Бағдарламаны пайдаланып обьектілермен жұмыс жасау;
Антивирустық программалармен жұмыс жасау;
Антивирустық программалармен вирусты жою
Зерттеу әдістері
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" болады. Алдымен соны анықтау керек.
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді де "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.Осыған қарсы әрекет жолдарын нақтылау керек.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.Осыдан басқа программалардың жұмыс істеу қызметі нашарлап, баяулайтынын анықтау .