Э лектржетекқозғаласының теңдеуі. Механикалық жүйенің қозғалтқыштың айналатын бөлігінен (ротор немесе статор РД) және механизмнің айналып қозғалатын жұмысшы бөлігін, қозғалтқыштың білігіне жалғастырылған жай түрін қарастырайық. Жүйеде екі момент іс-әрекет жасайды – қозғалтқыш дамытқан МД және оған механизмнің жұмысшы бөлігімен жасалған және үйкеліс моменті арқылы жасалған статикалық жүктеме моменті МС. Бұл моменттер іс-әрекет бағыты мен өлшеміне байланысты сипатталады. Егер МД және МС қозғалыс бағытымен іс-әрекет жасаса, оларды қозғалатын, егер де олардың белгілері жылдамдық белгісіне қарама-қарсы болса, моменттерді тежелгіш деп атайды. Деламбер принципіне сәйкес МД және МС арасындағы іс-әрекет, жүйе үдеуін анықтайтын динамикалық моменттің белгісін және өлшемін анықтайды. Сонымен, жүйе қозғалысының теңдеуі жалпы жағдайда мына түрде болады
. (1.1)
ЭЖ жұмысының қозғалтқыштық режімі үшін (1) теңдеуге жай талдау келтіреміз, онда
. (1.2)
МД >МС dω/dt > 0 болғанда жетектің үдеу режімі орын алады, МД < МС dω/dt < 0 болғанда жетектің баяулау режімі орын алады, ал МД = МС болғанда динамикалық момент пен үдеу нөлге тең болады. Алғашқы екі режімдер өтпелі, ал соңғысын орнықты (стационар) деп атайды.