«Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет17/62
Дата06.02.2022
өлшемі3,39 Mb.
#33471
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
МАГНИТТІК ДИСКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Дисктерді қорғау, хакерлердің біліктілігіне және олардың білім дәрежесі мен ынтасына байланысты күрделіленіп, түрлі амалдармен орындалады. Негізгі амал болып, операциялық жүйені көшіруден қорғайтын мүскіндікпен дискті форматтай білу. Бұл – мәліметтер мен каталогтардың форматтарын стандартсыз түрде анықтау, секторлар өлшемдерін өзгерту, қосақталатын биттер санын көбейту және ақпараттық атауларды алмастыру. Секторларға жолығу уақыттары түрліше болғандықтан, программалық амал арқылы түрлі секторлардың оқу кезінде кешігуін анықтауға болады, ал стандартты DOS көмегімен көшіру кезінде секторлардың орындары өзгеретіндіктен, онда кешігу алғашқы көшірменің кешігуіне сәйкес келмейді.


Қарастырылып өткен тәсілдер биттік көшіру жүйесін қолданған кезде пайдасыз болып қалады. Биттік көшіргіш дегеніміз – ақпаратты бит сайын бит оқитын, көшірудің электрондық жүйесі. Мұндай тәсіл дисктің форматталмағанына қарамастан көшіру мүмкіндігін береді. Биттік көшіруден қорғайтын құрылғылар өте қызық амалдар қолданады. Мысалға, қорғау биттерін іске қосу – олар түрлі уақытта түрліше оқылады, сондықтан көшірме верификаторына кесел келтіреді; немесе көшірменің көшіру уақытын стандарттыдан үлкен ету арқылы көшіру тығыздығын өсіреді. Бұл мысалмен, бір дисктен екінші дискке көшіру процесс уақытын ұзартып, жолдың басының бүлінуіне әкеп соқтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет