(Аффилиация (лат. affiliate -қосу,қосылу)- адамның басқа адамдардың қоғамында болуға ұмтылуы. Аффилиацияға бейімдік субъект ықтимал қауіптілігі бар стресс жағдаятына ұшырағанда байқалады. Бұл орайда басқа адамдармен қоғамдастық оның күрделі де қауіпті жағдайда өзін ұстауы мен реакцияларының сипатын тексеріп сынап алуына мүмкіндік береді. Іштей аффилиация бауыр басушылыққа немесе адалдық сезімі ретінде, ал сырттай аффилиация – өзге адамдармен байланыста болуынан көрінеді. Мейірбикенің жұмысында ұзақ уақыт бойы әртүрлі әлеуметтік топтармен іскерлік қарым-қатынаста болғандықтан аффилиация науқастарға немқұрайлы қарауға жол бермейді.