Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі113,16 Kb.
#189746
1   2   3
Байланысты:
ЭА 6лаб Асылбеккызы М

Тәжірибе

1

2

3

4

5

Iср, А

2,8

2,9

2,85

2,75

2,95



      • сұлбаға сәйкес (9.2-сурет) автоматты ажыратқыштың жылу ағытқышын зерттеу үшін модульдерді электрлік байланыстыруды орындаңыз. Ток күшін «Өлшеу модулі» модулінің

  • РА3 амперметрімен бақылаңыз. Rн1, Rн2 – «Секундомер және жарық сигналды арматура» модулі жүктемесінің кедергісі;

  • реттеу тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тірелгенге дейін бұрау арқылы автотрансформатордың минималды шығыс кернеуін орнатыңыз. Автоматты ажыратқышті және «Қорек модулі» модулінің «Желі» дифференциалды ток ажыратқышін қосыңыз;






    1. сурет - Автоматты ажыратқыштың жылу ағытқышын зерттеуге арналған электрлік принципиалды сұлба



      • 1 және 2-нүктелерді байланыстыратын өткізгіш көмегімен жалғаңыз. TV1 автотрансформаторының көмегімен 1,4 А тізбегіндегі токты орнатыңыз. 1 және 2-нүктелердің байланысын алып тастаңыз.

      • автоматты QF1 қосыңыз және сонымен бір уақытта «Іске қосу/Токтату» батырмасын басу арқылы секундомермен уақытты есептеуді іске қосыңыз. Автоматты ажыратқыштың QF1 жылу ағытқышы іске қосылғаннан кейін «Іске қосу/Токтату» батырмасын басу арқылы секундомерді токтатыңыз, секундомер көрсеткіштерін t және автоматты ажыратқыш арқылы өтетін алдын ала бекітілген токты Iорт 9.2-кестеге енгізіңіз;

      • автомат QF1 салқындағанға дейін күтіңіз (5 мин.) және токтың 0,8 А... 1,6 А диапазонынан алынған түрлі мәндері Iорт кезінде 9 және 10-тармақтар арасындағы жұмыстарды қайталаңыз.

9.2-кесте



Тәжірибе №

1

2

3

4

5

Iср, А

1,4

1,4

1,4

1,4

1,4

t,сек

18

15

13

14

12



  1. Оқытушы жоба жазбаларды рәсімдеген және нәтижелерді тексерген соң сұлбаны талдау, жиынтықты толық құрамда және дұрыс күйінде оқытушыға немесе зертханашыға ұсыну қажет.

  2. Қорытынды жасалады.

Теориялық бөлім.
Автоматты ажыратқыштар (автоматтар) шектен тыс жүктеу, қысқаша тұйықталу (ҚТ), қорек кернеуінің шектен тыс төмендеуі,қуат бағыты өзгерген және т.б. кезде электр тізбегін автоматты түрде ажырату үшін, сонымен қатар жүктеменің номиналды токтарын қолмен сирек қосу және ажырату үшін қолданылады.
Автоматтарға келесі талаптар қойылады:

      • автоматтың ток өткізгіш тізбегі кез келген ұзақ уақыт ішінде номиналды токты өткізуі тиіс;

      • автомат ҚТ шекті токтарын бірнеше рет ажыратуді қамтамасыз етуі тиіс, осы токтарды сөндіргеннен кейін автомат номиналды токты ұзақ уақыт бойы өткізу үшін жарамды болуы тиіс;

      • энергиялық қондырғылардың электродинамикалық және термиялық төзімділігін қамтамасыз ету, ҚТ токтарынан туындайтын бұзылулар мен басқа да салдарды азайту үшін автоматтардың ажырату уақыты аз болуы тиіс;

      • автоматты қорғау элементтері қажетті токты, іске қосу уақыты мен іріктелуді қамтамасыз етуі тиіс.

Әсер ететін мәннің түрлеріне байланысты автоматтар ток бойынша максималды автоматтарға, ток бойынша минималды автоматтарға, кернеу бойынша минималды автоматтарға, кері ток автоматтарына, ток туындысы бойынша жұмыс жасайтын максималды автоматтарға, поляризацияланған максималды автоматтарға (бір-тік бағыттағы ток жоғарылаған кезде тізбекті сөндіреді) және кез келген бағыттағы токтың жоғарылауына әрекет ететін поляризацияланбаған автоматтарға бөлінеді. Кейбір жағдайларда аралас қорғаныс талап етіледі - ток бойынша максималды және кернеу бойынша минималды. Осы талаптарды қанағаттандыратын автоматтар әмбебап деп аталады.
Жалпы өнеркәсіптік және тұрмыстық қолданыстағы автоматтар әдетте тек зауытта реттелген максималды-токты қорғанысқа ие болады. Қолданыста автомат сипаттамалары өзгертіле алмайды. Қызметкерлердің кернеумен жұмыс жасап тұрған бөлшектермен жанасу мүмкіндігін азайту үшін бұл автоматтар пластмасса қаптамамен жабылған және доғаға мүлдем лақтырылмайды. Мұндай автоматтар орнатылатындар деп аталады. Кез келген автоматта келесі негізгі түйіндер бар: ток өткізетін тізбек, доға ажыратқыш жүйе, автомат жетегі, еркін ағыту жүйесі және қорғау элементтері - ағытқыштар. Автоматтардың негізгі параметрлері: ажыратудің жеке және толық уақыты, номиналды ұзаққа созылатын ток, номиналды кернеу, ажыратудің шекті тогы. Автоматты ажыратудің жеке уақытынан ток іске қосу тогының мәніне жеткен сәттен оның контакттарының таралуы басталғанға дейінгі уақытты түсінеміз. Контакттар таралғаннан кейін туындайтын электрлік доға қалған жабдықтарға қауіп төндіретін шектен тыс кернеу кезіндегі ең аз уақытпен өтелуі тиіс.
Осы зертханалық жұмыста ВА47-29 сериясының автоматы қолданылады. Осы автоматтың электромагнитті (ҚТ токтарынан қорғауға арналған), сондай- ақ жылулық (шектен тыс жүктеуден қорғауға арналған) ағытқыштары бар, сондай-ақ автомат электрлік тізбек учаскелерін шұғыл басқаруды жүзеге асыруға арналған. Электромагнитті ағытқыш ажырату тогына 10Iн (шамамен 5 А) бапталған. Автоматтарды ажырату қорғау элементтерін - ағытқыштарды еркін ағыту механизмі әсер еткен кезде орын алады. Максималды ағытқыштар ең көп таралған. Жабдықты шектен тыс жүктеуден қорғау үшін ағытқыштың уақыт-ток сипаттамасы қорғалатын нысанның сипаттамасына мүмкіндігінше жақын болуы қажет. Максималды ағытқыштарда электромагнитті жүйелер және биметалл пластиналары бар жылу жүйелері кеңінен қолданылады. Электромагнитті ағытқыш жоғары термиялық және электродинамикалық төзімділікке және механикалық әсерлерге төзімділікке ие. Еркін ағыту механизміне әсер еткен сәтке дейін ағытқыш якоры әдетте айтарлықтай еркін жүрісті игереді (5 - 10 мм). Ағыту соққы есебінен жүреді, мұнда якордың қозғалысы кезіне жиналған кинетикалық энергия негізгі рөлді атқарады. Ағытқыш электромагнитінің орамы ретімен жүктемемен қосылған. Іске қосу тогын реттеу ағытқыштың қарсы әрекет серіппесінің тартылуы немесе орама орамдарының санын өзгерту есебінен жүргізіле алады.
Электромагнит пен еркін ағыту механизмі арасындағы уақытты кідірту үшін кідірту құрылғылары қойылады. Іріктеп жұмыс жасайтын автоматтар іске қосу уақыты бойынша қатаң сәйкестендірілуі тиіс, оған сағат механизмдерін қолдану арқылы қол жеткізіледі. Мұндай құрылғылардың уақытын кідірту токқа байланысты емес, сондықтан олар шектен тыс жүктеуден қорғауға бейімделмеген.
Жүктеме тогына тәуелді уақыт кідірістері ағатын сұйықтықтың немесе газдың тұтқырлығы есебінен демпфирлеуді жүзеге асыратын түрлі бәсеңдету құрылғыларымен жасалады. Токқа тәуелді уақыт кідірісі конструкциясы бойынша жылу релелеріне ұқсас жылу ағытқыштарының көмегімен алынады. Мұнда биметалл элемент сызықтық кеңею коэффициенті а әр түрлі екі пластинадан тұрады. Бір біріне жабысып тұратын жерде пластиналар ыстық күйінде илеу не болмаса дәнекерлеу есебінен қатты жалғанған. Егер мұндай элементті қозғалмайтындай етіп бекітіп, қыздырса, ол а аз материалға қарай майысады. Жылу ағытқыштарындағы кеңінен таралуға инвар (а аз мәні) және хромникельді болат (а көп мәні) ие болды.
Биметалл элементті қыздыру пластинадағы немесе арнайы қыздырғыштағы жүктеме тогы шығаратын жылу есебінен жүруі мүмкін. Ең жақсы сипаттамалар пластина ол арқылы өтетін ток есебінен және дәл сол жүктеме тогы ағатын арнайы қыздырғыш шығаратын жылу есебінен қызатын аралас қыздыру кезінде алынады. Қорғау тиімділігін бағалау үшін қорғалатын нысанның және биметалл элементтің уақыт-ағынды сипаттамалары жасалады. Қорғалатын деп аталатын осы сипаттамаларды жасау үшін паспорттық немесе есептік деректер қолданылады. Жылу ағытқышының іске қосу тогы (Iорт) номиналды (Iном) токтан (1,2... 1,3) құрайды. Жылу ағытқыштарының уақыт-ток сипаттамасы қорғалатын нысанмен айтарлықтай жақсы келісілетін болғандықтан олар келесі олқылықтарға ие:

      • әлсіз термиялық тұрақтылық үлкен токтарды ажырату кезінде жоғары жылдам әрекет етуді талап етеді, бұл жағдайларда әдетте электромагнитті және жылу ағытқыштарынан тұратын комбинация қолданылады (электромагниттіағытқыш ҚТ, ал жылулық ағытқыш шектен тыс жүктеу кезінде жұмыс жасайды);

      • сөндірілетін ток артқан сайын автоматты ағыту үшін қажетті күш те жоғарылайды, сондықтан жылу ағытқышы 200 А дейінгі ток кезінде қолданылады;

      • жылу ағытқыштарының уақытын кідірту қоршаған орта температурасына байланысты болады, бұл олардың қолданысын шектейді;

      • жылу ағытқыштарындағы іске қосу тогын тарату электромагнитті ағытқыштарға қарағанда шамамен 2 есе көп;

      • жылу ағытқыштарының аз термиялық тұрақтылығы ҚТ аз рұқсат етілген ұзақтығын анықтайды, бұл қажетті іріктеуге қол жеткізуді қиындатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет