Картотека №34
Оң және сол
Мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Картотека №35
Тәулік бөліктері
Мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар: суреттер
Ойын барысы: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.
Картотека №36
Сипаттамасы бойынша тап
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.
Ойын барысы: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншық қойылады. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, мысалы: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |