ҚМУ КеАҚ Ф 4/3-01/1
Қосымша 5
«Морфология және физиология» - силлабусына
«Жеке физиология» блогы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс
Тақырып: «Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің, ұйқы безі гормондарының қызметі»
Пән: MiF 3203 «Морфология және физиология»
Блок: «Жеке физиология»
Білім беру бағдарламасы: 5В130100 «Жалпы медицина»
3 курс
Құрастырған: ассистент-проф. Адилбекова А.А.
Аударған: оқытушы Сарсембаева Ш.Ш..
Уақыты (ұзақтығы) 2 сағ
Қарағанды 2019
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№1 Хаттама 02.09.2019 ж.
Морфология және физиология
кафедрасының меңгерушісі Н.Н. Наурызов
Тақырып: «Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің, ұйқы безі гормондарының қызметі»
Мақсаты: Сабақ соңында студенттер қалқанша, қалқанша маңы, ұйқы бездері гормондарының, жалпы сипаттамасын, негізгі физиологиялық қасиеттерін меңгеру, эндокринді жүйенің қызметтерін жасқа сай ерекшеліктері бойынша сұрақтарға жауап бере алу тиіс.
Оқыту міндеттері:
теориялық білімдерін жұмысты орындау және қорытындыларды толтыру барысында практикада қолдану
жұмыстарды орындау барысында үнемі өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Қалқанша безі гормондарының жалпы сипаттамасы. Құрамында йод бар гормондардың Т-3, Т-4, метаболизмдік нәтижелері.
2. Қалқанша безі гормондары, олардың кальций және фосфор гомеостазын реттеудегі ролі.
3. Қалқанша маңы безінің гормондары, олардың кальций және фосфор гомеостазын реттеудегі ролі.
4. Ұйқы безінің эндокринді қызметтері және оның реттелуі.
5. Инсулиннің көмірсу, май және ақуыздардың алмасуына әсері. Глюкагонның көмірсулар алмасуына әсері.
Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, ауызша сұрау, тесттілеу, жағдайлық есептердің шығару, дискуссия, сызбаларды, графиктерді құру.
Орындалатын жұмыстар тізімі
1 Жұмыс. Тақырып бойынша жағдайлық есептерді шешу.
1 тапсырма.
Гипогликемия ағза үшін гипергликемияға қарағанда қауіпті. Бұған қандай жанама растау беруге болады?
2-тапсырма
25 жыл бойы ентігу, темперамент, ашуланшақтық, ұйқының нашарлығы, салмақ жоғалту, қолдардың дірілдеуіне шағымданады (қолжазба өзгерді). Тәбет жоғарылайды, бірақ бір уақытта дене салмағының жоғалуы байқалады. Азоттың теріс балансы байқалады, дене қызуы көтеріледі, терісі ылғалды, қалқанша безі үлкейген. Пульсі 118 соғу / мин.
Бұл қандай эндокринді бездің қызметінің бұзылуы мен байланысты?
Сіздің тұжырымыңыз?
Негізгі
Досмағамбетова Р.С., Жәутікова С. Б., Нұрсұлтанова С.Д.; Эндокриндік жүйесі модулі : оқулық = Модуль Эндокринная система : интегрированный учебник / ҚММУ; - М.: Литтерра, 2014. - 328 б.: ил. - (Интеграцияланған оқулық = Интегрированный учебник)
Судаков К.В., ауд. Миндубаева Ф.А. Қалыпты физиология/ - М.: ГЭОТАР – Медиа, 2015. – 848 б.,
Судаков К.В., В.В.Андрианов, Вагин Ю.Е., И.И.Киселев/ Адам физиологиясы:Атлас динамикалық сызбалар/ - М: ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 416 б.
Қосымша:
Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : Оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2 бас., - [б. м.] : Эверо, 2010. - 664 с.
Миндубаева Ф. А. Морфофизиология (Анатомия, Гистология, Физиология) бойынша орыс-қазақ-ағылшын тіліндегі "Медициналық терминологиялық сөздік" = Медицинский терминологический словарь по морфофизиологии (Анатомия, Гистология, Физиология) на русско-казахско-английском языках = Medical terms dictionary of morphophysiological (Anatomy, Histology, Physilogy) in Russian-Kazakh-English languages : сөздік / под ред.: Ф. А. Миндубаевой, Н. Н. Наурызова, Р. Ж. Есимовой ; ҚММУ. - Қарағанды : ҚММУ баспасы, 2015. - 66 б.
Сұрақтар
Қалқанша без гормондарының қызметтерін атаңыздар.
Қалқанша маңы безі гормондарының қызметтерін атаңыздар?
Ұйқы безі гормондарының қызметтерін атаңыздар?
Тест сұрақтары (мысал)
Қалқанша безінің қызметіне әсер ететін гормон
A. тиреотропты
B. соматотропты
C. адренокортикотропты
D. гонадотропты
E. фолликула ынталандырушы
2. Қалқанша маңы безінің гормоны
A. тироксин
B. паратгормон
C. инсулин
D. глюкагон
E. альдостерон
Достарыңызбен бөлісу: |