«Көлік, көлік көлік техникасы жәнетехнологиялары» кафедрасының меңгерушісі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#91661
  1   2   3   4
Байланысты:
1.6 Әдістемелік нұсқау (2)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК


«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Көлік, көлік көлік техникасы жәнетехнологиялары» кафедрасының меңгерушісі
____________ Тогизбаева Б. Б
_________________ 2020ж
5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
мамандығының білім алушыларына «Іштен жану қозғалтқыштарының теориясы»
пәніне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Нұр-Сұлтан
2020

1- БӨЛІМ. ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУ

    1. Негізгі ереже. қурстық жұмыс үшін тапсырма


Жанармай үнемділігі, экология және динамиканың жоғары талаптарына сай келетін жаңа заманауи көліктік қозғалтқыш құрастыру - қиын әрі көпсатылы процесс. Оған техникалық тапсырмаларды құрастыру және оны анализдеу, қозғалтқыштың сызбасын және құрылымдық жобасын таңдау, технологиялық жұмыстармен үйлестірілген бөлшектер мен негізгі тораптарды жобалау, жоғары дәрежелі үлгілер даярлау және оларды жан – жақты сынақтан өткізу жатады. Сынақтардың нәтижесіне сүйене отырып жобаға өзгертулер енгізу, объектке жұмыстық және техникалық іс – қағаздар даярлап, сериялық өндіріске жіберу. Бұл процессте профессор В.И.Гриневецкийдің жылу есептеу әдісіне негізделген, поршендік іштен жану қозғалтқышының жұмыс циклын есептеу маңызды орын алады.


Жылу есептеу - қайта жобаланатын қозғалтқыштың тиімді көрсеткіштері мен негізгі параметрлерін аналитикалық анықтау үшін қажет. Сонымен қатар, оны қолданыстағы қозғалтқыштың жеке бөлшектері немесе режимдік көрсеткіштерінде өзгерістер орын алған жағдайда шынайы циклды бағалау үшін де қолданылады. Бұл міндеті ІЖҚ көліктерінің эксплуатация аясындағы инженерлік қызметке көбірек сәйкес келеді. Оған қоса, қозғалтқышты анализдеу мен негізгі көрсеткіштерінен тұратын сыртқы жылдамдық сипаттамасын да есептеуге болады.
Поршендік қозғалтқышты есептеуге – айналу моменті, газ қысымы және инерция күшінің нәтижесінде туындайтын жалпы күш пен моментті анықтау барысындағы кривошипті – шатундық механизмнің динамикалық есептеулері жатады. Динамикалық есептеулер нәтижесі бөлшектер мен механизм тораптарының беріктігін бағалауда пайдаланылады. Қозғалтқышты есептеуге оның жұмысын қамтамасыз ететін жүйелердің эксплуатациялық көрсеткіштері мен негізгі параметрлерін анықтау жататы.
Курстық жоба тапсырмасы әр студентке жеке тағайындалған және 2.1 кестеден алынады.
Курстық жобаның нұсқа нөмірі студенттің сынақ кітапша нөмірінің соңғы санына сәйкес келеді және тексеру есебін жүргізуге арналған қозғалтқыш моделін анықтайды. Сонымен қатар, нұсқа нөміріне сәйкес есептеу жұмыстарын жүргізуге арналған қозғалтқыштың жүйесі анықталады. Егер нөмір жұп болса есептеуді майлау жүйесіне, ал егер тақ болса – салқындату жүйесіне шығару қажет. 2.2 кестеде есептеулер үшін алғашқы мәліметтер – прототип ретінде таңдалған , қозғалтқыштың негізгі конструктивті және тиімді көрсеткіштер келтірілген. Бензинді қозғалтқыштың әр варианты ∆ὲ қысу дәрежесінің өсуі көрсетілген 10 нұсқадан тұрады. Осыған орай, есептеулер кезінде қозғалтқыш прототиптің техникалық сипаттамасынан салыстырмалы түрде сығу дәрежесінің ең үлкен мәнін алу қажет. Тексеру есептеудің бұл шарты болашақта жану камерасының жақсы салқындатылуының нәтижесінде салыстырмалы түрде жоғары сығу дәрежесін қоодану үшін, қозғалтқыштың бұл моделі өздігінен бензин бүрку жүйесімен жабдықталады деген оймен қойылған болатын.
Курстық жобаның есептеу бөлімі жоғарыда атап өтілген шарттарға сәйкес берілген қозғалтқыштың жұмыс циклінің жылу есептеуін орындау, жылулық балансын құрастыру, сыртқы жылдамдық сипаттамасы мен индикаторлық диаграмма құру, сонымен қатар салқындату немесе майлау жүйесінің параметрлерін есептеуден тұрады. Осы орайда, қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы мен негізгі тиімді көрсеткіштер анализдері келтіріледі.


2.1 кесте - Тапсырма нұсқалары және есептеу үщін бастапқы деректер



Нұсқаның нөмірі

Автокөлік атауы

Отын түрі

1

1

Hyundai accent(1.4)

бензин

2

2

Kia Rio (1.6)

бензин

3

3

Lada Granta(2170) (1.6)

бензин

4

4

VW Golf (1,4)

бензин

5

5

Nissan Almera (1,6)

бензин

6

6

Nissan Juke(1,6)

бензин

7

7

Audi A4 (1.6)

бензин

8

8

Toyota corolla(1.8)

бензин

9

9

Hyundai Elantra (1,6)

бензин

10

10

Mitsubishi Lancer (1,6)

бензин

11

11

Hyundai Sonata (2.4)

бензин

12

12

Kia Optima (2.5)

бензин

13

13

Toyota Camry (2,4)

бензин

14

14

VW Passat (2.0)

бензин

15

15

Honda Accord (2.4)

бензин

16

16

NissanAltima (2.5)

бензин

17

17

Audi A6 (2.4)

бензин

18

18

Subaru Legasy(2.5)

бензин

19

19

Mersedes Benz E240 (2,4)

бензин

20

20

Mitsubishi Galant (2,4)

бензин

21

21

Рено-19 (1.4)

бензин

22

22

Subaru Impreza GL (2.0)

бензин

23

23

Хонда-HR-V5d

бензин

24

24

Lexus GS 300

бензин

25

25

ВАЗ-2112

бензин

26

26

MMC Pajero

дизель

27

27

Mazda MPV

дизель

28

28

Nissan Maxima

бензин

29

29

Ford Maverick

дизель

30

30

Nissan Patrol GR

дизель

31

31

Ford Focus

бензин

32

32

Toyota Avensis

бензин

33

33

Mersedes benz e220(w124)

бензин



2.2- кесте - Негізгі конструкторлық параметрлер және қозғалтқыш- прототивінің тиімді көрсеткіштері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет