Ақпарат беру – әлдеқандай оқиға болып жатқанын не болатынын хабар- лау. Яғни ақпаратты оны оқыған адам оқиға немесе іс-шара туралы жай ғана біліп жүрсін деп хабарлау.
PR-кампания – коммерциялық, саяси немесе әлеуметтік кампанияны ұйым- дастыру үшін өткізілетін бірқатар шара. Мысалы, белгілі бір дүкеннің сатып алушылары арасында лотерея ойнату.
6.2-сурет. Визуал материал түрлері 87
6-ТАРАУ 6.1-тапсырма Карталар жинағы беріледі (6.3-сурет). Әр постер қай хабарлама түріне жататынын топ ішінде талқы- лап, әрқайсысының тұсына жазып қойыңдар. 88
6.2-тапсырма Бірінші топ әлеуметтік жарнама, екінші топ – коммерциялық, үшінші топ – ақпараттық жарнама ойлап шығарады. Постер салуға, көрініс әзірлеуге, телефонға ролик түсіруге немесе тағы басқа нәрсе жасауға болады. Өздерің лайық деп санаған кез келген сюжетті пайдалануға болады. Жарнама нысанын (тауар не қызмет) өз беттеріңмен таңдауға болады. Жарнаманы сыныпта таныстырыңдар. 6.3-тапсырма Жарнама туралы ҚР Заңын тауып оқып шық. Қазақстанда жарнамаға қандай талап қойылатынын, нені жарнамалауға болатынын, нені жар- намалауға болмайтынын мұғаліммен бірге талқыла. 6.3-сурет. Жарнама постерлері