Келесідей тапсырмаларды орындаңыз:
виртуалды зертханалық жұмыстың экранында алынған тапсырмаға сәйкес температураны өлшеу сұлбасын жинаңыз;
осы өлшеу каналының көмегімен тәжірибелерді өткізудің қалыпты және пайдалану жағдайларында берілген кіріс шаманы өлшеуге имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз;
имитациялық тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеуін орындаңыз.
Зертханалық жұмысты орындаудың тәртібі
Зертханалық жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз (1.1 сурет):
MetLab.exe файлды жұмысқа қосыңыз, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдаңыз: студентті тіркеу терезесі пайда болады (1.1 сурет);
зертханалық жұмыстың берілген нұсқа нөмірін енгізіңіз;
«Далее» батырмасын басыңыз.
Зертханалық стендтің пайда болған терезесінде (4.1 сурет) тапсырманы ұқыпты оқыңыз. Тапсырмада өлшеу құралының белгілі типі берілген, сонымен бірге тәжірибелерді орындау шарттары аталған: кеңейтілген мәндер аймағында (КМА), қалыпты жағдайларда (ҚЖ) және пайдалану жағдайларда (ПЖ) әсер ететін шамалар мәндері берілген (қоршаған ортаның температурасы, желі көзінің кернеуі, электрмагниттік өрістің кернеуі).
Берілген температураны өлшеу үшін өлшеу каналын жинауға келесілерді орындаңыз:
бірінші ретті түрлендіргішті таңдау үшін «Первичный преобразователь» бетін ашыңыз;
бастапқы тапсырмаға сәйкес аспаптардың ұсынылған тізімінен бірінші ретті түрлендіргіш типін – термопараны немесе термокедергіні таңдаңыз;
датчик маркасын таңдағанда ол автоматты түрде зертханалық стенд сұлбасына орнатылады (терезенің сол жағында);
екінші ретті аспапты таңдау үшін «Вторичный прибор» бетті ашыңыз; бастапқы тапсырмаға сәйкес екінші ретті аспаптардың ұсынылған тізімінен (милливольтметрлер, потенциометрлер, көпірлер және логометрлер) оның типін таңдаңыз;
екінші ретті аспаптың маркасын таңдағаннан кейін, осы аспап зертханалық стендтің өлшеу каналына орнатылуы үшін «Установить» батырмасын басыңыз;
өлшеу каналының сұлбасын жинау аяқталды (4.1 сурет).
4.1 сурет - №4 виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі
Егер де сұлба дұрыс жиналған болса, «Схема собрана правильно» хабарламаның қасында жасыл лампа жанады; кері жағдайда «Схема собрана неправильно» хабарламаның қасында қызыл лампа жанады, бұл кезде 4.2.2 т. сұлба дұрыс жиналғанша қайталау керек;
Өлшеу құралдары пайдаланудың қалыпты жағдайында жұмыс істейді. Пайдалану шарттары «Условия эксплуатации» (4.2 сурет) бетте орнатылады: «Без влияния внешних воздействий» белгіге басыңыз.
Өлшеу каналының сұлбасы дұрыс жиналғаннан және пайдалану шарттарын орнатқаннан кейін ғана имитациялық тәжірибелерді орындауын бастауға болады, ол үшін «Имитационный эксперимент» бетін ашу керек.
Имитациялық тәжірибе санын 50 деп беріңіз.
Виртуалды зертханалық стендте «Температура объекта» тұтқасы көмегімен берілген температураны орнату керек (тапсырманы қараңыз).
«Начать имитационный эксперимент» батырмасын басыңыз.
«Имитационный эксперимент» бетінде имитациялық тәжірибелер нәтижелері (өлшенетін шаманың берілген мәнін өлшеу нәтижесі ретінде өлшенетін шаманың кездейсоқ алынған 50 мәні) және олардың таралу диаграммасы көрінеді (4.3 сурет).
сурет – Пайдалану шарттарын орнататын терезе
Имитациялық тәжірибе нәтижелері автоматты түрде Exсel файлына жазылу үшін (.xls кеңейтілуімен) «Сохранить выборку» батырмасын басыңыз. Имитациялық тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеңіз:
алынған сұрыптау бойынша Exсel кестелік процессорын қолданып бақылау нәтижелерінің математикалық күтімін, ортаквадраттар ауытқуын (ОКА) және өлшеу нәтижелердің ОКА-ын есептеңіз;
өлшенетін шаманың таралу диаграммасын құрыңыз.
Есептелген мәндерді «Имитационный эксперимент» бетіндегі сәйкес терезелерге енгізіңіз. Математикалық күтімнің, дисперсияның және ортаквадраттар ауытқуының алынған мәндерін компьютер есептеген мәндерімен салыстырыңыз (оқытушы көмегімен).
Өлшенетін шаманың құрылған таралу диаграммасын экранда шыққан диаграммамен салыстырыңыз.
Өлшеу құралдарын қолдануының берілген қалыпты шарттары әдетте жұмыстық (пайдалану кезіндегі) шарттары болмайды. Сондықтан өлшеу құралының әр түрі үшін стандарттарда немесе техникалық шарттарда әсер ететін шамаларының кеңейтілген мәндер аймағы (КМА) орнатылады;
осы аймақ шектерінде қосымша қателік мәні орнатылған шектерден аспауы керек.
Өлшеу каналының жиналған сұлбасы өзгермейді. Тәжірибелер өткізу шарттарын өзгертеміз.
сурет– Имитациялық тәжірибе терезесі
Келесі төрт имитациялық тәжірибелер берілген температураны өлшеу құралдарына сыртқы ықпалдардың әсерлерін зерттеуге өткізіледі:
зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – қоршаған орта температурасының әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (4.2 сурет), «Температура окружающей среды» белгісіне басамыз, сонымен өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 4.2.3–4.2.9 тт. қайталаңыз;
зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – электрмагниттік өрістің әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (4.2 сурет), «Электромагнитное поле» белгісіне басамыз, сонымен өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналдың алынған сұлбасы үшін 4.2.3 –4.2.9 тт. қайталаңыз;
зертханалық стендтің сұлбасына сыртқы ықпалдың – қоректендіру желінің кернеуінің әсерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (4.2 сурет), «Напряжение питающей сети» белгісіне басамыз, сонымен
өлшеу құралдың жұмысына сыртқы ықпалдың әсері енгізіледі. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 4.2.3 –4.2.9 тт. қайталаңыз;
зертханалық стендтің сұлбасына үш сыртқы ықпалдардың – қоршаған ортаның температурасы, электрмагниттік өріс, қоректендіру желі кернеуінің бір мезгілдегі әсерлерін қосамыз. Ол үшін «Условия эксплуатации» бетін ашып (4.2 сурет), «Все влияющие величины» белгісіне басамыз. Өлшеу каналының алынған сұлбасы үшін 4.2.3 –4.2.9 тт. қайталаңыз;
4.2.11 «Закрыть» батырмасын басып, зертханалық жұмысты аяқтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |