Қорытынды
Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында түрлі саяси ағымдар, көзқарастар өрістеді. Түркішілдік, исламшылдық, ұлттық—демократиялық, социал—демократиялық қозғалыстар қалыптасып, дамыды. Бұл ағымдардың саяси өзегін интеллигенция өкілдері, соның ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері құрады. Интеллигенция өкілдерінің қоғамдық—саяси қызметінің негізгі түрлері: саяси баспасөзді дамыту, петициялық қозғалыстарды жетілдіру, бүкілқазақ съездерін шақыру, мұсылман съездеріне қатысу, думалық қызметтерге араласу, ең маңыздысы қазақ халқының мүддесін барлық жерде қорғау болды.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. — Алматы: " Атамекен" , 1995. 340 бет.
Өскембаев Қ.С., Мусина А.Н. және т.б. Қазақстан тарихы. — Алматы: " Мектеп" , 2011. 13–14 бб..
Қозыбаев М.. Қазақстан тарихы. — Алматы: " Мектеп" , 1997. III басылым, 240 бет.
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. — Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997. 403 бет.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.4—том. — Алматы: " Атамұра" , 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |