«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Р Е Ф Е Р А Т
Тақырыбы: Иондаушы сәулелер әсерінен болатын ұлпалардағы физикалық-химиялық үрдістер
Орындаған:Мыңбол Ақжарқын
Тобы:ВМ-409
Қабылдаған: Казтаева Б
Алматы 2021
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Иондаушы сәулелердің әсер етуі
2.2 Жануарлар ағзасына иондаушы сәулелердің әсері
2.3 Иондаушы сәулелер әсерінен болатын ұлпалардағы физикалық-химиялық үрдістер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Радиобиология қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздерді, иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлерін, ағзаға түсетін радиоактивті заттардың уыттылығын, радионуклидтердің организмге түсу жолдары мен таралуын, адам және жануарлар организмі мен биосфераға тигізетін зиянды мутагендік әрекеттерін, қауіпті сәулелік аурулар мен оларды емдеу жолдарын және ауылшаруашылығына тигізетін әсерлерін қарастырып зерттейді. Иондаушы сәулелердің адам, жануарлар ағзасынаәсерін сан және сапа жағынан анықтау, радиациялық қауіпсіздікті тағайындау дозиметрия, радиометрияның дамуына себеп болды.Дозиметрии-ядролық физиканың қолданбалы, иондаушы сәулелердің әсерін сипаттайтын, оларды сандық және сапа жағынан өлшейтін әдістерімен таныстыратын, оқытатын бөлім.
Радиометрия-ядролық физиканың қолданбалы бөлімі, радиоактивтілікті, радиоизотоптарды даралап зерттеу жүргізеді. Бірақ дозиметрия мен радиометрияның арасында алшақтык, жоқ, бірін-бірі толықтырып отырады.
Рентген және радиациялық сәулелердің биологиялық әсері - биологиялық ортаның молекулалары мен атомдарын зеді. Бірақ дозиметрия мен радиометрияның арасында алшақтык, жоқ, бірін-бірі толықтырып отырады. Рентген және радиациялық сәулелердің биологиялық әсері - биологиялық ортаның молекулалары мен атомдарын иондайды. Осы иондауға - сәулелердің энергиясы жұмсалады. Ал, бұл энергияның бір шамасы жұтылса, қалған мөлшері биологиялық жүйеден өтіп кетіп, әсері көрнекті болмайды.Иондаушы сәулелердің әсері, биологиялық жүйе энергияны жұтқан кезде белгілі болады. Сондықтан иондаушы сәулелерді сипаттайтын шамалар жұтылған энергияның мөлшеріне байланысты. Ал, осы бір өлшем масса немесе бір өлшем көлемдегі жұтылған энергияны доза деп атайды, ал доза белгілі тереңдіктегі, түскен жердегі, жалпы жұтылған доза болып бөлінеді. Жұтылған энергия түскен ортаны иондауға кетеді, осыған байланысты дозаны өлшеу үшін пайда болған иондар санын табу керек, бірақ ол сәуле ішке түскенде өте қиын. Сондықтан рентген және γ - сәулесінің әсерін сан түрінде сипаттау үшін экспозициялық доза(Д0) қолданылады. Экспозициялық дозадан белгілі коэффициенттерді қолданып жұтылған дозаға көшуге болады.
Иондаушы сәулелердің тірі нысандарға биологиялық әсерін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі – сәуленің биохимиялық үрдістерге, ағзалармен ұлпалардың функциясына, құрылымына бірінші реттік (тікелей) әсері;
Екіншісі – сәуленің жанама әсері, ол радиацияның әсерінен организмде пайда болатын нейрогенді және гуморальді өзгерістерге байланысты.
Иондаушы сәулелердің биосустратқа бірінші реттік әсер етуінің механизімін түсіндіру үшін 10 – нан астсам гипотезалар мен теориялар ұсынылған.
Г. Шварц теориясы
Бергонье және Трибондо теориясы
Дессауэр теориясы
Қазіргі кезде мойындалған теориялар болып есептелінетіндері:
Тиісті молекулаларға сәуленің тікелей әсер ету теориясы.
Жанама әсер ету теориясы.
Радиацияның тікелей әсері деп молекулалар-дың сәулелер энергиясын сіңіруі нәтижесін-де болатын өзгерістерді, ал радиацияның зақымдау әсері молекулалар мен атомдардың иондалу және қозу актілеріне байланысты болады.
Радиацияның жанама әсері деп, молекулаларда сіңірілген сәулелердің энер-гия мөлшерімен емес, олардағы судың және ондағы еріген заттардың радиолизінің әсері-нен ұлпалар мен жасушалардың молекула-ларында болатын өзгерістерді айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |