 аралығында, кеш пісетіндердікі – 120 күннен артық.
Алайда солтүстік Қазақстан зерттеушілерінің жұмыстарында (Б.Г.Рамазанов, 1975; И.Ф.Костиков және басқалар, 1998; В.С.Горбуля, 2001) өсу мерзімі тек температуралар қосындысы мен күндер санынан ғана емес, себудің түрлі мерзімдерінен және егіп өсірудің ауыл шаруашылық зонасынан тәуелділігін анықтады. Пікірлердің әр түрлілігіне қарамастан, олардың барлығы мына тұжырымдарда түйіседі: фаза аралық кезеңдердің ұзақтығы температуралық режиммен, ал «өскіндер-түптену» және «шашақтану – сүттеніп пісу» кезеңдерінің ұзақтығы жауын-шашын мөлшерімен анықталады.
Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық зоналарына келесі классификацияны пайдалануға болады (3 кесте).
3 - кесте
Тез пісу белгісі бойынша бал құмайдың жіктелуі
Тез пісу типі
|
Жапырақ саны, бірл.
|
Температуралар қосындысы (өскіндер – сүт.бал.пісу), С0
|
Қолдануға жіберілген сорт (будан)
|
Белсенді (+100С артық)
|
Тиімді
|
Ерте пісетін
|
8-ге дейін
|
1900 ... 2000
|
500-ге дейін
|
-
|
Орташа ерте
|
9 ... 10
|
2000 ... 2300
|
510 ... 550
|
Кинельское 3
|
Орташа пісетін
|
11 ... 14
|
2300 ... 2500
|
560 ... 600
|
Алма-Атинский 81
|
Орташа кеш
|
15 ... 18
|
2500 ... 2800
|
610 ... 650
|
Ерте янтарь 161
|
Едәуір кеш пісетін типтердің температураларының қосындысы Солтүстік Қазақстанның агроклиматтық ресурстарының шегінен шығып кетеді.
Бұл жіктеу салыстырмалы болып табылады. Бұл біріншіден, бал құмай селекциясының сәттілігімен және қолдануға ұсынылған сорттар мен будандарды олардан да айрықшаларымен алмастырумен байланысты. Тез пісудің белгісі сорттың жапырақтарының санымен анықталады. Әр жапырақтың құрылуы үшін, тамыр орналасқан қабатта толық егістік ылғал сыйымдылықтың 60 ... 70% болған жағдайда, 130 ... 1600С белсенді температуралар қажет деп есептеледі. Өскіндер пайда болу үшін дәл осындай ылғалмен қамтылу жағдайында 160 ... 1800С белсенді температуралар немесе 10 ... 12 күн қажет.
Бал құмайдың басты тамыры жоқ. Жаз соңында өсімдіктер жіпшелері мен тамыр түйіндері өте көп, қарқынмен дамыған тамырлық жүйесін дамытады, және сол арқылы топырақтың ылғалы мен онда еріген минералды заттарды жақсы қолдана алады. Қоректік заттарды сорушы қызметті атқаратын тамырдың негізгі бөліктері топырақ бетінен 80 см қашықтықта және одан терең орналасқан. Осының салдарынан бал құмай топырақ көкжиектерінен басқа дақылдық өсімдіктер ала алмайтын ылғал мен қоректік заттарды алуға мүмкіндік алады.
И.О.Байтуллиннің (1976) қара-талшын топырақтарды суландыру жағдайында және де тәлімі жерде жасаған зерттеулерінің нәтижесінде жинақталған үлкен эксперименталды материал бал құмайдың тамыр жүйесінің дамуының ерекшеліктерін толық сипаттайды. Өсу мерзімінің басында, алғашқы 30-40 күнде, бал құмайдың тамыр жүйесінің өсуі өте қарқынды жүретіні анықталды: өскіннің пайда болу уақытына қарай тамырша 20-25мс тереңдікке дейін кіреді, ал 4-5 жапырақ фазасында тамырлар едәуір ұзын болады және 50см –ден астам тереңдіктен өсімдікті қоректік элементтер және ылғалмен қамтамасыз етеді. Дәл осындай нәтижелер Солтүстік Кавказда (П.М.Шорин, 1981; В.В.Метлин, 1988) жасалған зерттеулерде де алынған. Бұл ерекшелікті сүрлемдік дақылдардың топырақтық профильді түрлі тереңдікте пайдалануға бағытталған бірлескен егістерінде пайдалана бастады.
Тамыр жүйесінің басқа ерекшелігі – орып алудан кейін көрпекөктің өсуін қамтамасыз ететін ұзақ өміршеңдігі.
Бал құмай құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік болып табылады. Оның жапырақтары өз құрылымдарының арқасында жоғары температуралар мен ауаның құрғақтығын жақсы көтереді. Басқа дақылдармен салыстырғанда оның тұқымдары топырақтың ең аз ылғалдылығында өне алады: олардың бөртуі үшін тұқымның жалпы салмағынан тек 25% құрайтын суды қажет етеді. Жүгері үшін бұл минимум - 40%-ды, ал бидай үшін – 55-60%-ды құрайды. Бал құмайдың ең көп су қажет ететін кезеңі түтіктеніп өсуден сүтті-балауызданып пісуге дейін жалғасады.
Су пайдалану жиынтығы (транспирация және топырақ бетінен булану) бал құмайды сүрлем өндірумен айналысатын көптеген аудандарда «сақтандырушы» дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл барлық жылдары, тіпті ерекше қуаңшылық жылдары кепілдендірілген жоғары өнім алуға жол ашады. Барлық географиялық аймақтарға тән құрғақ және қуаң ауыл шаруашылық зоналарда сүрлемдік дақылдардың ішінде, құмай-судандық буданды есептемегенде, бал құмай ең жоғары өнім береді.
Батыс Сібірдің оңтүстік орманды-далалы зонасындағы зерттеулерде (В.Д.Васильевский, 1990) бал құмайдың өнімділігі және 10 маусым-10 тамыз аралығындағы жауын-шашын арасында (яғни түтіктеніп өсуден шашақтануға дейін ) ара қатынастың барын анықтады.
Солтүстік Қазақстан жағдайында бұл кезең жауын-шашын түсудің шілделік максимумына дәл келеді. 1ц абсолютті құрғақ затты қалыптастыруға салыстырмалы түрде үнемді ылғал жұмсап, бал құмай өніммен бірге аудан бірлігінен ылғалдың едәуір мөлшерін алып шығады. Бұның мәнісі мынада, оның 1 га-дан шығатын абсолютті құрғақ затының шығымы суарылмайтын егіншілік жағдайында дәнді дақылдардың өнімінен 2,0 ... 2,5 есе асады. Сондықтан да бал құмай өз өнімімен барлық ылғалды жинап, сақтауға қатысты агро тәсілдердің орнын толтырады.
Бал құмай жылуды жоғары қолдануымен ерекшеленіп, тек құрғақшылыққа төзімді ғана емес, ыстыққа да төзімді дақыл болып табылады. Бал құмайдың ең тез пісетін сорттарына егуден пісуге дейін 2400 ... 26000 +100С-ден артық белсенді температуралар қажет, ал аймақтағы едәуір жылумен қамтылған Павлодар облысының оңтүстігі мен Ақмола облысындағы (бұрынғы Торғай облысы) егіншілік аудандарда белсенді температуралар саны 2300 ...24000-ты құрайды. Сондықтан да бал құмайды егіп өсіру толық пісіп жетілетін Қазақстанның оңтүстік облыстарынан алынатын шеттен жеткізілген тұқымдар негізінде жүргізіледі.
Тұқымның өнуі +8 ... +100С температурада басталады, алайда өсу мен дамудың қажетті температурасы +26 ... +280С шегінде, ал ассимиляцияның жоғарғы шегі +400С-де белгіленеді.
Қуатты және тереңге сіңген тамыр жүйесінің арқасында аңызақ кезеңінде ешқашан анабиоз2 жағдайы байқалмаған. Солтүстік Қазақстанда шілде-тамыз айларында белсенді жел режимінде, топырақ және ауаның құрғақшылығы негізінде, +250С –ден жоғары температурада негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері мен күнбағыста жапырақтардың бүріспесі мен қурауы байқалып, ассимиляция үрдісі мүлдем тоқтайды. Аңызағы бар күндердің саны 2-ден 8-ге дейін жетіп, ауыл шаруашылық зона мен нақты жылдың жағдайларына тәуелді болады. Бал құмай өсімдіктері +28 ... +320С температурада, басқа сүрлемдік дақылдардың өсімі температуралар әсерінен тоқтап, тіпті қайтпайтын үрдіске жететін төтенше жағдайларда ассимиляциясын жалғастырады. Солтүстік Қазақстанда егілетін өсімдіктер арасында осы қасиеті бойынша оған тең келетін өсімдік жоқ. Құрғақшылыққа және қуаңшылыққа төзімділігін ғалымдар оның экваториалды Африкадан шығу тегімен байланыстырады. Сонымен қатар құрғақшылыққа төзімділіктің қатаң селекциясын бал құмай Қытайда, Үндістанда және де Орталық Азияда өтті. Мұнда бал құмай дақылы бірнеше ғасырдан бері белгілі болып келген.
Бал құмай өсімдіктерінің маңызды биологиялық ерекшеліктері олардың жақсы көктеуі немесе түптелу қабілеті. Біржылдық жемшөп дақылдары ішінде ол ең жақсы түптелу қабілетімен ерекшеленіп, тек судан шөбінен қалыс қалады. 12 см-ден кем емес биіктікте орғаннан кейінгі қолайлы жағдайларда немесе жануарлармен дұрыс басылғаннан кейін бал құмай өсі кезеңінде 2-3 толық ору немесе көк балауса береді. Түп энергиясы қоректену ауданына, топырақтың ылғалмен және қоректік элементтермен қамтылуына және ең бастысы – азотпен қамтылуына тәуелді.
Солтүстік Қазақстанде егетін басқа жемшөп дақылдарымен салыстырғанда бал құмай топырақ талғамайды. Ол жеңіл топырақта, сонымен қатар ауыр және сазды, тіпті тұзды топырақта да өніп, жақсы өнім береді. Алайда ол батпақты топырақты көтермейді, жақын маңайында ыза сулары бар және қышқылды топырақта нашар өседі.
Бал құмай басқа егіс дақылдарына қарағанда топырақтағы тұздердің жоғары концентрациясын жақсы көтеретіндіктен, ол тұзды топырақтарды игерудегі ең бағалы өсімдіктердің бірі болып саналады.
БДШҒЗИ-ы Солтүстік Қазақстанның далалы зонасының шалғынды-сортаң топырақтарында жасаған жемшөп дақылдарының тұздануға төзімділігін зерттеу тәжірибелерінде бал құмайдың өнімділігі басқа дақылдарға қарағанда жылдар бойынша 1,7 ... 2,2 кем түрленгенін көрсетті.
Тұздылыққа деген жоғары төзімділік бал құмайдың тамыр жүйесінің биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ұсақ тамыршаларының саны мен сору күші бойынша бал құмай жүгері және күнбағыс тәрізді сүрлемдік дақылдардан 1,5 ... 2,0 есе асып түседі.
4 - кесте
Жемшөп өсімдіктерінің тұзға төзімділік дәрежесі (Б.Б.Шумаков, 1977)
Дақыл
|
Тұз мөлшері, топырақтың метрлік қабатының массасына шаққанда - пайызбен
|
Тұзға төзімділік градациясы
|
Жүгері
|
0,1 ...0,4
|
әлсіз
|
Жоңышқа
|
0,4 ... 0,6
|
орташа
|
Бал құмай
|
0,6 ... 0,8
|
күшті
|
Алайда, биожиынтықты интенсивті жинау және дақылдың жоғары өнімділігі тыңайтқыштардың едәуір нормаларын енгізуді қажет етеді. Практика көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіруде тапшылық ететін қоректік элемент – азот болып табылады.
3 Сүрлем ретінде егіп өсіру технологиясы
Бал құмайды егістік және ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырады. Ең жақсы ілгергі дақылдар – күздік және жаздық масақтылар, дәнді бұршақ тұқымдастар, біржылдық шөптер. Оны өнімді сақтау орындарына жақын жерлерде, ферма маңындағы ауыспалы егістерде орналастырған экономика жағынан үнемді, өйткені жинау кезінде жүк тасудың үлкен көлемдерін қажет етеді.
Ол жаздың бірінші жартысында баяу дамып, арам шөптермен әлсіз бәсекелесетіндіктен, участок таңдаған кезде егістіктің тазалығына үлкен талап қойылады. Ілгергі дақылдар ретінде кеш жазғы біржылдық дақылдармен қоқыстанған участоктарды алуға болмайды. Қоқыстану деңгейі зияндылықтың шегінен шықпау керек: біржылдықтар – 20 дана/м2 –тан аспайды, тамыр өркендететіндер – 5 дана/м2-қа дейін. Арамшөптермен күрес комплексі бұның алдындағы егістерді де қамту керек.
Құмайды күнбағыстан кейін екпеген жөн, өйткені күнбағыс қорден шығарады және топырақты үлкен тереңдікке кептіреді. Сонымен қатар судан шөбі, итқонақтан кейін және де бір жерге қайталап екпеген дұрыс. Бұл дақылдар ортақ кеселдермен ауырады, сондықтан бал құмайдың қаракүйе және бактериозбен зақымдалу қаупі бар.
Ілгергі дақыл ретіндегі бал құмайдың мәні оны егіп өсіру мақсатына байланысты (сүрлемге немесе көк шөп). Көк конвейерге салынып, көк шөп ретінде өсірілетін бал құмай егісті негізгі өңдеу үшін салыстырмалы түрде ерте босатады, және де ылғалдың жиналуы мен жазғы-күзгі кезеңде оны арам шөптен тазартуға мүмкіндік береді. Дұрыс күтіліп, дер кезінде жиналған болса бал құмай бұл жағдайда басқа дақылдар үшін жақсы ілгергі дақыл бола алады.
Сүрлемге егіп өсіруде құмай жоғары өнім береді. Абсолютті құрғақ заттың шығымы басқа негізгі дәнді дақылдардың өнімділігінен 2,0 ... 2,5 есе асады. Осыған байланысты ол топырақтан қоректік заттардың үлкен мөлшерін алып оны қатты құрғатады. Сүрлемге арналған бал құмайды жинау қыркүйектің соңына келеді, ал бұл – сүрлемнен шыққан егістегі топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін кеш мерзім болып табылады. Осы агротехникалық ерекшеліктерді ескере отырып, еуропалық аймақтардағы ғалымдар сүрлемдік құмай дәнді дақылдар үшін нашар ілгергі дақыл деп есептейді. Сондықтн ұсыныстарда (И.Н.Елагин, Б.Г.Димиденко, 1963; П.М.Шорин, 1976) бал құмайдан кейін егісті сүрге немесе сүрі жерде болатын дақылдарға беру айтылған. Бұл көзқарасты кейбір американдық ғалымдар да (П.Д.Уолтон, 1986) қостады. Көмірсулардың едәуір мөлшері жиналған тамыр қалдықтарының көп жиынтығы азотты игерудегі өсімдіктермен бәсекеде зор мәнге ие микроағзалар үшін энергия көзі болып табылады.
Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа-райы жағдайлары еуропалық аймақтардан айрықшаланады. Біріншіден, негізгі өңдеу жүйесіндегі арам шөптермен күрестің келешегі жоқ, өйткені жинаудан кейін барлық егіс дақылдарына тән қысқа аязсыз кезең қалады. Екіншіден, Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы және орташа қуаң далалы ауыл шаруашылық зоналарында өсу кезеңінің соңында барлық өсірілетін дақылдар топырақтағы өнімді ылғалдың барлық қорын бітіреді. Мұнда ылғалмен толығу кеш күздегі және қысқы жауын-шашындар есебінен жүреді, ал себу басында топырақтың ылғалдылығы бірдей болып, ілгергі дақылға тәуелді болмайды.
Егер бал құмайды тамырлық және аңыздық қалдықтарды жинау тұрғысынан қарастыратын болсақ, дәнді ілгергі дақылдарға қарағанда оның артықшылықтары бар. Сондықтан құмайдан кейінгі арпа мен сұлы, сүрі жерге үшінші болып егілген жаздық бидаймен бірдей өнім берген.
Бал құмайды егіп өсіруде негізгі өңдеу ретінде сыдыра қопсытуды пайдалану осы аймақтағы климаттың ерекше жағдайларына байланысты. Оның жер жыртудан артықшылықтары ғылыми негізделіп, өндірістік тәжірибемен расталды.
Тәжірибе көрсеткендей, тұқымдарды егуге дайындаудың міндетті тәсілі ретінде себу алдындағы дәрілеуді өткізу керек. Әсіресе бұл республиканың солтүстік облыстарының территориясындағы Қазақ ұсақ шоқылы жерлері далалы бөлігінің ерекше жағдайларына қажет. Мұнда көктемгі топырақтың +80...+100С қызуы 2-6 күнде күрт суулармен ауысып отырады. Ең тиімді тәсілдер безендіру немесе тұқымды қабықшамен қаптайтын қоспалармен жабу. Комплексті қаптауді қолдану бір операцияда тұқымдарды өңдеудің бірнеше тәсілдерін біріктіріп, барлық компоненттердің аз шығыны (пестицидтер, микроэлементтер, өсуді үдеткіштер) мен олардың әрекетінің үлкен әсерін қамтамасыз етеді.
Солтүстік Қазақстанға тән ауа және топырақ температурасының ауысымында бал құмайдың тұқымдары көпке дейін өскін бермейді, сондықтан тұқымдарды жылы ауада жылыту мен сапалы безендіру жоғары өнім алу үшін маңызды және қажетті агрошара болады.
Ассимиляция үрдісінде бал құмай үлкен мөлшердегі биожиынтық түзеді, сондықтан көп қоректік заттар қажет етеді. Бал құмайдың өсуі мен дамуы үшін шашақтану мен сүтті-балауызданып пісу кезеңдерінің аралығында қоректік заттармен жеткілікті қамтылуы өте маңызды. Азот жетіспегенде, әсіресе шашақгүл шыққанда және дән пісер кезде, бал құмайдың өсу массасының өнімділігі күрт төмендеп кетеді.
Көкшетау АШҒЗИ мәліметтері бойынша (И.Костиков, В.Юстус, 1990), азотты тыңайтқыштардың қажетті нормасы – N60 , фосфорлы - P60 кг. Осындай мөлшерде шоқылы-жазық зонадағы кәдімгі қара топыраққа түйіршікті суперфосфатты және аммиак селитрасын енгізгенде, тыңайтқыштар ең үлкен өніммен орнын толтыруды қамтамасыз етеді. Ал жинау кезіндегі нитраттардың мөлшері ең аз қалдық мөлшерден едәуір төмен болады.
Азотты тыңайтқыштарды енгізуді СЗС-2.1. сепкіші көмегімен себу алдындағы қопсытумен бірлестіріп, себу алдында жасаған жөн. Азоты тыңайтқыштарды қоректендіру әдісімен енгізу тиімсіз, ал кейбір жылдары бал құмайды перспективалы егіп өсірудің ауыл шаруашылық зоналарында өнімге тіптен пайда келтірмейді.
Фосфорлы тыңайтқыштарды СУПН-8 сепкішімен немесе түйіршіктелген күйде СПЧ-6 көмегімен бір мезгілде себу ыңғайлы.
Калий тыңайтқыштарына деген қажеттілік тумайды, өйткені оңтүстік және кәдімгі қара топырақтағы К2О-ң қортылатын формалары топырақтың 400-600 мг/кг-н құрайды. Калиймен қамтылу 50 ... 80ц/га абсолютті құрғақ зат деңгейіндегі өнім алуды қамтамасыз етеді.
Бал құмайдың тұқымдары өскін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар тұқым егілген тереңдіктегі +8 ... +100С температурада және топырақтың жоғары қабатының (0 ... 10 см) 18 ... 20% -тен кем емес ылғалдылығында қалыптасады. Қысқы аяздардың қайтуын ескере отырып, бал құмайды егуді Павлодар және Ақмола облыстарының құрғақ далалы зоналарында 10 мамырдан, ал басқа зоналарда – 15 мамырдан ерте бастамау керек.
Алайда құмайды өскін беру кезеңінде арамшөптерден, кеселдерден және зиянкестерден қорғау тәсілдерінің жетілуі ерте себу есебінен ерте көктемдегі кезеңнің белсенді температураларын толық қолдану мүмкіншіліктерін ашады. Осылайшы сүтті-балауыздануп пісуге жетуді кепілдендіріп, нәтижесінде өнімді арттыруға болады.
Бал құмайды егу нормасы мен себу әдісін таңдағанда көптеген зерттеушілер нәтижедегі өнімнің өндірістік қолданылуын ескеруді ұсынады: көк шөпке, пішенге, пішендемеге жіне сүрлемге. Көк шөп пен пішенге өсіруде құрылымы бойынша жасұнықтың аз мөлшері бар, жапырақтанудың жоғары пайыздары мен жіңішке сабақты массасы бар өнімді алу қолайлы.
Б.Н.Малиновскийдің (1992) жұмыстарының нәтижесі бойынша көк шөп үшін бал құмайды себудің ең қолайлы тәсілі – қатарлап себу. 15 ... 30 см қатараралық себуде ол жақсы жапырақтанған жіңішке сабақты массасы бар өнім береді. Қатарлап егуде бал құмайдың маңызды биологиялық ерекшелігі ашылады: оның ұзақ уақыт бойы түптенуі, ал орып алғаннан кейін интенсивті өркендеуі. Сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы әр өсіру зонасы үшін жеке анықталып, ылғалдану, топырақтық қоректену, егістердің қоқыстану жағдайына байланысты болады. Осылайша, Солтүстік Кавказ үшін сабақ жиілігінің қолайлы қалыңдығы 1 га-ға 350 ... 450 өсімдік аралығында өзгереді, Поволжьеде – 300 ... 350 мың дана/га, Куйбышев облысы бойынша – 230 ... 240 мың дана/га, Қазақстанның оңтүстік –шығысының суарылатын егістерінде – 200 мың дана/га.
Сүрлемге өсіруде, салалық стандарттың талаптарына сәйкес, биожиынтықта қанттың жоғары пайызы болуы және аудан бірлігінен өнімнің максималды шығымы болуы қажет. өнім сапасы бойынша бал құмай бұл талаптарға сүтті-балауызданып пісу кезеңінде жауап береді. Онда жасушалық шырындағы қант мөлшері артып, өнімділік максималды деңгейге жетеді.
Көк шөпке қарағанда сүрлемге өсіру үшін көптеген елдерде кең қатарлап егуді қолданады. Қатараралық ені 50-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Солтүстік Қазақстанның шоқылы-жазық зонасында (Е.Д.Оспанов, 1996) 1994-1996 жылдары орта есеппен алғанда бал құмайды сүрлемге еккенде жинау басында 100 мың өсімдік қалыптасқан ең үлкен өнім алынды. Сүрлемге егудегі себу тәсілін таңдағанда егіс алқабының қоқыстануының үлкен мәні бар. Кең қатарлап егудің артықшылығы өсу кезінде арамшөптермен күрес мақсатында қатарлар арасында өңдеу жүргізу мүмкіндігінің болуында. Арамшөптерден таза егістерде аудан бойынша өсімдіктердің біртекті таралып өсуін қамтамасыз ететін тәсілдер қолайлы болып табылады.
Шоқылы-жазық зона жағдайында (В.А.Юстус, 1991) ең үлкен өнім қатараралықтар 60 см болғанда алынатыны белгілі болды.
Аймақтағы құрғақ далалы және орташа қуаң даланың ерекшелігі - ауа массаларының белсенді циркуляциясы негізінде топырақтың жоғарғы көкжиегінің кебуіне әкеліп соғатын көктемгі аңызақтардың болуы. Мұндай жағдайда, себу кезінде минималды тереңдікке салынатын басқа ұсақ тұқымды дақылдар тәрізді, бал құмай өскіндері сирейді. Көпжылдық практикалық тәжірибе тұқымдарды 5 ... 7 см тереңдікке егуді ең қолайлы деп санайды. Ставрополь егіншілерінің тәжірибесі назар аударуға тұрарлық, мұндай жағдайларда, көктем аңызақтары басталсымен, олар құмайды атызашқышпен жабдықталған сепкіш көмегімен атызға себуді қолданған.
Егісті күту шаралары екі негізгі міндетті атқарады: топырақтағы ылғалды сақтау және қоқыстанумен күресу. Сепкеннен кейін, араға уақыт салмастан, егістің себілген бөлігін тығыздау керек. Тығыздау арқылы тұқым орналасқан топырақ зонасы нығыздалады, ылғалданудың қолайлы жағдайлары жасалады, егістің беті тегістеледі. Бұл бұдан кейінгі жұмыстар үшін, әсіресе, егісті тырмалау үшін өте маңызды.
Құмай егісін қатараралық өңдеуді қатаршаларды нақты белгілегеннен кейін, қалыпты жағдайда 3-4 жапырақ шыққанда жасайды. Ол осы фазада арамшөптерге ерекше сезімтал, өйткені оларға бәсекелестігі төмен.
Арамшөптермен күрес арамшөптік өсімдіктердің ботаникалық құрамына, және ауыспалы егіншіліктегі орналасуына қарай механикалық және химиялық әдістердің ғылыми негізделген жиынын пайдаланғанда тиімді болады.
Қазіргі кезде жаппай әдістің орнына гербицидтерді жолақтап, механикалық әдістер аз әсер ететін қатаршаның «қорғаныштық» зонасына ғана енгізеді. Барлық басқа арамшөптермен күрестің агротәсілдері (себу алдындағы қопсыту, егісті өскінге дейін және өскіннен кейін тырмалау, қатараралықтарын механикалық өңдеу) аймақта ұсынылған егіп өсіру технологиясына сәйкес жасалады.
4 Бал құмайды аралас егуде және сүрлемдік конвейерде егіп өсіру
Бал құмайдың тамыр жүйесінің шағын болып қалыптасуы, ауданы бойынша шамалы болып, тереңге сіңетіндігі басқа дақылдармен араластырып егуде жағымды қасиет болып табылады. Аралас егуге құмайдың жаздың бірінші жартысындағы баяу дамуы да жағдай жасайды, өйткені бұл кезде басқа дақылдар өнімін интенсивті арттырып, қоректік заттарды көп қажет етеді.
Қостанай облысының далалық зонасындағы тәжірибелерде (В.А.Мельников, 1995) таза құмайдың өзін егуден гөрі оның жемшөп дақылдарымен аралас егілген егістерінің артықшылықтары көрсетілген. Қоспалардың өнімділігі таза құмай өнімділігінен 20 ... 25%-ға артық болған. Қортылатын протеинмен ең үлкен қамтылуына астық және бұршақ тұқымдастардың бірдей қатынасында (50:50) қол жеткізілген.
Таза күйде егілген әр компонентпен салыстырғанда, өнімділіктің артуымен қатар, аралас егістер жоғары сапалы сүрлем дайындауға жарайтын құрғақ заттың стандартты концентрациясы бар биожиынтық береді.
Көкшетау ауыл шаруашылық ҒЗИ мәліметтері бойынша (Е.Д.Оспанов, 1996), бал құмайдың итқонақпен және судан шөбімен араласқан егістерінде абсолютті құрғақ заттың мөлшері бал құмайдың жеке егісінен едәуір артық болған.
Ғылыми және өндірістік тәжірибе бал құмайдың жүгерімен аралас егістерінің жоғары тиімділігін растайды.
5 - кесте
Сүрлемдік дақылдардың орналасуының олардың өнімділігіне әсері, ц/га
Себулердің орналасу тәсілдері
|
Зерттеу кезеңі
|
1993ж
|
1994ж
|
1995ж
|
1996ж
|
1993-1996ж
|
Көк балауса
|
Құмай, жеке себу
|
334
|
356
|
180
|
159
|
257
|
Жүгері, жеке себу
|
313
|
353
|
143
|
170
|
244
|
Құмай+жүгері, қатар аралық себу
|
355
|
397
|
165
|
162
|
270
|
НСР05
|
14,0
|
21,1
|
16,9
|
20,3
|
|
Абсолютті құрғақ зат
|
Құмай, жеке себу
|
50,8
|
60,6
|
47,5
|
35,1
|
48,5
|
Жүгері, жеке себу
|
66,6
|
53,6
|
32,0
|
44,4
|
49,1
|
Құмай+жүгері, қатар аралық себу
|
75,7
|
65,8
|
56,0
|
52,3
|
62,4
|
НСР05
|
2,8
|
4,1
|
4,3
|
5,0
|
|
Жүгеріге қарағанда қуаңшылыққа төзімді болғандықтан құмай құрғақшылық жылдарында жүгеріде жетпеген өнімнің орнын толтырады. Жүгерінің бал құмаймен аралас себулерінің агротехникасының бал құмайдың жеке себілу агротехникасынан айырмашылығы жоқ. Жүгері мен бал құмайды себуді себу нормаларына сәйкес жүргізіп, сабақ жиілігінің арасын сәйкесінше 1 га-ға 60 және 100 мың етіп қамтамасыз етеді. Аралас егістерге сүрлемдік конвейердің жалпы ауданының 20%-н ғана алуға болады, өйткені оларды жинау ең соңғы мезгілдерде жүргізіледі.
Соңғы уақытқа дейін сүрлем дайындау жүгеріні егіп өсіруге негізделіп келді, ол өз кезегінде дара дақыл3 ретінде жыл сайын тұрақты өнімді қамтамасыз ете алмады. Жүгерімен салыстырғанда бал құмай температураның жоғарылауынан болатын өте қуаңшылықты жылдарда өте жақсы өнім береді. Сондықтан да соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанда, жеке жағдайда, шоқылы-жазықты зонада, бал құмайды сүрлемдік конвейерді тұйықтайтын дақыл ретінде өсіре бастады (И.Ф.Костиков, 2000).
Эксперименттік мәліметтер (6 кесте) мұндай ковейердің ауыспалы егіншілік ауданының өнімділігі әр дақылдың төтенше ауа-райы жағдайларына қарсы тұру биологиялық ерекшеліктерін пайдалану есебінен артатынын дәлелдейді.
6 - кесте
Конвейерлік өндірістегі сүрлемдік дақылдардың өнімділігі (1992-1995жж)
Дақыл және жинау мерзімі
|
Өнімді есепке алу күні
|
Ылғалдылық, %
|
Абсолютті құрғақ заттың өнімділігі ц/га
|
1га шығымы, ц
|
Жемшөп бірліктері
|
Қортылатын протеин
|
Жүгері (бақылау)
|
Жүгері
Орта есеппен
О.і.
Жинау басында
Жинау соңында
НСР05
|
20-22 VIII
3-5 IX
|
79,0
72,5
|
50,0
39,1
61,3
4,0
|
47,1
34,2
58,2
|
4,0
3,1
4,3
|
Сүрлемдік конвейер
|
Жүгері
Күнбағыс
Бал құмай
Орта есеппен
НСР05
|
25-27 VIII
18-20VIII
3-5 IX
|
73,9
75,5
75,2
|
56,1
55,4
50,3
55,2
3,1
|
51,2
50,2
50,3
50,6
|
4,4
6,2
5,3
5,0
|
Сүрлемдік конвейерді құраушы дақылдар бірдей аудандарды алып жатпай қандай да бір болатын ауа-райының жағдайына байланысты таралатын болса, оның өнімділігін едәуір өсіруге болады. Мысалы, шоқылы-жазық зонадағы күн белсенділігінің және күзгі суықтардың кеш түсуінің жылдарының саны 30 жылдың 8-н құрады (1961-1990жж). Яғни, сүрлемдік конвейерде жүгері мен күнбағысқа қолайсыз жылдар жиілігіне сәйкес бал құмайға 26%-ды қалдырған дұрыс.
Бал құмайдың перспективалы сорттары мен будандары
Қазақстанның солтүстік облыстарында өндіріске қолдануға жіберілген бал құмайдың будандарын жасаудың осы аймаққа тән ерекшеліктері бар. Оларды тұқымдарын қысқа жаз жағдайында алу мүмкін болмайтын, тектік формалар құрамына кіретін, орташа және кеш пісетін топтар негізінде республиканың оңтүстігінде жасайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда олардың ішінен зерттеліп, ғылыми-негізделген модель бойынша ең перспективалылары салыстырмалы бағаланып, таңдалады.
Параметрлер құрамына Солтүстік Қазақстанның климаттық жағдайларында суыққа төзімділікке тәуелді болатын егістік өскінденуі кіру керек (егістік өскіндену мен топырақ температурасы арасындағы корреляция коэффициенті ). Көктемгі кезеңде топырақ пен ауа температурасының күрт жоғарылауы, әдетте, өте күрт, бірақ қысқа мерзімді суытулармен алмасып отырады. Сондықтан бұл аймақтың қиын климаттық жағдайларында перспективалы будандарды тек тез пісушілігінен ғана емес, ауыспалы температураларға төзімділігі тұрғысынан да таңдау қажет.
Әр ауылшаруашылық зона үшін перспективалы буданның технологиялық қасиеттері мен өнімділігінің параметрлері жекелеп жасалуы қажет. Қолдану мақсаты мен өсу кезеңінің ұзақтығына қарай бір-бірінен ажыратылатын сорттардың көп түрлігігі осы себептермен түсіндіріледі.
Бал құмайды Қазақстанның солтүстік облыстарында көбіне сүрлемге өсіреді. Сондықтан перспективалы будандарға қойылатын талаптар басқа дақылдармен бірдей. Бұл аймақтың өндірістік жағдайларында мына қасиеттер бағалы болып саналады: тез пісу, құрғақшылыққа төзімділік, жоғары өнімділік, абсолютті құрғақ заттағы протеиннің мөлшері 15%-дан кем емес, бастапқы кезеңдегі биожиынтықтың өсуінің жылдамдығы.
Бал құмайдың және басқа сүрлемдік дақылдардың түрлі сорттары мен будандарына жасалған экологиялық сынақтардың нәтижесінде (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 1998) 1990-1997 жылдары келесі мәліметтер белгілі болды:
7 - кесте
Бал құмай және құмай-судандық будандардың 1990-1994 жылдардағы
өнімділігі (И.Ф.Костиков, Е.Д.Оспанов, 2003)
Сорт, будан
|
өнімділік, ц/га
|
Көк балауса
|
Абсолютті құрғақ зат
|
ц/га
|
%
|
Цунами 85 (St)
|
352
|
60,0
|
17,0
|
Ставропольдік 36
|
412
|
90,9
|
22,0
|
Камышиндік 8
|
413
|
92,8
|
22,4
|
Қаскелеңдік 1
|
494
|
96,0
|
19,4
|
Қазақстандық 16
|
300
|
35,1
|
11,7
|
Қазақстандық 1
|
468
|
52,4
|
11,1
|
Алматылық 81
|
340
|
59,7
|
17,5
|
Ұжымдық 10
|
477
|
73,1
|
15,5
|
НСР05
|
73,6
|
12,0
|
|
Ескерту: кестеде шоқылы-жазықты даладағы экологиялық сынақ нәтижелері берілді.
Цунами 76. Жүгері БҒЗИ (Днепропетровск қ., Украина) және шалғынды-жайылымдық Қазақ ҒЗИ-ның ортақ селекциясында дәндік құмайдың Аласа (низкорослое) 93 және Днепропетровтық 69 стерильді топтарын будандастыру нәтижесінде алынды. Гибрид биік өседі (3,5 ... 4,0 м). Жақсы жапырақтанған, сабағы –жасыл, 14-15 буынаралықтары бар. Сабақ шырынындағы қанттың мөлшері – 10-12%.
Шашақгүл –тік тұратын (26-30 см), қопсыған, құба-қоңыр түсті. Дәні дөңгелек, сары құба, қабықшалы, ақ эндоспермалы.
Орташа кеш пісетін. Алматы облысында аудандастырылған.
Алматы облысының Іле суармлы участогындағы сынақ жылдарында көк балаусасының өнімділігі стандартты Сүрлемдік 72 буданынан 59 ц/га артық болып, 1154 ц/га-ды құрады. Көкшетау АШҒЗИ-ң тәжірибелік алаңында 1990-1992 жылдары көк балаусаның өнімділігі 384 ц/га, құрғақ заттыкі – 68,8 ц/га болды. Стандартпен - Молдавиялық 257 СВ жүгері буданымен салыстырғанда өнімділіктің артуы сәйкесінше 102,0 және 11,9 ц/га-ды құрады. Будан сүрлемдік конвейерді тұйықтаушы дақыл ретінде Солтүстік Қазақстан облысының аса құрғақ аудандарында (оңтүстік қара топырақтағы қуаңшылық және құрғақ далалық ауыл шаруашылық зоналары) егіп өсіруге перспективалы.
Ерте янтарь 161. 1962 жылдан бастап Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік облыстарында аудандастырылған. Жүгерінің ВҒЗИ-ң Синельковтық тәжірибелік станциясында жасалған. Биік өседі. Қолайлы жағдайларда 2,8 м-ге жетеді. Жапырақтануы мен түптілігі орташа. Сабақтарының шырынында 13-15% қант болады. Шашақгүл тіктелген, тармақтала-сығылған, ұзынша жұмыртқа типтес формада. Дәні – ұсақ, ашық қоңыр түсті, тез ұнтақталады, дәмі – ащы. Қабықшасыз 1000 дәннің салмағы – 16-20 кг. Дәннің жемшөптік сапасы жақсы. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 110-125 күн, сүрлемге жинауға дейін – 110-115 күн.
Сорт құрғақшылыққа төзімді. Қостанай облысының сорттық участоктарында көк балаусасының өнімділігі 247 ц/га (225 ... 270) және құрғақ затыныкі – 59,7 ц/га-ды (40,5 ... 78,9) құрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында сүрлемге аудандастырылған.
Кинельдік 3. Кинель селекциялық станциясында Ерте янтарь 161 сортынан жеке іріктеу арқылы алынған.
Орташа ұзындықтағы өсімдік. Қолайлы жағдайларда 2,5 м-ге жетеді, түптілігі мен жапырақтылығы – орташа. Жасушалық шырындағы қант мөлшері – 16,2%.
Көк балауса таза күйінде және басқа қиын сүрлемделетін дақылдармен қоспада сүрлемделеді. Көк балаусаның жемшөптік сапасы жақсы.
Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 95-105 күн.
Павлодар облысында сүрлемге аудандастырылған. Павлодар облысының оңтүстік зоналарының жағдайында дәнге піседі. Сынақ жылдарында көк балаусаның өнімділігі – 187 ц/га құрады.
Қазақстандық 16. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да құстар шоқымайтын сорттарды будандастыру нәтижесінде алынды.
Ұзын, 2,0-2,5 м биіктікке жетеді, құрғақшылыққа, суыққа төзімді. Жоғары және төменгі температураларға икемді. Түптілігі мен жапырақтануы орташа. Сабақтарының шырынында 13,5-15,0%-ға дейін қант болады. Орташа кеш піседі. Себуден дәннің пісуіне дейінгі өсу кезеңінің ұзақтығы – 115-125 күн.
Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егінінде өнімділігі 800-870 ц/га құрады. Павлодар облысында аудандастырылған. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарында егіп өсіру перспективалы.
Ұжымдық 10. судан шөбінің сорттық жеке түрі. Жоғары өнімді сорттарды жалпы іріктеу нәтижесінде жасалған. Қазақ егіншілік ҒЗИ-дасинтетикалық селекция әдісімен үш байланыссыз формаларды будандастыру жолымен алынған.
Кеш пісетін форма. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Биік. Суарғанда өсімдік бойы 3,0-3,5 м-ге жетеді, өнімділігі 900-950 ц/га көк балауса. Қазақстанның солтүстік облыстарында сүрлемге егіп өсіруге перспективалы.
Алматылық 81. Құмай-судандық будан. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да алынған. Сүрлемге және көк шөпке егіп өсіруге арналады. Түптілігі жақсы – 5-10 сабақ, жақсы жапырақталады.
Орташа піседі. Өскіндер шығудан бастап, шаруашылықта көк шөпке пайдалануға дейінгі кезеңі – 55-60 күн, сүтті-балауызданып пісуге дейін – 100-115 күн. Жапырақтар саны – 9-10 дана. Қазақстанның солтүстік облыстарында егіп өсіруге перспективалы.
Цунами 85. Қазақ егіншілік ҒЗИ-да В.М.Макаров будандастыру әдісімен алған.
Орташа кеш піседі. Өсу кезеңі – 125-135 күн. Суыққа төзімді. «Гүлдену-балауызданып пісу» кезеңіндегі жасушалық шырындағы қант мөлшері 17-18%. Суарғанда көк балауса өнімділігі екі оруда 1100-1200 ц/га-ға жетеді. «А.И.Бараев атындағы дән шаруашылығы» Көкшетау ҒПО-ң тәжірибелік егісінде 1993-1997 жылдардағы абсолютті құрғақ заттың өнімділігі 56,7 ц/га құрады. Сорт Қазақстанның оңтүстік облыстарында қолдануға жарамды.
Будандық тұқымдарды себуге көшу стандарттар ретінде әлемдік коллекцияның ең үздік биотүрлерін алу арқылы олардың жүйелі салыстырмалы бағасын беріп отыру қажеттігін тудырды. Мұндай салыстыруларды, қолдану мақсатын (сүрлемге немесе көк балаусаға) және нақты ауыл шаруашылық зонаның агроклиматтық ресурстарын ескеретін, ғылыми негізделген модель параметрлері бойынша жүргізу қажет.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер.
Негізгі
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды сүрлемде егіп өсіру. – Көкшетау, 2007. – 138б.
Сағалбеков У.М., Костиков И.Ф., Әленов Ж.Н. Солтүстік Қазақстанның аз таралған перспективалы дақылдары. – Көкшетау, 2003. – 107б.
Костиков И.Ф., Оспанов Е.Д., Макаров В.М. Солтүстік Қазақстанда бал құмайды егіп өсіру ұсыныстары. – Чаглинка, 1998. – 27б
Ткаченко Ф.М., Синицина А.П., Чубарова В.Г. Сүрлемдік дақылдар. – М.: Колос, 1974. – 278б.
Шорин П.М. Бал құмай. – М.: Колос, 1976. – 80б
Қосымша
Горбуля В.С. Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы зонасы жағдайында себу мерзімдеріне, тұқымдарды себу нормаларына және себу әдістеріне сәйкес бал құмай көк балаусасының өнінімін қалыптастыру.: Дисс. ... а.-ш. ғыл. канд.-Астана, 2001.-34б.
Рахымбеков Т.С., Каракальчев А.С. Қазақстанда бал құмай дақылын егіп өсірудің болашағы.-Алматы: ҚазҒТИҒЗИ, 1988.-55б.
Омарова А.Ш. және басқалар. Қазақстандағы жүгері және құмай бойынша селекциялық жұмыс қорытындылары// «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒПО ғыл.ең.жин.-Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. 172-178б.
Полетаев Г.М. Құмайлық дақылдардың жаңа сорттары мен будандарының сипаттамасы.// Жүгері және құмай, 2002, №2, 7-15б.
Макаров В.М. Қазақстандағы құмайлық дақылдардың нәтижелері мен перспективалары.// Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымының жаршысы, 2001, №7, 15-16б.
Оспанов Е.Д., Костиков И.Ф. Сүрлемдік дақылдардың төтенше жағдайларға төзімділігі.//Көкшетау МУ: XXІ ғасырда аграрлық секторды дамыту проблемалары. – Көкшетау, 1999, 84-85б.
Бақылау сұрақтары
1. Құрамында қанты бар шикі зат ретінде бал құмайды пайдалану
перспективалары қандай?
2. Қазақстанның солтүстік облыстарында аудандастыруға тез пісетін түрлерінің қайсысының келешегі бар
3. Бал құмайдың силосты конвейерде арамшөптерден қорғау жүйесінің маңызыдылығы
4. Силосты маңызы бар перспективті сорттары мен гибридтері
5. Жүгері мен бал құмайдың аралас егістіктерінде қолданылатын биологиялық ерекшеліктері
6. Силосқа пайдалану гибридтердің негізгі параметірлерін негіздеу
7. Силос шикі заты ретінде пайдаланылатын бал құмайға қойылатын талаптар
Мал азықтық бұршақ тұқымдастар
Шығыстың ешкі шөбі (Козлятник восточный, Geleda orіcntalіs)
1 Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. 2.Өсіру агротехникасы.
Шығыстың ешкі шөбі туралы алғашқы мағлұматтар оның емдік және сәндік қасиеттеірне арналды. Германияда, Францияда 17 ғасырдың орта кезінен бастап дәрілік галеганы халық медицинасына пайдалана бастаған. Италияда оның көк балаусасын салатқа қосып пайдаланғанда жас аналардың сүті молайғаны байқалған. Сондықтан да оның грекше атауы “гала сүт және “агеин” әсер ету болып тегін аталмаса керек. Яғни сүт қосатын өсімдік деп аталған.
Шығыстың ешкі шөбінің ашық гүлдерінің көп және ірі болуына байланысты оның жоңышқаға, бедеге қарағанда бал жинағыш қасиетінің жоғары екені көптеген бақылаулардан белгілі болды.
Бірақта шығыстың ешкі шөбінің басты ерекшелігі оның мал азықтық қасиетінің жоғары болуында.
Кавказда шығыстың ешкі шөбінің табиғи шалғындығын ертеден пішен дайындауға және жайылымға пайдаланған. Ал Европада бұдан 200 жылдай бұрын ешкі шөбін мал азығына пайдалана бастаған. Әсіресе шығыстың ешкі шөбінің бір ерекшелігі, оның көк балаусасымен малды ерте көктемнен бастап азықтандыруға болатындығында.
Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызын оның бұршақ тұқымдасына жататынынан-ақ аңғаруға болады. Оның көк балаусасы мен пішенінің биохимиялық ерекшеліктерін зерттей келгенде ондағы қоректік заттар мен протеиннің мөлшері жоңышқа мен бедеден асып түсетіні анықталды.
Бұл дақылдың мал азықтық қасиеті барлық вегетациялық кезеңде де төмендемейтіні белгілі. Мысалы оның тұқымын жинап алғаннан кейінгі қалған сабанында мал азықтық қасиеті және қоректілігі жақсы сақталады.
Шығыстың ешкі шөбінің ерте фазада жинап алған көк балаусасы өте бағалы мал азығы болып есептеледі де ондағы протеиннің мөлшері жағынан белоктық құрама жемдерден кем түспейді. Малға мамыр айында берген көк азығының құрғақ затында протеиннің мөлшері 40% дейін болады. Содан кейін протеин мөлшері ептеп төмендейді де гүлдеген кезінде 25-30% (құрғақ затында) құрайды. Егер әр гектардан алынатын протеин өнімін есептейтін болсақ ол 20-30 ц шамасында болады.
Және де ешкі шөбінің пішені мен сүрлемінің қоректік затының қорытылу коэффициенті де жоғары: протеиндікі 67-76%, белоктікі –65-75%, майдікі-45-55%, клетчатканыкі-48-51% және азотсыз экстрактивті заттыкі-65-81% шамасында.
Шығыстың ешкі шөбінің 100 кг көк балаусасында 20-28 азықтық өлшем және 3,0-3,5 кг қорытылатын протеин болады, немесе бір азықтық өлшемге 115-158 г. қорытылатын протеин келеді. 100 кг сүрлемінде 20-22 азықтық өлшем, ал пішенінде-50-60 азықтық өлшем болады.
Шығыстың ешкі шөбін кептірген күйінде барлық малдар, әсіресе жылқы малы сүйсініп жейді.
Шығыстың ешкі шөбін сүрлемге астық тұқымдас шөптермен қосып салған өте тиімді. Өйткені оның құрамында калий мөлшері аздау 4-5% шамасында болады да белоктың мөлшері жоғары болады. Сондықтан оны шалғындық атқонақпен, субидайықпен, не болмаса қылтықсыз арпабаспен араластырып сүрлемге салса оның сапасы мен желінуі күрт артады.
Шығыстың ешкі шөбінің көк балаусасы шөп ұнтағын, пішен ұнтағын, түйіршіктерін, брикеттерін жасайтын бағалы шикізат ретінде белгілі. Мал азығының осы түрлерін құрама жемге араластырып шошқаға, құсқа, ірі қара малға берген өте тиімді екенін көрсетті.
Қорыта келгенде өзінің мал азықтық маңызы жағынан шығыстың ешкі шөбі бедеден, жоңышқадан, түйе жоңышқадан және басқа да бұршақ тұқымдас дақылдардан асып түседі. Және де шығыстың ешкі шөбі бұл дақылдарға қарағанда шаруашылықта пайдалану мерзімімен де ерекшеленеді. Сондықтан мал азығы өндірісінде ол негізгі қосымша дақыл ретінде пайдалануға да ыңғайлы болып есептеледі.
Шығыстың ешкі шөбінің мал азықтық маңызымен бірге оның агротехникалық маңызы да жоғары. Мысалы, ол жыртынды қабатында әр гектарда 200-250 ц дейін тамырлары және түбірлерін қалдырып топырақты азотпен байытып келесі себілетін дақылға жақсы алғы дақыл болады.
Бірақта шығыстың ешкі шөбін жан-жақты зерттеу жұмыстары 1932 жылдан Бүкілодақтық мал азығын зерттеу институтында (ВИК) бастау алады (С.Н.Симонов). Шығыстың ешкі шөбін зерттеу жұмыстары институтта осы күнге дейін жалғасып келеді.
Қазақстанға шығыстың ешкі шөбі өткен ғасырдың 70-ші жылдары әкелініп зерттеле бастады. Алғашқы зерттеу жұмыстары Бүкілодақтық астық зерттеу институтында (Ақмола) және Қазақтың ауылшаруашылық институтында жүргізілді. Қазір зерттеу жұмыстары Қазақтың ұлттық аграрлық университетінде жалғасуда.
Ботаникалық және биологиялық ерекшелігі. Шығыстың ешкі шөбі кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы дамыған өсімдік. Онда жан-жаққа жайылған тамырлар көптеп кездеседі. Тамыры 60-70 см тереңдікке дейін орналасады. Тамырында 1500 данаға дейін түйін бактериялары кездеседі. Түйіндер бірінші жылдың аяғында ғана байлана бастайды.
Сабағы тік, ірі болып өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 80-140 см дейін жетеді. Жапырағының түсі ашық-жасыл болып келеді. Жапырағы күрделі, жұпсыз қанатты, ұзындығы 15-17 см болады. Бір жапырағында 9-15 данаға дейін ұзынша келген жапырақтар болады.
Гүлшоғыры-сиректеу ұзынша келген, 20-50 шақты гүлдерден тұратын шашақгүл. Гүлдерінің түсі көкшілдеу, күлгіндеу келеді, ұзындығы 1 см шамасында.
Бұршақбасы қосжарнақты ұзынша қылыш тәріздес, ұзындығы 2,5-4,0 см көптұқымды болады.
Тұқымы сары-ақшыл, жасыл түстес, ұзынша бүйрек тәріздес, шетінде ойығы бар. Тұқымын сақтаған кезінде түсі қоңырланады. 1000 тұқымының массасы 5,5-9,0 г.
Шығыстың ешкі шөбі орташа көпжылдық өсімдік, сыртқы өсіру ортасына жақсы бейімделеді, топырақтың құнарлығын және ылғалын көп керек етеді. Құрғақшылыққа да жақсы шыдайды. Және де бұл өсімдік көктемде су жайылған жерлерде су астында 12-18 күнге дейін шыдайды. Сол ерекшелігіне қарай оны өзен алқаптары мен лимандарға себуге болады. Ал топырақ құнарлығына қатынасын айтатын болсақ, оны үстеп қоректендіргенде өнімнің жақсы көтерілетінін айтуға болады. Бұл дегеніміз ешкі шөбінің потеницалды мүмкіншілігінің жоғары екенін көрсетеді.
Ешкі шөбі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымының өнгіштігін 6-8 жылға дейін сақтайды. Көп сақталған тұқымын көктемде сепкенде өскін бермеуі мүмкін. Ал оны күзде не болмаса қар түсер алдында сепсе көктемде жақсы көктеп шығады.
Тұқымы топырақ 8-100 қызғанда өніп шығады. Себу мерзіміне байланысты өскіні 7-10-15 күннен кейін шығады.
Шығыстың ешкі шөбі өсіп-өркендеуі бойынша жаздық топқа жататын өсімдік. Сепкен жылы ол жаздың аяғына дейін гүлдейді де, кейбір жылдары тұқым береді. Келесі жылы көктемгі көгеруі сәуірдің аяғында басталады. Бірінші оруының өнімі тез қалыптасады. Маусымның алғашқы күндеріне оруға келеді. Екінші оруды екі айдан кейін жүргізеді.
Шығыстың ешкі шөбінің гүлдену кезеңі көбінесе маусым айында жүреді. Ал тұқымы шшілденің аяғында, тамыздың бас кезінде піседі. Сепкен жылы шығыстың ешкі шөбінің биіктігі 60-70 см келесі жылдары-80-140 см жетеді. Бірінші орған кезде биіктігі 65-70 см, екінші ору сабағының биіктігі 60-80 см болғанда жүргізіледі.
Шығыстың ешкі шөбі қысқа төзімді өсімдік. Солтүстік және шығыс облыстарда таза күйінде 8-10 жылға дейін өнімін төмендетпей сақталады. Ал басқа шөптермен қосып сепкенде 6-7 жылға дейін өнімін төмендетпей пайдалануға болады.
Өсіру агротехникасы. Шығыстың ешкі шөбінің егістігін көп жылдай пайдаланатын болғасын жақсы танапқа орналастырған дұрыс. Көбінесе оны ферма жанындағы ауыспалы егістерге не болмаса одан тыс танаптарға себеді.
Егістікке таңдаған танап арамшөптерден таза, ылғалы және құнарлығы жоғары болуға тиісті. Шығыстың ешкі шөбіне ең жақсы алғы дақыл болып отамалы дақылдар есептеледі. Және де оны астық не болмаса біржылдық мал азықтық дақылдардан кейін де себуге болады.
Шығыстың ешкі шөбін себуге топырақ дайындау жұмыстары оның алғы дақылына байланысты. Қара топырақты аймақтарда танапты қарашірігі тараған тереңдікте аудара жыртқан тиімді.
Егер де ешкі шөбін астық немесе отамалы дақылдан кейін орналастыратын болса, онда күзгі жиыннан кейін іле-шала танапты сүдігерге жырту керек. Ал егер ешкі шөбін күздік қара бидайды көк азыққа не болмаса басқа ерекше жинайтын бір жылдық мал азықтық шөптен кейін с ебетін болса, онда да танапты іле-шала жыртады да одан кейін оны қопсытады және тырмалайды.
Осылай етіп танапты өңдеп, арамшөптермен күресіп, жартылай пар ретінде күзге дейін ұстайды. Күзде топырақты аудара жыртқан кезде танапқа әр гектарына 50-70 т көң шашады және оған қоса фосфор –калий (90-150 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді.
Ерте көктемде ылғал сақтау үшін танапты тырмалайды. Ауыр топырақты жерлерде танапты тайыз етіп (15 см) жыртады. Ал орташа балшықты жерлерде тереңдете қопсытады (культивациялайды). Себер алдында жүргізілген қопсыту кезінде танапқа азот -( 45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді. Содан кейін танаптың бетін тегістеген дұрыс. Себер алдында танапты сақина катоктарымен тығыздайды.
Шығыстың ешкі шөбін ең қолайлы себу мерзімі ерте көктемде. Себу топырақ бетінің тұқым сіңіру қабаты +6-70С жылығанда жүргізіледі. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында оңтайлы себу мерзімі болып мамыр айының орта кезі. Ал енді көктем салқын және жаңбырлы болған жағдайда ешкі шөбін маусым айында да себуге болады.
Ешкі шөбін себу әдісі танаптың арамшөптерден таза болуына және сепкен дақылды не үшін пайдалануға жоспарланғанына байланысты. Көк шөп және пішен ұнтағын,түйіршіктер дайындау үшін ешкі шөпті қатарлап сепкен тиімді (15 см). Ешкі шөбінен жоғары өнімді пішен, сүрлем алу үшін көбінесе кең қатарлап, қатараралығын 45-60 см етіп себеді. Осылай сепкен ешкі шөбі жақсы сүрленеді және оның сапасы, желінгіштігі артады.
Шығыстың ешкі шөбін қатарлап әр түрлі мерзімде шалғындық атқонақпен, субидайықпен қылтықсыз арпабаспен және тағы басқа астық тұқымдас шөптермен себу тиімді екенін көрсетті. Бұл жағдайда көктемде оңтайлы мерзімде қатараралығын 45-60 см ешкі шөбін себеді де жаздың аяғында оның арасына қатараралығын 15 см етіп жоғарыда аталған шөптерді себеді. Тұқымды көкөніс сепкіштерімен (СОН-2,8) себеді. Осылай себілген танаптың көк балаусасын сүрлемге салуға, көк азық ретінде малға беруге өте тиімді. Сондықтан келешекте шығыстың ешкі шөбінің осылай себілген қоспасын шаруашылықта игеру өте ыңғайлы болмақ.
Жоғарыда айтқандай ешкі шөбінің тұқымын скарификациялау қажет. Скарификацияланбаған тұқымның өнгіштігі 30-40% аспайды. Ол үшін ешкі шөбінің тұқымы күкірт қышқылында 1,5-2 сағаттай ұсталынуы керек. Тұқым партиясы көп болған жағдайда оны арнаулы қондырғыштарда скарификациялайды немесе осыған беде үйкегішті (клеверотерка) бейімдеп пайдаланады.
Шығыстың ешкі шөбінің тамырында түйнектер жақсы байланып дамуы үшін, тұқымды себер алдында нитрагинмен инокуляция (жұқтыру) жүргізеді. Ол үшін алдымен бұрынғы ешкі шөбі себілген танаптан түйнек байланған ұсақ тамырларды қазып (әр гектарға 100-200 г керек болады) оны арнаулы ыдыста (ступа) жақсылап езгілейді де су құяды. Міне осы “ерітіндімен” себер алдында тұқымды суландырады. Осылай өңделген тұқымды сепкенде ешкі шөбінің өнімі 10-15% артатынын көрсетті.
Кеңқатарлап сепкенде әр гектарға 20-25 кг қатарлап сепкенде –25-30 кг өнгіш тұқым себіледі.
Астық тұқымдас шөптерді ешкі шөбінің қатараралығына себу мөлшері 50-60% себеді, яғни шалғындық атқонақты 6-7 кг, қылтықсыз арпабасты-9-12 кг, субидайығын (канареечник тростниковидный) –6-8 кг/га мөлшерінде алады. Ешкі шөбінің себу тереңдігі 1,5-2,0 см аспауы керек. Одан тереңдеу себілсе далалық өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқым бөртіп өніп шығуы үшін мол ылғал қажет. Сондықтан тұқым себілген танапты жеңіл тығыздағыштармен тығыздау жұмыстарын жүргізеді.
Тұқым себілгеннен кейін ол 7-12 күнде толықтай өніп шығады. Өскіндері алғашқы кезеңде баяу өседі де арамшөптермен өздігінен күресе алмайды. Сондықтан өскін толық шыққаннан 10-15 күндей өткесін ешкі шөбінің биіктігі 3-4 см жетіп қатарлары анық көрінгесін бірінші рет арамшөптерге қарсы культивация жүргізіледі. Өңдеу жұмысын тереңдетпей өте сақтықпен жүргізу керек. Екінші рет қатараралығын өңдеу 20-25 күн өткесін жүргізеді. Одан кейінгі қатараралығын өңдеу жұмыстары арамшөптердің шығуына, топырақ бетінің қабыршықтануына байланысты жүргізіледі. Қатарда қалған ірі арамшөптерді қолмен жұлып тастау керек.
Жаздың аяғында ешкі шөбінің өсімдігін фосфор және калий (45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқыштарымен қоректендіреді.
Астық тұқымдас шөптердің қоспасын әртүрлі мерзімде себеді, бірақта екі рет культивация жүргізбей себілмейді. Осымен бірінші жылғы күтіп-баптау жұмыстары аяқталады.
Екінші және одан кейінгі жылдары жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстары қиындық туғызбайды. Қатараралығы арамшөптерден таза танапты тереңдеткіш-қопсытқышы ілінген культивациямен өңдейді. Ал астық тұқымдас қоспалар себілген танапта тырмалау жұмыстары жүргізіледі. Осындай жұмыстар танапты орып алғаннан кейін қайталанады. Танапты көбінесе фосфор, калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Егер өсімдіктің дамуы нашар болса оған азот тыңайтқышын береді. Танапты фосфор және калий тыңайтқыштарымен қоректендіру ерте көктемде, не болмаса күзде вегетация кезеңі тоқтағанда жүргізіледі. Азот тыңайтқышы тек қана көктемде не болмаса бірінші орудан кейін беріледі.
Мал азықтық бүршақ тұқымдастар майбүршақ, бөрібұршақ, ноқат, ноғаттық, мүйізді лотус, т.б.
1.Биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері. 2.Мал азықтық қасиеттері. 3.Өсіру агротехникасының ерекшеліктері.
Май бұршақ (Соя, Qlycіne hіspіda)
Май бұршақ біржылдық бұршақ тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдік (47-ші сурет). Оны адамзат ерте заманнан әр салада пайдаланған. Майбұршақтың отаны Оңтүстік-Шығыс Азия болып есептеледі. Осындағы елдерде оны біздің заманымыздан 6 мың жыл бұрын өсіріп пайдаланған. Россияға май бұршақ Қытайдан Қиыр Шығыс арқылы әкелінген. Қазақстанға май бұршақ өткен ғасырдың бірінші жартысында Россиядан әкелініп зерттеле бастаған. Қазіргі кезде оның өзімізде шығарылған сорттары мен будандары бар.
Қазақстанда қазіргі уақытта май бұршақ 15-30 мың гектар жерге өсіріледі. Келешекте оның көлемін 100-300 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. Май бұршақ республиканың, оңтүстік-шығыс аймақтарында суармалы жерлерде өсіріледі.
Май бұршақпен барлық малдарды, құстарды азықтандырады. Мал азығына оның ұнын, күнжарасын, белоктың құрамасын, сүтін, көк балаусасын, пішенін, пішендемесін, сүрлемін және шөп ұнтағын пайдаланады.
Оның дәнінде 35-45% белок, 17-25% май және20% жоғары көмірсуы кездеседі. 100 кг дәнінде 130 азықтық өлшем және 29 кг қорытылатын протеин бар. Күнжара құрамында 40% белок, 1,4% май және 30% шамасында азотсыз экстрактивті заттар болады. Көк балаусасының 100 кг-да 20-22 азықтық өлшем және 3,5 кг белок болады. Май бұршақтан дайындалған мал азығының сіңімділігі 60-90%, ал протеинінікі-70-93%. Май бұршақты мал азығы рационына қосқанда оны белок пен амин қышқылдарымен сәйкестендіріп қана қоймайды, сонымен бірге басқа мал азықтарының да қоректілігін арттырады. Май бұршақтың белогі жеңіл қорытылады және биологиялық сапасы жағынан еттің, сүттің және жұмыртқаның белогіне жақын.
Май бұршақтың дәнінде каротин, В1, В2, С, РР, Е витаминдері пантеондық қышқылдары, холин кездеседі. Және оның құрамында ұйытатын К витамині болатыны анықталды. Дәнін ұн қылып малға бергенде ондағы лизиннің мөлшері құрғақ ашытқыдан кем түспейді де, сүт ұнтағынан асып түседі.
Май бұршақтың көк балаусасын таза күйінде не болмаса астық тұқымдас шөптермен қосып малға береді. Және де одан белокты- витаминді шөп ұнтағын дайындайды. Май бұршақтың пішеніндегі белоктың, фосфордың, кальцийдің, каротиннің мөлшері, беде, эспарцет және астық тұқымдастарының пішенінен кем түспейді.
Май бұршақтың сүрлемін барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның 100 кг 20,2 азықтық өлшем және 3,5 кг қорытылатын протеин бар. Оны таза күйінде, немесе жүгерімен, қонақ жүгерімен, судан шөбімен қосып сүрлемге салады. Май бұршақты осылай сүрлемге салу тиімді екенін көрсетті (Хасенов Е.Х., 1973). Осындай қоспалардың 100 кг көк балаусасында 21 азықтық өлшем, 100 кг пішенінде-51 азықтық өлшем болады.
Майбұршақтың сабанын жемшөп ретінде толық пайдалануға болады, өйткені оның құрамында 3,9-4,8% белок, 1,5-2,9% май, 34,5-38,9 клетчатка, 35,7-37,3% азотсыз экстрактивті заттар, 4,8-6,02% күл бар (В.П.Черноголовин, 1974).
Май бұршақ дәнінен май алынғаннан кейінгі қалдық-май бұршақ күнжарасын малды семіртіп бордақылауға пайдаланады.
Май бұршақтан дайындалған жемшөптер малға және құсқа өте жұғымды, өйткені бір азықтық өлшемдегі протеин мөлшері көп.
Май бұршақтың агротехникалық маңызы зор. Бұл дақыл бұршақ тұқымдас өсімдік болғандықтан тамырындағы түйнек бактериялары арқылы атмосфералық азотты бойына сіңіріп, топырақ құнарлылығын арттырады. Сондықтан, май бұршақ басқа дақылдарға (қант қызылшасы, дәнді дақылдар, күріш, овощ және басқа дақылдар) жақсы алғы дақыл. Және де оны жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады.
Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстігі және оңтүстік-шығыс аймақтарында, әсіресе суармалы жерлер жағдайында май бұршақ егіп, өсіріп мол өнім алуға және өсімдік белоктарын көбейту проблемасын шешуге толық мүмкіндік бар.
Май бұршақтың әр гектардан дәнінің өнімі 20-40 ц шамасында, көк балаусасының өнімі 200-300 ц аралығында болады.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Май бұршақ кіндік тамырлы, негізгі тамыры 2,0 м тереңдікке дейін жететін, ал қосалқы тамырлары мен тамыршалары жан-жаққа тарап өсетін өсімдік.
Май бұршақ тамырының тереңге бойлап өсуі түрлеріне және топырақтың сипатына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлер жағдайында май бұршақ тамырларының негізгі бөлігі (80%) топырақтың 0-40 см қабатында орналасады.
Май бұршақтың өсімдік жүйесі гүлдеу және шанақтардың жаппай пайда бола бастау кезінде өте жылдам өседі. Бұл кезеңдерде майбұршақ жапырақтары тез өсіп, жалпы құрғақ заты тез құрала бастайды.
Майбұршақ өсімдігінің негізгі және жанама тамырларында ұялық түйнектер бар. Бұл түйнектердің пайда болуы ұядағы бактерияларға байланысты. Дақыл жақсы өсіп дамыған жағдайда бір өсімдік тамырында 20-58 және одан да көп түйнектер болады.
Май бұршақ сабағы тік әрі қатты, формасы дөңгелек, көпшілігі түкті, әр сабақта 15-22 буын болады, сабақтың төменгі жағы-жуан, ал жоғарғы жағы-жіңішке. Май бұршақтың сабағының биіктігі мен жуандығы негізінен оны күтіп-баптау деңгейіне байланысты. Сабақтың биіктігі 70-98 см, дұрыс күтіп бапталған немесе жиі егілген жағдайда биік сабақты сорттар 120-150 см дейін жетеді. Егістіктегі май бұршақтың саны сирек болса, өсімдіктің бойы аласа, сабағы жуан, әрі бұтағы көп, ал жиі егілген жағдайда бұтағы аз, сабағы ұзын әрі жіңішке болады. Сабақтағы бұтақтар биік орналасса майбұршақ егістігін машиналармен орып жинау жеңілдейді. Май бұршақ сабағы буыннан тұрады, төменгі буындар аралығы жақын, ал орта және жоғары буындар аралығы ұзын.
Сондықтан, әрбір май бұршақ өсімдігінің өнімі бас сабағы және оның жанама 1-3 бұтақтарындағы буын санына байланысты.
Май бұршақ өсімдігінің жапырақтары күрделі, үш тармақты, көпшілігі түкті. Алғашқы екі жапырағы сабақта қарама-қарсы, ал кейінгі үш тармақты жапырақтары сабақ буындарында кезекпен орналасқан. Бір өсімдіктегі жапырақ саны және оның ассимиляциялық көлемі май бұршақ дақылының сортына және өсу жағжайына байланысты көп өзгереді, жалпы алақандардың көлемі 2100-8300 см2 аралығында.
Май бұршақ өсімдігінің гүлдері көбінесе ақ түсті, майда, иісі жоқ. Гүл шоғыры жапырақ қойнауына орналасқан, әр гүл шоғырында 4-18 және одан да көп гүлдер бар. Күлтесі ақ түсті немесе жасыл. Аталық 10, оның тоғызы бірігіп (қосылып) өседі, ал біреуі бөлек. Май бұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік. Егер гүлдері жақсы ашылған жағдайда насекомдардың гүл ішіне кіруі мүмкін. Бірақ май бұршақ гүлдерінің басқа өсімдіктердің аталық тозаңдарымен ұрықтануы өте сирек.
Май бұршақ дәні- шар тәрізді домалақ сопақша, бүйрек тәрізді, ұзынша домалақ, ал түсі-сары, жасыл, ақшыл сары жасыл, қара, қоңыр және ала болып келеді. 1000 дән салмағы 80-450 г аралығында. Дән сыртқы қабықтан және ұрықтан тұрады, эндосперм жоқ. Ұрықта екі тұқым жарнақтары және бастапқы тамыр, сабақ, жапырақ бар. Дән салмағының 90 пайызын тұқым жарнақтары, 7-8 пайызын сыртқы қабық алады, ал басқа бөліктері 2-3 пайыз болады.
Май бұршақ дақылының өсу дәуіріндегі негізгі кезеңдері мыналар: көктеп шығу, алғашқы үш тармақты жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену, гүлдеу, шанақтардың қалыптасуы, дәннің толысуы, шанақтардың сарғая бастауы және толық пісуі.
Май бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты 6-80С жылы болғанда өне бастайды, бірақ біркелкі көктемейді. Топырақтың жылуы 18-220 жеткенде жақсы өсіп-өнеді. Оның дәні пісіп-жетілуі үшін сортына қарай +2000-32000С температура жиынтығы керек. Май бұршақ гүлдеу-пісу кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді, бұл кезеңде барлық қажет жылудың 65-70% жұмсалады.
Өсіру агротехнкиасы. Май бұршақты ауыспалы егісте орналастырғанда бұл өсімдікке топырақтың, алғы дақылдардың және берілетін органикалық, минералды тыңайтқыштардың әсерін еске алған жөн. Май бұршақты Қазақстанның суармалы жерлеріндегі ауыспалы егіс жүйесіне енгізу техникалық (қызылша, мақта) және дәнді дақылдардың (бидай, күріш, арпа) алғы дақылдар құрамын байытады, топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі өсімдік белоктарын көбейтуге үлкен үлес қосады.
Май бұршақ дақылының фотосинтез өнімділігі және жалпы биомассасының құралу жылдамдығы гүлдеу кезеңіне дейін онша биік емес, ал гүлдеу және шанақтану кезеңінің аяқталуы аралығында аталған көрсеткіштер жоғары болады. Кейін бұл көрсеткіштер мөлшері біртіндеп азаяды. Сондықтан өсу дәуірінің әрбір кезеңдерінде май бұршақтың ылғалға және қоректік заттарға талабы әртүрлі.
Осыған сәйкес Қазақстанның суармалы жер жағдайларында май бұршақ дақылдарының бүкіл өсу дәуірін үш кезеңге бөлген пайдалы болып саналады. Бірінші кезең- май бұршақ өсімдігінің көктеп шықаннан гүлдеу кезеңіне дейін. Бұл кезеңде фотосинтез өнімділігі төмен, өсімдіктің өсуі және жалпы құрғақ массасының құралуы баяу. Сондықтан, май бұршақ өсімдігі ылғалды көп мөлшерде қажет етпейді. Бұл кезеңдегі агротехникалық шаралар мыналар: егістіктің қатар аралығын өңдеу жұмыстары, үстеп қоректендіру, бір рет суару және қатар аралығын өңдеу.
Екінші кезең- май бұршақтың гүлдеу кезеңінен бастап барлық буындарда шанақтардың пайда болуы аяқталуы аралығы. Бұл кезең ішінде фотосинтез өнімділігі көп артады, өсімдік тез өсіп, жалпы құрғақ биомассаның құралуы ең көп мөлшерде болады. Оның үстіне, май бұршақ өсімдігінің жылдам өсіп, құрғақ массаның интенсивті құралуы жаз айларының ең ыстық кезіне (шілде-тамыз айының бірінші жартысы) сәйкес келеді. Сондықтан, май бұршақ дақылын бұл кезеңде ылғалмен және қоректік заттармен толық қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Осыған сәйкес май бұршақ егістігін әрбір 12-14 күн сайын 3-4 рет суару керек.
Үшінші кезең- шанақтану фазасы аяқталуы кезінен өсімдік толық піскенге дейін. Бұл кезеңде шанақтардағы дән толысып қалыптасады. Май бұршақ өсімдігінің фотосинтез өнімділігі және құрғақ затының құралу қарқыны біртіндеп төмендейді. Аталған кезең ішінде ауа райы біртіндеп салқындайды да, май бұршақ өсімдігінің суды қажет етуі азаяды.
Профессор А.А.Ничипоровтің зерттеулеріне қарағанда ауыл шаруашылығы дақылдары жапырақ алақандарының көлемі гектарына 30-40 мың м2 мөлшеріне жеткенше тез өсіп, күн сәулесі энергиясын қабылдауы арта түседі. Сондықтан гектарына 35-40 мың м2 мөлшерлі жапырақ алақандарының көлемі егістіктің қолайлы құрамына сәйкес.
Біздің зерттеулеріміз бойынша май бұршақтан гектарына 25-28 ц дән алу үшін өсімдік жапырақ алақандарының көлемі 40-45 мың м2 мөлшеріне дейін тез өсіп, ұзақ уақыт сақталуы керек. Жапырақ алақандарының осындай мөлшерде болуы Алматы облысының тау етегі жағдайында, май бұршақ егістігіндегі топырақ ылғалдылығы 70-70-70 пайыз болғанда байқалады. Май бұршақтың жапырақ алақандарының көлемі гектарына 50 мың м2 және одан да жоғары болуы дән өнімін арттырмайды, бірақ көк балауса өнімі біршама көбейеді.
Май бұршақ суаруға сезімтал дақыл. Ауаның ылғалдылығы біршама жоғары Алматы облысы тау етегі аймағында май бұршақ мол дән өнімін топырақ ылғалдылығы далалық ылғал сиымдылығының 70 пайызы деңгейінде суарылғанда береді.
Май бұршақ егісі берілетін органикалық тыңайтқышқа (көң) сезімтал дақыл. Күздегі сүдігер астына гектарына 20-25 тонна көң енгізу, әсіресе құрамында органикалық заттары аз сұр топырақты жерлерге өте тиімді.
Органикалық тыңайтқыштарды таза немесе суперфосфатпен араластырып беру май бұршақтың балаусасын 14-58 пайыз, дән өнімін 16-27% арттырады.
Минералды тыңайтқыштардың май бұршақ тамырындағы түйнек бактерияларының қалыптасып өсуіне және олардың азот қабылдағыш қабілетіне әсері үлкен. Суармалы жерлерде май бұршақ егісіне фосфор-азот тыңайтқышын беру тиімді, өйткені өнімнің артуымен қатар, дән құрамында белок пен майдың мөлшері көбейеді.
Май бұршақтан мол дән және балауса алу үшін қолданылатын агротехникалық шаралар ішінде егістің топырағын өңдеу жұмыстарының маңызы үлкен.
Мал азықтық бөрібұшақ (Люпин кормовой, Lupіnus L.)
Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық бөрібұршақ біржылдық немесе көпжылдық бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік. Бұдан 4-6 мыңдай жыл бұрын Грецияда, Египетте, Римде өсіре бастаған. Оның тұқымын тұзды суға салып, бөрттіріп тамаққа және мал азығына пайдаланған. Ресейге бөрібұршақ өткен ғасырдың басында әкелініп, өсіріле бастады. Қазір Беларуссияда, Прибалтикада, Украинада, Ресейдің қарашіріксіз аймақтарында тараған. Оның көлемі 1 млн гектардай. Қазақстанда мал азықтық бөрібұршақ әлі күнге дейін кең тарай қойған жоқ. Оның басты себебі – оның тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жоқтығы (4-шы сурет).
Және де осы дақылдың ғылыми тұрғыда зерттелген экологиялық ортаға бейімделген өсіру агротехникасы өндіріске әлі ұсынылмай келеді. Бұл әрине келешектің жұмысы.
Осы кезге дейін бөрібұршақты ең алдымен көк тыңайтқыш (сидерат) есебінде өсіріп, пайдаланып келді. Оның әсері танапқа гектарына 30-40 тн органикалық тыңайтқыш (көң) шашқанмен бірдей.
Құнарлығы нашар топырақта өскен кейбір түршелері гектарына 180-200 кг тең азот қалдырады. Тұқымында және көк балаусасында қорытылатын протеин (бір азықтық өлшемге 180-240 г) көптеп кездеседі. Бірақ бұрынғы өндіріске ұсынылған сорттарының құрамында 1-2% дейін ащы және улы алкалоидтардың (люпинин, люпанин, спартеин т.б.) болуына байланысты бөрібұршақ мал азығына көп пайдаланылмады. Соңғы уақытта оның алкалоидсыз сорттарын (0,0025-0,2% дейін) шығаруға байланысты мал азықтық маңызы қатты артты. Әсіресе ол топырағы құмды, құнарсыз аймақтарда арзан белокті мал азығының негізгі көзі болып табылатыны белгілі болды.
Мал азықтық бөрібұршақты дән, жем, сабан, көк балауса, сүрлем және шөп ұны ретінде пайдаланады. Оның дәнінде 40-49% дейін белок, 12% көмірсуы және 5,5-6,0% дейін май бар. Сондықтан оны ұнтақтаған күйінде немесе басқа белогі аз құрама жемдерге қосып малға береді. Бөрібұршақтың белогінде аминқышқылдары, әсіресе триптофан, лизин, цистин көтеп кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс жылы аймақтарында бөрібұршақты аңыздық егістікке өсіріп мал жайылымына пайдалануға болады.
Мал азықтық бөрібұршақ, өнімі жоғары дақыл. Көк балаусасының өнімі гектарына-400-600 ц. Құмды құнарсыз топырақта өнімі 200-250 ц/га дейін жетеді. Тұқымының өнімі гектарына 10-15 центнерден 30 ц дейін болады.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Бөрібұршақ (fupіnus l.) туысының 200-дей түрлері кездеседі. Соның ішінде мал азықтық маңызы жоғары болып шаруашылықта өсіріліетіні Сары бөрібұршақ (l. luteus), жіңішке жапырақты бөрібұршақ (l. angustіfolіos), ақ бөрібұршақ (l. albus) және көпжылдық бөрібұршақ (l. polyphyllus).
Сары бөрібұршақ ең көп тараған түрі (егістіктің 80%). Өсімдіктің биіктігі 1 м дейін, жапырағы 3-13 жапырақшалардан құралған, гүлі сары, хош иісті, жемісі 3-6 тұқымды, түкті, піскенде өздігінен жарылып шашылады, тұқымы қабырғасынан сығымдалған ақ, немесе қызғылт түсті, қара дақтары бар. 1000 тұқымының массасы 125-150 г. Жеңіл топырақта жақсы өнім береді. Сары бөрібұршақтың тұқымы піскен кезінде де, сабағы жұмсақ қалпында сақталып, малға жақсы азық болуымен ерекшеленеді.
Жіңішке жапырақты (көкшіл) бөрібұршақ ерте пісетін түрі және солтүстік жақта өсіруге бейімделген. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м, дейін өседі, жапырағы 5-9 жіңішке жапырақшалардан тұрады. Гүлі көкшіл немесе ақшылдау, қысқа гүлшоғырына жиналған. Жемісінде 6 дөңгелекше, бүйректәрізді ақшыл мрамор түсті тұқымдар бар. 1000 тұқымының массасы 150-180 г. Жіңішке жапырақты бөрібұршақ керісінше тұқымы піскенде сабағы қатайып кетеді.
Ақ бөрібұршақ оңтүстік аймақтарға өсіруге бейімделген. Құнарлы топырақтарда жоғары өнім береді. Вегетация кезеңі ұзақтау. Өсімдіктің биіктігі 1,5 м дейін. Жапырақтары ірі, 7-9 керісінше жұмыртқа тәріздес, ақ және ақшыл-көк гүлдерден құралған. Жемісі ірі, ішінде 2-3 тұқымы бар, ұзынша келген өздігінен шашылмайтын, ептеп түктілеу. Тұқымы ақ, немесе ақшыл-қызғылт. 1000 тұқымының массасы 240-450 г. Тұқымында белоктан кейін май көп болады (15% дейін).
Көпжылдық бөрібұршақ суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Оны солтүстік аймақтарда өсіруге қолайлы. Бір жерде өнімін азайтпай 8-10 жылға дейін өседі. Бірінші жылы жертаған жапырақтар өседі де, келесі жылдан бастап сабағы өседі. Өсімдіктің биіктігі орташа, бірнеше жақсы жапырақтанған сабақтардан тұрады. Жапырағы ірі, 9-15-тей ұзынша-жұмыртқа тәріздес жапырақшалардан тұрады. Шамалы түкті келеді. Гүлшоғырының ұзындығы 50 см дейін жетеді, гүлі көк, көкшіл-күлгін, немесе ақшыл. Жемісі ұсақ, қалың түкті, ішінде 3-5 ептеп сығылған дөңгелекше келген тұқымы бар. Тұқымының түсі ақшыл түстіден қара түстіге дейін болады. 1000 тұқымының массасы 30-70 г. Тұқымын себер алдында скарификациялау керек, әйтпесе өнгіштігі нашар.
Бөрібұршақтың жоғарыда аталған түрлерінің тамыр жүйелері кіндік-тамырлы, басты тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі. Тамырының негізгі массасы топырақ қыртысының жыртылу қабатында орналасады. Тамыр жүйесі топырақтан қоректік заттарды жақсы сіңіру белсенділігімен ерекшеленеді.
Жоғарыда келтірілген мал азықтық бөрібұршақтың барлық түрлерінің жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Олардың ішінде алкалоидсыз және алкалоиды аз сорттары көп.
Негізгілері мыналар: Быстрорастущий 4, Академический 1, Киевский мутант, Немчиновский 846.
Қазақстанда шығарылған сорттар жоқ, осы аталған сорттар аудандастырылған.
Өсірі технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Малазықтық бөрібұршақты дән алу үшін өсіргенде оған жақсы алғы дақылдар отамалы және күздік дақылдар. Көк балауса алу үшін оны әртүрлі ауыспалы егісте өсіріп, екпе пардан, жаздық дақылдардан кейін себеді. Және оны аңыздық, шабыннан кейінгі егісте, тығыз егісте өсіреді.
Топырақ дайындау. Күзде алғы дақыл жиналып алынғасын танапты негізгі жырту алдында аңызды сыдыра өңдейді. Содан кейін топырақты тереңдетіп сүдігер жыртады. Көктемде тырмаланып ылғал жабылады. Арамшөптер көктей бастағанда, тұқым себу алдында культивация жіберіп топырақты қопсытады, тегістейді, тығыздайды. Арамшөптерді толықтай жою үшін культивация кезінде топыраққа гербицидтер шашады (прометрин, линурон немесе басқа түрі).
Тыңайтқыштар беру. Танапқа фосфор-калий тыңайтқыштарын берген тиімді (Р90-120К60-90 кг/га ә.з.). Тыңайтқыштарды күзде сүдігер көтергенде береді. Не болмаса көктемде себер алдындағы культивация кезінде береді.
Қышқыл торпыраққа себілген егістікті ерте көктемде азот тыңайтқышымен (N12-20 кг/га ә.з.) үстеп қоректендіру өте тиімді.
Тұқымды себуге дайындау және себу. Тұқымдық материал жақсы іріктелген, дәріленген болуы керек. Тұқымды себер алдында бөрібұршаққа арналған нирагинмен өңдейді. Себу мерзімі ерте астық дақылдарын сепкен кезге сәйкес болады. Орташа себу мөлшері әр гектарға 1-1,2 млн. өнгіш тұқым, немесе сары бөрібұршақ үшін 150-180 кг, ақ және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін 180-200 кг өнгіш тұқым. Сары және жіңішке жапырақты бөрібұршақ үшін себілу тереңдігі құмдақ топырақта 3-4 см, саздақ топырақта- 2-3 см. Ақ бөрібұршақты 3-5 см тереңдікке себеді.
Егістікті күтіп-баптау. Бөрібұршақтың егістігін күтіп-баптау жұмысы ең алдымен арамшөптерді жоюға бағытталған болады. Тұқым өніп шыққанға дейінгі танапты көлденеңінен тырмалау жұмыстары сазды топырақта жүргізіледі. Құмдақ топырақтағы егістікте тырмалау жұмыстары жүргізілмейді.
Егістікті жинау. Бөрібұршақтың дәні ерте және бірқалыпты піскен кезде оны комбайнмен тура орады. Ору мерзімі орталық сабақтағы барлық бұршаққынның қоңырланып піскен кезінде жүргізіледі. Егер егістіктегі өсімдік бұршаққыны біркелкі піспеген жағдайда бөлектеп ору әдісін қолданады. Бөлектеп жинау бұршаққын 70-80% қоңырланып піскенде басталады. Дестеге салынған массаны 6-10 күннен кейін комбайнмен бастырады.
Мал азықтық бөрібұршақты көк балаусаға шанақтанған кезеңінде жинайды. Сүрлемге жинау кезі тұқымының сүттеніп піскен кезінде жүргізіледі.
Ноқат (Нут, Cіces arіetіnyt)
Шаруашылық маңызы және таралуы. Ноқат біржылдық дәнді бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдік. Ноқат азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Көбінесе оның тұқымын алу үшін өсіреді. Оның дәнінде 19% белок, 4-7% май, 48-56% азотсыз экстрактивті зат болады, оны құрама жем ретінде мал азығыныа пайдаланады. Ноқаттың ашық түсті сорттары азық-түлікке, ал қоңыр тұқымдары- мал азығына пайдаланылады. Ноқаттың көк балаусасын мал (қойдан басқасы) онша жемейді, өйткені оның өсімдіктерінің құрамында қымыздық және алма қышқылдары болады. Ноқаттың 100 кг дәнінде 115,3 а.ө. және 16,5 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде- 57,2 а.ө. және 9,8 кг қорытылатын протеин болады.
Ноқаттың ұсақ тұқымды түрлерінің отаны кіші Азия, ірі дәнді түрлерінің отаны жерорта теңізі маңайы болып есептеледі. Осы жерлерде ноқатты ерте заманнан өсіріп келген.
Дүние жүзінде ноқат 10 млн. гектарға себіледі де оның 8 млн. гектардайы Азия елдерінде себіледі. Ноқаттың аздаған көлемі балқан түбегіндегі елдерде, Францияның оңтүстігінде, Испанияда, Мексикада себіледі. Және де ноқат ерте заманнан Орта Азияда, Сырт Кавказда себіліп тамаққа, мал азығына пайдаланылып келген (50-сурет).
Ноқат Қазақстанда көптен бері аздап өсіріліп келеді. Оны Ақмола облысының жергілікті тұрғындары өздерінің бақшаларында өсіре бастаған (Ю.Кравченко, 1935).
Ноқат құрғақшылық аймақтарда басқа дәнді бұршақ тұқымдастарына қарағанда жақсы өсіп жоғары өнім береді. Оның дәнінің өнімі әр гектардан 11-35 ц дейін жетеді.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноқат көптеген түрлерді біріктіреді, олардың ішінде кең тарағаны мәдени ноқат (cіcerarіetіnum) бір жылдық өсімдік.
Сабағы қырлы, тік өседі, жақсы бұтақтанған, биіктігі 30-60 см, жапырылмайды.
Тамыр жүйесі кіндікті. Тамырындағы азот жинайтын түйнек бактериялары 3-4 жапырақ шыққанда пайда болады, ал гүлдеген кезеңінде ең жоғарғы деңгейге жетіп, ауадан азот сіңіру процесіне қатысады. Бұл түйнектер топырақтың беткі қабатындағы (0-20 см) тамыр жүйесінде мол болады.
Жапырақтары дара қауырсынды әрі түкпен көмкерліген, 11-17 эллипске ұқсас жапырақшасы болады. Сабағын, жапырағын және дән жарнақшаларын қою түктер басып тұрады. Ол түкшелерден алма, лимон, қымыздық қышқылдары бөлінеді.
Гүл шоғырлары ақ, сары, күрең және қызғылттау болады. Ақ гүлдіден-сарғылт дәнді, ал басқа түрлерінен қоңыр түсті дәнді өсімдіктер шығады. Қоңыр түсті дәндерді малға, құсқа азық ретінде пайдаланады.
Тұқымы бұрышты-сопақ пішінді “тұмсықты” болады. Ноқаттың қойбас бұршақ деп аталуы содан да болар. Дәннің беті тегіс, кейде қатпарланған. Ұсақ бұршақты түрлерінің 1000 дәнінің салмағы 60-100 г., ал ірі дәнді түрлерінің салмағы 400-500 г дейін болады. Қазақстанда аудандастырылған ноқат сорттарының 1000 дәнінің салмағы 200-350 г шамасында.
Ноқатта адамға және мал организіміне өте қажетті амин қышқылдары мөлшері (тиразин, триптофан, лизин т.б.) жөнінен басқа бұршақ дақылдарынан кем түспейді. Оның дәнінде 50 пайыздан астам амин қышқылдары кездеседі.
Ноқат өте жоғары белокті жемшөп ретінде жүгері немесе арпа дәндерімен араластырып малға беріледі. Сонда сауын сиырлардың сүттілігі, тауықтардың жұмыртқалағыштығы артады.
Малға азық ретінде ноқаттың сабанын да береді. Оны ұсақтап, булап берген пайдалы. Ноқат сабанында 5,5% белок, 43,3 азотсыз экстрактивті заттар, 45,1% клетчатка және 6,9% күл бар.
Ноқат жылу сүйгіш өсімдік. Сонымен бірге суыққа да өте төзімді. Оның тұқымы топырақ қабатының жылылғы +2-50С болған кезде өсіп-өне бастайды, ал өскіні көктемгі-110С дейінгі үсікке шыдайды.
Ноқат құрғақшылыққа және ыстыққа өте төзімді дақыл. Жаңбырлы және жаз айларының салқын жылдары ноқаттың көпшілік сорттары әртүрлі саңырауқұлақ ауруларымен (аскохитоз, фузариоз т.б.) залалданады, және де өсімдіктің тозаңдануы, тұқым салуы төмендейді. Ноқаттың көпшілік сорттарының піскен бұршақтары шашылуға бейім болады.
Ноқат топырақ талғамайтын дақыл. Ол құмды және жеңіл сұр топырақты жерлерде жақсы өседі. Ауыр топырақты жерлерде сабақтары, бұтақшалары іріленіп, гүлдеу кезеңі ұзарады да, дәнінің өсіп-жетілуі нашарлайды. Топырақтың реакциясының бейтарап немесе әлсіз сілтілеу болғаны жөн.
Ноқатты қуаңшылық аудандарда еккен тиімді. Қазақстанда ноқаттың Юбилейный, Краснокутский 123, Волгоградский 10, Кинельский 17 сияқты аудандастырылған және келешегі бар сорттары өсіріледі.
Өсіру агротехнологиясы. Ноқатты ауыспалы егіс жүйесіндегі тыңайтылған отамалы дақылдардан, таза парға себілген бидайдан кейін орналастырған тиімді. Ноқаттың өзі де көптеген жаздық дәнді дақылдарға жақсы алғы дақыл болады. Оны себуге топырақ өңдеу жүйесі жаздық бидайдікіне ұқсас жүреді. Ноқат көбінесе фосфор тыңайтқыштарын қажетсінеді. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдеу жақсы нәтиже береді. Оның оңтайлы себу мерзімдері: Солтүстік Қазақстанда 10-20 мамыр; Орталық Қазақстанда 5-15 мамыр; ал еліміздің басқа облыстарында-жаздық астық дақылдарын сепкеннен кейін. Ноқатты негізінен кең қатарлы тәсілмен (45,60 см) гектарына 0,4-0,5 млн. өнгіш тұқым себеді. Ал арамшөптерден таза танаптарға жай қатарлап, әр гектарға 0,7-0,8 млн. өнгіш тұқым себуге болады. Тұқымды ылғалды қабатқа, 5-8 см тереңдікке себеді. Тұқым себілгеннен кейін топырақ тығздалады. Арамшөптердің өскінін жою үшін және пайда болған топырақ қабыршағын жою мақсатымен тұқым өнгенше және өскін бергеннен кейін егістікті тырмалайды. Кең қатарлы егістіктерде қажеттігіне қарай қопсыту жұмыстары жүргізіледі (культивациялау). Ноқат негізінен бір мезгілде пісуіне байланысты оны тікелей орып бастырған жөн. Егістік арамшөптермен ластанған жағдайда ноқатты бөлектеп жинау ұсынылады.
Ноғатық (Чина, Hathyrus satіvus)
Шаруашылық маңызы және таралуы. Егістік ноғатық біржылдық дәнді бұршақ тұқымдас өсімдік. Оны негізінен мал азығы ретінде және тамақтық өнім алу үшін өсіреді. Ноғатықтың отаны Оңтүстік-Батыс Азия (ұсақ тұқымды түрлері) және Жерорта теңізі жағалауындағы (ірі тұқымды түрлері) елдер болып есептеледі. Бұрынғы Одақ көлемінде ноғатықты Россияның орталық облыстарында, Алтай өңірінде, Украинада өсірді. Ноғатықтың егістігі Закавказьеде және Орталық Азия республикаларында орналастырылды (51-ші сурет).
Дүние жүзінде ноғатықтың 100 шақты түрлері кездеседі. Олардың көпшілігі көпжылдық өсімдіктер. Ал мәденилендіріліп егістікте өсірілетіні тек бір жылдық өсімдік түрлері.
Ноғатықтың дәнінде 25-35% дейін белоктік зат кездеседі. Оның дәнінен өте құнарлы малазығы дайындалады.
Ноғатықтың 1 кг дәнінде 280-300 г протеин, 20,4 г лизин, 1,6 г метионин, 2,5 г триптофан, 34 г аргинин кездеседі. Ноғатықтан сапалы шөп дайындалады. Оның шөбі малға өте жұғымды, құрамында 18% протеин болады. Мал азығы ретінде ноғатықтың сабанын да пайдаланады. Ноғаттықтың 100 кг дәнінде 106 а.ө. және 22,3 кг қорытылатын протеин, 100 кг пішенінде-52 а.ө. және 14,5 кг қорытылатын протеин болады.
Ноғатық өсімдігі өндіріске де пайдаланылады. Одан пластмасса, фанера дайындалады. Ноғатық көптеген астық дақылдарына жақсы алғы дақыл. Және оны жасыл тыңайтқыш ретінде қолдануға болады.
Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының қатарына жатады. Сабағы төрт қырлы, өте жақсы бұтақтанған, сабағының биіктігі 25 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Ал ылғалды және құнарлы топырақтарда сабағының биіктігі 130 см дейін өседі. Негізгі сабағының төменгі жағынан 5-8 дана қосалқы ірі бұтақтар өседі.
Жапырағы қосқауырсынды, ланцетті бір түп қияқ тәрізді жіңішке, ал ұшы мұртшаланып келеді. Жапырағының ұзындығы 60-80 мм, көлденеңі-6-8 мм.
Тамыры-діңгек тамырлы. Өте жақсы жетілген. Көптеген қосалқы тамырлар құрады. Орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі.
Гүлі-ақ, жасыл, қызғылт. Бұршағы- жалпайған сопақ, сына пішінді, әр түсті. Ноғатық екі түрлі: ірі дәнді және кіші дәнді болады. Олардың 1000 ірі дәнінің салмағы-250-600 г, 1000 майда дәнінің салмағы-150-250 г.
Ноғатық құрғақшылыққа төзмді өсімдік. Бірақ гүлдей бастаған кезде ылғал жетіспесе тұқымдық өнімі төмендеп кетеді. Оның құрғақшылыққа төзімділігі басқа дәнді бұршақ дақылдарынан жоғары.
Ноғатық жылылықты ас бұршақтан көп керек етеді. Оның тұқымы +2-30С жылылықта өнеді. Ал 16-200С жылылықта жақсы өніп-өседі. Өскіні-60С үсікке шыдайды. Ауаның жылуының жетіспеген жағдайында ол жақсы пісіп жетілмейді. Вегетациялық кезеңі ауа райына қарай 80 күннен 120 күнге дейін созылады. Оның өсімдігінің гүлдеуі ұзаққа созылады.
Ноғатық топырақ талғамайды. Ол көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Бірақта батпақты, жер асты ыза суы жақын орналасқан жерлерде өспейді. Гектарынан 15-20 ц тұқым жиналып, 200-250 ц көк балауса дайындалады.
Қазақстанда ноғатықтың Кинельская 7 және Степная 287 сорттары аудандастырылған.
Өсіру агротехникасы. Ноғатық дақылын ауыспалы егісте отамалы дақылдардан кейін, не болмаса күздік және жаздық дәнді дақылдардан соң себеді. Ноғатық өсіретін танап күз айынан бастап дайындалады.
Сүдігер көтерер алдында алғы дақылдан босаған танап 5-10 см тереңдікте сыдыра өңделеді. Содан 10-15 күннен кейін танапты 22-25 см тереңдікте жыртады. Қыс айлары қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Ерте көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым себер алдында танапты тұқым сіңіру тереңдігінде культивациялап қопсытылады және тырмаланады. Тұқым себер алдында және сепкеннен кейін танап тығыздалады. Жер жағдайына және оның құнарлылығына сәйкес күзде, жырту алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) шашады.
Ноғатық тұқымын ерте себілетін дәнді дақылдармен бір мезгілде себеді. Ол мезгіл Алматы облысы бойынша наурыз айының аяғы және сәуір айының бас кезіне сәйкес келеді.
Ноғатықты қатарлап себеді. Себу мөлшері- тұқымының ірілігіне қарай гектарына 0,8-1,0 млн. өнгіш дәнге тең, не болмаса 120-140 кг. Себу тереңдігі 6-8 см, ал жеңіл топырақта-10 см.
Ноғатықты мал азығына пішен, пішендеме дайындау үшін сұлымен немесе арпамен араластырып себу өте тиімді. Оны судан шөбімен де аралас себеді.
Ноғатық егістігін күтіп-баптау жұмыстары, оның тұқымы өнбей тұрып тырмалаудан басталады. Өскіні жер бетіне толық шыққаннан кейін де тырмалауға болады. Ол үшін БИГ-3 инелі тырмалар қолданылады. Кеңқатарлап себілген ноғатық арамшөптермен ластануына қарай жаз бойы 2-3 рет культивацияланады. Арамшөптер көп басып кеткен жағдайда гербицидтер (прометрин, линурон т.б.) бүркіледі. Мол өнім жинау үшін ноғатық егістігін жаз бойы 2-3 рет суаруға да болады (500-600 м3/га).
Ноғатықты пішенге толық гүлденген кезінде жинайды. Ору биіктігі 6-8 см-ден төмен болмауы керек. Тұқымға арналған ноғатық ортаңғы бұршақтары қатайып піскенде орылады. Тұқымдық бөлектеп орылады. Тұқым дестеде жатып әбден піскесін комбайнмен бастырылады.
Мүйізділотус (Ляденец рогатый, ЬоШ согпісиіаіиъ)
Мүйізді лотус көпжылдық бұршақ тқымдасына жататын шөптесін өсімдік (14-сурет). Табиғатта жабайы түрінде Еуропада және Азияда кездеседі. Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Югославияда, Чехияда, Румынияда, Польшада кеңінен тарап өсіріледі. АКДІ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдары өсіріле бастады. Осы жерден Канадаға, Бразилияға, Чилиге, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Индияға тарады. Ресейге Еуропадан тарады. Қазіргі кезде мүйізді лотус Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, Балтық бойының , көпшілік шаруашылықгарында өсіріледі.
14-сурет. Мүйізді лотус. 1,2-өсімдіктің толық өскіні және гүлдену
жеміс салу кезеңі. 3 гүлшоғыры мен түк;ымы бар өркенінің бөлігі;
4-гүлі; 5-жемісі, бүршаккыны; 6-түқымы (сол жактаүлкейтілген)
Осы елдерде оның жаңа сорттары шығарылып өндіріске енгізілді. Мынадай сорттарын атауға болады: Гельсвис, Московский-25, Дединовский, Московский 287, Гатчинский.
Мүйізді лотустың жаңа сорттары басқа елдерде де шығарылған. АКДІ-та шығарылған сорттары: ерте пісетін— Викинг, Менсфильд, Грейнджер, Каскад, Фергус, Тана; кеш пісетін — Эмпайэр, Даун, Кэррол, Лео және т.б. Канадада кең тараған сорттар — Мейтленд, Кри, А-Синтетик; Жаңа Зеландияда— Грасслендс-4703, Гресслендс-4712, Греслендс Маку; Нидерландыда — Орсечи және Г.Кескенилевелу; Данияда — Етофе жөне Роскильде; Италияда — Малеевски, ' Вигласски және Табарски; Польшада — Пулавеки жөне Бурэстин; Румынияда— Де Трансильвания сорттары.
Қазақстанға мүйізді лотус Ресейден өткен ғасырдың 60-жылдары әкелініп зерттеле бастады. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде мүйізді лотустың табиғи шалғындықтарды, әсіресе өзен алқаптарын және су жайылатьш лимандарды жақсартуға өте маңызды жөне тиімді бұршақ тұқымдас өсімдік екені анықтадды (Әубөкіров К, 2002 ж.).
Мүйізді лотус мөдени мал азықтық дақыл ретінде АКДІ пен Канададан басқа еддерде әлі кеңінен тарамаған. Бүл еддерде ол мәдени жайылымдарда кеңінен өсіріледі.
Шаруашылық маңызы. Мүйізді лотус бұршақ тұқымдас өсімдік ретінде топырақты жылжымалы азотпен байытып және тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты оның кұрыдымын жақсартады. Сол себепті ол көпшілік астық тұ-қымдастарға жақсы алғы дақыл болады.
Муйізді лотусты көбінесе шөп қоспаларымен араластырып мәдени жайылымдарға сеуіп мал жайылымына пайдаланады.
Ахтық тұқымдастарымен қосып мәдени шалғындықтар жасайды шөп ұнын және шөп түйіршіктерін жасайды. Вегетация кезеңінде мөдени жайылымдар мен шалғындықтарды 2-3 рет оруға болады. Ол егістікте 6-10 жылға дейін сақталып өнімін төмендетпейді.
Мүйізді лотус құрамындағы қоректік затының мөлшері жағынан жоңышка мен бедеден кем түспейді. Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институтының (Петербург обл.) мәліметтері бойынша мүйізді лотустың Гатчинский сортының бірінші орылған өнімінің құрғақ массасыңда 14,0% бел.ок бар, ал бедеде 14,28%, жоңышқада 13,47% болған.
Мүйізді лотустың гүлденген кезінде жинаған көк балаусасының химиялыққүрамы мынадай: су — 71,3%, протеин — 5,3, белок— 4,8, май - 0,8, клетчатка — 6,8, күл - 3,2 және азотсыз экстрактивті зат - 12,6%. Қорытылу коэффициенттері де жоғары — 65-72.100 кг көк балаусасында 23,4 азықтық өлшем және 3,8 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтықөлшемге 162 г қорытылатын протеин келеді. Құрамындагы минерал заттары мен көмірсулары мөлшері жағыңан басқа бұршақ тұқымдас шөптерден кем түспейді. Оның көк балаусасында А, В, С, Д витаминдері кёздеседі.
Мәскеу облысында шабылған мүйізді лотуетың 1 кг көк балаусасында 44-72 мг каротин болса, жоңьппқаның көрсеткіші 38-64 мг ғана болған.
Мүйізді лотустың көк балаусасы мен пішенін барлық маддың түрлері сүйсініп жейді. Көк шөбімен қоректенген малда (мәдени жайылымдарда) тимпания және метеоризм болмайды.
Вегетация кезінде мүйізді лотусты кем дегеңде 2 рет оруға болады. Бірінші ору өсімдік гүлденген кезінде, екінші ору толық шанақтанып гүлдей бастағанда өтеді. Және де бүл өсімдікті сүрлем салуға да жақсы пайдалануға болады.
Мүйізді лотустың өнімі сортына байланысты әртүрлі болып келеді. АҚШ-та (Мичиган штаты) сортына байланысты әр гектарынан 67-100 ц аралығында пішен шабылған. Алабама штатында 90 ц/га пішең жиналған. Ленинград облысында Кубанский 44 сортынан гектарынан 156-239ц қөк балауса жиналған. ВНИИК-тің (Москва облысы) мәліметі бойынша бірінші пайдаланған жылы әр гектардан 67 ц екінші жылы -31,0 ц пішен жиналған. Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметіне карағанда бес жыл бойы пайдаланып жиналған өнімнің жалпы мөлшері сол аралыкта жиналған жоңышқаның өнімімен бірдей болып, эспарцеттің өнімінен жоғары болған. Тұқымының өнімі 1,5-2,0 ц/га.
Мүйізді лотусты көбінесе астық тұқымдастарымен шөп қоспаларында пайдаланып өсірген өте тиімті екенін көрсетті. Мысалы, АҚПІ-та оны субидайық, жиматарғақ және қылтықсыз арпабаспен қосып себеді. Ат қүнарлығы төмен ылғалды өзен жағалауларыңда шалғындық бетегемен қосып себеді. Кентукки штатында мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығымен және шалғыңдық қоңырбаспен қосып себеді. КанзаС штатында мүйізді лотусты қылтықсыз арпабаспен, құрақ ұқсас субидайығымең, құрақүқсас бетегемен қосып себу ұсынылған. Осындай шөп қоспаларынан өр жылдың ауа райына байланЫсты гекгарынан 67,4-84,0 ц пішен жиналған.
Еуропада мүйізді лотусты тау беткейлерін жақсартқанда, лгоп қоспаларында пайдаланып себеді. Югославияның таулы аймақтарында мүйізді лотус пен жиматарғақтың қоспалары үш жылда әр гектардан 280 ц-ге дейін өнім береді. Оның біріяші жылынан 8 ц, екінші жылынан 16 ц протеин жиналды. Шөп қоспасында 35% мүйізді лотус 65% жиматарғақ болды. Болгарияда тау беткейлерінде мәдени шабындық пен жайьиымдар жасау үшін шөп қоспаларында мүйізді лотустың үлесі 30% болуы ұсынылған (басқа құрамы -жоңышқа 30%, қылтықсыз арпабас 20%, жима тарғақ 20%).
Италияның құрғақ таулы Аппенин жағдайында мүйізді лотус, құрақ ұқсас субидайығымен шөп қоспасыңда бес жылда жалпы 478 ц/га пішен берген. Оның құрамында мүйізді лотустың үлесі 26% құраған.
Румынияда ферма маңындағы мәдени жайылымдарға себілетін шөп қоспаларына мүйізді лотусты пайдалану ұсынылған.
Германияда мәдени шабындықтардың жалпы көлемінің төрттен бірінде шөп қоспаларына мүйізді лотусты енгізген.
Казақстаңда өзен алқаптары мен су жайылатын лимандарда мәдени шабындықтарға мүйізді лотусты құрақ ұқсас субидайығы, шалғындық бетеге, қылтықсыз арпабас қоспаларымен сепкенде гектарынан 25-45 ц-ге дейін пішен жиналды. Алматы облысының таулы аймақтарында мүйізді лотусты жиматарғақпен және атқонақпен қосып сепкенде гектарынан 40 ц-ге дейін пішен жиналды.
Морфологиялықжәне биологиялық ерекшеліктері. Мүйізді лотустың тамыр жүйесі кіндік тамырлар. Одан жан-жағына ірі тамырлар жайылып жақсы өседі. Тамырларында ірітүйнек бактериялары көптеп байланады.
Сабағы тік немесе жартылай жатаған өседі, жақсы бүтақтанған, биіктігі 50-70 см, жақсы жапырақтанған — 48-55%.
Жапырақтары күрделі үштік, ортаңғыжапыракшасыжақсы дамыған. Жапырақшаларының пішіні ромбы, эллипс тәріздес те жоғарғы жағы жалпақтау келеді. Жапырақ серігі қос-қостан болады, пішіні жартылай жүрек тәріздес, көлемі негізгі жапырақшаларға жақын.
Гүлшоғыры жай шатырша келген 4-7 гүлден түрады, эркеннің жоғарғы үшында, бүйір бүтақтарында орналасқан. Гулдерінің түсі сары. Жемісі үзынша түтік тәріздес 'септүқымды бүршақбас. Бүршақбастың үзындығы 3 см ламасында, ішінде 3-6 данаға дейін түқым бар. Түқымы чомалақша, үсақкеледі, түсі сарғыш-жасыл немесе қара-қоғтьір. .'. 000 түқымының массасы 1,1-1,6 г.
Мүйізді лотустың дамуына мынадай фенологиялық кезендер ажыратылады: тұқымының өсуі, көктеу, бірінші нағыз жапырақтың пайда болуы, бүтактану, шанақтану, гүлдену, жеміс салу, дәннің (түқымның) пісуі.
Екінші және одан кейінгі пайдалану жылдары көктемгі. өсудің басында және шабылғаннан кейін тамыр мойнындағы бүршіктерден өсімдік жиілігіне карай 8-40 сабакқа (еркенге) дейін өсіп дамиды, олар өз тарапынан бүтактанады, Сөйтік өсімдіктің жалпы өнімі қалыптасады.
Мүйізді лотус қысқа және суыққа төзімді өсімдік. Жыяыча оны бірнеше рет шабуға болады. Бір жерде 6-10 жылға дейір өсіп жақсы сақгалады. Топыраққұнарлығьш аса қажет етпейді Ол аздаған түзды жөне қышқылды (рН-5,5-8,2) топырақгарда өсе береді. Аурулармен және зиянкестермен аз зақьгмданады,
Оның басқа бүршақ түқымдас өсімдіктерден айырмашылығы: көктемгі жайылма (қар, өзен т.б.) сулардың астында өліп қалмай жақсы сақталуында. Ол су астында 25-30 күнге дейін шыдайды. Су тартылғасын жақсы өсіп-өнс береді. Су басуды өсе қоймаған және жаңа өсіп келе жатқал өсімдіктер жеңіл көтереді.
Мүйізді лотус жаздық типтес өсімдікке жатады Түқымымен, өркен қалемшелерімен көбейеді. Танапта топырақгьщ түқым сіңіру қабаты +6-8°С жылылықта жыддам өседі. Көктегеннен кейін алғашқы 20-30 күн мүйізді лотус баяу өседі. Бір айдан кейін сабақтары пайда болып бүтақтана бастайды. Содан кейін, ауарайьшьщжағдайьшабайланьісты. біржарым- екі ай шамасында шанақтанып гүлдене бастайды Өсімдіктің гүлденуі қыркүйек айына дейін созылады. Гүлденуі мен бүршакбасыньщ пісіп жетілуі біркелкі жүрмейді. Келесі жылдары мүйізді лотустың көктемгі өсуі жоңышқада;' кешірек басталады. Бірақта оның әрі қарай өсуі қарқыкды жүріп, бірінші ору мезгілі жоңышқадан 3-7 күн ертереу басталады. Ал жалпы гүлденуі маусымның аяғында басталады. Түқымының пісуі тамыздың аяғында, ал кейбір кездері қыркүйек айында өтеді.Себілген жылы мүйізді лотустыи сабагының биіктігі 25-30 см-ге жетеді де келесі жылдары 45-70 см аралығында болады.
Мүйізді лотус вегетация кезеңінің екінші жартысындп ылғалды көп керек етеді. Алайда ол жаздың қысқа мерзімді қүрғақшылығына төзеді. Мүйізді лотус аздаған қышқыл топырақта өсе береді. Ал, ондай топырақты әкгеп бейтараи қалпына түсіргенде жақсы өнім береді. Өсімдіктің құрамында фитонцидтер көп болғандығының әсерінен ол аурулармеп, зиянкестермен аз закьімданады.
Өсіру агротехникасы. Мүйізді лотустың тұқымы ұсақ болуына байланысты оны өсіретін танап жақсылап дайындалуы кажет. Танаптың топырағы майдаланьш, тегістелуі керек. Оның
і ^^стігі танапта, не болмаса шалғындықга дайындалған жерде
срчаластырылады.
Муйізді лотусты мәдени шабындық пен жайылымдарда ' беле және астық тұқымдас шөптердің қоспасымен себеді. Шөп ұнын дайындау үшін оның өзін жекелей де өсіруге Толады.
; Мүйізді лотусқа жақсы алғы дақылдар отамалы дақылдар 'ж--іШ: картоп. Яғни оның жоғарғы өнімін арамшөптен таза, '• қүкарлы және сумен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда ғана алады. Әсіресе себілетін танап көпжылдықбидайықпен ■ калуеннен таза болуы керек.
Күзде танап алғы дақылдардан босағасын оны аудара • чшртады. Ал эрозия қаупі бар жерде жаздық тілгіштер колданылады. Алынатын өнімнің көлеміне қарай танапқа . .минералды тыңайтқыштар беру тиімді. Қатты кебірленетін голырақтарда оң әсерін гипс не болмаса органикалық тыңайтқыштар тигізеді. Себу кезінде топыраққа тұқыммен ■бірге өр гектарға 40-50 кг түйіршікті суперфосфат енгізуді үоыыуға болады. Тұқымды себер алдында жақсылап тазартады, және ризотрофинмен өндеген тиімді.
Себу мерзімін тандағаңда танаптьщ қай жерден бөлінгенін, жыл және өсірілетін ауданның жағдайын ескереді. Мүйізді лотусты танаптың тұқым сіңіру қабатында температура .+^-5°С жылығанда көктемде себеді. Ал енді танап өзен а ікабында немесе басқа да су жайылатын шабындықтардан дийындалса онда оны су кеткесін жақсылап оңдеп жаз айында ; ссбуге болады (Әубәкіров К, 2002ж).
Мүйізді лотусты мал азығына жай катарлап себеді (15-23 см). Себу мөлшері әр гектарға 4-6 млн. өнгіш (6-8 кг) түкьім. , Түқымды ауыр топырақтарда 1,0-1,5 см, жеңіл топырақтарда 2-3 см сіңіреді. Түқыім себуге астық-шөп себетін СЗТ-3,6, паялы жерлерде СТС-2 сепкіштерін пайдаланады. Астық себетін дискілі СЗ-3,6, СЗП-3,6, ал паялы жерлерде СЗС-2Д, СЗС-6-12 дән сепкіштерін пайдалануға болады.
Мүйізді лотустың егістігің күтіп-баптаудың негізгі і әсілдерінің бірі-айналмалы шотаен немесе жеңіл тырмалармен топырақ қабыршақтарын бұзу болып есептеледі. Шаралар қатарына арамщөптермен күресу де жатады. Жаз бойы танапта ескен арамшөптерді 2-3 рет орады. Өсу-даму кезеңінде аурулармен және зиянкестермен зақымдануын қадағалап олармен күрес жұмыстарын жүргізіп отырады.
кінші жылы көктемде ауыр топырақгарда тырмалау және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізіледі. Мүйізді лотусты 3-4 жыл пайдаланғаннан кейін топырақ тығыздалып өсімдіктер сирей бастауы мүмкін. Бұл жағдайда топырақгы қопсытып жақсартады. Мүйізді лотусты пішенге шанақтану гүлдену кезеңінде жинайды. Бұдан ерте немесе кешіктіріп жинау өсімдіктің химиялық құрамын нашарлатады, пішеннің сапасьш төмендетеді.
Соңғы шабуды жақсы қыстап шығу үшін түрақты салқын. басталардан 4-5 жұма ертерек жүргізеді.Мүйізді лотустың тұқымын оның егістігін екінші жылы пайдаланғаннан бастап жинайды. Тұқымынан жоғары өнімді көптеген жагдайда бірінші орымнан алады. Тұқымдық егістіктерді күтіп-баптау минаралды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруден жөне зиянкестермен күресу үшін инсектицидтермен өңдеудек тұрады.
Мүйізді лотустың тұқымының пісуі ұзаққа созылады да, піскен тұқымдары өздігінен шашылуға бейім болады. Сондықтан оны комбайнмен жинау бүршаққаптарыяың 60-70% қоңырланғанда жүргізіледі. Оны бұдан да ертерек бөлектеп жинау да тиімді болуы мүмкін. Ол үшіи дестелегіштермен немесе арнаулы шөп шалғыларымен дестеге түсіреді. Дестедегі масса кеуіп құрғағаннан кейін (айталық 3-5 күннен кейін) жинағышы (подборщик) ілінген комбайнмен бастырады. Түқымды жинауды жақсарту үшін "Нива", "Енисей" комбайндарына 54-108Акұрьшғысьшпайдаланады. Үккіш қондырғы бастырғыш барабанмен бірге тұқымының бұршаққабынан толық босауын қамтамасыз етеді. Түқым шығынын болдырмас үшін дестеніжинап, қырманға әкеліп бастырған тиімді екенін көрсетті.
Алайда мүйізді лотустың тұқым егістігін өсіру, оны жинау республика ғалымдарының алдында тұрған үлкен мәселе. Келешекте осы жөнінен зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.
Бақылау сұрақтары
Дәнді бұршақ дақылдарының мал азығында маңызы қандай?
Дәнді бұршақ дақылдарын мал азығына қалай пайдаланған тиімді?
Май бұршақты мал азығына қалай пайдаланған тиімді?
Сүрлем дайындауға тиімді бұршақ дақылын атаңыз?
Мал азықтық бұршақтың таралуының келешегі қандай?
Мал азықтық бөрібұршақтың мал азығына пайдалану қалай жүргізілуі тиісті?
Ноқаттың мал азығына пайдалану келешегін сипаттаңыз?
Ноқат пен ноғатықта қанша белок мөлшері бар?
Дәнді бұршақ дақылдарының пішенінде қанша азықтық өлшем (а.ө.) болады?
Мүйізді лотусты мал азығына қандай аймақтарда өсіруге болады?
Қазақстанда шығарылған дәнді бұршақ дақылдарының сорттарын атаңыз?
Әдеттен тыс мал азықтық сүрлем дақылдар.
Дәріс тықырыбы :Сосновский аю балдырғаны
1.Маңызы жэне таралуы. Интродукциялау тарихы.
2.Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.
3.Өсіру агротехникасы.
1.Маңызы жэне таралуы. Интродукциялау тарихы.
Аю балдырғаны(Боршевик Сосновского, Heracleum, sosnowskyі Manden ) туралы мағлұматтар өте ерте заманан басталады. Көпшілік елдерде оны халық медицинасында қолдана білген. Құрамындағы биологиялық белсенді қосылыстардың және оның ішінде кумариннің, эфир майларының көп кездесуі аю балдырғанының емдік қасиетін жоғарылата түсті. Аю балдырғанында кездесетін фурокумарин мен эфир майларының тағы бір өте пайдалы қасиеті- олардың топырақтың микрофлорасын тазалап жақсартуында.
Аю балдырғанын ерте заманнан тамаққа да пайдаланған. Әсіресе оның бұл қасиеті Кавказда 2-3 мың жыл бұрын белгілі болған. Одан көк күйінде-салат жасап және тұздап тамаққа пайдаланған. Сібірде оның өсімдігінен спирт және қант алған.
Аю балдырғанының кейбір түрлерінен кілем басуға әртүрлі бояулар алынған.
Аю балдырғаны және де өте құнды бал жинайтын өсімдік. Оның әр гектарынан 300-400 кг бал жинауға болады.
Шет елдерде аю балдырғанының кейбір түрлерін сәндік өсімдік ретінде өсіреді (Мантегация түрі). Бірақта аю балдырғанының ең негізгі орны оның мал азықтық маңыздылығы. Табиғатта оның кейбір түрлерін көпшілік жануарлар (үй және жабайы) сүйсініп қоректенетіні анықталған.
Бұрынғы Одақ көлемінде аю балдырғанының 37 түршелері, Қазақстанда 2 түршесі кездеседі. Осы түршелерінің мал азықтық маңыздылығы жағынан ерекшеленіп зерттелген Сосновский аю балдырғаны мен Леман аю балдырғаны.
Сосновский аю балдырғаны табиғатта Кавказдың орталық және шығыс аймақтарында, Дағыстанда және Солтүстік Кавказдың таулы аймағында кездеседі. Оны жерсіндіру және мал азығына өсірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары Россияның Мурманск және Ленинград облыстарында 1947 жылдан жүргізіле бастады. Содан кейін оны Украинада, Белоруссияда өсіріп зерттеді.
Қазақстанға Сосновкий аб балдырғаны 1960 жылдан бастап әкелініп ауылшаруашылық институтының және Қазақтың егіншілік ғылми-зерттеу институтының тәжірибе танаптарында зерттеліп өсіріле бастады (В.Н.Лукашов и др., 1990).
Сосновский аю балдырғаны жаз кезінде сүрлемге салуға қолайлы, жоғары өнімді мал азықтық өсімдік. Оның құрамында көмірсуының көп болуына байланысты жақсы сүрленеді. Оның аздап жел қаққан көк балаусасын қара мал, шошқа және құстар жақсы жейді.
Аю балдырғанын таза өзін, не болмаса оны қиын сүрленетін өсімдіктермен (құлқайыр,гүлтәжі, біржылдық бұршақ дақылдары) қосып сүрлемге салады. Оның сүрлемінің дәмдік сапасы жоғары. Сауын сиырлар оған үйреніп алғасын сүйсініп жеп сүті көбейіп және оның құрамында майдың, белоктің, каротиннің, аскорбин қышқылының, В12 витаминнің мөлшері көтеріледі. Бордақыланған тайншаның азықтық рационына аю балдырғанының сүрлемін қосқанда олардың тәуліктік ет қосуы және оның сапасының (май, белок) өсетіні анықталды (И.Ф.Сацыперова, 1984).
Аю балдырғанын егістіктегі дақылдардың қалдықтарымен: астық және дәнді бұршақ дақылдарының топанымен, сабанымен, жүгерінің құрғақ сабақтарымен және т.б. қосып сүрлемге салуға болады.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аю балдырғанын майбұршақтың сабанымен қосып та сүрлемге салады. Майбұршақтың сабанында белоктің мөлшері жоғары болғандықтан сүрлемнің сапасы көтеріледі.
Аю балдырғанының көк балаусасын сүрлемге салғанда оған лайықты қоспа таңдау көбінесе оның шабу мезгіліне байланысты. Бірінші ору кезеңі маусымның басында жүргізілген жағдайда оны жоңышқамен қосып сүрлемге салады. Екінші рет шабу мерзімі қыркүйектің екінші жартысына сәйкес келеді де оны күзгі жиыннан кейінгі егістік қалдықтарымен қосып сүрлем дайындаған тиімді.
Аю балдырғанының жапырағының 1 кг құрғақ затында 5500-5640 мг каротин және 1680-2000 мг аскорбин қышқылы, ал көк балаусасында олар 120-180 және 990-1116 мг шамасында болады.
100 кг аю балдырғанының сүрлемінде 9,1 кг азықтық бірлік және 1,1 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық бірлікке 12,1 мг қорытылатын протеин келеді.
Сүрлемнің химиялық құрамы мынандай: су-88,6%, протеин-17, белок-0,9, май-0,6, клетчатка-2,3, күл-1,5, азотсыз экстрактивті зат-5,3%. Органикалық заттардың қорытылу коэффициенті 59,9 бірлікке тең.
Аю балдырғанының мал азықтық сапасын оның құрамында кездесетін эфир майлары мен фурокумарин төмендетеді. Сол себептен оны мал азығына ертерек орып (гүлдегенге дейін), сүрлемге салар алдынды аздап желге қақтырып жаныштап алу керек (подвяливать).
Сонымен қатар оның шырыны адамның жалаңаш жеріне тисе тітіркендіріп, күйдіріп жіберген сияқты әсер қалдырады. Сондықтан оны мал азығына орып дайындағанда сақтану шарларын орындау керек (қолға қолғап, аяққа етік және арнаулы жұмыс киімдер).
Аю балдырғанының көк балаусасының өнімі өсімдіктің жасына қарай өзгереді. Алғашқы жылы көк балаусасының өнімі әр гектардан 300-350 ц шамасында. Екінші-оныншы жылдары-500-900 ц аралығында. Орташа өнімі 300-500 ц/га тең. Украинада, Белоруссияда, Қазақстанда кейбір жылдары өнімі 800-1000 ц/га дейін көтеріледі. Құрғақ өнімнің мөлшері орташа 79 ц/га құрады.
2.Қоршаган ортаға қоятын талаптары. Жем-шөпке жэне тұқымға осіру технологиясы.
Сосновский аю балдырғаны көпжылдық балдыркөк тұқымдасына жататын өсімдік. Тамыр жүйесі кіндіктамырлы. Орталық тамыры біржылдық өсімдікте жақсы айқындалған, диаметрі 8 см. Тамыр мойынан 4-5 см төмендеу жерінен орталық тамыры үш-төрт тамыршаларға бөлініп жан-жаққа тарап өседі. Тамырының негізгі бөлігі топырақтың жыртылған қабатында орналасады. (0-30 см) да, кейбірі 2 м тереңдікке дейін жетеді.
Сабағы тамырының жоғарғы жағында пайда болған жалғыз бүршіктен 2-7 жылдары өсіп шығады. Сондықтан оның сабақ түзуі, гүлденуі және тұқым беруі өсімдік өмірінде бір-ақ рет болады. Сабағының биіктігі 3 метрдей және одан биік өседі.
Аю балдырғанында бірінші жылы тамырынан жертаған жапырақтар пайда болады.
Бірінші негізгі жапырақтары бітік дөңгелекше, одан кейінгісі-қанаттәріздес бөлекше болады. Жапырақтары ірі, көлемі 1 шаршы метрге дейін жетеді.
Гүлшоғыры-күрделі көпжапырақты шатырша. Онда 2-2,5 мыңдай гүлдер орналасқан. Орталық сабағында 30 шақты кішкене шатыршалар орналасады. Гүлінің түсі ақшыл, бесжелекші болып келеді. Айқас тозаңданатын өсімдік.
Жемісі-ақшыл-қоңыр, немесе сарғыш түсті тұқымша. Тұқымы ірі, 1000 дәннің массасы 10-15 г.
Аю балдырғаны өзінің қысқа, аязға төзімділігімен ерекшеленеді. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша оның жапырағы мен сабағы-5-60С аязға шыдайды, ал өсімдігі қар жамылғысы жақсы болған жылдары-35-400С аязға шыдайды. Тәжірибе көрсеткендей Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында қыстап шыққан аю балдырғанының сиреп кетуі байқалады.
Аю балдырғанының қалыпты өскіні күздің соңғы күндерінде сепкенде алынады. Көктемде сепкенде тұқымын себер алдында үш айдай стратификациядан (тұқымның өніп шығуын жеделдету әдісі) өткізеді. Әйтпесе оның өскін беруі өте нашар болады. Бұл әрине орындалуы қиын жұмыс. Сондықтан оның себу мерзімін көктемге қалдырмауға тырысады.
Аю балдырғанының алғашқы өскіні өте баяу өседі. Оның көктемгі өсіп-даму қарқыны Вейрих таранынан бәсеңдеу де, сильфиядан, майтамырдан жылдамырақ.
Ырғақты және тезірек өсе бастауы вегетациясының екінші кезеңінен басталады. Күзге дейін оның жертаған жапырақтары өсіп, ұзындығы 90-120 см дейін жетеді. Өсімдіктің келесі жылғы көктемде өсе бастауы ерте қар кете салысымен байқалады. Алматы облысының жағдайында бұл кезең шамамен сәуірдің алғашқы күндері. Орталық және Солтүстік облыстарда оның көктемде өсе бастауы мамырдың бірінші онкүндігіне келеді.
Оның ірі жертаған жапырақтары тез өсіп маусым айының басында биіктігі 120-145 см, ал аяғында 180-200 см дейін көтеріледі. Осы кезде гүлшоғыры орналасқан сабақтары пайда болады және гүлденер кезінде биіктігі 240 см, ал кейбір жылдары 300 см дейін жетеді.
Аю балдырғаны өсімдіктің күздік тобына жатады. Гүлденуі екінші және одан кейінгі жылдары жүреді (яғни танапты жыртып тастағанға дейін 2-ші-11-ші жылдары). Өсімдіктің гүлденуі шілде айына, ал тұқымының пісуі тамыз айының аяғына келеді.
Аю балдырғаны құнарлы топырақты сүйетін өсімдік. Ол бейтарап (рН-6-7) топырақта жақсы өседі, тұзды жерлерде өспейді. Бір орында 10-12 жылға дейін өсіп, жақсы өнім береді. Ол біршама жарық сүйгіш өсімдік. Бірақта бірінші жылы көлеңкелі жамылғы себілген танапта шыдап өсе алады. Жамылғы дақыл ретінде сүрлемдік жүгеріні себуге болады.
Аю балдырғаны вегетация кезеңінде көк балаусаға екі рет орылады. Бірінші ору маусымның аяқ кезі де, екінші ору-қыркүйектің басы. Өнімнің негізгі массасы (60-70%) бірінші орғанда алынады. Сосновский аю балдырғаны жаңадан жерсіндірілген басқа өсімдіктер сияқты өздігінен тұқым шашып тез көбейіп, танапты ластап жіберуі мүмкін. Сондықтан оның тұқымдыққа қалдырған бөлігін қадағалап, кезінде орып алу керек.
Аю балдырғаны жоғары өнім қалыптастыру үшін топырақ ылғалы жеткілікті болуға тиісті. Құрғақшылық жылдары оның өнімі әжептәуір төмендеп кетеді. Бірақта ол ыза суының топырақ бетіне жақын орналасқанын да қаламайды, ал көктемде танапта су көп тұрып қалған жағдайда өсімдіктер тұншығып өліп қалады.
Аю балдырғаны аурулар мен зиянкестерге әжептәуір шыдамды өсімдік. Кейбір кездері жапырақтарында ақ ұнтақ ауруы, бактерия аурулары байқалады. Гүлшоғырында өсімдік биті, қарыққабат көбелегінің жұлдызқұрты кездеседі. Бірақта бұл аурулар мен зиянкестер жаппай кездеспейді.
Өсіру агротехникасы.Сосновский аю балдырғанын ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіреді. Оған жақсы алғы дақылдар отамалы және астық дақылдары болып есептеледі.
Топырақ дайындау жұмысы күзде зябь жыртудан басталады. Сол кезде танапқа әр гектарына 40-60 тоннадай органикалық тыңайтқыш және толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) сіңіреді. Үш-төрт жылдан кейін танапқа органикалық тыңайтқыш (30-50 т/га) қайталап беріледі. Жыл сайын танапты көктемде бірінші қопсыту (культивация) кезінде және бірінші орып алғаннан кейін минерал тыңайтқышымен (N30P30-45K60) үстеп қоректендіру өте тиімді.
Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірген аю балдырғанының 1000-1200 ц/га өнімімен топырақтан 750-900 кг/га қоректік зат, оның ішінде-280-340 кг азот, 100-120-фосфор, 370-440 кг калий алынады. Осынша қоректік заттың жыл сайын топыраққа қайтарымы болмаса өнім төмендеп кетеді.
Себу алдында танапты жақсылап тегістеу, өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақты қопсыту және басқа да жұмыстар жүргізіледі. Дұрыс жүргізілмеген агротехникалық жұмыстар аю балдырғанын біргелкі себуін қиындатады.
Себу тереңдігі 1,5-2,0 см. Одан тереңірек себілген тұқымның өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқымды себер алдында және сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Себуге жаңа жинап дайындаған тұқымды пайдаланған дұрыс. Өйткені өткен жылғы тұқымның өнгіштігі төмен болады. Егер осы тұқымдарды пайдаланған жағдайда оның мөлшерін 20-30% көбейтеді.
Себу әдісі- кеңқатарлап. Тұқым себуді (60-70 см), көкөніс (СОН-2,8) немесе басқа да сепкіштермен жүргізеді.
Кеңқатарлап сепкенде себу мөлшері-8-10 кг/га, шаршылы- ұялап сепкенде 6-8 кг/га. Аю балдырғанының өсімдігінің әр шаршы метрге келетін тығыздығы оның келешекте өнімін айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіші. Егер ол сирек себілген жағдайда 2-3 жылдары гүлдейді де әрі қарай өнімін төмендетеді. Тығыз себілген жағдайда оның гүлденуі 8-10 жылға дейін созылып жоғары өнімі сақталып, оны ұзақ пайдалануға болады. Сондықтан шаршылы-ұялап сепкенде әр ұяда 10-12 өсімдік болуы шарт. Ал ол үшін әр ұяға 20-30 тұқымдай түсуі керек. Ол үшін әр гектарға 15-20 кг тұқым себіледі. Кейбір аймақтарда кеңқатарлап сепкенде де әр гектарға себетін тұқым мөлшерін 22-25 кг дейін көтереді.
Танапты күтіп-баптау жұмысына үлкен көңіл бөлінуі тиісті. Көктемде топырақ өңдеуге дайын болған кезде оны көлденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Арамшөптер қаптап өсіп кеткен жағдайда гербицид шашқан пайдалы. Қатараралығы айқындалып өсімдіктің 1-2 негізгі жапырағы пайда болғаннан бастап қатараралығын қопсыту-яғни культивациялау жұмыстары басталады. Оны 6-8 см тереңдікте жүргізеді. Екінші қопсыту 10-12 см тереңдікте жүргізіледі. Қопсыту жұмысының негізгі мақсаты арамшөптерді жою. Сондықтан культиватордың жұмыс органдары соған сәйкестеніп таңдалуы тиісті. Үшінші рет культивация жүргізгенде суаратын арықтар дайындалып суару жұмыстары басталады. Жауындатып суғарған кезде арықтар тартылмайды.
Қазақстанның жағдайында аю балдырғанын үш реттен артық культивациялауға болмайды. Өйткені өсімдіктің жапырақтары өсіп қатараралығы көрінбей кетеді.
Екінші және одан кейінгі жылдары ерте көктемде егістікті көлденеңінен тырмалайды және 2-3 жапырақ түзгенде бір рет культивация жүргізеді. Бірінші рет орып алғаннан кейін егістіктің топырағын қопсыту үшін тағы бір рет культивацтялайды. Екінші жылдан бастап танапты арамшөптермен күресу жұмысы жүргізілмейді. Өйткені осы кезден бастап аю балдырғаны жақсы қарқынмен өсіп арамшөптердің өсуіне тосқауыл бола алады.
Аю балдырғанының тұқым шаруашылығы аса қиындық тудырмайды. Тұқымдыққа мал азығына өсірілетін егістігінен қалдыруға болады.
Тұқымын қолмен пісуіне байланысты 2-3 рет қайталап жинайды. Астық жинайтын немесе қонақ жүгері жинайтын (СМ-2,6) комбайндарды да пайдалануға болады.
Сосновский аю балдырғанының тұқымын жинап алғасын қалған өсімдік массасын сүрлем салуға пайдаланады. Содан кейін танапқа толық тыңайтқыш шашып қопсытады және тырмалайды.
Тұқым тазалау өте мұқият жүргізілуі тиісті, өйткені нашар тазаланған тұқым дұрыс себілмейді де оның өнгіштігі төмендеп кетеді (Доценко, 1985).
Сосновский аю балдырғанының алғашқы селекциялық сорты табиғаттан жинаған жеке түрлерінен дара және жаппай сұрыптау әдісімен шығарылған.
Дәріс Көпжылдық дэстүрлі емес екпе дақылдар:Сүйір жапырақты сильфия
1.Шаруашылық маңызы.2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
3.Өсіру агротехникасы.
Сүйір жапырақты сильфия(Сильфия пронзеннолистная,Sіlphіumperfolіatum)
күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Оның отаны Солтүстік Американың ылғалды аймақтары. Европаға 18 ғасырда әкелініп, ботаникалық бақтарда өсіріле бастады. Бұрынғы Одақ көлемінде сильфия мал азығы ретінде 1957 жылдан Украинада, ботаникалық бақтарда, содан кейін тәжірибе станцтяларында өсіріліп зерттеле бастады. Алғашқы зерттеулердің нәтижесінде бұл өсімдік көпжылдық перспективалы сүрлемдік мал азығы екені анықталды.
Шаруашылық маңызы. Сильфияның өнімінің жоғары, көпжылдық дақыл болуына байланысты жас кезінде көк балаусаға пайдалануға, сүрлемге салуға тиімді. Оның сүрлемін әсіресе сауын сиырлар сүйсініп жейді. Сильфияны ерте орған кезде жақсы алшын беріп әрі қарай тез өсіп көк балаусаға және сүрлемге екінші оруға келеді. Бір жерде он жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді. Құрғақ затында протеиннің (16-23%), көмірсуы, каротиннің, С витаминінің және күл элементтерінің (Са, Р т.б.) жоғары болуымен ерекшеленеді. Көк балаусасының өнімінің көрсеткіші жағынан Вейрих тараны мен жер алмұртына қатарлас. Украинада көк балаусасының өнімі (2 рет орғанда) әр гектардан 960-1200 ц. болды. Белоруссияда-300-750 ц/га шамасында болды.
Солтүстік Қазақстан облысында өсірілген сильфияның әр гектарынан 450-500 ц көк балауса жиналды. Ал сол жерде қатар өсірілген жүгерінің өнімі 290 ц/га болды.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында суармалы жерде өсірліген сильфия гектарынан 1000-1400 ц дейін көк балауса берді.
Себілген жылы сильфияның жапырағының өнімі әр гектардан 300 ц дейін жетеді. Бірақ оны шауып алу тиімсіз, өйткені келесі жылы сильфияның сабақтануы нашарлап өнімі төмендейді.
Ботаника-биологиялық ерекшеліктері.Сильфияның тамыры жақсы дамыған. Көпшілік ыңғайлы өсетін тамырдан және тамырсабақтан құралады.
Сабағы жуан, тік өседі, төрт қырлы келеді, бұтақшалары жоғарғы жағына орналасады. Түсі ашық-жасыл, биіктігі 180-240 см дейін ал Украинада-350 см жетті.
Жапырағы ірі, ұзынша-элипс тәріздес те ұшы үшкірленіп келеді, түсі қою-жасыл, қаттылау, шеті тісті, ұзындығы 35 см, көлденеңі 15-25 см жетеді. Сильфияның бағалы биологиялық ерекшеліктерінің бірі оның барлық вегетациялық кезеңдерінде жақсы жапырақтануы.
Гүлшоғыры-шағын себет тәріздес, пішіні мен көлемі жағынан жер алмұртының себетіне ұқсас. Гүлдерінің желектері ашық-сары. Әр сабақта 20-40 –тан, кейбір кездері 70-80 дейін себет өсіп сиректеу гүлшоғырын құрайды.
Жемісі -ұзынша жүрек тәріздес, қоңыр түсті жұқалтай тұқымдас. Ұзындығы 10-12 мм шамасында. 1000 тұқымының массасы 18-20 г.
Сүйір жапырақты сильфия биік өсетін, суыққа төзімділігі орташа, жақсы жапырақтанған көпжылдық өсімдік. Ол көбінесе тұқымымен және тамырсабағының көшеттерімен көбейеді. Көктемде сепкен кезде тұқымы біркелкі өсіп-өнбей толық өскін беруі созылып кетеді. Кейбір кездері өскіннің шығуы 1-1,5 айға дейін созылады.
Сол себептен оның тұқымын себер алдында стратификациялау тиімді.
Сильфияны қыста сепкенде көктемде жақсы көктеп шығады. Өскіндері жер алмұртының өскіндеріне ұқсас келеді. Өскіні ұзынша келген тұқым жарнағының екі жапырағынан тұрады. Ол алғашқы кезде баяу өседі. Сепкен жылы сабақ бермейді, гүлдемейді. Келесі жылы сабақ құрап, гүл салып жеміс береді. Үшінші жылы толық жетіледі. Жыл сайын оның өсу энергиясы мен түптенуі өсіп отырады.
Гүлденуі шілде айында жүреді де тұқымының пісуі тамыз айының аяғына дейін созылады. Күннің ашық, құрғақ кезінде жақсы тұқым салады.
Сильфияның әр түбінде екінші жылы 3-5 сабақ, 3-ші жылы 7-9, 4-5-ші жылдары 12-15 сабаққа дейін болады. Құнарлы топырақта өсірілген өсімдіктің әр түбінде 25-30 сабаққа дейін болады. Солтүстік облыстарда сильфия жыл сайын сиреп отырады. Бірінші қыстап шыққанда 5% дейін, 2-3 жылдары 7-17% дейін сирейді. Содан кейін сиреуі азаяды.
Сильфияның көктемде алғашқы көктеуі аю балдырғанына, Вейрих таранына қарағанда бір жұмадай кештеу басталады. Өнім түзуі де баяу жүреді.
Сильфия жылуды айтарлықтай қажет ететін өсімдік. Көбінесе оның өнім құрауы жаз айларында болады.
Топырақтың құнарлы, ылғалдың жеткілікті болған кезінде жақсы өнім береді. Тамырының жақсы дамуына байланысты кейбір уақытша болған құрғақшылыққа біршама шыдайды.
Оңтүстік облыстарда оны суармалы жерлерде өсіргенде топырақтың орташа ылғалдылығы 75-80%-дей (толық ылғал сиымдылығынан) болуы керек.
Сильфия көпшілік топырақ түрінде өсе береді. Бейтарап, не болмаса аздап қышқыл (рН 5,5-6-дан жоғары) топырақта жақсы өседі.
Сильфияны көбінесе көк балауса, сүрлем, шөп ұнын дайындау үшін өсіреді. Оның көк балаусасындағы протеиннің мөлшері бұршақ тұқымдастарымен бірдей. 100 ц. көк балаусасында 15-25 азықтық бірлік бар. Бір азықтық өлшемге 140-160 г қорытылатын протеин келеді. Сильфияның шанақтану кезінде орған көк балаусасын барлық малдың түрі сүйсініп жейді. Оның абсолютті құрғақ затының құрамында 24% протеин, 3,4 май, 22 клетчатка, 46,7 азотсыз экстрактивті зат, 11,5% күл кездеседі.
Сильфия өзінің өнімімен топырақтан көп қоректік зат алады. Мысалы 100 ц көк балауса түзу үшін оған 46-54 кг азот, 8-9 фосфор және 48-50 кг калий керек. Сондықтан оған жыл сайын органо-минералды тиыңайтқыштар беріп тұру оның өнімін төмендетпей топырақтың құнарлығын қалыпты мөлшерде сақтайды.
Өсіру агротехникасы.Сүйір жапырақты сильфияны ферма маңындағы ауыспалы егіске не болмаса ауыспалы егістен тыс танапқа өсіру керек. Оған жақсы алғы дақыл отамалы дақылдар.
Топырақ дайындау жұмыстары басқа көпжылдық сүрлемдік дақылдар өсіруге ұқсас келеді.
Күзде танапты тереңдете (27-30 см) жыртады, бетін жақсылап тегістейді, майдалайды, қопсытады. Жырту алдында танапқа гектарына 30-40 т көң шашады және оған қоса 3,0-4,0 ц суперфосфат, 1,5-2,0 ц калий тұзын берген тиімді.
Егер сильфияны қыс басталар алдында себетін болса топырақ дайындау жұмыстарын қазан айының басында аяқтау керек.
Оны қыстың алдында топырақ қатпай, күзгі қалың жаңбыр болмай тұрып себеді (қазан айында).
Себу әдісі- кең қатарлап (60-70 см). Тұқымды бейімделген астық себетін сепкіштермен (СЗ-3,6 т.б.) не болмаса көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8, СКОН-4,2) себеді. Жүгері сепкіштерін де қолдануға болады. Тұқымды шаршы-ұялап себуге де болады (60х60 см). Бұл жағдайда әр ұяға 10-16 тұқым салады.
Себу мөлшері-әр гектарға 60-100 мың өнгіш тұқым, немесе 14-20 кг тұқым.
Көктемде сильфияны мамыр айында жаздық бидай алдында себеді. Тұқым себу тереңдігі 2-3 см.
Сильфияны тамыр сабағының қысқа етіп кесілген көшеттерін жерге отырғызу арқылы да көбейтуге болады. Дайындалған көшеттерді жаздың аяғында-күздің басында отырғызу керек. Осылай отырғызылған көшеттер ерте көктемде жақсы көктеп шыға бастайды.
Көшетті кеңқатарлап (70 см), қатарда әр қайсысының арасын 30-50 см қашықтықта отырғызады.
Сильфияның толық өскіні шығып қатараралығы айқындалған кезде арасын культивациямен өңдейді. Қатараралығын өңдеп культивация жүргізу 3-4 ретке дейін қайталанады. Және ол жапырағы қалың өсіп қатараралығы көрінбей қалғанға дейін жүргізіледі. Қатараралығын өңдеудің мақсаты: біріншіден танаптың топырағын қопсыту, қабыршақтарын жою, екіншіден-шыққан арамшөптерді құрту.
Көктемде сильфия өсірілген танапқа гектарына 2,0 ц азот селитрасын және бірінші орғаннан кейін 1,0 ц азот селитрасын берген тиімді.
Фосфор-калий тыңайтқыштарын (Р45-60К45-60 кг/га ә.з.) екінші орғаннан кейін күзде берген тиімді. Танапқа әр екі-үш жыл өткен сайын бірінші өңдеу алдында гектарына 15-20 т көң немесе садыра шашқан тиімді.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында сильфияны суармалы жерде өсіреді. Вегетация кезеңінде танапты 4-6 рет суарады. Суландыру мөлшері гектарына 2500-3000 м3 шамасында.
Сильфияны ору кезі күтіп-баптау және өнім қалыптастыру жағдайына байланысты айқындалады. Кезінде шабылып алынған танапта жақсы алшын өседі.
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында бірінші қолайлы ору кезі сильфияның толық шанақталған кезеңі. Осы кезде орылған танаптан жоғары өнім алынып, оның келесі орылатын кезеңінде жақсы өнім қалыптастырады. Және де осы кезеңде орылған көк балаусасының қоректілігі жоғары болып мал сүйсініп жейді. Екінші ору қыркүйектің екінші жартысында жүргізіледі.
Сильфияның бірінші оруын 15-20 см биіктікте жүргізеді. Сонда ғана оған екінші рет жақсы өсуіне жағдай туады.
Сильфияның көк балаусасын жинауға жем-шөп оратын техникаларды пайдаланады (КС-2,6; Е-280; КСК-100; КАКУ-75 т.б.).
Солтүстік облыстарда сильфияның тұқымы пісіп жетілмейді. Сондықтан оның тұқымын оңтүстік облыстарда өсіру керек.
Тұқымдыққа сильфияның 2-3 жылдық танаптарынан бөліп қалдырады. Тұқым жинауды оның себеттері 60-70% қоңырланып піскен кезде бастайды. Себеттерді қолмен, не болмаса комбайндармен жинайды. Тұқымды жинап алғаннан кейін жақсылап тазалайды және 13-14% ылғалдылыққа дейін кептіреді. Тұқымдық материалды жинап алған жылы себуге жіберген дұрыс, өйткені оны сақтаған кезде өнгіштігін азайтады.
Дәріс. Забайкал тараны – көпжылдық жемшөптік дақыл
1 Шаруашылық маңызы;2 Өнімділігі және өнім сапасы;
3. Өсіру технологиясы
1. Шаруашылық маңызы
Қазіргі ауылшаруашылық өндірісі мал шаруашылығындағы жем-шөп жетіспеушілігін қанағаттандыру үшін диқаншыларға өнімділікті 2,5...3,0 есе арттыру міндетін жүктеп отыр. Бірақ соңғы 25 жылдық тәжірибе көрсеткендей, жаңа агротехникалық әдістерді қолдану нәтижесінде, өнімділікті орташа 2-3 жылда 2,68-3,4%-ға көтеруге болады.
Бұл мәселені түпкілікті шешу үшін өндіріс процесіне Забайкальский тараны сияқты жаңа дақылдарды енгізу керек.
Забайкальский таранның әртүрлі климаттық зоналарда жем-шөп ретінде қолданылуы, зерттеулер нәтижесінде оның кең экологиялық амплитудаға, жоғары өнімділікке ие екендігі аңықталды. Тағы да бір ерекшелігі, сүрлем, пішендеме, витаминді- шөптік ұн, сонымен қатар негізгі шикізатты сүрлемдегенде консервілі қосымша ретінде де қолданылады.
Забайкал таранның Ресейдің солтүстік европалық бөлігінде құнды жемшөп болатындығын ең алғаш АН КСРО Коми филиалы биология институты тәжірибе жүзінде растады. Мұнда 1957-1969 жылдар аралығында жемшөптік жаңа дақылдардың биологиялық және биохимиялық ерекшеліктері зерттелді, зерттеушілердің мәліметтері бойынша (М.И.Александрова, А.Е.Демина,1981) шаруашылық жарамды кезеңінде құрғақ зат мөлшері 17,2-19,4%, өнімділігі құрғақ зат бойынша - 100-150 ц/га.
Сібір ҒЗИ-да 8 жыл зерттеліп, ол орташа 435 ц/га жасыл масса немесе 79 ц/га құрғақ зат берген. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде (В.Ф.Косторной,1989) Забайкал таранның негізгі биологиялық ерекшеліктері анықталады. Жемшөптік өнімділігі және фитомассаның химиялық құрамының сапалық көрсеткіші оның пішендемеге қолдануға да болатынын көрсетеді Белорусия ғалымдарының зерттеу жұмыстары забайкал таранның ерте даму кезенінде жоғары құнды шөптік ұн алу үшін өте жақсы шикізат болатынын көрсеткен. Брест облысында оны өсіру тәжірибелері - бұл дақылдың интенсивті егіншіліктегі барлық талаптарға сай екендігін көрсетті: жасыл массасының жоғары өнімділігі, жемшөп ретінде пайдалануының көпжақтылығы – силос, сенаж және де дәрумен шөптік ұн.
Солтүстік Қазақстан облысының орманды-дала аумағында зерттеу жұмыстары 10 жыл бойы жүргізілді.(Н.Н.Свешникова,1989). Оның өнімділігі 483 ц/га, бұл аралықта суармай өсіргенде 108-ден 696 ц/га дейін ауытқыды. Автор өз мақалаларында забайкал таранның жасыл массасы алмасу энергияның жоғарғы концентрациясымен (сонын ішінде жемшөптік ақуыз) ерекшеленетінін дәлелдеген. 1974-1982 жылдары өнім гүлденудің алғашқы кезенінде жиналып, жалпы өнімділік төмендеуі байқалған жоқ. Жүргізілген талдау нәтижелерінің негізінде солтүстік мал шаруашылығы ҒЗИ зерттеушілерінің айтуы бойынша забайкал таранның жасыл массасы протеин, дәрумен және т.б. өнімді заттармен құнарландырылған теңгерімді сүрлем дайындау үшін өте жақсы шикізат болып табылады. Қолайлы химиялық құрамы және жақсы жапырақтануы оны жоғары сапалы кептірілген жемшөп алу үшін және сүрлем сапасын жоғарлату үшін негізгі сүрлемденетін шикізатқа қосымша ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Жыл сайын сабақтануының вегетативті жаңарып отыратындығына байланысты, плантацияның ұзақ мердімді болуы, тамыр жүйесінің интенсивті жайылуының нәтижесінде забайкал таран егістіктері топырақтың беткі қабатын қатайды және тығыз шымдануың қамтамасыз етеді. Бұл ерекшелігі баурай учаскілерін су эрозиясынан қорғау үшін қолданылады.
Соңғы жылдар ғылыми мәліметтерінде забайкал тарандыжемшөптік дақылдан да басқа егіншілікте жаңа бағытта пайдалану туралы сидералдық дақыл ретінде де қолданады. 2001 жылы Тущинода (Ресей, Мәскеу облысы) өткен халықаралық конференцияда басқа сұрақтармен қатар жаңа және аз тараған өсімдіктердің жемшөптік және сидералдық мақсаттардағы тиімділігі қарастырылды. Зерттеушілер материалдары бойынша бұл дақылдарды сидралдық қолдану топырақты жаңа органикалық заттармен байытып, гумустың түзілуіне жағдай жасайды.
Забайкал тараны - көпжылдық өсімдік, сондықтан өндірілген өнімнің өзіндік құның төмендетуге өте қажетті шығыны аз өндірісті құруға өте тиімді. Агроклиматтық ресурстарды рационалды пайдалануға мүмкіндік беретін аймақтық агротехниканың жоқтығы забайкал таранының өндіріске енгізуді тежейтін негізгі фактор болып табылады.
2. Өнімділігі және өнім сапалығы
Забайкал таранын жаңа егістік дақыл ретінде жерсіндіруге болады. Сабақ шалғындығының ауқымдығы жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Тұқым өнімділігінің арқасында алғашқы тұқым шаруашылығын жақсартуға болады. Ал табиғи тіршілік орны оны қауытконтинентальды климатты региондарда таратуға болатынын көрсетеді.
Оның жоғары өнімділігінің көрсеткішін елдің әр түрлі региондарда зерттелді. Г.В.Чубарова (1974) өз еңбектерінде 6 жыл аралығында өнімділіктің тұрақты түрдеұлғайып тұратындығын көрсетті. Алғашқы 2 жылда орташа өнімділік - 37,1 ц/га абсолютті құрғақ зат, ал 5-6 жылдары ол орташа 76,9 ц/га дейін көтерілді.
КСРО АН Басты ботаникалық бақтың тәжірибиелік бағында забайкал таранның өнімділігі 650 ц/га жасыл масса, ал 2 орымда 800 ц/га дейін жетті (К.А.Мойсеев,1980).
Кейбір табиғи зоналарда 2 орымнан алуға мүмкіндік болды. Көлемді өндірістік алаңдардан келесі өнім алынды: Белоруссияда - 350-800 ц/га, Солтүстік-Батыста - 330-750 ц/га. Поволжьяның құрғақ жағдайына байланыста өнім 170 -300 ц/га шегінде өзгеріп отырды.
Пермь облысында 1-ші жылғы өнімділік 346 ц/га, 2-ші жылы- 562 ц/га, 3-ші жыл жауын-шашынның аз мөлшерімен сипатталып 570 ц/га дейін жетті. Орташа 6 жылда 1 гектардан 5,5-10,2 мың жемшөптік бірлік алынды.
Солтүстік Қазақстанның орманды-дала зоналарында зерттеулер Есіл өзенің аңғарында забайкал таранының суарғанда 600-850 ц/га жоғары тұрақты өнім беретінін көрсетті. Ақмола облысының дала зонасында орташа 5 жылда суару арқасында 741 ц/га өнім алынды.
Химиялық биомассасының зерттелуі нәтижесінде оның құрамындағы қортылатын протеин мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас дақылдардан кем түспейтіні анықталды. Сондықтан ол жемшөп өндірісіндегі ақуыз мәселесінің шешіуінің баламасы болуы мүмкін. Абсолютті құрғақ зат құрамында оның мөлшері 1 жемшөптік бірлікте 119-125 дейін болады.
Бұл оны ақуыздық қосымша ретінде қолдануда кең мүмкіндіктер береді. Витаминдік ұнға шанақтану кезенінде жинау, өнім сапасы, ақуыз және каратин мөлшері бойынша жоңышқаға жақын болса, ал өнімділігі жағынан жоңышқадан 2,0-2,5 есе көп. Қант құрамы бойынша жақсы сүрлемденетін дақылдарға жатады.
Забайкал таранынан дайындалған пішендеме ГОСТ-тың 1 және 2 класына сәйкес келетіндігі дәлелденді. Ал, сабан қосылған жаңа шабылған сүрлем 1 класқа сәйкес келеді.
Дәрумендік ұн дайындауға өндірістік тексеріс нәтижесінде шанақтану кезенінде 1 жемшөптік бірлікте 134 г протеин бары анықталады.
3. Өңдеу технологиясы
Забайкал тараны 1 егістікте 10 жылдан артық өседі. Сондықтан да ауыспалы егіс жүйесін алдын-ала қолданған жөн. Мұнда жемшөптік дақылдар, егістерді арамшөптерден тазалауда септігін тигізетін қолдану мерзімдері қысқа дақылдар қолданылады.
Егістің пішендік, сүрлемдік орлардан қашық болуы үлкен рөл атқарады. Себуді сапалы тұқымдармен жүзеге асыру керек. Олардың өнімділігі, ауру мен зиянкестерге төзімділігі алдын-ала анықталуы тиіс. Тұқымдар 1 жылдан аса сақталған болса, егістік өнгіштігі төмен болады деп есептейді көптеген зерттеушілер. Расында забайкал таранының тұқымдары өз өнгіштігін 3 және 5 жылғы сақтаудан кейін де жоғалтқан жоқ. Астық дақылдарға қарағанда, ол өзіндік сақтау режимі ерекшеліктеріне ие. Забайкал таранының тұқымының шектік ылғалдығы 13-14%. Оларды көп уақыт сақтауда 2%-ке төмен кептіру керек.
Забайкал таранының себу көктемде тұқым сіңіру қабаты 10ºС жылынғанда басталады. Бұл шоқылы-жазықты жерлерде 25-27 мамырға сәйкес келеді. Ерте көктемгі себуге қарағанда (сәуірдің соңғы 5 күндігі) ерте жаздық және тамырлық арамшөптерден қорғаудың алды алынады. Өйткені арамшөптер себу алдындағы өңдеуде өте көп өсіп кетеді. Ал жазғы себумен салыстырғанда қатқақтарға дейін тамыр мойнында 3-4 жаңару бүршіктері түзіліп үлгереді, бұл жалпы шалғындықтың сиректенуінен сақтайды.
Шоқылы-жазық зоналарда әр түрлі периодтарда себу тиімділігі зерттелді (2004-2006). Көктемгі себуде (25-26мамыр) өсімдік жиілігі аз көрсеткіштер бойынша ауытқыды (И.Ф.Костиков.,А.В.Бушуева., 2008). Ерте көктемдік себу (25-28 сәуір) қалуен және қара сұлы арамшөптерімен ластанды. Жазғы себу мерзімінде тамырда қоректік заттардың түзілуі көктемгі себумен салыстырғанда 42-48 күнге қысқа болды. Сондықтан көктемгі себу өнімділік үшін ең оптимальды болып табылады
Басқа мерзімде себілгенге қарағанда, көктемде себілгенде 2004-2006 жыл аралығында орташа құрғақ зат өнімділігі 63,5 ц/га құрады немесе 8,5 ц/га және 11,2 ц/га жоғары болады.
Ылғал жағдайына байланысты кең қатарлы (60см) және қатарлы жабынсыз себу әдістері қолданылады. Кең қатарлы себу арамшөптермен механикалық күресуде және құрғақшылықта тиімді. Забайкал таранының арамшөптерге қарсы бәсекелестігі 4-ші жылдан басталып, арамшөптердің зияны төмендейді.
Шоқылы-жазықтық жерлерде тәжірибе жүзінде сабақ шалғындығы қалындығының өсуі 4 жылдан басталады. Ол 1 гектарда 242...256 мың сабақты құрайды.
Плантациялар өсімдік жиілігінің өздігінен оптимальды реттелу арқасында түзіледі. Гектарына 0,3 млн дана себілген кең қатарлы (60см) себу әдісінде басқа варианттарға қарағанда ерте реттелді. 2002-2006 жылдары бұл варианттан 47,0 ц/га құрғақ зат алынды, бұл басқа варианттарға қарағанда 3,2-4,2 ц/га көп.
Бірінші 2...3 жыл бойы қатар аралықтарды 1...2 өңдеуден өткізу керек. Кейін өңдеу керек емес, өйткені оптимальды өсімдік жиілігі түзілгеннен кейін олар арамшөптерді ығыстырады. Көп жылдық қолдануда топырақты тілу керек. Ол 5 жылдан соң ШР-5,6 тілушінің көмегімен жүзеге асырылады. Тілік ұзындығы - 70см, тереңдігі - 20см, топырақты тілумен ұатар NP элементтері өсу кезенінің басында енгізеді.
Сүрлем мен пішендеме үшін өнімді жинау гүлдену кезенінің басында, ал дәрумендік ұнға - шанақтану кезенінде бастайды.
Тұқымға жинауды 3-жылдан бастап жүзеге асырады. Polygonum тұқымдасына жататын басқа туыстарында сияқты забайкал таранының тұқымдары 1 мезгілде піспейді. Сондықтан шашақгүлдің ортаңғы және астынғы бөлігіндегі жемістер қоңырланғанда жинауды бастайды.
Біржылдық мал азықтық дақылдар: вейрих тараны(Горец Вейриха, Polygonum), тань шань жэне мал азықтық қымыздық.
1.Шаруашылық маңызы. 2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. 3.Өсіру агротехникасы.
Дүние жүзінің әртүрлі топырақ-климат жағдайында қарақұмық туыстасына жататын өсімдіктің 200-ге тарта түрлері кездеседі. Бұл түрлері көбінесе көпжылдық немесе біржылдық өсімдіктер және бұташықпен өрмелеп өсетін түрлері де аздап кездеседі. Қарақұмық түрлерінің дәрілік, илік зат алатын, тамақтық, малазықтық және сәндікте өсіру қасиеттері ерте заманнан белгілі.
Бұрынғы Одақ көлемінде Қарақұмықтың 120 астам түрлері кездеседі. Оның көпшілігі Орта Азияда және Қиыр Шығыста шоғырланған. Табиғатта 40 шақты түрімен жабайы аңдар, малдар қоректенеді, ал кейбір түрлерін мал сүйсініп жейді.
Өзінің сапасы және өнімі жағынан мал азығына маңыздысы оның 2 түрі: Вейрих тараны және Забайкальский тараны. Соның ішінде ең сапалысы және тиімдісі, өндіріске ұсынылып көп тарай бастағаны Вейрих тараны.
Вейрих тараны көп тараған, өсу ортасына байланысты өзгеріп отыратын қарақұмық түрі. Көпжылдық өсімдік. Ол көбінесе Сахалин, Куриль аралдарында және Жапонияда әртүрлі өсімдік қауымында, әртүрлі топырақ түрлерінде өседі. Өсу жағдайына қарай өсімдіктің биіктігі 15 см-ден 225 см дейін өзгеріп отырады.
Бұрынғы Одақ көлемінде Вейрих тараны мәдениелендіріліп, мал азығы ретінде өндіріске өткен ғасырдың (ХХ) орта шенінде енгізілді. Алдымен ол Ленинград, Москва облыстарының ғылыми зерттеу ошақтарында зерттеліп маңызды сүрлемдік дақыл екені анықталды. Содан кейін Белоруссияда, Украинада, Латвияда ғылыми орындарда зерттеле бастады.
Қазақстанда бұл мал азықтық дақыл әлі қолға алынып зерттелмеген.
Қазіргі кезде оның ауыл шаруашылығында көп таралмауы оңтайлы сортының әлі күнге дейін шығарылмауы және өсіру технологиясының толық зерттелмеуі салдарынан болып отыр.
Шаруашылық маңызы. Вейрих тараны жоғары өнімді, өсуіне ерекше жағдайларды көп қажет етпейтін сүрлемдік өсімдік. Сүрлемдік массасын жаздың басында қалыптастыратын шаруашылыққа ыңғайлы мал азықтық өсімдікке жатады. Оны екінші рет күзге таман оруға болады. Ол көпжылдық өсімдік те бір жерде 10 жылға дейін өсіп өнімін төмендетпейді.
Көк балаусасын көбінесе шошқаға, қой-ешкілерге және аздап құстарға береді. Ірі қараға көк балаусасын ұсақтап басқа мал азықтарына араластырып береді.
Вейрих таранының көк балаусасында протеиннің мөлшері (14-16%) жоғары, витаминдер, күл элементтері көптеп кездеседі де, клетчатка біршама аз болады (22-26%).
100 кг көк балаусасының қоректілігі 11-16 азықтық өлшемге және 2,4 қорытылатын протеинге тең.
Құрамында қанттың мөлшерінің жеткілікті (7,4-9,0%) болуына байланысты ол жақсы сүрленеді. Бірақта, сапалы сүрлем оны аю балдырғанымен, жүгерімен, немесе күнбағыспен қосып сүрлемге салғанда алынады.
Сүрлемнің құрамы мынадай көрсеткіштерден тұрады: су-82,4%, протеин-3,0, белок-2,7, май-0,4, клетчатка-3,4, күл-1,5 және азотсыз экстраактивті зат- 9,3%. 100 кг сүрлемінде 15,7 азоттық өлшем және 2,0 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық өлшемге 128 г қорытылатын протеин келеді. Белогінде көптеген ауыстырылмайтын және жартылай ауыстыруға болатын аминқышқылдарының мөлшері белоктің үштен бірінен жартысына дейінгі бөлігін құрайды. Көк балаусасының құрамында лизин, аргинин және триптофан, аскорбин қышқылы, каротин көптеп кездеседі. 1 кг көк балаусасында 10-15 мг каротин, 140-280 мг С витамині, 2-2,8 мг рутин болады. Вейрих таранының гүлденген кезінде құрамында темір, марганец, цинк, кобальт және иод біршама көп кездеседі.
Вейрих таранының тұқымымен өсірілген егістігін екінші жылдан бастап сүрлем салуға пайдаланады. Ал көшеттермен отырғызылған егістігін сол жылы күзде пайдалана бастайды. Бірақта көшетпен отырғызылған егістігі де екінші жылдан бастап жоғары өнім бере бастайды. Вейрих таранын жылына бір рет қана шабу тиімді, өйткені оны екі рет орған кезде келесі жылы өнімі төмендеп кетуі мүмкін.
Зерттелген аймақтарында Вейрих таранының көк балаусасының өнімі гектарына 150 центнерден 725 ц дейін болды. Тұқымының өнімі гектарына 3,0-5,0 ц дейін жетті, орташа өнімі-1,0-2,0 ц/га аралығында.
Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Вейрих тараны қарақұмық тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік.
Тамыры жақсы дамыған және негізгі бөлігі 0-30 см тереңдікте орналасады. Үш жылдық өсімдіктің орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі. Топырақ қабатында өсетін тамырсабақтары вегетативтік әдіспен көбейтетін органдарына жатады.
Вейрих таранының орталық тамырының кейбір жағдайларда қысқару қасиеті бар. Сол ерекшелігіне байланысты тамыр мойнына орналасқан бүршіктері суықта үсіп кетпей, сақталып, қайтадан дамып өсуіне бейімделген.
Сабағы тік өседі, бұтақтары аз. Сабағының іші қуыс, түйнектері біршама қисайған, түсі ашық-жасыл, көбінесе-қошқыл, биіктігі 150-250 см жетеді.
Жапырағы ірі, жалпақ жұмыртқа тәріздес, ұшы үшкірлеу, жоғарғы жағы жылтыр да, төменгі жағы түкті. Ұзындығы 20-25 см. Өсімдіктің жапырақтануы 40%.
Гүлшоғыры-көпгүлді бостау келген күрделі шашақгүл, түсі ақшыл-қызғылт, орталық және жанама сабақтарының жоғарғы жағында орналасқан.
Жемісі -ұшқырлы жаңғақ жемісті қоңыр немесе қызғылт түсті, сырты жылтыр. Тұқымы ұсақ. 1000 тұқымының массасы 2-3 г.
Вейрих тараны суыққа, қысқа төзімді шөптесін өсімдік. Бірақта осы қасиеттері жағынан аю балдырғанынан төмендеу. Тұқымының өсіп-өнуі +10С басталады да, толық өскіні +8-100С аяқталады. Өскіндері көктемгі –50С суықтан әжептәуір зардап шегеді де –80С толықтай өліп қалады. Және де суыққа оның жас жапырақтары да шыдамайды. Тамыры суыққа төзімді.
Вейрих тараны тұқымыммен және вегетативтік жолмен- тамырсабақтарының бөлшектерімен көбейеді. Тұқымының өнгіштігі 1 жылы жақсы болады да, одан кейін сақтау ұзақтығына байланысты төмендеп кетеді.
Танапта себілген тұқым +5-60С жылылықта жақсы өніп-өседі. Алғашқы кезде өскіні нашар өсіп дамиды, содан кейін вегетацияның екінші жартысында тез өсіп, аяғында биіктігі 70-100 см дейін жетеді.
Өсімдіктің толық дамып жетілуі үшінші жылы байқалады. Көктемде өсімдік ерте өскін беріп (сәуірдің аяқ шенінде), маусымның орта кезінде жақсы өнім қалыптастырады.
Вейрих тараны жазда өсетін топқа кіретін өсімдіктер қатарына жатады. Бірінші жылы оның кейбір өсімдіктері ғана гүлдей бастайды.
Екінші жылдан бастап жаппай гүлдеп, тұқым сала бастайды. Гүлдену кезеңі маусым-шілде айларында жүріп, тұқымының пісуі тамыз-қыркүйек айларында өтеді. Яғни оның гүлденуі мен тұқым пісуі ұзаққа созылады. Салқын және жаңбырлы жылдары тұқым салуы төмендейді.
Вейрих тараны ылғалды көп керек етеді. Ең жоғарғы өнімі топырақ пен ауаның жеткілікті мөлшерде ылғалды болған жылдары алынады.
Көктемде және жаздың алғашқы күндерінде кездесетін аздаған құрғақшылыққа жақсы шыдайды. Алайда осындай жылдары оның көк балаусасының өнімі төмендейді. Өсімдікке алғашқы айларда болатын ұзақ құрғақшылық өте қауіпті, өйткені жаңа өскіндердің тамыры баяу дамып өсімдікті ылғалмен қамтамасыз ете алмайды. Вейрих тараны ылғалдың өте мол болған және уақытша су жайылып тұрып қалған жерлерде нашар өсіп-өнеді.
Вейрих тараны жарық сүйгіш өсімдік. Ол бірінші жылы көлеңкелі жерде нашар өседі. Оның өскіні көлеңкеленіп жарық түспеген жағдайда өліп қалуы мүмкін. Келесі жылы таран өсімдігі арам шөптермен жарық үшін күресе отырып, өзіне қолайлы жағдай жасай алады.
Бұл дақыл топырақ құнарлылығын жақсы көретін өсімдік. Ол қалыптасқан мәдени егістік жерде, жақсы қопсытылған аздаған батпақты құмдауыт топырақта жақсы өніп-өседі. Бейтарап және аздаған қышқыл, арамшөптерден таза топырақта жақсы өседі.
Өсіру агротехникасы. Вейрих таранын ферма жанындағы ауыспалы егісте, не болмаса ауыспалы егістен тыс танапқа орналастырады. Жақсы алғы дақыл- отамалы дақылдар, картоп, біржылдық бұршақ дақылдары.
Күзде танапты тереңдете жыртады (0-30 см). Вейрих таранының 100 ц көк балаусасын алу үшін топырақтан 40-50 кг азот, 9-10 кг фосфор, 50-60 кг калий және 19-23 кг кальций жұмсалатынын ескере отырып, танапқа гектарына 40-50 тн. көң шашып, оған қоса 3,0-4,0 ц суперфосфат, 1,5-2,0 ц калий тұзын береді. Топырағы қышқыл болған жағдайда 2-3 т известь ұнын шашады. Жыртылған танапты содан кейін жақсылап дискімен өңдеп, бетін тегістеп тығыздайды. Себер алдындағы өңдеу құрама агрегатпен (РВК-3) жүргізіледі.
Егістік ескірген сайын топырақтан өніммен алынатын негізгі элементтер мөлшері өзгереді, азот пен калийдің шығыны азаяды.
Вейрих тараны тұқымымен, не болмаса вегетативтік әдіспен-арнаулы дайындалған көшеттермен көбейеді. Тұқымы арнаулы дайындықсыз-ақ себіліп жақсы өскін береді.
Жиналған жылы себілген тұқым күзде және көктемде сепкен кездері жақсы өніп-өседі. Оңтайлы себу мезгілі-ерте көктем немесе күзгі кезең (қазан айында). Көшеттерді отырғызу ерте көктемде өсімдік өсіп көктей бастағанда жүргізіледі.
Күзде себілген таран ерте көктемде жақсы өніп (далалық өнгіштігі 80% жоғары) шығады да өсімдіктің өсуі көктемде себілген тұқымынан 1-2 жұмадай тезірек жүреді.
Тұқымды кең қатарлы себеді, қатараралығы 60-70 см. Тұқымды көкөніс сепкіштермен (СОН-2,8А т.б.) себеді. Жақсы да біркелкі себілу үшін тұқымға құм не болмаса ағаш үгіндісін қосып себеді.
Себу мөлшері гектарына 5-6 кг өнгіш тұқым. Тұқым ұсақ болғандықтан және далалық өнгіштігі жоғары болу үшін таяз- 1-1,5 см тереңдікте себіледі. Себер алдында танаптың топырағын майдалап, тегістеп тығыздайды. Сепкеннен кейін танапты тағы да тығыздайды. Сол жағдайда себілген тұқымның далалық өнгіштігі көтеріледі.
Бірінші тұқым сепкен жылы таранның алғашқы өсіп-өнуі баяу жүреді де арамшөп басып кету қаупі болады. Сондықтан оның қатараралығын өңдеп қоймай қатардағы өсімдік арасындағы арамшөптерді құрту жұмыстары жүргізіледі.
Арамшөптерге қарсы көбінесе гербицидтер шашқан тиімді. Вегетация кезінде кем дегенде қатараралығын 2-4 ерт культивация жүргізіп өңдейді. Бірінші өңдеу 5-7 см тереңдікте, екінші және одан кейінгі өңдеу жұмыстары 8-10 см тереңдікте жүргізіледі.
Бірінші жылы зябь жыртқан кезде берілген органо-минералды тыңайтқыштарға қарамастан егістік танапты азот тыңайтқышымен (N30) үстеп қоректендіру қажет. Бұл жұмыс өсімдік 2-3 негізгі жапырақ салғасын 2-ші культивацияның кезінде жүргізіледі.
Келесі жылдары таранның егістігін қатараралығын өсімдік қоректендіретін культиватормен (КРН-4,2) 2-3 рет өңдеп сол мезгілде үстеп қоректендіреді.
Гектарына (әсерлі зат есебінде) 30-40 кг азот, 30-40 кг фосфор және 60-90 кг калий тұзын сіңіреді.Вейрих таранын сепкен жылы оруға тиімсіз. Жоғарғы өнім екінші жылы алынады. Оны көк балаусаға толық шанақтанғанда-гүлдену басталған кезде орады. Осы кезеңде оның көк балаусасында белок, аминқышқылдары, көмірсулары және басқа да тиімді заттар ең көп жиналады.
Вейрих таранын 10-12 см биіктікте орады. Оны оруға аю балдырғанын жинайтын комбайндарды пайдаланады.
Вейрих тараны жақсы күтіп-баптаған жағдайда бірінші орып алғаннан кейін 7-8 күнде қайтадан өсіп-өніп алшын береді. Бірақ екінші рет шауып пайдаланғанда келесі жылы оның өнімі төмендеп кететінін есте ұстау керек.
Вейрих таранының тұқым шаруашылығы аса қиындыққа түспейді. Бұл өсімдік айқас тозаңданады. Көбінесе насекомдармен тозаңданады. Тұқымдыққа көк балаусаға, сүрлем салуға себілген танабынан қалдырады. Тұқымдық егістікке көктемде азот беруді азайтады, сонда тұқым пісуі тезірек жүреді.
Шаруашылықта тұқымдыққа 1-2 гектар шамасында қалдырса жеткілікті. Тұқымдық егістікті бөлектеп жинайды.
Дестеге түскен массадағы тұқым кеуіп пісіп жетілгесін оны арнаулы молотилькамен немесе комбайнмен бастырады. Алынған тұқым тазаланып, кептіріліп желдетілген складта сақталынады.
Малазықтық қымыздық
31-сурет. Қымыздық.
Малазықтық қымыздық қарақүмықтар жэне саумалдық екі түр түқымдастарын тянь-шань қымыздығымен (Клітекс Ііашерапісш) будандастыру арқылы (Кштіекс раіепгіа) алынған. 1974-1979 жыл-дары Украина ғылым академиясының орталық республикалық ботаникалық бақшасында жаңа дақылдар бөлімінде шығарылған (31-сурет).
Шығарылған будан аталық-аналық түрлерінен вегетативті мас-сасы мен түқым өнімділігі бойынша асып түседі, қышқылдығы біршама аз, қолайсыз жағдайларға төзімді.
Көп жыл бойғы сүрыптау нэтижесінде Румекс К-1 сорты шығарылған. Украинада кең тараған. Ерте өсіп шығуымен және көк балаусасының жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.
Себілген жылы генеративті өркендерін қалыптастырмай күшті жапырақ сағағын қүрастырады. Сағағында 8-9-ға дейін үзындығы 35-50 см жапырақ қүрастырады. Тамыр жүйесі 2 м тереңдікке күшті дамыған, кіндік тамыр сабағы тік, бүтақты, биіктігі 90-160 см. Гүлшоғыры - ірі сіпсебас, гүлдері үсақ, қызғылт, жемісі - ақшыл-қоңыр түсті, жылтырлаған үшқырлы жаңғақ, 1000 түқым массасы 2,5-3,1 г.
Қымыздықтың Румекс К-1 сорты - егістікте 10-15 жылға дейін сақталатын, эрі жоғары өнімділігімен жэне алшынкөктігімен ерекшеленетін көпжылдық өсімдік. Қүрамы протеинге жэне дэру мендерге бай. Суыққа жэне аязға төзімділігі күшті, қысқа мерзімд; қуаңшылықты көтереді.
Бүл өсімдіктерді Қазақстанда да қызығушылық танытып өсіре бастады, бірақ оны алдын ала негізгі көрсеткіштері көк балауса және сүрлем түрінде мал жейтінін бағалау керек, себебі қымыздық түқымдасқа жататын өсімдіктер қүрамында қымыздық қышқылы көп болады.
Бүл топ қүрамында тағы да басқа өсімдіктер аз емес, бірақ олар-ды зерттеп жэне селекция жүмыстарын жүргізгеннен кейін ғана мал азығын өндіруде қолдануға болады.
Ұсынылған әдебиеттер
Негізігі
Ткаченко Ф.М. и др. Силосные культуры.// Ф.М.Ткаченко, А.П.Синицина, Г.В.Чубарова.-М.: Колос, 1974.-287 с.
Сагалбеков У.М. и др. Малораспространенные перспективные культуры Северного Казахстана.// У.М.Сагалбеков, И.Ф.Костиков, Ж.Н.Аленов.-Кокшетау, 2003.-47 с.
Медведев П.Ф. Малораспространенные кормовые культуры.-Л.: Колос, 1970.-160 с.
Қосымша
Ларин И.В. и др. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР.//И.В.Ларин, Ш.М.Агабабян, Т.А.Работнов и др.-М.-Л.: Изд-во с.-х. литературы, 1951. – С.105-108
Бақылау сұрақтары
1. Забайкал таранының шаруашылықта тиімді пайдалану түрлеріне сипаттама беру?
2. Неге шығын мөлшері забайкал таранынын сүрлемге пайдаланғанда, жүгері және күнбағысқа қарағанда аз? Технологиялық циклдарда қарастыру.
3. Оны кең масштабы менгеруде бұрын және қазіргі шектейтін факторлар қандай?
4. Республиканың солтүстігіндегі забайкал таранын сүрлемдік конвейердегі ерекшелігі және өндіру ареалы?
5. Забайкал таранымен жоңышқаның тұқым өнімділігі мен көбею коэффиценттерін салыстыру?
Дәріс Дәстүрлі емес біржылдық дақылдар мен өсімдіктер.
1. Біржылдық дақылдар мен өсімдіктер:қүлқайыр жэне т.б.
2. Биологиялық ерекшеліктері.
3. Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру ерекшеліктері.
Құлқайыр (Мальва, Malva)
Дүние жүзінде құлқайырдың 120 шақты түрлері кездеседі. Бұрынғы Одақ көлемінде оның 20-дан астам түрі өсетіні анықталды. Бұлардың бәрі де мал азықтық өсімдіктер. Оның ішінде жерсіндірілгені және мал азықтық маңызы зерттеліп өндіріске ұсынылғаны 3 түрі ғана – Мелюка құлқайыры (M. meluca), Бұйра құлқайыры (M. crіspa), Шоғырлы құлқайыр (M. vertіcіllata).
Құлқайырмен алғашқы жерсіндіру және зерттеу жұмыстары 20 ғасырдың орта кезінде Москва және Ленинград ғылыми зерттеу орындарында жүргізілді. Қазақстанға құлқайыр өткен ғасырдың 70 жылдары әкелінді және сол кезден бастап оның биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы зерттеле бастады.
Шоғырлы құлқайыр табиғатта көп тараған. Ол Европада, Азияда, Солтүстік Шығыс Африкада, Америкада, Кавказда, Батыс-Шығыс Сібірде, Қазақстанда, Қиыр Шығыста кездеседі.
Бұйра құлқайыр Европада, Қазақстанда, Батыс Сібірде тараған.
Мелюка құлқайыры Россияға Германиядан 1932 жылы әкелініп жерсіндірілген.
Құлқайырдың осы мал азығына ұсынылған түрлерінің биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болып келеді.
Қазіргі кезде құлқайырдың осы түрлері жан-жақты зерттеліп зоотехникалық, агротехникалық бағасы анықталып жаңа дақыл ретінде ауыл шаруашылығына ұсынылды.
Шаруашылықтағы маңызы. Құлқайырдан көк балауса, пішен, сүрлем, шөп ұнын дайындайды. Оның көк балаусасындағы қорытылатын протеин мөлшері жоңышқаныкімен бірдей, көмірсуына, микроэлементтерге, витаминдерге бай. Құлқайырдың белогінің сапасы мал өнімінің белогіне пара-пар, онда мал организміне пайдалы аминқышқылдары көп кездеседі.
Құлқайырдың гүлденер алдында жинаған 100 кг көк балаусасында 13 азықтық бірлік және 2 кг қорытылатын протеин бар. Каротин мөлшері 26-68 мг/кг шамасында.
Күлдің мөлшері: көк балаусасында –2-3%, құрғақ затында-9-18%, және ол мал организміне пайдалы элементтерге (әсіресе Fe, Ca) бай. Оның құрамында бағалы микроэлементтер: марганец, никель, молибден, күміс, барий, мыс, стронции және басқалары көп кездеседі.
Құлқайырда белоктің көп және қант мөлшерінің орташа болуынан оны сүрлемге басқа сүрлемдік қантқа бай дақылдармен : аю балдырғанымен, сиыржоңышқамен сұлының қоспасымен, күнбағыспен, жүгерімен қосып сүрлемге салған өте тиімді. Құлқайыр мен жүгерінің (1:1) сүрлемінің 100 кг массасында 20 азықтық бірлік болады да оның 1 кг сүрлеміне 100 г қорытылған протеин келеді. Жақсы кептірілген шөп ұны азықтық сапасы жағынан сұлымен бірдей (1 азықтық бірлік және 70 г қорытылатын протеин). Құлқайыр және де жақсы бал жинайтын дақыл.
Құлқайырдың барлық түрі жақсы алшын береді. Жылына оны екі рет шабуға болады. Оның көк балаусасының орташа өнімі 500-700 ц/га. Құлқайырды қайталап себетін, және аңыздық дақыл ретінде пайдалануға болады.
Құлқайыр астық дақылдары үшін жақсы алғы дақыл. Және де оны екпе парға қолдануға болады.
Құлқайырдың тұқымының өнімі біршама жоғары-5-8 ц/га. Сондықтан оның тұқым шаруашылығын ұйымдастыру қиын емес.
Ботаникалық-биологиялық ерекшеліктері. Құлқайыр біржылдық, құлқайыр тұқымдасына жататын өсімдік.
Кіндік тамырлы, тамыршалары жан-жағына жақсы тараған. Олар топырақтың жыртылу қабатында орналасқан, тек кейбір тамырлары 2 м тереңдікке дейін өседі.
Сабағы тік өседі, бұтақшалары көп. Биіктігі 2-3 м дейін.
Жапырағы қатарлап орналасқан, ірі келеді.
Меллюка құлқайырының жапырағы басқа түрлерінікіне қарағанда ірілеу дөңгелекше, түсі ақшыл-жасыл, жапырақ сағағы қысқа.
Гүлшоғыры- шоғыр, жапырақ қолтығында орналасқан, қызғылт немесе ақшыл-күлгін түсті 3-9 гүлден тұрады.
Жемісі қорапша тәріздес, ішінде 9-10 тұқым болады. Тұқымы ұсақ. 1000 тұқымының массасы 3-4 г.
Құлқайыр суыққа төзімді, жылуды көкп керек етпейді. Оның тұқымы топырақтың тұқым сіңіру қабаты +50С болғанда өне бастайды да ең жақсы өнгіштігі +15-200С байқалады. Оның өскіні- 40С аязға шыдайды. Құлқайырға тұқым сепкеннен толық өскін алуға 1350С, одан гүлденуге дейін 10000С шамасында температура жиынтығы керек.
Құлқайырдың осы биологиялық ерекшеліктері, оны орталық және солтүстік облыстарда өсіруге болатынын көрсетеді.
Құлқайыр ылғалды көп керек етеді. 1 кг құрғақ өніміне 400 кг су жұмсайды. Бірақта өсу кезеңінде суға қатынасы әртүрлі. Суды ең көп қажет ететін кезеңі тұқымның бөртіп өскін беру және өсімдіктің гүл салып гүлдеген кездері. Жалпы топырақ құрғақшылығына төзімділігі орташа. Сонымен қатар ол өте ылғалды топырақта да нашар өседі.
Құлқайыр оңтүстіктің, қысқа күннің өсімдігі. Бірақта солтүстіктің ұзақ күнінде өсіргенде оның вегетациялық кезеңі ұзарып өсімдік массасы өседі де өнімі молаяды. Құлқайырдың себу әдісі мен мөлшерін өзгерте отырып дамуын реттеуге, сол арқылы көк балаусасы мен тұқымының өнімін көтеруге болатыны дәлелденді.
Құлқайыр борпылдақ, органикалық заттарға бай топырақтарда жақсы өнім береді.
Танапта құлқайырдың тұқымы топырақтың жылылығы +7-80С өніп-өсіп шығады. Оның өскіні өте ұсақ және алғашқы 30-40 күнде баяу өседі. Содан кейін қарқынды өсіп бір айдың мөлшерінде өсімдіктің биіктігі 80-100 см жетеді. Осы кезде оны бірінші рет орады. Екінші рет ору қыркүйек айына келеді.
Құлқайырдың тұқымы 85-125 күнде піседі. Қазіргі кезде шаруашылықта мына сорттары өсіріледі. Бұйра құлқайырдың Сибирская, Малюка құлқайырдың-Силосная және Днепровская.
Өсіру технологиясы. Құлқайырды маңызды мал азықтық өсімдік ретінде ферма маңындағы ауыспалы егісте орналастырған тиімді. Оған жақсы алғы дақылдар- дәнді бұршақ дақылдары, жүгері, күздік астық дақылдары және түйнек жемістілер.
Танапты тұқым себуге дайындау жүйесі алғы дақылға байланысты жүргізіледі. Танапты алғы дақыл жинап алған соң, күзде зябь жыртудан бастайды. Көктемде ерте танапты тырмалайды немесе культивация жүргізеді. Содан кейін тұқым себер алдында тағы да культивация жүргізіп, арамшөптерден тазартады.
Топырақ бетін тегістеуіш-волокушалармен майдалап тегістейді және тығыздағыштармен тығыздайды.
Танапты аударып жыртқан кезде оған әр гектарына 20-30 тоннадай органикалық (көң) тыңайтқыштар шашады да оған қосып фосфор-калий тыңайтқыштарын (P60K60 кг/га ә.з.) сіңіреді. Себу алдындағы культивация кезінде танапқа азот тыңайтқышын (N45-60 кг/га ә.з.) береді.
Құлқайырдың тұқымымын жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі ұзақ болуына байланысты, себуге өткен жылғы жиналған тұқымды пайдаланады. Өнгіштігін өсіру үшін оны скарификациялайды.
Құлқайырды ерте көктемде немесе қыс басталған кезде себеді. Кеңқатарлап (45, 60 немесе 70 см) себу әдісін қолданады. Себу мөлшері: көк балаусаға және сүрлем алуға гектарына 1,5-2 млн. өнгіш тұқым (немесе 4-5 кг/га), пішенге- 3 млн (немесе 7 кг/га). Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,0 см. Тұқым себуге көбінесе көкөніс сеялкасын (СОН-2,8А), немесе жүгері сеялкасын (СКНК-6) пайдаланады.
Құлқайырды күтіп-баптау өскін толық шыққаннан кейін басталады. Ол қатараралығын қопсытудан, арамшөптерді жоюдан және минералды тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіруден басталады. Бірінші культивацияны 5-6 см тереңдікте жүргізеді. Келесі қатараралығын өңдеу жұмысы арамшөптер пайда болуына байланысты жүргізіледі. Құлқайыр қаулап өсіп қатараралығы көрінбей қалған кезде культивациялауды тоқтатады.
Азот тыңайтқышымен (N30-45), өсімдіктің биіктігі 10-15 см болғанда, екінші культивация кезінде қоректендіріледі.
Содан кейін толық минерал тыңайтқышы (N60P60K60) алғашқы шабыстан кейін беріледі. Суармалы алқаптарда вегетация кезінде құлқайырды 3-4 рет суарады. Әр гектарға суару мөлшері 600-800 м3.
Құлқайырдан ең жоғары өнім оны вегетация кезінде екі рет шауып алғанда алынады. Бірінші шауып алғаннан кейін оның алшыны тез өсіп екінші шабыста жақсы өнім жинақтайды.
Құлқайырды көк балаусаға, пішенге, шөп ұнын және түйіршіктерін жасауға гүлденуі басталған кезде орады. Ал сүрлемге салуға оны гүлденгенде ору тиімді.
Құлқайырды көк балаусаға, пішенге сүрлем жинайтын комбайндармен, ал пішенге пішен дайындайтын техникалармен жүргізеді.
Құлқайырдың тұқымдық егістіктерін көктемде себеді. Себу әдісі кеңқатарлы, себу мөлшері-4-5 кг.
Құлқайырды тұқымы біркелкі піспегендігінен оны жинау жұмыстары қиындау. Толық пісуі сентябрь айында. Тұқымын жинау кезінде ауа райы құрғақ болса оны тікелей, ал жауын-шашын болса бөлектеп жинайды.
Дәріс
Біржылдық мал азықтық дақылдар: шашақты гүлтәжі
1.Шаруашылық маңызы. 2.Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.
3.Өсіру агротехникасы.
Бұрынғы Одақ көлемінде гүлтәжінің табиғатта 12 түрі кездеседі. Олар көбінесе орталық жөне оңтүстік аймақтарда өседі. Казіргі кезде өндіріске мал азықгық ретінде гүлтәжінің екі түрі ұсынылған. Шашақты гүлтәжі (Аmaranthus раniculatus) және құйрықты гүлтәжі (А саndatus).
Ауыл шаруашылығында көбірек тарағаны шашақты гүлтәжі.Бүл өсімдік жоғары өнімді сүрлемдік дақыл. Сүрлемнің сапасы өте жоғары болады және оны көбінесе сауын сиырлар үшін дайыңдайды. Гүлтәжінің сүрлемі азықтық бірілігі және ондағы қорытылатын протеин мөлшері жағынан жүгерінің, күнбағыстың сүрлемдерінен асып түседі.
Оның көк балаусасын шошқалар, дәнін- құстар жақсы жейді. Құрамында протеин мөлшері жағынан бұршақ тұкымдастармен шамалас келеді.
Гүлтөжінің сүрлемінің дәмі және иісі өте жақсы. Оны сауын сиырлар сүйсініп жейді, сүті молаяды.
Гүлденген кезеңінде шабылып сүрлемге салған гүлтәжіде 76,4% су, 3,5% протеин, 1,9- белок, 0,9-май, 5,5 -клетчатка, 4,2-күл жөне 9,6%-азотсыз экстрактивті зат болады. Гүлтәжінің 100 кг сүрлемінде 16,2 кг азықтықбірлік, 2,4 кг қорытылатын протеин бар. Бір азықтық өлшемге 149 г қорытылатын протеин келеді. Протеиннің қорытылу коэффициенті 68-ге клетчатканыкі — 56-ға тең.
Гүлтәжінщ көк балаусасын шөп үнын, шөп түйірпгіктерін, брикеттер жасауға да пайдаланады. Қорытылатын протеин мөлшері жағынан гүлтәжінің көк балаусасы баска сүрлемдік дакылдан асып түседі (бір азықтықөлшемде 150-220 г). Және де гүлтәжінің белогындағы ауыстырылмайтын амин қышқьщдары жақсы теңгерілген. Мысалы гүлтәжіде лизиннің мөлшері бидайдікіне қарғанда 3-3,5 есе көп.
Гүлтәжінің тұқымында белок мөлшері 12-18% тең және аминқышқылдары жоғары теңгерімде болады Тұқымындағы белоктың қоректік сіңімділігі өте жоғары — 87% (мысалы бидайдікі — 56%).
Көпшілік деректер бойынша гүлтәжінің көк балаусасының өнімі әр гектардан 1000-1200 ц-дей және одан да асып түседі. Эр гектардан 12-15 мың азықтық өлшем жиналып бір азықтық өлшемде 300 г дейін қорытылатын протеин болады.
Гүлтәжінің тұқымының өнімі әр гектардан 10-17 ц шамасында.
Морфологиялықжәне биологиялық ерекшеліктері. Гүлтәжі кіндік тамырлы, оның жоғарғы жағы ірі келеді де одан жан-жакқа тамыршалар көптеп жайылады.
Сабағы ірі, тік өседі, биіктігі 120-180 см. Жақсы бүтақтанған және жапырақтанған. Жапырағының пішіні ұзынша-жұмыртқа тәріздес ұшы үшкірлеу, түсі жасыл немесе ашық-қызғылт. Гүлшоғы- ірі бұтақтанған сіпсебас, түсі ақшыл-қьізғылт, кейде жасыл. Тұқымы өте ұсақ, домалақша, жылтыр қара. 1000 дәннің массасы 0,35-0,40 г.
Шашақты гүлтәжі біржылдық биік және тез өсетін өсімдік.
Жарық сүйгіш, вегетациялық кезеңі түріне (сортына) қарай 100-150 күнге созылады. Суды жақсы көретін өсімдік. Бірақта ортаңғы-соңғы фазаларында құрғақшылыққа да төзімді. Транспирациялық коэффицент 300-ге тең, немесе біржылдық басқа мал азықтық өсімдіктерден 1,5-2,5 есе аз.
Гүлтәжінің ең маңызды қасиеттерінің бірі оның түзғ төзімділігі және жақсы.фитомелиорант болатындығы.
Гүлтәжі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымы 8-10 жылғ дейін өнгіштігін жоғалтпайды. Далалық өнгіштігі топырақтің тұқымсіңіру қабаты+7-8°С жылығаңда басталады. Көктемде. сепкеңде 10-12 күннен кейін өскін береді. Оңтайлы себу кезең. топырақтың түқым сіңіру қабаты +10-12° С жылығаңда. Өскіні өте үсақ болады, түсі қызғылт, кейде жасыл келеді.
Гүлтәжінің өскіні алғашқы кезеңде 3-4 жүмадай баяу дамиды да арамшөптермен қатты ластанады. Сондықтан оған алғы дақылды дұрыстап тандау керек. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапта аймақтық технологияны қолдана отырып арамшөптерді толықтай жоюға күш салынуы тиісті.
Оңтүстік аймақтарда сәуірдің аяғында себілген гүлтәжі шілдеде гүл салып, содан кейін гүлдене бастайды. Тұқымының пісу кезеңі көпке созылады да қыркүйек-қазан айларында аяқталады. Өсімдіктің алшын беруі орташа.
Гүлтәжі көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Әсіресе күлгін түсті шым топыракта жақсы өнім береді. Қышқыл және ауыр топырақтарда нашар өсіп дамиды.
Өсіру агротехникасы. Гүлтәжі отамалы немесе ферма маңындағы ауыспалы егістіктерге өсіріледі. Жақсы алғы дақылдар: отамалы дақылдар, картоп және минерал тыңайтқышын қолданған күздік бидай.
Гүлтәжіге танапты жақсылап дайындау керек. Көбінесе себер алдындағы топырақ дайындау шараларын мүқият орындау шарт. Танапты негізгі жырту алдында әр гектарға 20-40 т-дай көң төгу керек, және оған қоса әр гектарға 3,0 ц-дей суперфосфат, калий түзын беру керек. Себер алдындағы культивациялау кезінде әр гектарға 1 ц-ден суперфосфат, азот селитрасын және калий түзын беру тиімді.
Тұқым себер алдында танапты жақсылап тегістеп, топырақты тығыздайды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарыңда себу мерзімі сәуірдің аяғына мамырдың бірінші онкүндігіне тура келеді. Орталық және солтүстік аймақтарда себу мерзімі мамырдың екінші онкүндігінде басталады. Себу әдісі кеңқатарлы (60-70 см).
Гүлтәжінің түқымының өте үсақ болуына байланысты оның себу тереңдігі мен қатарда орналасуын өте мүқият қадағалау керек. Себу тереңдігі 1-2 см содан кейін топырақгы тағы тығыздау шарт. Себу мөлшері өр гектарға 1-1,5 кг шығымды түқым, немесе 250-350 мың дана түқым.
Себу мөлшерін оңтайлы орналастыру үшін және қатардағы түқым санын біркелкі орналастыру үшін түқымды себер
алдында майсыздандырған сүтке шылап кептіреді. Сонда үсақ түқым 3-4 данадан бір-біріне жабысып, жақсы себіліп қатарға біркелкі болып орналасады.
Және де түқымды жақсы себу үшін оған қүм, кебек немесе аі-ані үгіндісін қосып та себеді. Әр себу мөлшеріне 5-15 кг қоспа араластырады.
і Танапты күтіп-баптау өскін толық шЫққаннан кейін .басталады.
Гүлтәжі бастапқы кезеңде өте баяу өседі. Мысалы өскін пайда болғаннан кейін 10-шы күні өсімдіктің биіктігі 8-10 см, 20-шы күні — 18-20, 30-шы күні 30-32 жөне 40-шы күні 60-62 см ғана болады. Содан кейін ол тез қарқынды өседі. Ең жақсы өсуі әр гектарда 250-350 мың өсімдік қалыптаскдңда байкалады. Осы үлгіде өсімдіктің биіктігі 220-245 см-ге жетеді. Айта кету керек көпшілік деректерге қарағанда себу мөлшерінің осыдан аз болуы да, немесе көп болуы да гүлтәжінің өнімін төмендетеді.
Тұқымды көкөніс (СО-2, СКОН-4,2), астықты шөп сепкішімен (СЗТ-3,6), немесе басқа қолда бар сепкіштермен себеді.
Гүлтәжіні қонақжүгерімен, жүгерімен қоспа ретінде себудің де келешегі зор агротехникалық әдіс. Бүл жағдайда өсіру аймағыиа қарай 1-2 қатар жүгері 1 қатарлы гүлтәжі себеді. Қоспа сепкенде әр дақылдың себу мөлшерін 1,5-2,0 есе азайтады.
Гүлтәжіні сепкен танапты өскіні толық шығып болған соң келденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Бүл әрине өскіннің 5-10% қүртады. Сондықтан бүл агротехникалық шараны өскіні қалың шыққан танапта жүргізеді.
Танапты тырмалау топырақ қабыршағын және 15-30% арамшөптер өскінін жояды. Содан кейін арамшөптерге карсы катараралығын культивациялайды. Вегетация кезеңінде культивация 2-3 рет жүргізіледі. Өсімдік жақсы түптеніп, жапырақтанып, қатараралығы көрінбеген кезде культивация жүргізу тоқтатылады.
Гүлтәжі алғашқы өсіп дамыған кезде ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оның өсімдігі 2-3 жапырақ салған кезінде топырақтың ьглғалдылығын 70% толық ылғалдылықта (ТТЫ) үстаған дүрыс. Бірінші суаруды жаңбырлатып, содан кейінгісін арықпен суару тиімді.
Гүлтәжінің массасын жинау гүлшоғырын салған кезеңнен бастап, түқымының сүттеніп-қамырланып піскеніне дейін ійсүргізіледі. Дақылды жинау сүрлем шабатын комбайндармен жүргізіледі (КСК-100, КС-2,6).
Гүлтәжіні түқымға жинау көп қиыншылықтар туғызады. Өйткені гүлтәжінің тұқымы біркелкі пісіп жетілмейді де толық пісуі үзакқа созылады. Және де түқымы гүлтәжінің сабағының әртүрлі биіктігінде орналасуына байланысты оны жинау киындыкқа түседі. Қолайлы әдісі оны бөлектеп жинау.
Тұқым салған шашакгүлін комбайнмен (Е-516, СМ-2,6) не болмаса қолмен жинайды. Тұқымды бастырғаннан кей;ч оны кептіреді де түқым тазалағышта ("Петкус" т.б.) тазаяайды.
Қазақстанда гүлтәжі жаңа дақыл. Ғылыми зерттеу орталықтарында ол жан-жақты зерттеліп жатыр. Келешекте оның әр аймаққа арналған өсіру агротехникасы анықтальп өндіріске үсынылуы тиісті.
Гүлтәжіні түқымға оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде өсіру керек. Гүлтәжімен селекциялық жұмыстар жүргізу әр аймаққа бейімделген жаңа сорттарын, будаңдарын шығару келешектің жүмысы.
Дәріс
Біржылдық мал азықтық дақылдар: рапс және т.б.
1. Маңызы және таралуы. Жалпы сипаттамасы.
2. Сыртқы факторларға қоятын талаптары.
3.Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.
Мал азықтық өсімдіктердің барлық түрлерінен сүрлем дайындауға болады. Бірақта белгілі өсімдік топтары сүрлемдік дақылдар болып бөлінген. Олар көк балаусасының өнімі жоғары және тұрақты, қоректілігі жақсы, астық дақылдарының жиыны басталғанша сүрлемге салуға дайын болуы шарт. Негізгі сүрлемдік дақылдарға жүгері, күнбағыс, құмай, жер алмұрты, мал азықтық қырыққабат жатады. Бұдан басқа сүрлемнің қоректілігін көтеру үшін құнарлығы жоғары бұршақ тұқымдастарын (шығыстың ешкі шөбі, эспарцет, мүйіз бас шөп т.б.), картоп, мал азықтық сәбізді және де жаңа сүрлемдік өсімдіктерді (аю балдырғаны, құлқайыр, марал шөп тамыры т.б.) пайдалану өте орынды.
Өсіру агротехникасының ғылыми жетістіктерін сақтап өндіріске енгізе отырып аңыздық және шабыннан кейінгі себілген дақылдардан мол көк балауса өнімін алуға болады. Шабыннан кейінгі егістік ретінде көптеген сүрлемдік дақылдарды өсіреді. Оларды алғашқы үсік түскенге дейін жинайды. Біздің республикада, әсіресе оңтүстік аймақтарда, шабыннан кейін сүрлемге жүгеріні, күнбағысты, жер алмұртын, құмайды, мал азықтық қарбызды т.б. себуге қолайлы.
Рапс (Рапс, Brassіca napus oleіfera)
Рапс адамзатқа ерте заманнан белгілі болған дақыл. Декандольдың болжамы бойынша бұл дақыл біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Рапстың отаны Голландия және Англия болып есептеледі. Сол жерден 16 ғасырдан бастап ол Европаға кең тараған.
20 ғасырдың орта кезінен бастап рапстың кейбір түршелері мал азығы ретінде Англияда, Америкада, Жаңа Зелландияда пайдаланыла бастады. Сол кезден бастап мал азықтық рапс біздің Одаққа әкелініп жерсіндірілді. Қазіргі кезде ол мал азығына Россияда, Белоруссияда, Прибалтикада, Солтүтік Кавказда кеңінен өсіріледі.
Рапс және де майлы дақылдардың ішіндегі өте кең тарағаны. Дүние жүзінде ол көлемі жағынан үшінші орында (майбұршақтан және арахистен кейін).
Қазіргі кезде рапс майлы дақыл ретінде Азияда, оның ішінде Индияда, Канадада кеңінен өсіріледі. Жыл сайын оны дүние жүзінде 10-12 млн. га жерге өсіреді.
Шаруашылық маңызы. Рапс жақсы сүрлемдік дақылдардың қатарына жатады. Оны көк балауса ретінде малға беруге және жайылым ретінде қара малға, шошқаларға пайдаланады.
Рапсты суыққа төзімділігіне байланысты солтүстік облыстарда кеңінен өсіруге болады. Рапс аңыздық егіске және шабыннан кейінгі егіске өсіруге тиімді дақыл. Оның күздік түрі жаздық түрінен өнімдірек. Ең жоғарғы өнім рапсты көктемде сепкенде алынады.
Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу өсімдік институтының (ВИР) тәжірибе шаруашылығында рапстың әр гектарынан 600-800 ц көк балауса алынған. Ал қайталама егістегі өнімі 400-610 ц/га көк балауса болған. Оның Дубленский сортынан екі рет орғанда әр гектардан 700-970 ц дейін көк балауса алынған. Белоруссияда оның өнімі 400-600 ц/га аралығында болды.
Рапсты топырақ эрозиясымен (жел және су эрозиясы) күресу үшінде пайдаланады. Оның осы маңызды ерекшеліктері Краснодар аймағында жан-жақты зерттеліп анықталды (Р.Кузнецова, 1977).
Рапс жақсы алшын көк береді. Оны вегетация кезінде 2-3 рет оруға болады. Оның көк балаусасы белокка бай. Рапстың көк балаусасының химиялық құрамы: су –87,9%, протеин-2,61, май-0,51, клетчатка-2,40, азотсыз экстрактивті зат- 4,83 және күл-1,74, каротин мөлшері-5,1 мг/кг. Сүрлемінде бұл көрсеткіштер 87,3; 2,4; 1,3; 0,7; 2,7; 5,0% және 1,9 мг/кг шамасында.
Сүрлемдегі протеин мен белоктың қорытылу коэффиценті 72 және 60-қа тең.
Рапстың 100 кг сүрлемінде 10,2 азықтық бірлік және 1,7 кг қорытылатын протеин бар.
1 азықтық бірлікте 170 г қорытылатын протеин болады. Рапстың 1 кг көк балаусасында 4,46 г калий, 2.58 кальций, 0,96 күкірт, 0,75 фосфор, 0,75 хлор, 0,28 магний және 0,23 г натрий кездеседі. Рапстың көк балаусасын басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салған тиімді. Оның таза сүрлеміне қарағанда қоспа сүрлемін мал сүйсініп жейді.
Рапсты мал азығына бірінші ору шілде айында жүргізіледі. Оның тұқымының өнімі әр гектардан 8-12 ц аралығында. Жаздық рапстың өнімі төмендеу 4,0-7,0 ц/га шамасында.
Сыртқы факторларға қоятын талаптары.Рапс айқышгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.
Тамыры-кіндік тамырлы, жоғарғы жағы жуан, жан-жағына тамыршалары жақсы жайылған. Сабағы тік өседі, жақсы бұтақтанған, жапырақтануы орташа. Гүлдеген кезіндегі биіктігі 100-110 см.
Жапырағы ірі, ұзынша қауырсын тәріздес, сағағы қысқа, түсі ақшыл-жасыл.
Гүлшоғыры-ұзынша, сирек келген шашақгүл. Гүлінің желегі ақшыл-сары түсті. Тұқымы-бұршаққын, түзу не болмаса ептеп бүгілген, ұзындығы- 3-10 см. Дәні домалақ қара сұр немесе қара қоңыр, ұсақ. 1000 дәнінің массасы 4-5 г.
Рапс тұқымымен өсірілетін дақыл. Тұқымы 5-6 жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Тұқым өнгіштігі жоғары.
Танапта өсіп-өнуі топырақ +2-40 жылығанда басталады. Жақсы өнгіштігі +80 байқалады.
Көктемде сепкенде өскіні 8-10 күннен кейін, жазда сепкенде-4-5 күннен кейін байқалады.
Рапс суыққа, аязға төзімді, ерте пісетін және суды көп қажет ететін, құнарлы топырақта жақсы өнім беретін өсімдік. Шаруашылықта күздік және жаздық түрлері өсіріледі.
Оның қысқа төзімділігі нашар. Сондықтан оның екі түрін де ерте көктемде сепкен дұрыс.
Рапс шілде айында гүлдеп, тұқымы тамызда піседі. Рапстың өскіні және дамыған өсімдігі зиянкестермен зақымданады (жер бүргесі, рапстың егеушыбыны, рапстың гүлжемісі). Сондықтан танапқа дер кезінде зиянкестерге қарсы химикаттарды (тиофос, полихлорпинен т.б.) бүрікп шашу керек.
Рапстың аурулармен (фузариоз, тамыр бактериозы т.б.) залалдануын азайту немесе болдырмау үшін оны жақсылап үстеп қоректендіріп қатараралығын қопсытып, арамшөптерді жойып және де ауыспалы егісте орналастыру қажет.
Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы.
Рапс отамалы немесе ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіріледі. Рапс үшін жақсы алғы дақылдар-отамалы дақылдар, картоп және де күздік астық дақылдары. Рапсты жазда сепкенде оны мал азығына жинайтын күздік қара бидайдан, сиыр жоңышқа мен сұлының қоспасынан кейін аңыздық дақыл ретінде себеді.
Топырақ дайындау жүйесі отамалы дақылдар сепкендегідей. Ең маңыздысы себер алдында топырақты өңдеу жұмыстары (қопсыту, тырмалау, тегістеу, тығыздау).
Күзде зябь жыртқанда танапқа әр гектарына 30-40 т органикалық тыңайтқышы 3,0-4,0 ц суперфосфат және 2,0 ц калий тұзы сіңіріледі.
Күздік рапсты мал азығына ерте көктемде себеді. Жаздық рапсты сүрлемге мамыр айының басында, ал күздік сүрлем алу үшін-шілде айының ортасында себеді.
Рапсты себу әдісі кеңқатарлап (45-50 см). Жаздық рапсты қатарлап себуге де болады.
Себу мөлшері: күздік рапсты кеңқатарлап сепкенде әр гектарына 3-4 кг; жаздық рапсты қатарлап сепкенде-10-12 кг өнгіш тұқым.
Себу тереңдігі 2-3 см. Сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Тұқым себуге ең бірінші көкөніс тұқым сепкішін (СОН-2,8) пайдаланады.
Танапты күтіп-баптау жұмыстары оның қатараралығын қопсытудан, арамшөптерді жоюдан басталады. Содан кейін зиякестермен, аурулармен күрес жұмыстары жүргізіледі. Үстеп қоректендіру рапсты бірінші орып алғаннан кейін жүргізіледі. Сол кезде танапқа сүйық тыңайтқышқа араластырып садыра (жидкий навоз) шашқан (5-10 тн/га) өте тиімді.
Рапстың тұқым шаруашылығын жүргізу қиыншылық тудырмайды. Ол өздігінен тозаңданатын және де кейбіреуі айқас тозаңданатын өсімдіктерге жатады.
Оның тұқымдық егістігін құнарлығы орташа құрғақ және бейтарап топырақтарда орналастырады. Жаздық рапстың тұқымын барлық аймақтарда, ал күздік рапстың тұқымын жылы аймақтарда өсіруге болады.
Тұқымдық рапстың өсімдік тығыздылығы жақсы болған жағдайда ол біркелкі және тезірек пісіп жақсы өнім береді. Сондықтан оны көбінесе қатарлап себеді. Себу мөлшері 10-12 кг/га.
Рапс біздің республикада келешегі мол дақыл. Оны мал азығына да, өсімдік майын алу үшін де себу тиімді. Осы дақылмен ғылыми жұмыстар жүргізу келешектің міндеті.
Дәріс
Майлы дақылдар: мақсары
1.Халық шаруашылығындағы маңызы
2.Биологиялық ерекшеліктері.
3.Өсіру агротехникасы.
Майлы дақылдарға тұқымында немесе жемісінде майлы майы болатын өсімдіктер жатады. Біздің елімізде майлы дақылдардан күнбағыс, мақсары, қыша, рапс, арыш, майкене, күнжіт және майлы зығыр өсіріледі. Сонымен қатар, өсімдік майын кейбір дәнді бұршақ дақылдарынан- май бұршақ, жер жаңғағынан да (арахис), талшықты өсімдіктер-сора, талшықты зығыр, мақта кенепшөп дәндерінен өндіреді.
Өсімдік майының тағамдық және техникалық маңызы зор. Оны негізінен тамаққа, консерві, кондитер және маргарин жасауда пайдаланады. Сонымен қатар, сыр-бояу, сабын қайнатуда, тері илеуде, мақта-мата, парфюмерия және өндірістің басқадай салаларында кеңінен қолданады.
Дәннен майды сығып және арнайы ерітіндімен ерітіп алғаннан кейінгі қалдықтар - күнжара мен күнжара ұны малға бағалы концентратталған жем. Көптеген майлы өсімдіктердің сабақтары отынға, қағаз және мата алуға, сондай-ақ малға жемге пайдаланылады.
Майлы дақылдар дәніндегі майдың шамасы 15-тен 63 % дейін. Олардағы майдың мөлшері мен сапасы бірқатар факторлардың - жылу мен су режимі, сорт, себу мерзімі, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар және географиялық ендік әсерінен көп өзгереді. Мысалы, оңтүстік-шығыста солтүстік пен солтүстік-батысқа қарағанда дәндегі майдың мөлшері көп. Жағдайлар мен өсіру технологиясын өзгерту арқылы май мөлшерін арттыру мен сапасын жақсартуға болады.
Май сапасының маңызды көрсеткіші - оның кебуге қабілеттілігі. Бүл көрсеткіш йодтың 100 г майға қосылатын грамм мөлшері - йод санымен анықталады. Йодтық сан көп болған сайын, ол жақсы кебеді. Кебу дәрежесіне қарай өсімдік майы 3 топқа бөлінеді: к е б е т і н - йодтық саны 130-дан жоғары, көбіне техникалық мақсатта қолданылатын зығыр, перилла, арыш және тағы басқа дақылдар майлары; ж а р т ы л а й к еб е т і н - йодтық саны 85-130, негізінен тағамдық - күнбағыс, майбұршақ, күнжіт, рапс, қыша, мақсары майлары; к е п п е й т і н - йодтық саны 85-тен төмен, тағамдық - арахис майы және техникалық - майкененің кастор майы, сонымен қатар майкене майы авиацияда, космонавтикада пайдаланылады.
Сондай-ақ, майдағы бос май қышқылдары мөлшерін сипаттайтын қышқылдық сан да майдың маңызды көрсеткіші болып саналады. Қышқылдық сан - 1 г майдағы қышқылдарды бейтараптандыруға қажет күйдіргіш калий (г) мөлшерімен анықталады.
Өсімдіктегі көптеген майлар сабын қайнату өнеркәсібі үшін шикізат. 1 г майда болатын глицеринін бос, сондай-ақ, байланысты май қышқылын бейтараптандыру үшін қажет күйдіргіш калийдің (мг) мөлшерімен анықталатын, сабындану санымен сипатталатын майдың сабындану қабілеті де құнды көрсеткіш.
Майлы дақылдар дәніндегі өсімдік майларының мөлшері мен сапасы кестеде келтірілген.
Майлы дақылдар дәніндегі майдың мөлшері мен сапасы
Дақыл
|
Май мөлшері (абсолютті құрғақ зат массасының %)
|
Йод саны
|
Қышқылдық саны
|
Сабындану саны
|
Күнбағыс
|
29,0-57,0
|
119-144
|
0,1-2,4
|
183-196
|
Мақсары
|
25,0-37,0
|
115-155
|
0,8-5,8
|
194-203
|
Көкшіл-сұр қыша
|
35,2-47,0
|
92-11
|
0,0-3,0
|
182-183
|
Күздік рапс
|
45,0-49,6
|
94-100
|
0,1-11,0
|
167-185
|
Арыш
|
25,6-46,0
|
132-153
|
0,2-13,2
|
181-188
|
Майкене
|
47,2-58,2
|
81-86
|
1,0-6,8
|
182-187
|
Күнжіт
|
48,0-63,0
|
103-112
|
0,2-2,3
|
186-195
|
Перилла
|
26,1-49,6
|
181-206
|
0,6-3,9
|
189-17
|
Ляллеманция
|
29,3-37,6
|
162-203
|
0,8-4,4
|
181-185
|
Жержаңғақ
|
41,2-55,2
|
90-103
|
0,03-2,24
|
182-207
|
Майбұршақ
|
15,5-24,5
|
107-137
|
0,0-5,7
|
10-212
|
Майлы зығыр
|
30,0-47,8
|
165-192
|
0,5-3,5
|
186-195
|
Көптеген майлы дақылдар отамалы дақыл болғандықтан, олардың агротехникалық маңызы да зор. Олар топырақты арам шөптерден тазартады және дәнді дақылдар үшін қанағаттанарлық алғы дақылдар.
Қазақстан республикасында майлы дақылдар барлық аймақтарда өсіріледі, дегенмен әрбір топырақ-климат жағдайларына бейімделген дақылдар түрлері шектеулі. Егер майлы күнбағыс негізінен республиканың шығысы, солтүстігінде және батысында өсірілсе, ал мақсары оңтүстік өңірде өсірілуде. Сондықтан майлы дақылдарды түртараптандыру аясында әрбір аймаққа негізгі және қосымша майлы дақылдар ассортиментін ұсыну қажет.
Республикада майлы дақылдар 2009 жылы 1 млн. 50 мың гектар жерге егіліп, дәнінің орташа өнімділігі 6-7 ц/га құрады.
Мақсары-сафлор- cartamus
Халық шаруашылығындағы маңызы.Археологиялық қазбалардың және әдебиет көздерінің куәлендірулерінше мақсары өте көне дақылдар қатарына жатады. Себебі, мақсары дақылының гүлінен жасалған бояулармен Египетте мумиялар оралған маталар боялған. Момот Я.Г.(1960) пікірінше, мақсары Үнді және Египет мемлекеттерінде өсірілген 2100 жылдан астам тарихы бар мәдениленген дақыл. П.П.Вавиловтың (1979) деректері бойынша, мақсары дақылы ертеректе Үндістанда, Египетте, Ауғанстанда, Орталық Азияда және Кавказ мемлекеттерінде белгілі болған. Аталған елдерде мақсарыны бояғыш және әсемдік зат ретінде пайдаланылған. Оның латынша Cartamus атауы арабтың cartom- бояу деген сөзінен шыққан, өйткені мақсары гүлдерінде картамин пигменті бар. Бұл пигменттің ерекшелігі-суда еріткенде-сары түске, ал спиртке-қызыл түске боялады. Сондықтан мәдениленген мақсары түрі орыс тілінде Сафлор красильный деп аталған.
Орта Азия елдерінде, анығында Түркістанда мақсары ертеде белгілі болған. Бұл өңірде мақта шаруашылығына дейін жергілікті тұрғындар мақсары тұқымын тағамдық майға және пілте (май) шамға пайдаланған.
Алғашқыда мақсарыны бояғыш зат ретінде қолданған, бірақта химиялық жолмен арзан және жоғары сапалы бояулардың алынуына орай, дақылдың бояу ретіндегі өндірістік маңызы жойылып, оны өсімдік майын алуға, дәрі-дәрмек жасауға және мал азығына өсірген.
Мақсары тұқымшасындағы жалпы май мөлшері 25-37 %, ал ядросында 50-56% дейін ақшылт-сары түсті бағалы сұйық майы болады. Өсімдік майының дәмділігі және жұғымдылығы күнбағыс майына пара-пар, егер тек қана ядросынан ғана сығылған майдың сапасы зәйтүн майынан кем түспейді.
Халық медицинасында мақсары жапырақтарын, гүлдерін және майынан әртүрлі дәрі-дәрмектер жасалады, сонымен қатар, өсімдік майын сыр- бояу, линолеум, сұйық сабын т.б. техникалық мақсаттарда пайдаланылады. Мақсары тұқымы құстардың азығы, әсіресе оны тауыққа берсе, қыс айларында жұмыртқалағыштық мүмкіндігі артады. Дәнін құрама жемге қосып сауын сиырларды азықтандырса, онда сүттің майлылығы жоғарлайды. Қабығы аршылған мақсары тұқымынан алынған күнжарасы-бағалы мал азығы. Қабықта және ядросының жұқа пергамент қабықшасында ащы заттардың болуы қабығын аршымай сығылған май күнжарасының сапасын төмендететін ащы дәм береді, бірақта оны басқа азық түрлеріне қосып, малдарды азықтандыруға болады. Мақсары күнжарасы құрамында орташа есеппен 20,4% протеин бар, 1 кг күнжарасының қоректілігі 0,75 азықтың өлшемге тең. Соңғы кезде, көптеген елдерде мақсары мал азықтық дақыл ретінде танылуда. Себебі, оның көк балаусасының, пішенінің және сүрлемінің қоректік қасиеттері жоғары. Мақсарының 100 кг көк балаусасында 22,7 азықтық өлшем және 2,91 кг қорытылғыш протеин болса, осындай мөлшерлі сүрлемінде -15 азықтық өлшем және 1,3 кг қорытылғыш протеин бар. С.Н.Прянишников (1963 ) деректері бойынша, мақсары шөбінің құрамында 16,5 % шикі протеин және 100 кг пішенінде 48-50 азықтық өлшем болады.
Мақсарының дүниежүзіндегі егіс көлем 2,0 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Индия, Мексика, АҚШ, Қытайда. Қазақстан Республикасы мақсары егісі көлемі жағынан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші орын алады. Егер, 1930 жылы республикада мақсары егісі көлемі 6600 га болса, 1937 жылы 36 мың гектарға жеткен, 2004 жылы 106 мың га, 2005 жылы 123 мың га, 2006 жылы 131 мың га, ал 2009 жылы мақсары егісі көлемі 170 мың гектарға жетті. Тұқым өнімділігі 6-7ц /га құрайды. Мақсары дақылы негізінен республиканың оңтүстік өңірінің тәлімі жерлерінде өсіріледі.(Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары) Соңғы жылдары республиканың солтүстігінде және батысында да мақсары өсіріле бастады.
Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері, аудандастырылған сорттары. Мақсары- Cartamus tinctorius L- Астра тұқымдастығына (Asteraceae ) жататын біржылдық шөптесін өсімдік.
Мақсарының түрлер санына байланысты біркелкі пікір жоқ. Әлемге танымал ботаник ғалым Хоокер (1964) еңбектерінде жер шарында мақсарының 60 таяу түрлерінің кездесетінін жазады.Купцов А. Н.(1941 )-11 түр десе, ал Шостаковский С.А.(1947), Момот Я.Г. ( 1960), Жуковский П.М.(1964) пікірлерінше мақсарының 19 түрі бар, олардың 15-і бір жылдық өсімдіктер, біреуі-екі жылдық, ал үшеуі-көп жылдық түрлер. Олардың ішіндегі егіске пайдаланып жүрген мәдени түрі Cartamus tinctorius L- қос жарнақты бір жылдық өсімдік. С.А.Шостаковичтің (1947) ұйғарымынша, ең көп тараған түр- C.Janatus болып есептелінеді.
Мәдени мақсарының Cartamus tinctorius L 6 типі бар. Оларға – Түркістандық, Ауғандық, Гераттың, Закавказдық, Армениялық және Памирлік типтер жатады. Республикада өсірілетін мақсары сорттары Түркістан типіне жатады.
Мәдени мақсары-бір жылдық өсімдік. Дақылдың тамыр жүйесі жақсы дамыған. Негізгі кіндік тамырының ұзындығы 2-3 м дейін жетеді және жанама тамырлары негізгі тамырдан 60-90 см дейінгі қашықтықта орналасады. Мақсары тамырының тереңге бойлауы, жылдамдылығы және топырақ қабатында бөліну сипаты ондағы ылғал мен қоректік заттардың орналасуымен тікелей байланысты. Дақыл топырақтың төменгі қабатынан ылғал мен қоректік заттарды қабылдай алады, сондықтан құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді.( Арыстангулов С.С., 2008 )
Мақсары сабағы тік, цилиндр пішінді, сырты жылтыр, әрі түксіз, түсі-солғын ақшылт жасыл. Сабағының биіктігі сортына және климат жағдайына байланысты 50-100 см аралығында ауытқиды. Сабағының төменгі бөлігі жуан, ал жоғары бөлігі жиішкеріп келеді. Сабағының төменгі бөлігінің диаметрі 3-12 см аралығында. Сортына байланысты өсімдік сабағының биіктігі де өзгереді. Мақсарыны биіктігіне қарай 3 топқа бөледі : тапал-70 см дейін, орташа бойлы -71-90 см, ұзын бойлы-91 см жоғары.
Мақсары жақсы бұтақтанатын өсімдік. Бұтақтануы негізгі, екінші, үшінші деңгейлік бұтақтар болып бөлінеді. Бұтақтану сортқа, өсіру жағдайына және қоректену сипатына байланысты өзгереді.
Мақсары жапырақтары- жай, сағақсыз, жалаңаш, етті, ланцетті пішінді, сабақта бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Жапырағының шеттері тісті, түрлеріне қарай өткір тікенді немесе тікенсіз болады. Сабақтың ортасындағы жапырақтары ірі, ал жоғарғы жағындағылардың аумағы кішірейіп, гүл шоғыры орамына айналады. Толық жетілген жапырақтары ұзындығы 9-25 см, ені 3-8 см. Бір өсімдікте 80-200 дана әртүрлі көлемді жапырақтар болады.
Мақсары гүлшоғыры-тостағанша диаметрі 1,5-3,5 см. Гүлдері түтікті бес бөлікті күлтешелерден тұрады, түсі сары немесе қызғылт болады, оның құрамында бояғыш зат-картамин болады, жатыны бір ұялы, ұзын бағанашалы. Тозаңдануы көбінесе жәндіктер арқылы жүреді, айқас тозаңданады. Жемісі-ақ түсті тұқымша, жалаңаш, жылтыр, төрт қырлы. Бір өсімдікте 5-50 дейін тостағанша, оның әрқайсысында 25-60 дана тұқымша болады.1000 тұқымша салмағы 25-52 г аралығында ауытқиды. Қауыздылығы тұқым массасының 40-60% құрайды, қабығы қатты, панцирлі. Піскен кезде тұқымы шашылмайды, өйткені орамының ішкі жапырақшалары тығыз қабысып тұрады.
Мақсары-жылу сүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, қысқа күн өсімдігі және құрғақ континентальды климатқа жақсы бейімделген. Жылуға талабы ерекше, әсіресе гүлдену және тұқымының пісуі сатыларында өте қажетсінеді.
Осы кезеңдердегі жауынды күндерді қаламайды, құрғақшылыққа қарағанда, себебі жауынды күндері өсімдік нашар тозаңданады және тостағаншасы шіруі қаупі туады.
Мақсары тұқымы +1-20С өне бастайды, +4-50С жеткенде толығымен өнеді. Егер топырақтың тұқым сіңіру қабатындағы температура +5 0С болса, онда өскін-16 тәулікте, 90С-9 тәулікте, ал 150С-4 тәулікте пайда болады. Мақсарының өсіп-жетілуі үшін қажетті 50С жоғары температура жиынтығы-2000-29000С, ал 150 С жоғары -1500-2400 0С қажет.
Мақсары өніп-өсуі барысында тұқым жарнағын жер бетіне шығарады. Өскіні пайда болғаннан кейін 60-70 тәуліктен соң гүлдейді, гүлдеу сатысы 25-30 күнге созылады. Алдымен негізгі сабақтағы орталық тостағаншалар гүлдей бастайды, содан кейін бұтақтағы тостағаншалар гүлдейді. Гүлдеуден-тұқымының пісуіне дейінгі сатыаралық кезеңнің ұзақтығы 30-40 күндер құрайды.
Мақсарының вегетация кезеңінің ұзақтығы себу мерзіміне және өсіру жағдайына байланысты кең ауқымды өзгереді. Дақылдың көктемгі егісінде вегетация дәуірі 110-150 күнге созылса, ал күзде себілген мақсары 200 күнде піседі. Қазақстанның оңтүстігінде дақылдың вегетация кезеңінің ұзақтығы 109-116 күндерді құрайды.(С.Н. Пряншиников, 1964, Арыстанғұлов С.С., 2003).
А.М.Купцов (1931), Я.Г.Момот (1960) тәжірибелерінде мақсары дақылы жылу сүйгіштігіне қарамастан, оның өскіні -3-70С қысқа мерзімдегі үсікке шыдайтынын байқаған. А.Сусарев (1929) есептеуінше , мақсары өсімдігінің клеткасындағы нәрдің концентрациясы жоғары, сол себепті қуаңшылыққа және үсікке төзімді.
Мақсары –жарық сүйгіш өсімдік. Жарықтың жақсы түсуі дақыл тамырының тереңге бойлауына, жапырағының мол болуына, ерте гүлдеуіне септігін тигізеді және тозаңдануы жақсарады. И.А.Минкевич (1939), Ван Жау Му (1993) пікірлерінше, мақсары қысқа күннің өсімдігі бола тұра, күннің ұзаруына онша мән бермейді, сондықтан оны республиканың оңтүстігінде және солтүстігінде де өсіруге болады.
Мақсары қуаңшылыққа төзімділігі жоғары бола тұра, ылғалды да қажетсінеді. Дақыл тұқымы топырақтан өз салмағынан 30-40% ылғал сіңіргеннен кейін өне бастайды. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі-шанақтану-гүлдеу,осы кезеңде ылғалдың молдығы өсімдік қуаттылығы мен өнімділігі артады, ал аз болуы бұтақтануды азайтады, жапырақ көлемін кішірейтеді және өнімділікті төмендетеді.( Ван Жау Му, 1993)
Топырақ типіне қойылатын талаптары. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, мақсары дақылы топырақ типтеріне ерекше талаптар қоймайды. Д.М. Вакулиннің (1929) есептеуінше, мақсары топырақ талғамайды, құнарлылығы төмен жерлерде де тәп-тәуір өнім қалыптастырады.
Мақсарының тұзды топырақты жерлерде өсіп дамитыны туралы көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде көрсеткен ( И. А.Минкевич, 1939 ; В.К.Барковский, 1952 ; В.Н.Чирков, 1954; Д. М.Бартенев,1960 ; Я.Г.Момот,1960).
Я.Г.Момот (1955,1960) өз тәжірибе нәтижелеріне сүйене отыра, мақсарының топырақтың барлық типтерінде өсе алатынын дәлелдей отыра, оның топырақ тұздылығына төзімділігін ерекше атаған.
С.С. Арыстанғұловтың (2008) зертханалық тәжірибелерінде мақсары тұқымы ас тұзының әртүрлі концентрацияларында сыналған (NaCl-0,25-1,0%) тұз мөлшерінің жоғарылауына қарамастан зертханалық өнгіштік 60-70% төмендемеген. Тұзға төзімділік жергілікті жағдайға бейімделіп өскен тұқымдарда сырттан әкелінгенге қарағанда 10-15% жоғары болған.
Дақыл құрғақ топырақты және сазды жерлерде жақсы өсіп-жетіледі. Ван Жау Му (1993) пікірінше, мақсарының жақсы өсіп-дамуы үшін топырақ реакциясы рН 5-8 аралығында болуы керек.
Қоректік заттарға қойылатын талаптар. Мақсарының топырақтан қабылдайтын қоректік заттары мөлшері дақылдың сортына, вегетация кезеңінің ұзақтығына, жапырағының ассимиляциялық белсенділігіне, топырақ және ауа-райы жағдайына, ылғал қабылдау мүмкіндігіне, топырақ құнарлығына және өсіру технологиясына байланысты болады. Мақсары дақылы азот, фосфор және калий элементтерін вегетациясының барлық кезеңдерінде бірдей қажетсінеді. Өсімдіктің қоректік заттарды ең көп қажет ететін кезеңі шанақтану-гүлдеу сатылары. Бұл мезгілде топырақтан азоттың барлық қажетті мөлшерден 60%, фосфор қышқылының-80% және калийдің-90% қабылдайды.
Аудандастырылған сорттары. Республиканың оңтүстігінде мақсарының Милютинский 114, Нұрлан, Ақмай және Центр70 сорттары аудандастырылған. Милютинский 114 сортынан басқалары, Красноводопад селекция стансасында шығарылған, жергілікті селекция сорттары авторы- М. Қоңырбеков.
Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д.С. Васильев, Н.Г.Потеха (1986 ) пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я.Г.Момот (1956 ) тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналастыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсіруі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақылдар –бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Тыңайтқыш. Мақсары танаптары қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін және үстеп қоректендіруден тұрады.
Мақсары танаптарына органо-минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті және тұқымша сапасын жоғарылатады. Ван Жау Му (1993) ҚХР жағдайында мақсары танаптарына 30 тга көң шашуды ұсынады. Көптеген зерттеушілер мақсары егісіне 40-60 кг мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын беруді ұсынады. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды тыңайтқыштарды негізгі ретінде беруден гөрі, үстеп қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келеді.
Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары танаптарына азот 40-60 кг, фосфор-60кг және 30 кг мөлшерінде калий тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын көтеруге әсерін тигізеді. Фосфордың жарты дозасы мен калий толықтай сүдігер жыртар алдында, N10Р10-тұқыммен бірге, қалған мөлшерді бірінші культивациямен бірге енгізеді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күзде сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстігінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық республикасының Қазақстанмен шектес аймақтарында мақсары танаптары күзде 25-27 см тереңдікке жыртылады, себебі өсімдіктің тамыр жүйесі тереңге бойлайды.(Ван Жау Му,1993).
Ерте көктемде сүдігер тырмаланып, қажетінше 1-2 рет культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін арамшөптерге қарсы топырақ гербициді бүркегіш құралмен бүркіліп ( ПОУ ) іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және бір жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы-торфи (2,0-2,5 л /га ), трефлан (4-10 л/га), астық тұқымдас арамшөптермен күресу үшін фюзилад супер (1-2 кг /га біржылдық және 2-4 кг /га көпжылдық арамшөптерге қарсы) қолданылады.
Себу. Мақсарының тұқымы себер алдында себу кондициясына жеткізіліп, тұқымға арналған стандарт талаптарына сай келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98% кем емес және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек.
Себер алдында ауруларға қарсы тұқымды дәрілейді. ПС-10 құралымен витовакс 200 ФФ-3-4 кг /т ; ТМТД 80%-2-3 л /т ; фундазол-3кг /т.
Себу мерзімі. Ерте себілетін дақылдар қатарына жатады. Топырақтың 10 см қабаты 6-8 0С жылынған кезде себеді, мақсарының себу мерзімін кешіктіру өнімділікті төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін күшейтеді.
Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау бөктері аймақтарында мақсарыны сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында, ал осы өңірдің шөлді-далалы аймағында наурыздың аяғы- сәуірдің басында себу ұсынылады. (Т.Н.Нұрғасенов және т.б.,2003)
Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың 2-ші онкүндігінде, ал солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы- мамырдың бірінші онкүндігі. Республиканың оңтүстік-шығысының қары аз, көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді-далалы аймағында мақсарыны қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша айының бірінші онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі көктемгі мерзімде себілген дақылдан кем түспейді.(С.С. Арыстанғұлов, 2009)
Себу тәсілі. Мақсарыны тұқымға өсіруде оны кең қатармен қатараралық ені 45-60 см себу ұсынылады. Отамалы дақыл ретінде мақсарыны кең қатармен себу арамшөптермен күресуде тиімді. Ылғалмен қамтамасыз етілген жерлерде және суармалы егіншілікте дақылды жай қатармен (15см) себуге болады, сонымен қатар мал азығына (көкбалауса, пішен, сүрлем және т.б.) мақсарыны жай қатармен және қатараралық ені 30 см себу ұсынылады.
Республиканың оңтүстік-шығысында мақсарыны тұқымға екі ізді таспалы тәсілмен (60х15х15см) себу мүмкіндігі қарастырылуда. Дақылды таспалы тәсілмен себу, кең қатарға қарағанда өнімділікті 10-15% жоғарылатады.
Себу мөлшері. Кең қатармен (45-60см) себуде гектарына 200-300 мың дана өнгіш тұқым немесе 8-12 кг тұқым себіледі, екі ізді таспалы тәсілмен-12-14 кг /га, жай қатармен-20-24 кг /га тұқым шашылады.
Тұқым сіңіру тереңдігі 5-6 см, ылғалы төмен жерлерде 7-8 см.
Егістікті күтіп-баптау шаралары. Танапты тырмалаудан (көгі шыққанға дейін және шыққаннан соң ) және қатараралықты (2-3 рет) өңдеуден тұрады. Кең қатармен себілген мақсары егісі КРН-4,2 немесе КРН-5,6 культиваторларымен қатараралықтары өңделеді. Бірінші рет культивациялау 6-8 см тереңдікке, екінші 8-10 см, ал үшінші 6-8 см жүргізіледі. Бірінші культивациямен бірге өсімдік минералды тыңайтқыштармен қоректендіріледі.
Суармалы егіншілікте мақсарыны 2-3 рет суару ұсынылады. Әрбір суғару мөлшері 600-800 м3 /га.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік шығысында мақсары егісі 30 аса зиянкестермен зақымданады. Олардың ішіндегі кең тараған түрлері : кіші және үлкен мақсары бізтұмсықтары, мақсары шыбыны, жидек кенесі және т.б. Күресу шаралары : егер біз тұмсықтар саны 1 шаршы метрде 2-3 данадан асса, онда 5% каратэ немесе кинмикс препараттарын егіске бүрку, мөлшері 0,15-0,20 л/га. Жұмыс сұйығы шығыны 200-250 л /га.
Мақсары ауруларына қарсы (тат, жапырақтың қоңыр дағы және т.б.) Алдын-алу шаралары тұқымды дәрілеу (Витовакс 200 ФФ-3-4 л/га). Өсімдік өскінін топырақ инфекциясынан қорғау үшін қажет және дақылды ертерек қолайлы мерзімде себу.
Мақсарыны жинау. Мақсары тұқымын толық піскенде бір сатылы әдіспен астық комбаиндарымен жинап бастырады. Мақсары тұқымдары біркелкі піседі және шашылмайды, сондықтан оны кешіректе жинауға болады.
Мақсарыны мал азығына шанақтану-гүлдеу сатысында орып жинайды.
Қолданылған әдебиеттер :
Т.Н. Нургасенов и др «Технология возделывания сафлора на маслосемена в условиях юго-востока Казахстана» Рекомендация, Алматы, 2003, 25 с.
С.С. Арыстангулов «Қазақстанның оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде мақсары тамыр жүйесінің өсіп-даму ерекшеліктері» Алматы, ж.Ізденістер, нәтижелер №1, 2009, 37-38 б.
С.С. Арыстангулов «Водопотребление сафлора в зависимости от сроков посева в условиях пустынно-степной зоны юго-востока Казахстана» ж.Вестник науки АТУ им. С.Сейфуллина, №3, 2009, с 3-8, Астана.
Дәріс
Түйнек жемістілер
Жер алмұрты ( Земляная груша, Helіanthas tuberosus L)
Күн түйнегі (жер алмұрты мен күнбағыстың буданы, топинсолнечник).
Жер алмұрты астровые (asteraseae) тұқымдасына жататын көпжылдық түйнекті өсімдік.
Күн түйнегі жер алмұрты мен күнбағыстың түраралық буданынан пайда болған түйнекті мал азықтық өсімдік түршесіне жатады. Оның сыртқы пішіні жер алмұртына қарағанда ірі де қуатты, бірақ жапырақ саны мен мөлшері, сабағы мен бұтағының жуандығы жағынан жер алмұрты мен күнбағыстың аралығында.
Жер алмұртының отаны – Солтүстік Америка. Бұл жерде осы өсімдіктің жабайы түрі анықталған. Бұрынғы одақ көлемінде жер алмұртын мал азығына бірінші рет Украинада, Солтүстік Кавказда және Беларуссияда өткен ғасырдың 30-шы жылдарында өсіре бастады. Соғыстан кейін (50-ші жылдары) алғашқы сорты шығарылып зерттеліп, өз бағасын алды.
Шаруашылық маңызы. Бұл екі дақылдың да сабағы мен тамыр түйнегін мал азығына пайдаланады. Сабағы жеке дара да, немесе басқа дақылдармен де қосылып сүрлемге салынады. Сүрлемі сапасы жағынан күнбағыстың сүрлемінен жоғары.
Жер алмұрты мен күн түйнегінің тез пісетін сорттары шошқаға көктем кезінде жақсы жайылым болып есептеледі.
Жас өсімдіктерінде көмірсулары, оның ішінде қант көп кездеседі де оны ұсақтап бергенде мал сүйсініп жейді. Көк балаусасында каротиннің мөлшері күнбағысқа және жүгеріге қарағанда көбірек. 1 кг көк балаусасында 180 мг каротин және 938 мг С витамині болады. 100 кг көк балаусасында 20-25 азықтық бірлік бар. П.П.Вавиловтың мәліметі бойынша жер алмұртының сорттарының көк балаусасында абсолютті құрғақ затында орта есеппен 5,2% каротин, 27,5% клетчатка, 3,4% май, 55,7% азотсыз экстрактивті зат, 7,1% күл болады.
Сүрлемінде 2,1% протеин, 1,7% белок, 0,4% май, 3,1% клетчатка, 8,9% азотсыз экстрактивті зат, 1,9% күл болады.100 кг сүрлемінде 15 азықтық бірлік бар.
Күлінің құрамында калий, натрий, фосфор, әсіресе темір көп кездеседі.
Жер алмұрты мен күн түйнегінің мал азығына әсіресе пайдалысы олардың тамырындағы түйнектері. Олардың сапалық көрсеткіштері картоппен бірдей. 100 кг түйнегінде 30 азықтық бірлік болады. Түйнегінде 6,2% протеин, 5,7% клетчатка, 5,6% май, 76,3% азотсыз экстрактивті зат, 55,0% күл болады.
Түйнектерінің нашар сақталуына байланысты оны күзде мал азығына және көктемде қазып алып малға берген тиімді. Түйнектері егістікте жақсы қыстап шығады. Сондықтан оны күзде жинап алмай-ақ, көктемде жинап малға беру тиімді. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс аймақтарында түйнектерді күзде қыркүйек-қазан, көктемде наурыз-сәуір айларында мал азығына пайдалануға болады. Оны сабағымен қосып сүрлемге салып қыста да пайдаланады.
Бұл өсімдіктердің өнімі өте жоғары. Көпшілік сорттарының әр гектарынан алынатын көк балаусасының орташа өнімі 350-450 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 850-900 ц/га дейін жетеді. Ең жоғарғы өнім Украинада, Беларуссияда, Латвияда, Москва мен Ленинград облыстарында алынды. Түйнегінің өнімі гектарына 45-60 ц, ал ең жоғарғы өнімі – 110-130 ц/га дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жер алмұртының әр гектарынан 277 ц көк балауса және 94 ц түйнек жиналды (Свешников А.М., 1979).
Өсіру агротехникасы дұрыс сақталған жағдайда оны бір жерде өнімін төмендетпей 8-10 жылға дейін және одан да ұзағырақ пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |