Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
виртуалды зертханалық жұмыстың экранында көрсетілген екі әртүрлі өлшеу құралдарының құрылымдық сұлбалары мен техникалық сипатамаларын оқыңыз;
аталған өлшеу құралдарымен берілген кірудегі шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
имитациялық тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеңіз;
аталған өлшеу құралдарының қателіктерінің таралу заңдарын бағалыңыз;
асимметрия және эксцесс коэффициенттері көмегімен бақылаулар нәтижелерінің қалыпты таралу заңына сәйкестігі туралы гипотезасын тексеріңіз;
бақылау функциясы деп аталатын статистикасымен және «үш
сигма» ережесі көмегімен күдікті X i бақылау нәтижесінің өрескел қателігі
болмайтыны туралы гипотезаны тексеріңіз.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Зертханалық жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:
Metlab.exe файлын қосыңыз, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдаңыз: студенттің тіркелу терезесі пайда болады (1.1 сурет);
өзіңіздің аты жөніңізді, топ нөмірін енгізіңіз;
зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
«Далее» батырмасын басыңыз.
Пайда болған виртуалды зертханалық жұмыстың терезесінде (2.1 сурет) тапсырманы оқыңыз, кірудегі температураның қайта қосқышының астында орнатылған енгізу терезеге тапсырма бойынша кірудегі температураның мәнін енгізіп, «Enter» батырмасын басыңыз. Содан кейін зертханалық жұмысты орындауға аспаптардың таңдауын бастаңыз.
«Первичные преобразователи» бетінде термопаралар мен термокедергілердің ұсынылған тізімінен таспырмаға сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің типін таңдаңыз.
«Проверить правильность выбора прибора» батырмасын басыңыз.
Егер де бірінші ретті түрлендіргіш дұрыс таңдалынған болса, сол жақта төменде «Первичный преобразователь выбран верно» жасыл лампа жанады.
Жұмыстың келесі «Екінші ретті аспапты таңдау» кезеңіне көшіңіз. Ол үшін «Вторичные приборы» бетіне көшіңіз.
Типі тапсырмада көрсетілген екінші ретті аспапты 2.2.3 – 2.2.5 тт сияқты таңдаңыз.
2.1 сурет – Виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі
Жұмыстың келесі кезеңі «Имитациялық тәжірибе» болып табылады. Ол үшін «Статистическая обработка результатов» бетіне көшіңіз. Пайда болған «Имитационный эксперимент и статистическая обработка результатов» (2.2 сурет) терезесінде кірудегі температураны өлшеуге имитациялық тәжірибелерді екі өлшеу құралымен өткізуге мүмкіншілік бар: сол жақта – 2.2.3 т. таңдалынған бірінші ретті түрлендіргішпен, оң жақта –
2.2.6 т. таңдалынған екінші ретті аспабымен. Бақылау санын «25» деп енгізіп, осы терезенің оң және сол жақтарындағы екі «Имитационный эксперимент» батырмаларын басыңыз.
Бірінші ретті түрлендіргішпен өлшенген кірудегі шаманың 25 мәнінен тұратын екі тік жолы және екінші ретті аспабымен өлшенген кірудегі шаманың 25 мәнінен тұратын екі тік жолы пайда болады. Олар 2.2.2 т. берілген кірудегі температураның мәнінің кездейсоқ тәртібімен алынған өлшенген нәтижесі болып табылады.
Жұмыстың келесі кезеңі «Нәтижелерді статистикалық өңдеу».
Бірінші ретті түрлендіргішпен өткізілген имитациялық тәжірибелерді статистикалық өңдеңіз. Ол үшін «Excel» батырмасын басыңыз, сонда өлшенетін шаманың 25 мәнінің сұрыптауы автоматты түрде «.xls» кеңейтілуі бар файлда орнатылады. Пайда болған терезеде кеңейтілуі «.xls» болатын файл атын енгізу керек.
сурет – Имитациялық тәжірибелер мен нәтижелерді статистикалық өңдеудің терезесі
«Excel» файлын ашып, бақылау нәтижелері мен өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімінің, дисперсиясының, ортаквадраттар ауытқуының бағаларын есептеңіз (1.4 т.). Кездейсоқ қателіктері бар өлшенетін шаманың бақылау нәтижелерінің таралу заңының диаграммасын құрыңыз.
Бақылау нәтижелері мен өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімінің, дисперсиясының, ортаквадраттар ауытқуының бағаларының мәндерін компьютермен есептелген мәндерімен салыстырыңыз. Ол үшін есептелген мәндерді сәйкес терезелерге енгізіп, «Проверка» батырмасын басыңыз. Есептелген мәндер дұрыс болса, енгізу терезелердің сол жағында жасыл светодиодтар жанады.
Өлшенетін шаманың бақылау нәтижелерінің таралу диаграммасын экранда орнатылған компьютердің диаграммасымен салыстырыңыз.
Келесі 2.2.8 – 2.2.10 тт. орындалуын басқа өлшеу құралы– екінші ретті аспап үшін қайталаңыз.
Жұмыстың келесі кезеңі - «Эмпирикалық бағалар көмегімен таралу заңының қалыпты болатыны туралы гипотезаны тексеру».
«Проверка гипотез» бетіне көшіңіз. «Расчет эмпирической оценки» бетін ашыңыз (2.3 сурет).
Бірінші ретті түрлендіргіш пен екінші ретті аспабы үшін асимметрия және эксцесс коэффициенттерін 2.3.3 т. сәйкес «Excel» көмегімен есептеңіз.
Есептеу нәтижесінде алынған асимметрия Г1 және эксцесс Г2
коэффициенттерінің мәндерін сәйкес терезелерге енгізіңіз.
сурет – Эмпирикалық бағалаулар бойынша таралу заңының қалыпты болатыны туралы гипотезаны тексеру
«Расчет» батырмасын басыңыз. Компьютер Г1 асимметрия және Г2 эксцесс коэффициенттерін есептейді. «Подтверждение закона» терезесінде гипотезаны компьютермен тексерудің нәтижесі пайда болады: таралу заңының қалыпты болатыны дәлелденеді немесе кері қарай.
«Проверка» батырмасын басыңыз. Есептелген Г1 асимметрия және Г2 эксцесс коэффициенттерінің мәндері компьютермен есептелген мәндерімен салыстырылады. Есептеулер дұрыс болса сәйкес терезелердің сол жағында жасыл светодиодтар жанады. Есептеулер дұрыс болмаса оқытушы парольді енгізіп компьютердің Г1 асимметрия және Г2 эксцесс коэффициенттерін есептеуін өткізуді толық көре алады.
Жұмыстың келесі кезеңі «Өрескел қателерді немесе мүлттерді жою».
«Оценка грубых погрешностей» бетіне көшіңіз. «Excel» файлында «үш сигма» ережесі бойынша (2.3.1т.) және бақылау функциясы деп аталатын
статистикасы (2.3.2 т.) көмегімен өрескел қателіктерді есептеңіз.
Сәйкес терезелерге алынған шамалардың есептеулерін енгізіңіз:
«үш сигма» ережесі үшін: Xmax, Xmin және 3σ шегінің сыртында орналасқан мәндердің санын;
бақылау функциясы деп аталатын статистикасы үшін: max , min
және статистиканы тексеру нәтижесін.
«Проверка» батырмасын басыңыз.
3
шегінің сыртында
орналасқан мәндердің саны; есептелген max , min
мәндері және статистиканы
тексерудің нәтижесі компьютердің есептеулерімен салыстырылады. Есептеулер дұрыс болса сәйкес терезелердің сол жағында жасыл светодиодтар жанады. Есептеулер дұрыс болмаса оқытушы парольді енгізіп компьютер есептеуін толық көре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |