Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау


«Tb» санатындағы МКҚ жүргізушілерін даярлау үшін оқу кабинеті (сыныбы) жабдығының минималды тізбесі



бет19/23
Дата01.04.2017
өлшемі3,52 Mb.
#12822
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

5. «Tb» санатындағы МКҚ жүргізушілерін даярлау үшін оқу кабинеті (сыныбы) жабдығының минималды тізбесі



р/с

Оқу жабдығының атауы

өлшем бірлігі

саны






«Tb» санатындағы МКҚ жүргізушілерін даярлау кабинеті (сыныбы)

1.1

Компьютер

дана

3

1.2

Жол жүрісі қауіпсіздігі ережелері бойынша компьютерлік бағдарламалар

дана

2

1.3

«Жол белгілері» стенді

дана

1

1.4

«Жол таңбалары» стенді.

дана

1

1.5

Электрлендірілген «Бағдаршам сигналдары» стенді

дана

1

1.6

«Реттелетін қиылыс» тренажеры

дана

1

1.7

«Реттелмейтін қиылыс» тренажеры

дана

1

1.8

Сынып тақтасы

дана

1

1.9

«Жол қозғалысы ережелері» мен «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі» пәндерінің тақырыптары бойынша планшеттер (плакаттар) мен оқытудың көрнекі техникалық құралдары

жиынтық

2

1.10

Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жинағы

жиынтық

1

1.11

Медициналық аптечка.

жиынтық

2

2

«Электр жабдығы және электрмен жарақтау», «Троллейбусты техникалық пайдалану ережелері» және «Механикалық және пневматикалық жабдық» пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған кабинет (сынып)

2.1

Троллейбустың негізгі бөліктері (тартым күші және қосалқы қозғалтқыш, жүргізуші контроллері, топтық реостаттық контроллер, автоматты ажыратқыш, контакторлық панель, төбе жабыны жабдығы, аспа, белдік, рөлдік басқару, компрессор).

жиынтық

1

2.2

Троллейбустың электрлік, механикалық және пневматикалық жабдығы бойынша көрсету стендтері (қалқандар, бөлшектері бар стеллаждар)

жиынтық

1

2.3

Троллейбустардың құрылымы мен оны пайдалану жөніндегі оқытудың көрнекі техникалық құралдары (немесе плакаттар)

жиынтық

1

6. «Tm» санатындағы МКҚ жүргізушілерін даярлау үшін оқу кабинеті (сыныбы) жабдығының минималды тізбесі



р/с

Оқу жабдығының атауы

Өлшем бірлігі

саны






«Tm» санатындағы МКҚ жүргізушілерін даярлау кабинеті (сыныбы)

1.1

Компьютер

дана

3

1.2

Жол жүрісі қауіпсіздігі ережелері бойынша компьютерлік бағдарламалар

дана

2

1.3

«Жол белгілері» стенді

дана

1

1.4

«Жол таңбалары» стенді.

дана

1

1.5

Электрлендірілген «Бағдаршам сигналдары» стенді

дана

1

1.6

«Реттелетін қиылыс» тренажеры

дана

1

1.7

«Реттелмейтін қиылыс» тренажеры

дана

1

1.8

Сынып тақтасы

дана

1

1.9

«Жол қозғалысы ережелері» мен «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі» пәндерінің тақырыптары бойынша планшеттер (плакаттар) мен оқытудың көрнекі техникалық құралдары

жиынтық

2

1.10

Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жинағы

жиынтық

1

1.11

Медициналық аптечка.

жиынтық

2

2

«Электр жабдығы және электрмен жарақтау», «Троллейбусты техникалық пайдалану ережелері» және «Механикалық және пневматикалық жабдық» пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған кабинет (сынып)

2.1

Троллейбустың негізгі бөліктері (тартым күші және қосалқы қозғалтқыш, жүргізуші контроллері, топтық реостаттық контроллер, автоматты ажыратқыш, контакторлық панель, төбе жабыны жабдығы, аспа, белдік, рөлдік басқару, компрессор).

жиынтық

1

2.2

Троллейбустың электрлік, механикалық және пневматикалық жабдығы бойынша көрсету стендтері (қалқандар, бөлшектері бар стеллаждар)

жиынтық

1

2.3

Троллейбустардың құрылымы мен оны пайдалану жөніндегі оқытудың көрнекі техникалық құралдары (немесе плакаттар)

жиынтық

1

Механикалық көлік құралдарын    



жүргізушілерді даярлау қағидаларына


3-қосымша             



Нысан


Беткі жағы

«Оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік»

Сыртқы жағы

________________________________

    (оқыту ұйымының атауы)


Куәлік

Сериясы В № 0000000


Азамат (ша) ___________________


    (тегі, аты, әкесінің аты,)


_____ жылғы «___» ______________


_____ жылғы «___» ______________


аралығында ____________________


бағдарламасы бойынша оқығаны және бітіpy емтихандарында


_____ жылғы «___» __________


№ _________ хаттамаға сәйкес мынадай бағалар («қанағаттанарлық», «жақсы», «өте жақсы») алғаны жөнінде берілді.


Құрылғы және техникалық қызмет көрсету ____________


Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері мен негіздері ________


Практикалық жүргізу ____________


Емтихан комиссиясының төрағасы ________


Оқыту ұйымының басшысы _______________ М.О.


_____________________________________

  (наименование учебной организации)


Свидетельство

Серия В № 0000000


Выдано гр. __________________________


           (фамилия, имя, отчество)


в том, что он(а) обучался(обучалась)


с «__» __________ _____ г.


по «___» __________ _____ г


по Программе ______________


__________________________


и на выпускных экзаменах согласно протоколу № ____________ от «____» _________ _____г.


получил следующие оценки («удовлетворительно», «хорошо», «отлично»)


Устройство и техническое обслуживание ___________________


Правила и основы безопасности движения __________________


Практическое вождение _______________


Проведено обучение на транспортном средстве с автоматической, механической трансмиссией.


_____________________________________


Председатель экзаменационной комиссии _____________


Руководитель учебной организации ___________М.П.


      Оқу курстарын бітіргені туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, тіркеу үшін типографиялық әдіспен және А, В, С, D, Е, Т, А1, В1, С1, Д1 әріптері мен реттік нөмірінен тұратын сериясы енгізіледі. Куәліктің артқы беті қызғылт түсті қорғаныс торымен жабылған, мәтіннің сол жағы мемлекеттік тілде, мәтіннің оң жағы орыс тілінде. Куәліктің өлшемдері: 160х110 см ашылған түрінде, 80-110 см бүгілген сызығы бойынша.

Механикалық көлік құралдарын   

жүргізушілерді даярлау қағидаларына


4-қосымша            



Нысан


Беткі жағы

«Қайта оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік»

Сыртқы жағы

________________________________

     (оқыту ұйымының атауы)


Куәлік

Сериясы В № 0000000


Азамат (ша) ___________________


      (тегі, аты, әкесінің аты,)


_____ жылғы «___» ______________


_____ жылғы «___» ______________


аралығында ____________________


бағдарламасы бойынша оқығаны және бітіpy емтихандарында


_____ жылғы «___» __________


№ _________


хаттамаға сәйкес мынадай бағалар («қанағаттанарлық», «жақсы», «өте жақсы») алғаны жөнінде берілді.


Құрылғы және техникалық қызмет көрсету ____________


Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері мен негіздері ________


Практикалық жүргізу ____________


Емтихан комиссиясының төрағасы ________


Оқыту ұйымының басшысы _______________ М.О.


_____________________________________

  (наименование учебной организации)


Свидетельство

Серия В № 0000000


Выдано гр. __________________________


           (фамилия, имя, отчество)


в том, что он(а) обучался(обучалась)


с «__» __________ _____ г. по «___» __________ _____ г


по Программе ______________


__________________________


и на выпускных экзаменах согласно протоколу № ____________ от «____» _________ _____ г.


получил следующие оценки («удовлетворительно», «хорошо», «отлично»)


Устройство и техническое обслуживание ___________________


Правила и основы безопасности движения __________________


Практическое вождение _______________


Проведено обучение на транспортном средстве с автоматической, механической трансмиссией.


_____________________________________


     (указать вид трансмиссии)


Председатель экзаменационной комиссии


Руководитель учебной организации М.П.


      Оқу курстарын бітіргені туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, тіркеу үшін типографиялық әдіспен және А, В, С, D, Е, Т, А1, В1, С1, Д1, Tm, Tb әріптері мен реттік нөмірінен тұратын сериясы енгізіледі. Куәліктің артқы беті қызғылт түсті қорғаныс торымен жабылған, мәтіннің сол жағы мемлекеттік тілде, мәтіннің оң жағы орыс тілінде. Куәліктің өлшемдері: 160х110 см ашылған түрінде, 80-110 см бүгілген сызығы бойынша.

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің


2014 жылғы 2 желтоқсандағы


№ 862 бұйрығына   


3-қосымша       

Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) емтихандар қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін (бұдан әрі – жүргізуші куәлігі) беру тәртібін белгілейді.

      2. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е және D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді ішкі істер органдарының, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ғимараттары мен үй-жайларында орналастырылған тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі – ТЕБ) жүзеге асырады.



      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге беріледі, ол өткеннен кейін жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.



      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тек қана бір ұлттық жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі.



      5. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Емтихандар қабылдау

      6. Емтихандарды тапсыруға «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабында белгіленген жасқа толған және:



      1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 083/е нысанды медициналық анықтама (бұдан әрі - медициналық анықтама);



      2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы берген, курстарды аяқтағаны туралы куәлік ұсынған адамдар жіберіледі.



      Курстарды аяқтағаны туралы куәлікті ұсыну туралы талап «А», «В» санаттарындағы, «А1», «В1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін өзіндік даярлықтан өткен адамдарға таралмайды. «А», «В» санаттары, «А1», «В1» кіші санаттары бойынша өздігінен дайындалған адамдар емтихандарды Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тапсырады.


      Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және мемлекеттік не орыс тілдерін меңгермеген өзге де адамдар білікті аудармашылардың қатысуымен теориялық емтихан тапсыруға жіберіледі, олар туралы мәліметтер де емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.


      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Трамвай немесе троллейбус басқаруға ТЕБ-те тек қана теориялық емтихан қабылданады, бұл ретте практикалық емтиханды оқу ұйымы қабылдайды.



      8. Теориялық және практикалық емтихандарды ТЕБ-тің емтихан комиссиясы қабылдайды, оның құрамын жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы бекітеді.



      9. Теориялық және практикалық емтиханды қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады:



      1) уәкілетті органның қызметкерлері (комиссия төрағасы, комиссия мүшелері);


      2) оқу және қоғамдық ұйымдардың өкілдері (комиссия мүшелері). Емтихан тапсыратын топты дайындауды жүзеге асыратын оқытушыны немесе автомобиль жүргізу жөніндегі өндірістік оқыту шеберін емтихан комиссиясының құрамына енгізуге жол берілмейді.


      10. Емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелерінде:



      1) автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта техникалық білімі;


      2) олар теориялық және практикалық емтихандар өткізетін санаттағы жүргізуші куәлігі;


      3) кемінде бес жыл жүргізуші өтілі болуы тиіс.


      11. Емтихандар мынадай реттілікпен тапсырылады: алдымен теориялық, кейіннен – практикалық.



      Жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген (бұдан әрі – жүргізушілікке үміткер), бірақ теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық та, практикалық та емтиханды қайта тапсыру алдыңғысын өткізген күннен бастап кемінде күнтізбелік жеті күннен кейін тағайындалады.


      Тұрғылықты жерін ауыстырып жатқан немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ (үш айдан астам) іссапарға кететін және теориялық және практикалық емтихан тапсырмаған адам үшін емтиханды қайта тапсыру растайтын құжаттарды ұсынған кезде кемінде күнтізбелік үш күннен кейін тағайындалады.


      12. Теориялық емтихан компьютерлік кешендерді пайдалану жолымен емтихан класында өткізіледі. Кешен уәкілетті орган лауазымды адамының (бұдан әрі - емтихан қабылдаушы) орталық пультінен (бұдан әрі – ОП) тұруы, оған жүргізушілікке үміткерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары (бұдан әрі – АЖО) қосылған болуы тиіс. Әрбір АЖО пернетақтамен және монитормен жарақталған. Емтихан қабылдаушының ОП жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөліністерінде пайдаланылатын деректер базасымен қиылысу мүмкіндігіне ие.



      13. Теориялық емтиханды өткізу нысаны – жеке.



      14. Теориялық емтиханды өткізу кезінде емтихан қабылдаушы жүргізушілікке үміткерге көрсетілген АЖО-ға отыруды ұсынады.



      15. Теориялық емтихан басталар алдында мониторға АЖО нөмірі, оларды басқару құқығын алуға емтихан тапсырылып жатқан көлік құралдарының санаттары, сондай-ақ осы АЖО-ға тағайындалған жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты шығады. Көрсетілген ақпаратты енгізу емтихан қабылдаушының ОП-сінен жүзеге асырылуы тиіс.



      16. Әрбір билетте 40 сұрақ болады. Әр сұраққа бірнеше жауап берілген, олардың біреуі дұрыс.



      Емтихан сұрақтарының блогы жүргізушілікке үміткер АЖО пернетақтасындағы тиісті пернені басқаннан кейін ғана қалыптасады және монитордың экранына шығады.


      17. Сұрақтарға жауап беру үшін жүргізушілікке үміткерге 40 минут беріледі. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тоқтатылады.



      Уақыт межесін теориялық емтихан басталған сәттен бастап компьютерлік кешен жүргізеді.


      18. Билет сұрақтарына жауап беру реттілігін көлік құралын басқару құқығын алушы адам өздігінен таңдайды.



      19. Емтихан барысында пернелерді байқамай басып қалудан туындайтын кикілжің жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілікке үміткер таңдаған жауапты тиісті пернені қайта басу арқылы қайталауға тиіс.



      20. Теориялық емтиханның нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранына барлық сұрақтарға жауап беру аяқталғаннан не белгіленген уақыт өткеннен кейін ғана шығарылады. Біруақытта экранға таңдап алынған және дұрыс жауаптардың нөмірлерімен емтихан парағы, сондай-ақ теориялық емтиханға кеткен уақыт шығады.



      21. Теориялық емтихан аяқталғаннан кейін жүргізушілікке үміткердің АЖО-ға экранға оған ұсынылған сұрақтар, сондай-ақ таңдап алған жауаптары шығады.



      22. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша теориялық емтиханды тапсырудың емтихан парағы мен емтихан нәтижелерінің хаттамасын басып шығару үшін теориялық емтихан нәтижелері жүргізушілікке үміткердің АЖО-дан емтихан қабылдаушының ОП-сіне беріледі.



      23. Егер жүргізушілікке үміткер бөлінген уақытта кем дегенде 32 сұраққа дұрыс жауап берсе, «ТАПСЫРДЫ» деген баға қойылады. Керісінше жағдайда жүргізушілікке үміткерге «ТАПСЫРҒАН ЖОҚ» деген баға қойылады.



      24. Егер сұрақтарға жауап беру кезінде жүргізушілікке үміткер қандай да бір әдебиетті, техникалық құралдарды пайдаланса немесе басқа адамдармен сөйлессе, теориялық емтихан тоқтатылады және жүргізушілікке үміткерге «ТАПСЫРҒАН ЖОҚ» деген баға қойылады.



      25. Теориялық емтихан нәтижелері бар емтихан парағына емтихан қабылдаушы қол қояды.



      26. Теориялық емтихан барысында автоматтандырылған кешеннің ақаулығы анықталған жағдайда жүргізушілікке үміткерге қойылған баға жойылады және теориялық емтихан қайта өткізіледі.



      27. Жүргізушілікке үміткерлердің көлік құралдарын басқару дағдыларын тексеру, сондай-ақ жүргізушілікке үміткерлерге осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндігін айқындау мақсатында практикалық емтиханды емтихан қабылдаушы автоматтандырылған автодромда қабылдайды.



      Автоматтандырылған автодромы жоқ ТЕП-те практикалық емтихан екі кезеңмен, қозғалыстан жабық алаңқайда немесе автодромда және нақты КҚ санаты үшін сынақ жаттығуларының негізгі элементтері бойынша шынайы жол қозғалысы жағдайларында өткізіледі. Бұл ретте практикалық емтиханды қабылдау осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес келетін көлік құралында жүзеге асырылады.


      28. Автоматтандырылған автодромның негізгі элементтері болып:



      1) көше-жол желісінің элементтері бар, сынақ жаттығуларымен жабдықталған, қозғалыстан жабық алаң;


      2) диспетчерлік пункт;


      3) өзара тығыз байланысқан арнайы жабдықталған көлік құралдары мен жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары кіретін аппараттық-бағдарламалық кешен;


      4) жүргізушілікке үміткерлердің әрбір сынақ жаттығуын орындау нәтижелері мен жалпы практикалық емтиханды бақылау мен бағалаудың автоматтандырылған жүйесі табылады.


      29. Автоматтандырылған автодромның көше-жол желісінің негізгі элементтері:



      1) автоматтандырылған автодромның практикалық емтиханды өткізуге тікелей қатысатындардан басқа, көлік құралдары мен адамдардың оның аумағы бойынша қозғалуына кедергі келтіретін, периметрі бойынша орнатылған қоршауы болуы тиіс;


      2) автоматтандырылған автодромның өлшемдері онда көлік құралдарының тиісті санаттары үшін сынақ жаттығуларының барлық аймақтарын орналастыру мүмкіндігін қаматамасыз етуі тиіс. Бұл ретте практикалық емтихан өткізу үшін пайдаланылатын көлік құралдарының габариттік параметрлері мен бұрылу радиустары, старт алдындағы және мәреден кейінгі аймақтардың, сынақ жаттығуларын орындау аймақтары мен олардың арасынан қозғалу учаскелерінің, сондай-ақ диспетчерлік пунктті орналастыру үшін технологиялық аймақтардың, автоматтандырылған жүйе элементтерінің, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары мен сыртқы жарықтандыру қондырғыларының өлшемдері ескерілуі тиіс;


      3) сынақ жаттығулары аймақтарының, автоматтандырылған жүйе элементтерінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының автоматтандырылған автодромда орналасуы көлік құралдарының тиісті санаты үшін сынақ жаттығуларының барлық кешенін жүйелі және үздіксіз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;


      4) көлік құралдарының тиісті санаты үшін көзделген сынақ жаттығуларының жүйелілігі автоматтандырылған автодромның жол жүрісін ұйымдастыру сызбасымен айқындалады;


      5) көлік құралдарының қозғалысына арналған автоматтандырылған автодром учаскелерінің тегіс, біртекті асфальт-бетон жабыны болуы тиіс. Көрсетілген жабынның көлік құралдарының рұқсат етілген жылдамдықпен қозғалуын қиындататын түскен жерлері, шұңқырлары, өзге де бұзылған жерлері болмауы тиіс. Көлік құралдары жүретін аймақта автоматтандырылған автодромның жайластырылуына қатысы жоқ, бөгде заттардың болуына жол берілмейді;


      6) дөңгелектің жол жабынымен ілініс коэффициенті (оның ішінде еңіс учаске) Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес 0,4 төмен болмауы тиіс;


      7) автоматтандырылған автодромның жүріс бөлігінде оның үстіңгі бөлігінен су бұрғыш көзделуі тиіс. Жүріс бөлігі ұзына бойы 100 % барынша еңкіш болуы тиіс;


      8) емтиханды тәуліктің қараңғы уақытында өткізген жағдайда, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес автодромның жүріс бөлігін көлденеңінен жарықтандыру 20 лк аз болмауы тиіс. Барынша жарықтандырудың орташаға қатынасы 3:1 аспау керек. Сыртқы жарықтандыру қондырғыларының көзді шағылыстыру көрсеткіші 150 аспауы тиіс;


      9) автоматтандырылған автодромда пайдаланылатын жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес болу керек. Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін І және ІІ үлгі-өлшемдегі жол белгілерін, T.1 үлгісіндегі бағдаршамдарды пайдалану ұсынылады. Жол белгілері мен таңбаларынан бастап объектіге дейінгі мөлшерленген ара қашықтықты азайтуға рұқсат етіледі;


      10) автоматтандырылған жүйемен бақыланатын аймақтар мен сынақ жаттығуларының элементтерін белгілеу үшін арнайы таңбалау қолданылады, оған қойылатын талаптар осы Қағидалардың 37-39-тармақтарында баяндалған;


      11) автоматтандырылған автодромда қосымша тиісті датчиктер, көше-жол желісінің автоматтандырылған автодром жүйесінің элементі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрмен жарақтау және байланыс желілері болуы тиіс;


      12) датчиктер стационарлық жолмен орнатылуы тиіс, оларға механикалық немесе ауа-райы факторлары ықпал еткен кезде орналасқан орны мен техникалық мақсатын өзгертпеуі, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі болмауы тиіс.


      30. Автоматтандырылған автодромда практикалық емтихандар қабылдау үшін осы Қағидалардың 42-45-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдау/беру жүйелерімен, датчиктермен, авариялық тежеудің жарық және/немесе дыбыс сигналдарымен, автоматтандырылған автодром жүйесінің элементі ретінде көлік құралдарының жұмыс істеуін, жүргізушілікке үміткерге әрбір сынақ жаттығуын әрі жалпы емтиханды орындау нәтижелері мен уақытын автоматты режимде бағалау туралы хабарлауды қамтамасыз ететін дисплеймен жабдықталған көлік құралдары пайдаланылады. Көлік құралының салоны 360 градусты шолып, одан әрі мұрағаттау мүмкіндігімен бейнеақпаратты диспетчерлік пункттің жұмыс орнына беріп, практикалық емтихан қабылдау процесін үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.



      31. Диспетчерлік пункттің орналасуы автодромдағы жалпы жағдайды визуалдық қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.



      32. Диспетчерлік пунктте жүргізушілікке үміткердің іс-әрекеттерін көрсететін компьютерлермен, мониторлармен, емтихан нәтижелерін басып шығаратын принтермен, ақпаратты үздіксіз алу/беру және өңдеу жабдығымен, дауыс ұлғайтқыш байланыспен жарақталған, пункттің автоматтандырылған автодром жүйесінің элементі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жұмыс орындары орналастырылады.



      33. Диспетчерлік пункт жабдықтарын электрмен қоректендірудің қорғау және тұрақтандыру жүйесі болуы тиіс.



      34. Автоматтандырылған жүйе:



      1) практикалық емтихан қабылдау процесінің үздіксіздігін;


      2) нақты уақыт режимінде алаңда бірнеше көлік құралының біруақытта қозғалуын бақылауды;


      3) практикалық емтихан барысында алынған ақпаратты қабылдауды/беруді және өңдеуді;


      4) жүйенің ақаусыздығын бақылауды;


      5) сынақ жаттығуларының (әрқайсысын бөлек және жалпы барлық кешенді) орындалуын бақылауды;


      6) сынақ жаттығуларын (әрқайсысын бөлек және жалпы барлық кешенді) орындау уақытының межесін;


      7) әрбір жүргізушілікке үміткердің практикалық емтихан нәтижелерін айыппұл балдарының жиналған сомасы ретінде қалыптастыруды;


      8) осы Қағидаларға 3-қосымшаның нысаны бойынша практикалық емтихан тапсырудың емтихан парағы мен емтихан нәтижелерінің хаттамасын басып шығаруды;


      9) Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен біріктіруді қамтамасыз етеді.


      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 73 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Сынақ жаттығуларын орындаған кезде:



      1) көлік құралдарының дөңгелектерімен таңбалау сызықтарынан (жаттығудың орындалуын тіркеу сызығынан, жаттығуды орындауды бастау және аяқтау сызықтарынан, «Старт», «Тоқта», «Мәре», тоқта-сызығынан, бақылау сызықтарынан) өтіп кету;


      2) көлік құралын белгіленген жерде тоқтату;


      3) көлік құралының механикалық трансмиссиясы берілісін ауыстырып қосу;


      4) қозғалыс жылдамдығы;


      5) бұрылу сигналдары мен авариялық жарық сигнализациясын қосу/өшіру;


      6) қауіпсіздік белдігін пайдалану дұрыстығы;


      7) орындалу уақыты (әрбір сынақ жаттығуы бөлек және жалпы барлық кешен) бақылануы тиіс.


      36. Автоматтандырылған жүйе емтихан барысында алынған ақпаратты, оның ішінде әрбір сынақ жаттығуын бөлек және жалпы барлық кешенді орындау нәтижелерін түзету мүмкіндігін болдырмайды.



      37. «A», «А1» санатына практикалық емтиханның сынақ жаттығулары аймақтарын жабдықтау кезінде:



      1) оларды кесіп өту автоматтандырылған жүйемен бақыланатын, сынақ жаттығуларының шекараларын айқындайтын таңбалау сызықтары (бұдан әрі – бақылау сызықтары) сары түсті 1.4 жол таңбасымен таңбаланады;


      2) бақылау сызықтарымен таңбаланған жерлерді қоспағанда, жүріс бөлігінің шеттері ақ түсті 1.2 жол таңбасымен таңбаланады;


      3) сынақ жаттығуларын орындау басталатын және аяқталатын сызықтар, сондай-ақ беріліс қорабын ауыстырып қосу аймағы шегінің сызығы ені 0,10 м, штрих ұзындығы 0,15 м, штрихтар арасындағы қашықтық 0,10 м болатын сары үзік сызықпен таңбаланады;


      4) «Старт», «Тоқта» және «Мәре» сызықтары ені 0,4 м, ұзындығы бақылау сызықтарымен не 1.2. жол таңбасымен шектелетін ақ жолақпен таңбаланады;


      5) «Старт» және «Мәре» жазбалары жүріс бөлігіне ара қашықтығы 1,0 м тиісті сызыққа дейін жазылады. Әріптердің биіктігі - 0,6 м.


      38. «B», «В1», «C», «С1» және «D», «D1» санаттарына практикалық емтиханның бірінші кезеңінің сынақ жаттығулары аймақтарын жабдықтау кезінде:



      1) бақылау сызықтары, сондай-ақ жүріс бөлігінің шеті бордюр бойымен сары түсті 1.4 жол таңбасымен, басқа жерлерде жүріс бөлігінің шеті ақ түсті 1.2 жол таңбасымен таңбаланады;


      2) қозғалыс жолағының ені (№ 4 «90 градусқа бұрылу», № 5 «Жылан», № 6 «Бұрылу және тұраққа қою», № 7 «Артқы жүріспен паралель қою» жаттығуларын орындау аймақтарын қоспағанда) 1.2 немесе 1.4 таңбаларының сызықтарымен шектеледі және ұзындығы 3,0 м кем болмауы тиіс. 1.2 немесе 1.4 таңбасының сызықтарынан бордюрдың ішкі шетіне дейінгі ара қашықтық 0,2 м кем болмауы тиіс;


      3) сынақ жаттығуларын орындау басталатын және аяқталатын сызықтар ені 0,10 м, штрих ұзындығы 0,15 м, штрихтар арасындағы қашықтық 0,10 м болатын сары үзік сызықпен таңбаланады;


      4) «Старт», «Тоқта» және «Мәре» сызықтары ені 0,4 м, ұзындығы бақылау сызықтарымен не 1.2. жол таңбасымен шектелетін ақ жолақпен таңбаланады;


      5) «Старт» және «Мәре» жазбалары жүріс бөлігіне ара қашықтығы 1,0 м тиісті сызыққа дейін жазылады. Әріптердің биіктігі - 1,0 м;


      6) № 1 «Старт» жаттығуы аймағында старт сызығынан кейін 2,0 - 10,0 м қашықтықта 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» (20 км/сағ) жол белгісі орнатылады;


      7) № 2 «Аялдау және өрге қарай орнынан қозғалу» жаттығуы аймағында:


      автодромның еңкіш учаскесінің 8,0 - 16,0 % шегінде қоса алғанда ұзына бойы еңісі болуы тиіс. Қалыптасқан жол эстакадасын пайдалануға жол берілмейді;


      жүріс бөлігінің әр жағынан «Аялдау және өрге қарай орнынан қозғалу» жаттығуының аймағы Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес биіктігі 0,5 м және қалыңдығы 0,4 м кем емес қорғаныс қабырғасымен қоршалады;


      биіктеу басталған жерден 1,0 м қашықтықта ені 0,3 м жаттығулардың орындалуын тіркеу сызығы сызылып жазылады. Өрден түсу аяқталған жерге дейін 1,0 м қашықтықта ені 0,4 м «Тоқта» сызығы сызылып жазылады. Биіктеу басталғанға дейін 3,0 м қашықтықта 1.14 «Тік өрлеу» жол белгісі орнатылады, ал ылдилау басталған жерге дейін 3,0 м қашықтықта 1.13 «Тік еңіс» жол белгісі орнатылады.


      8) № 3 «Жаяу жүргіншілер өтпесінен өту» жаттығуының аймағында 1.14.1 (1.14.2) жол таңбасынан 1,0 м ем емес қашықтықта «Тоқта» сызығы сызылып жазылады. Жаяу жүргінші өтпесінің шегінен 1,0 м аспайтын қашықтықта 5.16.1 және 5.16.2 «Жаяу жүргінші өтпесі» жол белгілері орнатылады;


      9) № 4 «90 градусқа бұрылу» жаттығуының аймағында жаттығуды орындау басталатын сызыққа дейін 1.11.1 (1.11.2) «Қауіпті бұрылыс» жол белгісі, жаттығуды орындау аяқталатын сызықтан кейін жол жүрісін ұйымдастыру сызбасына сәйкес тиісті алдын ала жазылатын белгі (4.1.1 - 4.1.6) орнатылады;


      10) № 5 «Жылан» жаттығуының аймағында жаттығуды орындау басталатын сызыққа дейін 1.12.1 (1.12.2) «Қауіпті бұрылыстар», жаттығуды орындау аяқталатын сызықтан кейін жол жүрісін ұйымдастыру сызбасына байланысты тиісті басымдылық және (немесе) алдын ала жазылатын жол белгілері орнатылады;


      11) № 6 «Бұрылу және тұраққа қою» жаттығуының аймағында тікелей жаттығуды орындау басталатын және аяқталатын сызықтың жанынан жол жүрісін ұйымдастыру сызбасына байланысты тиісті басымдылық және (немесе) алдын ала жазылатын жол белгілері орнатылады;


      12) № 7 «Артқы жүріспен тұраққа параллель қою» жаттығуының аймағында тікелей жаттығуды орындау аймағының алдында 5.15 «Тұрақ орны» жол белгісі орнатылады. Жаттығуды орындау аймағынан шығатын жерде жол жүрісін ұйымдастыру сызбасына байланысты тиісті басымдылық және (немесе) алдын ала жазылатын жол белгілері орнатылады.


      13) № 8 «Реттелетін қиылыстан өту» жаттығуының аймағында:


      қиылыста бұрылу радиусы «B», «В1» санаттары үшін 4,0 м артық, «С», «С1», «D», «D1» санаттары үшін 6,0 м артық;


      бағдаршамдар қиылыстың төрт жағынан орнатылады;


      бағдаршамдар сигналдарының жанып-өшуін мынадай негізгі параметрлері бар жол контроллерлері қамтамасыз етеді:


      1) негізгі тактілер ұзақтығының өзгеру интервалы - 1-ден 60 дейін;


      2) аралық тактілер ұзақтығының өзгеру интервалы - 3-тен 16 дейін;


      3) көлік құралының кез келген бағыты бойынша бағдаршамдардың жасыл сигналы ұзақтығының өзгеру интервалы - 3-тен 16 дейін;


      4) көлік құралының кез келген бағыты бойынша бағдаршамдардың қызыл сигналының ең көп уақыты ұзақтығының өзгеру интервалы (арнайы талаптар болмаған жағдайда) - 1-ден бастап;


      5) уақыт аралығын есептеудегі олқылық, % - 2;


      6) реттелетін қозғалыс фазаларының саны - 3-тен кем емес;


      қиылыстың төрт жағынан 1.14.1 (1.14.2) жол таңбасы жазылады. Жаяу жүргінші өтпесінен 1,0 м кем емес қашықтықта ені 0,4 м 1.12 жол таңбасы жазылады. 1.12 жол таңбасына дейін 1,0 м кем емес қашықтықта жол жүрісін ұйымдастыру сызбасына сәйкес тиісті алдын ала жазылатын белгі орнатылады.


      14) № 9 «Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту» жаттығуының аймағында теміржол өтпесіне дейін 2,0 м кем емес қашықтықта ені 0,4 м 1.12 жол таңбасы жазылады. Теміржол өтпесінің алдында 1.2, 1.3.1, 2.5 жол белгілері орнатылады. Теміржол өтпесінің жекелеген элементтерін имитациялауға жол берілмейді.


      15) № 10 «Екпін алу жолағы» жаттығуы аймағында жүріс бөлігінің тура учаскесінде 4.7 «Ең төменгі жылдамдықты шектеу» (20 км/сағ) және 3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» (20 км/сағ) екпін алуға және бәсеңдетуге арналған, ұзындығы 40 м жол кесіндісі белгіленеді.


      16) № 11 «Авариялық аялдау» жаттығуын орындау аймағы басқа жаттығуларды орындау аймақтарынан тыс қамтамасыз етіледі.


      17) № 12 «Мәре» жаттығуы аймағында мәре сызығына дейін 5,0 - 10,0 м қашықтықта 5.15 «Тұрақ орны» жол белгісі орнатылады, мәре сызығынан кейін көлік құралының аялдауы үшін тиісті орын жабдықталуы тиіс.


      39. «BE», «CE», «С1Е» «DE», «D1E» санаттарына практикалық емтиханның бірінші кезеңінің сынақ жаттығулары аймақтарын жабдықтау кезінде:



      1) бақылау сызықтары 1.4 жол таңбасымен белгіленеді;


      2) сынақ жаттығуларын орындау басталатын және аяқталатын сызықтар 0,10 м аралық адыммен ені 0,10 м және ұзындығы 0,15 м сары үзік сызықпен белгіленеді;


      3) «Старт» және «Мәре» сызықтары ені 0,4 м ақ жолақпен белгіленеді, олардың ұзындығы бақылау сызықтарымен шектеледі;


      4) старт сызығынан кейін 1,0 м қашықтықта «Старт» жазбасы жазылады;


      5) мәре сызығына дейін 1,0 м қашықтықта «Мәре» сызығы жазылады.


      40. Практикалық емтихан басқару құқығына жүргізуші куәлігі берілетін санаттағы көлік құралында:



      1) «A», «А1» - екі дөңгелекті мотоциклдерде;


      2) «В1» - трициклдерде не квадроциклдерде;


      3) «B» - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті автомобильдерде;


      4) «C», «С1» - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерінде;


      5) «D1» - сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустарда;


      6) «D» - сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустарда;


      7) «BE» - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг, ал көлік құралдары құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын тіркемесі бар автомобильдерде;


      8) «CE», «С1Е» - рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын, араларындағы қашықтық 1 м асатын кемінде екі білікті тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк автомобильдерінде;


      9) «DE», «D1E» - бөліктері біріктірілген автобустарда немесе сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг автобустарда қабылданады.


      41. Медициналық көрсетпелері бойынша шектеулермен тиісті санаттағы көлік құралдарын басқаруға жіберілген, мүмкіндіктері шектеулі адамдардан емтихан қабылдау конструкциясы қолда бар медициналық ұйғарымдарға жауап беретін көлік құралдарында жүзеге асырылады.



      42. Практикалық емтихан қабылдау үшін осы Қағидалардың 43-тармағында баяндалғаннан басқа, мынадай сипаттамалары бар көлік құралдары пайдаланылады:



      1) «B» санаты үшін - ұзындығы кем дегенде 3,8 м, ені кем дегенде 1,6 м (бұдан әрі - база), дөңгелектер білігінің арасындағы қашықтық кем дегенде 2,2 м, минималды бұрылу радиусы кем дегенде 4,2 м;


      2) «C» санаты үшін - ұзындығы кем дегенде 6,0 м, ені кем дегенде 2,0 м, базасы кем дегенде 3,3 м, минималды бұрылу радиусы кем дегенде 5,8 м;


      3) «D» санаты үшін - ұзындығы кем дегенде 7,0 м, ені кем дегенде 2,0 м, базасы кем дегенде 3,5 м, минималды бұрылу радиусы кем дегенде 7,8 м.


      43. Практикалық емтихан қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерiнің (бұдан әрі - ЖҚЕ) талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары пайдаланылады.



      44. Практикалық емтихан қабылдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары ақпарат қабылдау және автодромның диспетчерлік пунктіне беру датчиктерімен және жүйелерімен қосымша жабдықталады.



      45. Қосымша басқару педалін орнатумен байланысты көлік құралының конструкциясын өзгерту «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына сәйкес жүзеге асырылады.



      46. Практикалық емтиханды өткізу кезінде жүргізушілікке үміткердің тиісті көлік құралдарын басқару біліктері мен дағдылары:



      1) басқару органдарын, артқы көрініс айнасын, қауіпсіздік белдігін пайдалануы;


      2) орнынан қозғалуы;


      3) шектелген кеңістікте алғы және артқы жүріспен маневр жасауы;


      4) маневрдың оңтайлы траекториясын жасауы;


      5) арақашықтық пен интервалды, габариттік параметрлерді бағалауы;


      6) берілістерді ауыстырып қосуы (автоматты трансмиссиясы бар көлік құралдарынан басқа);


      7) белгіленген жерде тоқтауы;


      8) аялдауы және өрге қарай орнынан қозғалуы;


      9) жүріс бөлігінің жиегіне паралель тұраққа қоюы;


      10) артқы жүріспен бокске кіруі;


      11) жаяу жүргінші өтпесінен, реттелетін қиылыстан өтуі;


      12) реттелмейтін темір жол өтпесінен өтуі;


      13) авариялық сигнализацияны қолдануы;


      14) мотоциклмен қалыптасқан жол тақтайы үстінен өтуі;


      15) мотоциклді төменгі жылдамдықта басқаруы;


      16) автопойыздың тіке артқы жүріспен қозғалуы;


      17) автопойызды артқы бортпен платформаға қоюы тексеріледі.


      47. Практикалық емтихан сынақ жаттығуларын ретімен орындау арқылы өткізіледі. Тиісті санаттағы көлік құралдары үшін көзделген сынақ жаттығуларын орындау реттілігі автоматтандырылған автодромда жол жүрісін ұйымдастыру сызбасымен айқындалады.



      48. «A» санатына практикалық емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары өткізіледі:



      1) № 1 «Старт»;


      2) № 2 «Габаритті дәліз»;


      3) № 3 «Габаритті жарты шеңбер»;


      4) № 4 «Екпін алу – тежеу»;


      5) № 5 «Жылан»;


      6) № 6 «Қалыптасқан жол»;


      7) № 7 «Төменгі жылдамдықпен басқару»;


      8) № 8 «Габаритті сегіздік»;


      9) № 9 «Мәре».


      49. «A1» санатына практикалық емтихан тапсыру кезінде жүргізушілікке үміткерлер, сондай-ақ медициналық көрсетпелері бойынша трициклдерді, квадрациклдерді не бүйір тіркемесі бар мотоциклдерді басқаруға рұқсат берілген, мүмкіндігі шектеулі адамдар мынадай сынақ жаттығуларын орындайды:



      1) № 1 «Старт»;


      2) № 4 «Екпін алу – тежеу»;


      3) № 5 «Жылан»;


      4) № 8 «Габаритті сегіздік»;


      5) № 9 «Мәре».


      50. «B», «В1», «C», «С1», «D», «D1» санаттарына емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:



      1) № 1 «Старт»;


      2) № 2 «Аялдау және өрге қарай орнынан қозғалу»;


      3) № 3 «Жаяу жүргінші өтпесінен өту»;


      4) № 4 «90 градусқа бұрылу»;


      5) № 5 «Жылан»;


      6) № 6 «Бұрылу және тұраққа қою»;


      7) № 7 «Артқы жүріспен паралель қою»;


      8) № 8 «Реттелетін қиылыстан өту»;


      9) № 9 «Реттелмейтін темір жол өтпесінен өту»;


      10) № 10 «Екпін алу жолағы»;


      11) № 11 «Авариялық аялдау»;


      12) № 12 «Мәре».


      51. «BE», «CE», «С1Е», «DE», «D1E» санаттарына емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:



      1) № 1 «Старт»;


      2) № 2 «Артқы жүріспен платформаға қою»;


      3) № 3 «Платформадан жол учаскесіне шығу»;


      4) № 4 «Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу»;


      5) № 5 «Алдыңғы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу»;


      6) № 6 «Мәре».


      52. Практикалық емтихан басталар алдында емтихан қабылдаушының қатысуымен тиісті тестілеу бағдарламасын іске қосу арқылы автодромның автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігі, сондай-ақ бағдаршам объектісінің, жол белгілерінің, таңбалардың бар-жоғы, ақаусыздығы мен автодром экспликациясына сәйкес орнатылу дұрыстығы тексеріледі.



      Автодромның автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігін бақылау үздіксіз режимде жүзеге асырылады. Ақаулық туындаған кезде диспетчерлік пункттегі монитор экранына тиісті ақпарат шығады. Бұл ретте емтихан ақаулық жойылғанға дейін тоқтатылады, ал сынақ жаттығуларын орындаған жүргізушілікке үміткерлерге қатысты емтихан нәтижелері ақаулық анықталған сәттен бастап жойылады.


      53. Мынадай жағдайларда, егер:



      1) емтихандарды қабылдау үшін пайдаланылатын көлік құралы осы Қағидалардың талаптарына жауап бермесе;


      2) автодромның автоматтандырылған жүйесі бұзылған болса, практикалық емтиханды өткізуге жол берілмейді.


      54. Сынақ жаттығуларын орындауды бастамас бұрын көлік құралы старт алдындағы аймаққа орналастырылады, қозғалтқыш қыздырулы және сөндірулі, ал механикалық берілісті ауыстырып қосу қорабының рычагы бейтарап қалыпта (автоматты трансмиссия үшін трансмиссия режимдерін басқару органы "P" жағдайында) болу керек.



      55. Сынақ жаттығуларын орындар алдында жүргізушілікке үміткерді КҚ отырғызу және сынақ жаттығуларын орындағаннан кейін одан шығару емтихан қабылдаушының басшылығымен жүзеге асырылады.



      56. Жаттығулардың орындалуын бақылау автодромның автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.



      57. Практикалық емтихан кезінде автоматтандырылған автодромның аумағында емтихан қабылдау үшін пайдаланылатыннан басқа көлік құралдарының және тікелей емтихан қабылдаумен айналысатын адамдардан басқа жаяу жүргіншілердің қозғалысына жол берілмейді.



      58. Емтихан қабылдаушы жүргізушілікке үміткердің тұлғасын сәйкестендіреді, жүргізушілікке үміткерді практикалық емтихан өткізу тәртібімен және оның нәтижелерін бағалау жүйесімен таныстырады.



      59. Емтихан қабылдаушының командасы бойынша жүргізушілікке үміткер осы Қағидалардың 67, 68, 69-тармақтарының талаптарына сәйкес сынақ жаттығуларының тиісті кешенін орындайды.



      60. Практикалық емтихан барысында автодромның автоматтандырылған жүйесінің бұзылғандығы анықталған жағдайда қойылған баға жойылады және емтихан қайта өткізіледі.



      61. Әрбір сынақ жаттығуы, сондай-ақ жалпы сынақ жаттығуларының барлық кешені үшін қателер тізбесі айқындалған, олар үшін жүргізушілікке үміткерге осы Қағидалардың 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес бақылау кестелерінде көзделген айыппұл балдары есептеледі.



      62. Егер жүргізушілікке үміткер кешенде көзделген барлық сынақ жаттығуларын белгіленген уақытта орындап, бұл ретте 99 және өте аз айыппұл балдарын алса, емтиханға «Тапсырды» деген баға қойылады.



      63. Егер жүргізушілікке үміткер 99-дан көп айыппұл балдарын алса, емтиханға «Тапсырған жоқ» деген баға қойылады, бұл ретте емтихан тоқтатылады, бұл туралы жүргізушілікке үміткерге хабарланады.



      64. «A», «А1» санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:



      1) № 1 жаттығу «Старт».


      Жаттығуды орындауды бастар алдында жүргізушілікке үміткер мотошлемді киіп, түймелеп алуға, артқы көрініс айнасын ретке келтіруге, мотциклмен старт алдындағы аймақта орын алуға, қозғалтқышты қосуға, фараның жақын шамын қосуға, «Старт» сызығының алдында бастапқы позицияға келіп, қозғалысқа дайындалуға, солға бұрылу сигналын қосып, стартқа дайындығын растауға тиіс.


      «Старт» командасы бойынша жүргізушілікке үміткер 20 секунд ішінде қозғалысты бастауға, қосылған солға бұрылу сигналымен «Старт» сызығын кесіп өтуге және белгіленген қозғалыс жолағымен қозғала отырып, жаттығудың орындалуын аяқтау сызығын кесіп өткенге дейін солға бұрылу сигналын өшіруге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 1-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      2) № 2 жаттығу «Габаритті дәліз».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, қозғалысты «габаритті дәлізде» жүзеге асыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 2-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      3) № 3 жаттығу «Габаритті жарты шеңбер».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер жаттығудың орындалуы басталар сызықты кесіп өткенге дейін алдын ала солға бұрылу сигналын қосғау, дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, «габаритті жарты шеңбер» траекториясы бойынша қозғалысты жүзеге асыруға, жаттығудың орындалуы аяқталатын сызықты кесіп өткенге дейін солға бұрылу сигналын өшіруге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 3-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      4) № 4 жаттығу «Екпін алу – тежеу».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер тиісті сызыққа дейін берілісті біріншіден екіншіге ауыстырып қосып, белгіленген жолақ бойынша қозғалысты жүзеге асыруға, жайлап тежеуге және қозғалтқышты сөндірмей, «Тоқта» сызығының алдында кем дегенде 0,3 метр қашықтықта аялдауға тиіс. Аялдағаннан кейін кем дегенде 3 секундтан соң қозғалысты жалғастырып, «Тоқта» сызығын кесіп өту керек.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 4-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      5) № 5 жаттығу «Жылан».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер оң жақтан бірінші конусты айналып өтіп, дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, берілген траектория бойынша қозғалысты жүзеге асыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 5-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      6) № 6 жаттығу «Қалыпты тақтай жол».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, «қалыпты тақтай жолмен» жүруді жүзеге асырады.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 6-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      7) № 7 жаттығу «Төменгі жылдамдықпен қозғалу».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, кем дегенде 5 секунд уақытта төменгі жылдамдықпен белгіленген жолақпен қозғалуды жүзеге асырады.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 7-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      8) № 8 жаттығу «Габаритті сегіздік».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер оң жақта орналасқан шеңберді айналып өтіп, содан кейін дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай және аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізбей, сол жақта орналасқан шеңберді айналып, берілген траектория бойынша жүріп өтеді.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 8-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      9) № 9 жаттығу «Мәре».


      Мәре сызығын кесіп өтер алдында жүргізушілікке үміткер оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосуға, көлік құралы габариттерінің проекциясы бойынша мәре сызығын кесіп өтуге, мотоциклді тоқтатуға, оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін сөндіругі, бейтарапты берілісті қосуға, шамның жақын жарығын өшіруге, қозғалтқышты өшіруге және асыға басып, мотоциклді (трицикл мен квадрациклден басқа) орталық тірегішке немесе бүйір сүйеуіне қоюға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 9-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      65. Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 10-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.



      66. «В», «В1», «С», «С1», «D», «D1» санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:



      1) № 1 жаттығу «Старт».


      Жаттығуды орындауды бастар алдында жүргізушілікке үміткер артқы көрініс айнасы мен орындықты ретке келтіруге, қауіпсіздік белдігін тағуға, қозғалтқышты қосуға, солға бұрылу сигналын қосып, стартқа дайындығын растауға тиіс.


      «Старт» командасы бойынша жүргізушілікке үміткер 20 секунд ішінде қозғалысты бастауға, қосылған солға бұрылу сигналымен көлденең тегістікке көлік құралы габариттерінің проекциясы бойынша «Старт» сызығын кесіп өтуге және «Старт» сызығынан кейін 10 метрден аспайтын учаскеде солға бұрылу сигналын өшіруге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 1-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      2) № 2 жаттығу «Аялдау және өрге қарай орнынан қозғалу».


      Жүргізушілікке үміткер көлденең тегістікке көлік құралының алдыңғы және артқы габаритінің проекциялары жаттығудың орындалуын тіркеу сызығы мен «Тоқта» сызығы арасында болатындай етіп, көлік құралын өрге шығу учаскесіне тоқтатуға, көлік құралын қозғалмайтын қалыпқа қоюға және көлік құралының артқа кетіп қалуын болдырмай, тоқтағаннан кейін кемінде 3 секундтан соң тура бағытта қозғалысты жалғастыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 2-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      3) № 3 жаттығу «Жаяу жүргінші өтпесінен өту».


      Жүргізушілікке үміткер оны көлік құралының алдыңғы габаритінің проекциясы бойынша кесіп өтпей, «Тоқта» сызығының алдында 1 метрден аспайтын қашықтықта көлік құралын тоқтатуға және тоқтағаннан кейін кемінде 3 секундтан соң қозғалысты жалғастыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 3-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      4) № 4 жаттығу «90 градусқа бұрылу».


      Жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, кем дегенде 2 минут ішінде жол учаскесін солға және оңға бұрылу арқылы жүріп өтуге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 4-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      5) № 5 жаттығу «Жылан».


      Жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, кем дегенде 2 минут ішінде жол учаскесін солға және оңға бұрылу арқылы жүріп өтуге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 5-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      6) № 6 жаттығу «Бұрылу және тұраққа қою».


      Жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, кем дегенде 2 минут ішінде көлік құралының артқы дөңгелектері жаттығудың орындалуын тіркеу сызықтарында тұратындай немесе оны кесіп өтетіндей қойып, көлік құралын тұраққа қою орнына орналастыруға, содан кейін кері бағытта шығып кетуге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 6-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      7) № 7 жаттығу «Артқы жүріспен паралель қою».


      Жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, 2 минуттан аспайтын уақыт ішінде көлік құралының алдыңғы және артқы оң жақ дөңгелектері жаттығудың орындалуын тіркеу сызықтарында тұратындай қойып, көлік құралын тұраққа қою орнына орналастыруға, содан кейін тұраққа қою орнынан шығып кетуге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 7-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      8) № 8 жаттығу «Реттелетін қиылыстан өту».


      Жүргізушілікке үміткер кезекпен, қозғалыс сызбасына сәйкес, бағдаршам сигналдарының талаптарын сақтай отырып, тура, оңға және солға бағытында реттелетін қиылыстан жүріп өтуге тиіс. Бағдаршамның тыйым салатын сигналы қосылған кезде көлік құралын «Тоқта» сызығының алдында 1 метрден аспайтын жерде тоқтату керек. Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылысты белгіленген бағытта жүріп өту керек.


      Солға (оңға) бұрылатын кезде тиісті бұрылу сілтегішін алдын ала қосу қажет.


      Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы қосылған кезде қиылыстан жүріп өту уақыты 20 секундтан аспауға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 8-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      9) № 9 жаттығу «Реттелмейтін қиылыстан өту».


      Жүргізушілікке үміткер көлік құралын теміржол өтпесінде «Тоқта» сызығының алдында 1 метрден аспайтын қашықтықта тоқтатуға және тоқтағаннан кейін 3 секундтан аспайтын уақытта қозғалысты жалғастыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 9-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      10) № 10 жаттығу «Екпін алу жолағы».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер:


      4.7 «Ең төменгi қозғалысты шектеу» (20 км/сағ) жол белгісінен өткеннен кейін ұзындығы 10 метрден аспайтын жол учаскесінде көлік құралының қозғалыс жылдамдығын 20 км/сағ және одан да көп арттыруға, бірінші берілістен екіншіге ауыстырып қосуға және берілген жылдамдықпен (автоматты трансмиссия кезінде - белгіленген жылдамдықты ұстап тұруға) қозғалысты жалғастыруға;


      3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» (20 км/сағ) жол белгісіне дейін 10 метр жетпей, көлік құралының қозғалыс жылдамдығын 20 км/сағ және одан да төмендетіп, екінші берілістен біріншіге ауыстырып қосуға (автоматты трансмиссия кезінде - белгіленген жылдамдықты ұстап тұруға) тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 10-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      11) № 11 жаттығу «Авариялық аялдау».


      Көлік құралының салонында жарық және/немесе дыбыстық сигнал қосылғаннан кейін жүргізушілікке үміткер 2 секунд ішінде көлік құралын тоқтатуға, 3 секунд ішінде авариялық жарық сигнализациясын қосуға тиіс. Арнайы сигнал (қызыл маяк) өшірілгеннен кейін жүргізушілікке үміткер авариялық жарық сигнализациясын сөндіруге және қозғалысты жалғастыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 11-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      12) № 12 жаттығу «Мәре».


      Жаттығуды орындаған кезде «Мәре» сызығынан өтер алдында жүргізушілікке үміткер оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосуға, көлік құралы габариттерінің проекциясы бойынша мәре сызығын кесіп өтуге, көлік құралын белгіленген жерде тоқтатуға, оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін өшіруге, бейтарапты берілісті қосуға (автоматты трансмиссия үшін трансмиссия режимдерін басқару органы "P" қалпында), қозғалтқышты өшіруге, тұрақта тұру тежегішін қосуға, қауіпсіздік белгісін ағытуға, көлік құралынан шығуға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 12-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      67. Сынақ жаттығуларын орындаған кезде жүргізушілікке үміткер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай 13-бақылау кестесінде көзделген қателіктерге жол бермеуге тиіс.



      Авариялық жағдай туындаған кезде емтихан қабылдаушы тиісті көлік құралының қозғалтқышын қашықтан өшіру арқылы емтихан өткізуді тоқтатады.


      68. «BE», «CE», «С1Е», «DE», «D1E» санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:



      1) № 1 жаттығу «Старт».


      Жаттығуды орындауды бастар алдында автопоезд сынақ жаттығуларын орындау аймағында орналасқан «Старт-мәре» сызықтарының бірінде болуы тиіс.


      Жүргізушілікке үміткер артқы көрініс айнасы мен орындықты ретке келтіруге, қауіпсіздік белдігін тағуға, қозғалтқышты қосуға, солға бұрылу сигналын қосып, стартқа дайындығын растауға тиіс, бұл ретте берілісті қосып ауыстырудың мехникалық қорабының рычагы бейтарапты қалыпта (автоматты трансмиссия үшін "P" қалпында) болады.


      «Старт» командасы бойынша жүргізушілікке үміткер 20 секунд ішінде артқы жүріспен қозғалысты бастауға, көлік құралының алдыңғы дөңгелектерімен жаттығудың орындалуын аяқтау сызығынан өткенге дейін солға бұрылу сигналын өшіруге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 1-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      2) № 2 жаттығу «Артқы жүріспен платформаға қою».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер 2 минуттан аспайтын уақытта, дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, көлік құралының артқы дөңгелектері жаттығудың орындалуын тіркеу сызықтарында тұратындай немесе оны кесіп өтетіндей, тиеу платформасы имитаторының «габаритті дәлізіне» артқы жүріспен кіруге тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 2-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      3) № 3 жаттығу «Платформадан жол учаскесіне шығу».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, тиеу платформасы имитаторының «габаритті дәлізінен» оған кіретін жерден қарсы бағытқа шығуға және көлік құралын «Старт-мәре» сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 3-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      4) № 4 жаттығу «Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, артқы жүріспен «габаритті дәлізде» қозғалысты жүзеге асыруға және көлік құралын «Старт-мәре» сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 4-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      5) № 5 жаттығу «Алдыңғы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу».


      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, алдыңғы жүріспен «габаритті дәлізде» қозғалысты жүзеге асыруға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 5-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      6) № 6 жаттығу «Мәре».


      «Габаритті дәлізден» шыққаннан кейін жүргізушілікке үміткер жаттығуларды орындау басталатын сызықтан өткенге дейін оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосуға, көлік құралын «Старт-мәре» сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға, оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін сөндіруге, бейтарапты берілісті қосуға (автоматты трансмиссия болған жағдайда трнасимиссияларды басқару органын "P" қалпына қоюға, тұраққа қою тежегішін қосуға, қауіпсіздік белдігін ағытуға, көлік құралынан шығуға тиіс.


      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай 6-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.


      69. Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы шарттары.



      Сынақ жаттығуларын орындаған кезде жүргізушілікке үміткер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 7-бақылау кестесінде көзделген қателіктерге жол бермеуге тиіс.


      70. Практикалық емтихан мынадай сызба бойынша бағаланады: оң баға - «Тапсырды», нашар баға - «Тапсырған жоқ».



      71. Жүргізушілікке үміткер практикалық емтихан барысында алған баға емтихан қабылдау хаттамасы мен емтихан парағына енгізіледі.



      72. Практикалық емтихан аяқталғаннан кейін қорытынды бағасы бар емтихан парағына жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкері қол қояды.



      73. Практикалық емтиханның бірінші кезеңін қабылдау үшін пайдаланылатын емтихан парағы парақты автоматтандырылған режимде (принтерде) толтыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.



      74. Емтихандар тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда, жүргізушіге үміткер одан әрі емтихандар тапсыруға соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін жіберіледі.



      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 12.04.2016 № 383 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      75. Теориялық және практикалық емтихандардың нәтижелері теориялық және практикалық емтихандарды тапсырудың емтихан парақтарымен, сондай-ақ емтихан нәтижелерінің хаттамасымен ресімделеді, оған теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауға қатысушы емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет