Компьютерлік желілер түрлері. Желілердің топологиясы
Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін дискет қолданылады. Бұл әдіс өте тиімсіз /ыңғайсыз/. Егер ақпарат көлемі өте үлкен болған жағдайда ол ақпаратты дискетпен тасымалдау іс жүзінде мүмкін емес. Ең тиімдісі, бірнеше компьютерлерді кабель арқылы жалғап, бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Компьютерлерді бұлай жалғастыру компьютерлік желі деп аталады. Сонымен, компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп - ақпаратты есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру және өзара Мәліметтерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың териториялық кешенін айтады.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір - біріне енгізілген үш ішкі жүйлердің жиынтығын құрайды.
Жұмысшы станциялар желісі.
Серверлер желісі.
Мәліметтерді берудің негізгі желісі.
Егер желіде сервер болмаса онда компьютерлік желілерді бірдәрежелі деп атайды немесе егер желіде сервер болса, екі дәрежелі деп аталады.
Жұмысшы станциялар желісі - олардың арасындаға желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал) - компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі - серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі. КЖ-нің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды.
Мәліметтерді тасымалдаудың негізгі желісі - серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп - коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Мәліметтерді тасымалдаудың негізгі желісі компьютерлік желілердің ядросы болып табылады және ол компьютерлерді, басқа құрылғыларды байланыстыруды жүзеге асырады.
Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі топологиясы деп атайды. Желі топологияларының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады (8.1-сурет).
а) ә) б)
8.1- сурет. Желі топологиясының түрлері:
(- шиналық, - сақиналық, - жұлдыз тәрізді)
Желінің түрлері. Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.
Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
мәліметтерді;
хабарларды;
принтерлерді;
факстік аппараттарды;
модемдерді;
басқа да құрылғыларды.
Достарыңызбен бөлісу: |