Компьютер жайлы толық ақпаратты көрудің мүмкіндіктерімен танысу, Амдаль заңы, cpu уақытын меңгеру және Дж. ФонНейман принципі бойынша эем-ді ұйымдастыру принциптерін талдау, дк құрылымдық сұлбасын тұрғызу
Зертаханалық жұмыс №1 Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдылығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты
Орындаған: Жарылқасын Е.А
ТФП-23k-6
Қабылдаған:Авкурова Ж.С
Теміртау 2023 1.Зертханалық жұмыс №1. Компьютерлік жүйенің өнімділігін есептеу: жылдамдығын, тиімділігін, қуат шығындарын, Амдаль заңы, CPU уақыты Жұмыстың мақсаты: компьютер жайлы толық ақпаратты көрудің мүмкіндіктерімен танысу, Амдаль заңы, CPU уақытын меңгеру және Дж. ФонНейман принципі бойынша ЭЕМ-ді ұйымдастыру принциптерін талдау, ДК құрылымдық сұлбасын тұрғызу.
1.1 Әдістемелік нұсқаулар Компьютер (яғни, компьютер типі, онда орнатылған операциялық жүйе, аналық тақша, орталық процессор, жады, драйверлер, дыбыстық карта т.с.с. өзге де құрылғылар) жайында мәліметтерді толық көруге болатын бірнеше мүмкіндік бар:
- Пуск мәзірінен «Все программы» бөлімін тандаңыз. Тізімнен «Стандартные» жолағын таңдап, «Служебные» бөлігіне өтіңіз. Одан «Сведения о системе»-ге шертіңіз. 1 суретте көрсетілгендей компьютер, оның құрамдас бөліктері: Windows нұсқасы, өнімділік индексі, микропроцессор параметрлері, ОЗУ көлемі, лицензиялар мен драйверлер туралы ақпарат жазылған терезе ашылады.
Пайдаланушыларға жүйенің ерекшеліктерін көруге мүмкіндік беретін басқа да бағдарламалар бар. Осы бағдарламалардың тізімі және олардың мүмкіндіктеріне тоқталсақ:
1. Speccy — пайдаланушыларға жабдықтың әрбір элементі, соның ішінде процессор, аналық тақша, жады, операциялық жүйе, оптикалық және қатты дискілер, желілер, дыбыстық және басқа да көптеген құрылғылар жайлы ақпарат береді. Speccy бағдарламасының негізгі терезесі 2 – суретте көрсетілген.
2. HWInfo - Жүйе платасының, процессордың және басқа элементтердің температурасын анықтау үшін қолданылатын датчиктердің ақпаратын көрсетеді, сондай-ақ желдеткіштің кернеуі мен айналу жылдамдығын көрсетеді. Бағдарламаны компьютерді басқа компьютермен салыстыру үшін пайдалануға болады.
3. FinalWire AIDA64 - Бағдарлама ноутбук жиынтықтаушы туралы, сондай-ақ оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арналған бағдарлама кешені туралы толық ақпаратты көрсете алады.
Төменде біз Speccy бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз.
1.2 Жұмысты орындауға тапсырмалар. Тапсырма. Speccy бағдарламасын компьютерге орнатып, келесі тізімдегі компьютер бойынша мәліметтерді толтырыңыз:
- Операциялық жүйе;
- Орталық процессор;
- Жады;
- Аналық тақша;
- Сақтау құрылғылары;
- Оптикалық жетек;
- Дыбыс құрылғылары.
Бақылау сұрақтары 1. ЭЕМ құрудың негізгі принциптері, Дж. фонНейман құрылымы.
2. Дж. фонНейман принципі бойынша ЭЕМ-ді ұйымдастыру принциптері.
3. ДК құрылымдық сұлбасын салыңыз, барлық компонеттердің міндетін түсіндіріңіз. Орталық процессор, негізгі сипаттамалары. Жады жүйесі: құрамы, міндеті. RAM жедел жады: құрылымы, негізгі параметрлері.
4. ДК енгізу-шығару құрылғылары.
5. Компьютер жайлы толық ақпаратты қандай бағдарламалар көмегімен көре аламыз?
6. Операциялық жүйе, орталық процессор, жады, аналық тақша, сақтау құрылғылары, оптикалық жетек және дыбыс құрылғыларына анықтама беру. Олардың қандай қызмет атқаратынын түсіндіру.
7. Компьютер сатып аларда неге назар аудару қажет?
8. Амдаль заңы;
9. CPU уақыты дегеніміз не, қандай түрде болады?