3. Конфликтіні аяқтау нәтижелігіне ықпал етуші маңызды фактор оны реттеуге үшінші жақтың қатысуы болып табылады. Конфликтіні реттеу-оппоненттер арасындағы қайшылықтарды үшінші жақтың қатысуымен жою. Мұндай іс-әрекетті медиация деп атау қабылданған. Медиация-үшінші жақтың қатысуымен конфликтіге түсуші жақтардың проблемалық конфлитктіні тоқтатуға мүмкіндік беретін шешімін табу процесін қолайландырумен сипатталатын іс-әрекеттің арнайы түрі.