б) Электрдинамикалық тежелу 3.6 суретте электродинамикалық тежелудің ТҚ ТТҚ сұлбасы көрсетілген. Қозғалтқыш зәкірі тордан өшірілген және қосымша тежелу кедергісіне RТ тұйықталған, қозу орамы қорек көзіне қосылған. Сонымен қатар, зәкір тогы белгісін керісінше өзгертеді.
.
Зәкір тогы қозу ағынымен байланысып, қозғалтқыш зәкірінің айналу жылдамдығына қарсы бағытталған момент тудырады. Электрмеханикалық және механикалық сипаттамалар теңдеуі мына түрде:
;
.
Механикалық сипаттама динамикалық тежелу режімінде координат басы арқылы өтеді (3.7 суретті қара). Жылдамдық төменде -ген сайын тежелу моменті азаяды және төмендеген жылдамдық кезінде, оның өлшемін көтеру қажетті жағдайда да қозғалтқыштың зәкірлі шынжырының кедергісін сатылап азайта отыра, оның жылдамдығының азаюымен екі немесе үш сатылы тежелуге келеді.